Егіншілік.Қалалардың өсіп өркендеуі, сауданың дамуы, ауыл шаруашылығы өнімдеріне сұранымды арттырған. Мұның өзі егіншілік пен мал шаруашылығының дамуына себепкер болды. Жауын-шашынның аз болуына байланысты Қазақстанда егіншілік көбінесе суармалы негізде дамыды. Егін шаруашылығы елдің оңтүстігінде, Сырдария, Арыс, Бадам өзендері алқабында, Жетісуда, Іле өзені бойында біршама жақсы дамыды. Орталық Қазақстан егіншілікпен судың тапшылығына байланысты тек өзен алқаптары мен тау баурайларындағы жерлерде ғана шұғылданды. Елдің барлық жерлерінде егіншілік кәсіптері мал шаруашылығымен ұштасып жатты.
IX-XII ғасырларда Отырар өңірі суармалы егіншіліктің орталығы болды. Мұнда егістік көп тармақты суландырмалы жүйемен жабдықталды. Су жолы Арыс өзеніндегі су қоймасы арқылы жүргізіліп, оның бір саласы Отырар қаласына келді, екінші саласы Құйрық төбе, Алтын төбе, Жалпақ төбе, Марданкүйік қалаларына барды. Отырарға баратын су жолы төңіректегі рабадтарды сумен қамтамасыз етіп, сонымен бірге қаланың солтүстігіндегі алқапты суландырған. Ал Сырдариядағы су жолы Сауран мен Сығанақты және сол жағалаудағы Сүткентті, Аркөкті, Аққорған және Үзкентті сумен қамтамасыз еткен. Талас жотасының тау бауырларындағы жерді суландыру үшін Бадам, Сайрамсу, Арыс, Ақсу өзендерінің суы пайдаланылған.
Жер кетпен тәрізді темір шоттар және темір, не шойын ұштары бар, жер жыртатын құралдармен (омаш) өңделіп, егін темір орақпен орылған. Дәнді ұнтақтау үшін тас диірмендер қолданылған. Қолдан суару негізінде Жетісу тұрғындары астық өсіріп, жүзім шарушылығымен және шарап жасаумен айналысты, бақша және бау дақылдарын екті. Таудың төменгі етектерінде Талғар, Есік, Қаскелен, Үлкен және Кіші Алматы, Бақанас, Көксу, Лепсі өзендерінің орта және төменгі ағыстарының бойында да суландыру жүйесі болған. Талас өзенінен Тараз қаласына тартылған су каналы арқылы қаланың айналысындағы бау-бақшалар суғарылған.
Қолөнер кәсібі. Қазақстан жерін мекендеген халықтар қолөнер кәсібімен де шұғылданды. Құмыра жасаушылардың, ұсталардың, ағашқа, сүйекке, тасқа өрнек салушылардың істеген заттарына деген сұраныс көп болды. Саз балшық бұйымдар өндірісі ерекше дамыды. Отырар алқабында және Қаратаудың баурайларындағы қалаларда керамиканы өркендетудің қалыптасқан түрлері сақталған. Сырдарияның төменгі бойындағы қалалардан табылған саз балшықтан жасалған заттарда әсем өрнектер басым болды. Керамикадан кесе, тостаған, аяқ-табақтар, тағы да басқа ыдыстар жасалды. Олардың сырты оюланып, неше түрлі қызыл, жасыл, сары, қоңыр түсті бояулармен жалатылды. Аңдар мен құстар бейнеленген құйма ыдыстар да болды. Мысалы, Тараз қазбаларынан арыстан бейнелеген тамаша табақша, Отырарда өсімдік ою-өрнегімен әшекейленген құмыра табылған. Ұсталар металлдардан, жүн мен былғарыдан түрлі бұйым жасаған. Шеберлер кәрзенке тоқыған. Мұндай бұйымдарға сұраныс көбейіп, отырықшылықпен және мал шаруашылығымен айналысушы халықтарды қанағаттандырған. Бұл кездегі қолөнердің дамығандығын археологиялық қазба материал арқылы көруге болды. Түркілер бейбіт кездерде саудамен айналысқан.
Х ғ. ортасында Қарахан мемлекетінің құрылуы немесе олардың Орта Азияны басып алуы онымен Оңтүстік Қазақстан немесе Жетісу аймағын жақындатты. Қарахандардың Қазақстан мен Оңтүстік Азиядағы үстемдігі қалалардың дамуындағы маңызды кезең болады. Қалалардың өсуі негізінен көшпенділердің отырықшылыққа көшуінен болды.
ІХ-Х ғғ. Іле өңірінде елді мекендер пайда болады. Олардың кейбіреулері қалаларға, қолөнер немесе сауда орталықтарына айналды.
Отырықшылық немесе қала мәдениеті Шығыс Қазақстанға, Ертіс бойына, Орталық немесе Батыс Қазақстанға таралды. Одан әрі қалалық қол өнер дамыды. Суару ыдыстарын өндіру басталды. Тараз ірі қалаға жатты. Осы кездерде мұнда қоғамдық моншалар салынады.
Феодалдық қатынастардың дамуы ауыл қауымының натуралдық шаруашылығының тұйықтығының бұзылуына әкеліп қол өнер өнімдеріне сұранысты арттырды. Қалаларда халық санының өсуі қолөнершілер қабатының көбеюіне әкелді. Исфиджиб, Отырар, Тараз қалаларында темір ақшалар соғылды.