Пікір жазғандар: филология ғылымдарының докторы, профессор Т. Ермекова



Pdf көрінісі
бет113/118
Дата15.11.2023
өлшемі4,69 Mb.
#124040
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   118
Өздік жұмыс
Берілген мәтіндердің қанша күрделі синтаксистік тұтас-
тық тар дан тұратынын, күрделі синтаксистік тұтастықтардың 
байланысу тә сіл дерін, құрылымын (қандай бөліктерден тұрады), 
түрлерін анықтаңыз.
1-жұмыс. 
Сөйтіп, біз диалектологиялық экспедицияға аттан-
дық. Бағы тымыз – Семей облысы, Семей болғанда кәдімгі ұлы 
Абай туып-өскен Шыңғыс өңірі. Экспедиция мақсаты – Шың-
ғыстау диа лектісі дейтін бар ма, жоқ па, егер болса Абай сол 
диалектіде жазды ма – осыларды анықтау.
Бұл мәселелер біздің арамызда бұрын да талай дау туғызған-ды. 
Абайды оқып отырсаңыз, қазіргі әдеби тілімізде мүлде қол да ныл-
майтын, ата-тегі белгісіз көптеген күмәнді сөздерге ұшы расасыз.
«Біреу малма сапсиды салып иін...»
«Күләпара басымда, пұшпақ тымақ...»
«Тағыны жетіп қайырған...»
Ғылым көзімен қарап, үңіле зерттеген адам мұндай түсініксіз 
сөздердің талайына ұшырасады. Сонда бұл не? Әрине, диалект. 
Абай қанша танылды дегенмен, осы бір жайдың жұртшылық 
назарынан қақас қалып келгені анық. Мүмкін бұл пікірді 
мойындамаушылар табылар. Заңды. Ғылым талас-тартыссыз, 
концепциялар қақтығысынсыз дамымақ емес. Бірақ әйтеуір 
таласқанның жөні осы деп әділ айтылған соны пікірге ден қоймау 
тағы әбестік. Мәселен, «жейде» деген зат есімді алайық. Барлық 
оқулықтар мен сұраулықтарды, көрнекті ғалымдарымыздың 
еңбектерін қараңыз, бұл сөз – оңтүстік тіліне тән диалект делінген. 
Ал осы «жейде» Абайда да жүр. «Жейде, дамбал ақ саңнан, жарғақ 
шалбар – Жырым балақ матамен әдіптеткен...». Абай диалектіде 
жазбаса бұл не? Біздің мақсатымыз тіл ғылымында күн тәртібіне 
жаңа қойылған осы маңызды мәселелерді жұршылық алдында 
дәлелдеп шығарлықтай нақты деректер тауып қайту еді.
Семейге жеткен соң экспедиция басшысы – республикамыз-
дағы көрнекті диалектолог Сейдекең бізге пәлен айдың пәлен 
күні осы арада кездесеміз деді де, ақыл-кеңестерін айтып, өзі 
Баянауылдағы қайынжұртына тартып отырды. Енді бар билігіміз 
Жаңабектің қолына тиді. Филология факультетінің соңғы курсына 
көшкен студенттердің арасынан тіл ғылымына икемі бар деп 


Бердібай Шалабай
180
таңдап алынған осы үшеуіміздің ішіміздегі еті тіріміз де сол еді. 
Үлкеннің де, кішінің де қыбын таба білетін оқушыларымыздың 
көңілінен шығып, қабілетті аталып жүрген жігіт. Аздап өлең 
жазатыны бар, әнші, әрі сері, көріксіз де емес – бір сөзбен 
айтқанда, сегіз қырлы, бір сырлының нақ өзі (М. Мағауин).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет