Қабылдау. Ерте балалық
шақта сөйлеумен қатар басқа
да психикалық
функциялар дамиды. Осы функциялардың
арасында қабылдау үстемдік етеді. Осы кезеңде белсенді
қабылдауға ес қосылады. Көбінесе бұл тану, көрген нәрсесін
және естігенін ырықсыз қайталайды. Осы жаста қабылдаудың
маңызды сипаттамасы - оның аффективті бояуы. Бақыланған
заттар
баланы тартады, онда анық эмоциялы реакцияны
тудырады. Қабылдаудың аффективті сипаты сенсомоторлы
бірлікке алып келеді. Бала_затты көреді, ол оны қызықтырады
және осының арқасында оны ұстауға ұмтылып, импульсивті
мінез-құлық пайда болады. Бұл бірлікті Л.С.Выготский
былай
сипаттайды: “Ерте балалық шақта тікелей әрекетке өтетін,
қабылдаудың көрнекі аффективті бояуы үстемдік етеді”.
Әрекет және ойлау. Осы кезеңде ойлау көрнекі -әрекеттік деп
аталады.
Бұл
Жан
Пиаже
бойынша
“интеллектінің
сенсомоторлылығы”. Үлкендермен бірлескен іс-әрекетте бала
түрлі заттармен әрекет ету тәсілін игереді. Ересектер оған
қасық, кесені қалай ұстау керек екендігін үйретеді.
Ойлау практикалық іс-әрекет үрдісінде көрінеді. Осы кезеңде
жетекші іс-әрекет - заттық-манипулятивті.
Бала ойнап отырып
манипуляция
жасайды.
Ерте
балалық
шақтың
соңында
сюжетпен ойнау көрінеді. Бұл режисерлік ойын деп аталады,
бала заттарды ойын мағынасына қарай қолданады.
3 жас дағдарысы.
Ерте балалық шақ және мектепке дейінгі жас арасында 3
жас дағдарысы болады. Бұл бала өмірінің неғұрлым қиын
сәттерінің бірі. Өзінің “Менінің” бөлініп шығу дағдарысы,
әлеуметтік қатынастар жүйесін қайта қарау. Бала бағыты
өзгереді. Егер де жаңа қатынастар дұрыс қалыптаспаса, оның
ұсынысы
қолдау таппаса, дербестілік шектеледі, балада
үлкендермен
қарым-қатынасында
көрінетін
дағдарыстық
құбылыстар пайда болады. Л.С.Выготский және оның ізінен
Э.Келер 3 жас дағдарысының 7 сипаттамасын суреттейді.
Олардың біріншісі -
Достарыңызбен бөлісу: