Пікір жазғандар: Тоқсанбаева Н.Қ. психология ғылымдарының докторы, доцент



Pdf көрінісі
бет31/31
Дата06.10.2023
өлшемі2,34 Mb.
#112962
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31
Байланысты:
Даму психологиясы негіздері 2015 Kulimbaeva

Әмірлі (Авторитарный)
13-16- Диктаторлық, өктем, деспоттық мінез-құлық, топтық іс- 
әрекеттердің барлық түрлерінде қолбасшылық ететін күшті 
тұлға типі.
9- 12 - Доминант, энергияга толы, бәрінен хабардар лидер, 
жұмыстары сәттілікке толы, кеңес бергенді ұнатады, өзін 
сыйлағанды талап етеді.
0-8 - Өзіне сенімді адам, міндетті түрде лидер емес, қажырлы әрі 
өжет.
2. Өзімшілдік (эгоистичный)
13-16 Барлығына үстем болғанды қалайды, бірақ керісінше шет 
қалып отырады. Өзін ғана сүйетін, тәуелсіз, есепшіл адам.
0-12 Өзімшілдік, бәсекелестікке бейім болу.
3. 
Агрессивті.
13-16. Қоршаған ортадағыларға қатал, өктем, тік, аргрессивтілігі 
асоциалды (әлеуметке қарсы) мінез-құлыққа дейін жетуі мүмкін 
(қоғамға қарсы, зиянын тигізу).


9-12- талап қойғыш, бетке айтқыш, тік, ашық, келісімге 
келмейтін, басқаларды бағалауда тік, басқаларды кіналауға 
бейім мысқылшыл, ашуланшақ.
0-8 - қисық, қажырлы, қайсарлы және энергияға толы.
4. Күдікті (Подозрительный).
13-16 Өктем әлемге деген жатырқаушылық, күдікті, барлығына 
да сенімсіздік танытуға бейім, кекшіл, шағымшыл .
9-12 - сыншыл, жағымсыз қарым-қатынастан қорқу және 
сенімсіздігінің 
әсерінен 
интерперсоналды 
қатынастарда 
қиындыққа кезігеді.
0-8 - барлық әлеуметтік құбылыстар мен қоршаған адамдарға 
қатысты сыншыл, шыншыл.
5. Багынынкы-ұялшак
13-16- өзін - өзі төмен санауға бейім, еркі әлсіз, бәрімен 
барлығына да келісе беруге бейім, әрқашан өзін соңғы орынға 
қояды, өзін-өзі кіналағыш, барлығына күмәндана қарайды, 
кекшіл.
күшті адамға арқа сүйеуге тырысады.
9-12- ұялшақ , жағдайды есепке алмай-ақ күшті ерікке бағына 
беруге бейім.
0-8 - қарапайым, әлжуаз, бәрімен келісе беруге дайын, бағынуға 
бейім, эмоционалды ұстамды, өзінің көзқарасы жоқ, өзіне 
жүктелген міндетті адал атқарады.
VI. Тәуелді.
13-16- өз-өзіне сенімсіз, әдетте қорқу, сақтану, мазасыздану тән, 
сондықтан басқаларға тәуелді.
9-12 тіл алғыш, қорқақ, әлсіз, қарсылық көрсете алмайды, 
басқалардың пікірлері, әрекеттері әрқашан дұрыс деп есептейді. 
0-8- конформды, жұмсақ, кеңестер мен көмек күтеді, сенгіш, 
сыпайы, қоршағандарды пір тұтуға бейім.
VII. Достык калып.
9-16 - барлығында да достық және биязылық, танытқыш, 
барлығының 
қажеттіліктерін 
қанағаттандыруға, 
жағдайды 
есепке алмай-ақ "жақсы" болуға тырысады, микро топтың 
мақсатына жетуге тырысады, ығыстыру және басудың дамыған 
механизмдерін иемденеді, эмоционалды лабильді (мінездің 
истероидты типі).


0-8-кооперацияға мен, қызметтес болуға бейім, мәселелерді 
шешуде 
және 
конфликтілі 
жағдайларда 
икемді 
және 
компромисті, қоршағандардың пікірлерімен түсіністікте болуға 
тырысады, саналы конформды, адамдармен қарым-қатынаста 
"жақсы әдеп" приципін, ережелерін, шарттарын ұстайды, 
инициативті энтузиаст, көмектесуге, өзінің назарда балғанын 
сезінуге тырысады, қарым- қатынаста ашық, достық пен 
жылылық танытқыш.
VIII. Альтруистік.
9-16 - жауапкершілікті, өз қызығушылықтарын, мүдделілерін 
қүрбан 
етуге 
дайын,барлығына 
көмектесуге 
тырысады, 
қоршағандарға 
қатысты 
тым 
белсенді, 
басқалардың 
жауапкершілігін бара - бар емес түрде өзіне жүктейді (қарама- 
қарсы түлға типін жасырып түрған сыртқы "маска" болуы 
мүмкін).
0-8 - адамдарға қатысты жауапкершілігі мол, жұмсақ, мейірімді, 
эмоционалдық қатынаста адамдарға жанашырлықпен қарайды, 
қамқор, айналасындағыларға дем беріп, тыныштандыра біледі, 
ықылас танытқыш.
0-16 
дейінгі 
әрбір 
октант 
бойынша 
алынған 
сандық 
көрсеткіштер психограммаға ауыстырылады.
11 Т ақы ры п. Кемел жас (40 жастан-60-70 жас аралы қ)
Тұлға дамуының ерекшеліктері. Кәсіптік жетістік. Кемел 
жас - адамдардың көпшілігі үшін ең ұзақ жас кезеңі болып 
табылады. 
Бұл 
жас 
кезеңді 
зейнеткерлікке 
шығумен 
байланыстырады. Осы жасқа дейін адамдар өте бай өмірлік 
және кәсіби тәжірибе жинайды. Балалары өсіп, оларға деген 
қатынасы өзгеріп өзге сипатқа ие болады. Адам организімінде 
осы жасқа тән физиологиялық өзгерістер жүреді. Олар: хал- 
жағдайы, көруі нашарлайды, раекциялары баяулайды, ер 
адамдардың сексуалдық потенциялары әлсірейді, әйелдер 
климаксты басынан кешіреді. Психофизикалық функциялар 
төмендейді, дегенмен де бұл адамның когнитивті сферасына 
әсерін тигізбейді. Еңбекке қабілеттілік сол деңгейде қалып, 
еңбек және шығармашылық белсенділікті сақтауға мүмкіндік 
береді.


Бұл жастағы адамдар стресске, депрессияға бейім келіп, 
жалғыздықты сезінеді. Кемел жас кезеңде өмірдің ең маңызды 
жағы кәсіби іс-әрекет пен отбасылық қарым-қатынас болып 
табылады. Кемел жас шақтың ең басты ерекшелігі өз өмірінің 
мазмұны үшін өзгелердің алдындағы жауапкершілікті сезіну. 
Кемел жас шақтағы көптеген адамдарда 40 жастағы дағдарыс 
болады. Бұл өмірдің мәніне байланысты дағдарыс болып 
табылады. 
Адам 
өз 
өміріне 
деген 
қанағатсыздықты 
уайымдайды. 
Өмірлік жоспары 
мен 
олардың 
іске 
асу 
арасындағы алшақтықты сезінеді. Бұл уақытта 
олардың 
балалары бөлек өмір сүре бастайды, жақын адамдары мен 
туысқандары қайтыс болады. 40 жастық дағдарыста адам өзінің 
өмірдегі ойларын қайта құрып, «Менін» қайта жасауына тура 
келеді.
Кәсіби жетістікке жету мәселесін көптеген психологтар 
«акме» ұғымымен байланыстырады. Ол дегеніміз шыңға жету. 
Психолог Э.Клапаредтің айтуынша Кемел жас шаққа келген 
адам кәсіби жетістіктің шыңына жеткеннен кейін өзінің дамуын 
тоқтатады. 
Өзінің 
кәсіби 
шеберлігін 
шығармашылық 
потенциалын жоғарылатпайды. Осыдан барып 
көптеген 
адамдарда өмірлік энергиямен өмірлік белсенділік төмендейді. 
Бұл жастағы психикалық функцияларында инволюциондық 
процесстер 
басталады. 
Бұл 
биологиялық 
қартаюдың 
басталуымен байланысты. Кемел жас шақтың ерте және орта 
кезеңінде 
бірінші 
фаза, 
яғни 
функциялардың 
жалпы 
қасиеттердің прогрессивті 
даму фазасы жалғаса береді. 
Дегенмен де прогрессивті дамудың екінші фазасы да бар, ол 
кәсіби 
іс-әрекет 
үрдісіндегі 
психикалық 
функциялардың 
ерекшелігімен байланысты. Кәсіби іс-әрекеттің барлық түрлері, 
шеберлік, білім және 
тәжірибе адамның жоғары деңгейдегі 
физикалық және функционалдық дайындығымен бірге жүріп 
отыруы керек.
Осы кезеңде көптеген адамдарда кәсіби шыңға жету 
төмендейді. Бұл әрине таңдалған мамандықтың ерекшелігіне 
байланысты. Мысалы, дәрігер мамандардың кәсіби шеберліктері 
физикалық және функционалдық дайындыққа тәуелді емес, 
мұнда кәсіби шеберлік зейнеткерлікке кеткенге дейін, тіпті 
еңбекке қабілеттіліктің төмендеуі кезінде де сақталады.


Сонымен, жетекші іс-әрекет еңбек болып табылады, 
балаларға көмектесу, 
отбасындағы, жарымен арасындағы 
қарым-қатынас мәселелері бірінші жоспарға шығып, тұрақты 
сипатқа ие болады. Кемелдену кезеңі белсенді еңбек ету кезеңі 
болғандықтан, адам өзінің барлық бос уақытын жұмысқа 
арнайды.
Балалармен қарым-қатынас. Ересек адамның ең басты 
міндеті - өз баласын тәрбиелеп, өсіру. Өсіп келе жатқан 
балаларымен 
қарым-қатынас 
жасау 
ерекшелігі 
жағдайға 
байланысты ата-аналарда әр түрлі болады. Ол жағдайлардың ең 
жетекші түрі ата-ананың балаға деген эмоциялық қатынасы. 
Психологияда оның үш вариантын қарастырады: эмоциялық, 
оның негізі сөзсіз махаббат; шартты махаббат және баланы 
қабылдамау. Аналық сөзсіз махаббатты Э.Фромм сипаттап 
берген: «Аналық махаббат - бала өмірі мен оның қажеттіліктері 
үшін сөзсіз берілу. Аналық махаббат ең жоғары тұратын 
махаббат». Баланы оның әдемілігіне немесе қабілеттілігіне, 
қазір немесе болашақта әкелетін пайдасына байланысты жақсы 
көрмейді. Балаға дәл осындай махаббат керек.
Шартты махаббат — шынайы емес махаббат. Мұнда 
баланы тек қана ата-ананың талаптарына жауап бергенде ғана 
жақсы көреді. Баланы тіл алғыш болғаны үшін, қиындық 
тудырмағаны үшін, жақсы оқығандығы үшін жақсы көреді. Осы 
талаптарға қаншалықты жауап берсе ол соншалықты махаббатқа 
ие болады. Осындай шартты махаббат салдарынан балада 
сенімсіздік, мазасыздық пайда болады да, өзін-өзі бағалау 
деңгейі төмендейді. Баланы қабылдамау әр отбасында әртүрлі 
болады. Оны ата-ана сезінуі немесе саналы түсінбеуі де мүмкін. 
Оның себептері де түрліше. Мысалы: ұл баланы күтіп еді, 
дүниеге қыз бала келді. Мамасы әдемі, ал оның қызы тұйық, 
көріксіз және осы қасиеттерімен атасын ашуландырады. Немесе 
әкесі - математик, ал баласында математикалық қабілеттер жоқ.
Балалар шартты махаббат пен ата-аналардың тарапынан 
болған қаламаушылықты 
сезінеді. 
Ал бұл отбасындағы 
қатынасқа әсер етеді. Баланың тұйықтығы немесе «көшеге» 
кетуі әдетте жеткіншектік кезде басталады.
Ата-ана 
мен 
бала 
арасындағы 
қарым-қатынастың 
ерекшелігі эмоциялық негізбен ғана емес, сонымен қатар тәрбие


стилімен де анықталады. Тәрбиенің негізгі стилдері шектен тыс 
қамқорлық жасау, «отбасы кумирі» тәрбиелеу, немқұрайлы 
тәрбие, баланы қабылдамау. Ата-ана мен бала арасындағы 
қарым-қатынастар балаға және оның тұлғалық ерекшеліктеріне 
де байланысты. Балалардың дербес ерекшеліктерін тәрбие мен 
оқыту үрдісінде ескеру керек.
Ата-ана мен бала арасында симбиотикалық қатынас 
болады. Мұндай қатынас анасы баласын жалғыз тәрбиелеген 
кезде пайда болады. Симбиотикалық қатынас табиғи түрде 
спонтанды пайда болады.
Кемел жас кезінде адам дамуы оның психологиялық 
жасының динамикасымен тығыз байланысты.
Оның бір-бірімен өзара байланысты, бірақ бір-біріне 
сәйкес келмейтін үш түрін бөліп көрсетуге болады.
1. 
Хронологиялық 2. Физикалық немесе биологиялық 3. 
Психологиялық. 
Адамның 
физикалық 
жасы 
оның 
хронологиялық жасынан ерекшеленіп тұрады. Мысалы: 40 
жастағы адам өзінің жасына қарағанда жас көрінуі мүмкін 
немесе керісінше кәрі көрінуі мүмкін.
Психологиялық жас адамның өзінің қалай сезінетіндігін 
көрсетеді. Ол көп жағдайда физикалық жасқа ықпал етеді. 
Психологиялық жас - бұл жастық идентификация. Бұл уақыт 
туралы ойға 
байланысты сана-сезім аспектісі. Уақытты 
қабылдау, жас туралы ойды қалыптастыру, мысалы: 3 жастағы 
бала «қазіргі уақытпен» өмір сүреді, тікелей қабылдағандарына 
ғана эмоциялық жауап қайтарады. Есте сақтау мен қиял 
мектепке дейінгі жастан бастап қана маңызды бола бастайды. 3­
4 жастан бастап бірінші балалық шақтары естерінде қалады. 
Бала қазіргі шақпен қоса өткен шақ пен болашақты, яғни 
уақыттық перспективаны меңгереді. Психологиялық өткен шақ 
пен болашақ адам әрекеттеріне ықпал етеді. Жас есейген сайын 
уақыттық перспектива кеңейе түседі, уақыт құндылығы 
өзгереді, 
уақыттың, 
сана-сезімнің 
дамуына 
байланысты 
маңызды бола түседі.
Адамның психологиялық жасы адамда пайда болған уақыт 
перспективасына тікелей байланысты, адам одан тыс өмір сүре 
алмайды. Кемел жас кезеңде психологиялық жас көбінесе 
адамның дербес ерекшеліктеріне, оның бағыттылығына, өмірлік


мақсатына 
байланысты 
болады. 
Кемел 
жас 
шаққа 
психологиялық жастың барлық үш нұсқа тән. Кемелдік кезеңде 
жағдай күрделірек және бір тектес болмайды. Бұл биологиялық 
қартаюдың басталуымен байланысты. Хронологиялық жасты 
психологиялық жастың басып озуы ерте қартаюды білдіреді.. 
Бұл көбінесе өмірлік мақсаттардың орындалуына байланысты. 
Сонымен қатар ерте қартаю бақытсыздықпен-жақын адамнан 
айырылумен, ауруымен, табиғи және әлеуметтік апаттармен 
(оның ішінде жер сілкінісі және соғыс) де байланысты болады.
Махаббат, 
шығармашылық жетістікке 
жету, 
жақын 
адамның үлкен жетістікке қол жеткізуі немесе карьерасының 
өсуі психологиялық жасаруға әкеледі.
Психологиялық жастың хронологиялық жастан қалып 
қоюы әртүрлі сипатта болады. Мысалы: мұндай жағдайда адам 
есейе 
отырып 
пассивті, 
күнделікті 
жақын 
адамынан 
қамқорлықты талап ететін болады.
Мұндай жағдайда психологиялық жастың қалып қоюы 
тұлғаның инфантильді бағдарының іске асуына себеп болады, ал 
қалыптасқан 
стереотиптерге 
деген 
бағдар, 
қорғаныс 
механизміне ие болады.
Келесі 
бір 
ерекшелік 
іс-әрекетшіл 
шығармашыл 
адамдардың өздерін жас сезінуі, бұл жердегі жастық сезімнің 
сақталуы шынайы- нәтижелі жұмыспен байланысты. Өз ісіне 
деген шығармашылық қатынас кезінде адам алдынан әр қашан 
жаңа перспективалар ашылады, себебі шығармашылық үрдіс 
шексіз. Осы екінші жағдайда, яғни психологиялық жастың 
хронологиялық жастан қалып қоюы кемістік болып санамайды: 
Жастықтың сақталуы психологиялық жастың адекваттылығын 
жоққа шығармайды.
Сонымен, Кемел жас - адам өміріндегі ең ұзақ та маңызды кезең 
болып табылады. Кемел жас даму мақсатын көздейді. Кемел 
жастық кезең кейбір адамдар үшін жай ғана хронологиялық 
ұғым болса, келесілері белгілі бір мақсатқа жетіп өздерінің 
өмірлік белсенділіктерін баяулатады. Үшіншілері өздерінің 
өмірлік перспективаларын үнемі кеңіте отырып дамуларын 
жалғастырады.
Талдауға арналған сұрақтар:
1. Кемел жастағы даму кезеңдерінің құрылуы.


2. Тұлғаның өзін-өзі дамытуы.
3. Өлім туралы субъективті ойлары.
4. «Өмір жолы» тұлға руханилығы және адамгершілігі. 
Әдебиеттер тізімі:
1. Возрастная и педагогическая психология /под ред. М.В. 
Гамезо, М.В. Матюхиной, Т.С. Михальник / - М., 1984
2. Бехтерев В.М. Проблемы развития и воспитания 
человека - М., 1997.
3. Кулагина И.Ю., Колюцкий В.Н. Возрастная психология. 
Полный жизненный цикл развития человека. Учебное 
пособие для студентов высших учебных заведений.-М.: 
ТЦ Сфера, 2006
4. Немов Р.С. Психология - книга 2 - М., 1994
5. Божович Л.И. Проблемы формирования личности / под 
ред. Д.И. Фельдштейна/ - М., 1995
Томас тесті
М ақсаты : Мінез-құлық стилін анықтау, конфликттік 
мінез-құлыққа тұлғаның бейімделуін зерттеу.
Әдісті бейнелеу:
Пайда болған конфликтті шешу мақсатында, конфликттік 
жағдайды 
басқаруда 
міндетті 
түрде 
индивидтер 
үшін, 
индивидтердің мінез-құлығына тән форманы, сонымен қатар 
олардың қайсысы өнімдірек, деструктивті екенін, өнімдік мінез- 
құлықты қалай стимулдауға болатынын анықтау қажет.
Томас бойынша конфликттік мінез-құлық типологиясының 
негізінде мінез-құлықтың екі стилі бар: ол кооперация -
адамның 
басқа 
адамдардың 
қызығушылықтарына, 
конфликтісіне қатысуымен байланысатын және де өзіндік 
қызығушылықтарын қорғауда акценттік, қайсарлық танытуы. 
Осы екі негізгі өлшемге сәйкес К. Томас конфликттерді 
бағдарлаудың келесі тәсілдерін ұсынады:
А) 
бәсекелестік 
аса 
тиімді, 
бірақ 
конфликтте 
сирек 
қолданылатын мінез-құлық тәсілі, біреуге қиянат жасай отырып, 
өз қызығушылықтарын қанағаттандыруға тырысуынан көрінеді; 
Б) 
біреу 
үшін 
өз 
қызығушылықтарын 
құрбан 
ететін, 
бейімделгіш, бәсекелестікке қарсылық танытушы;


В) компромисс бір-бірлеріне екі жақты жол берудің нәтижесінде 
қол жеткізетін, конфликтке қатысушылардың арасындағы 
келісім;
Г) қашу, кооперацияға талпыныстан өз мақсатына жетуге 
тенденцияның болмауы;
Д) әріптестік, екі жақтың да қызығушылықтарын толығымен 
қанағаттандыру, жағдайға қатысушыларды альтернативтілікке 
әкелу.
К. Томастың ойынша, конфликттен қашуда екі жақта нәтижеге 
қол жеткізе алмайды, бәсекелестік, бейімделу, компромисс 
немесе қатысушылардың біреуі ұтқанда, басқа жағынан 
қатысушылардың біреуі ұтылғанда, немесе екеуіде ұтылып 
жатқанда компромистік жол беруге барады. Демек, тек 
әріптестік жағдайда ғана екі жақты ұтысқа ие болады.
Сауалнама 30 жұпқа біріктірілген 60 пікірден тұрады. 
Сыналушының қандай топқа бейім екенін анықтау үшін оған 
қосалқы айтылымдардың әрқайсысын мұқият оқып, өз мінез- 
құлқына тән дегенін таңдау ұсынылады.
Нұсқау: «Сіздің назарыңызға ұсынылып отырған сауалнама 
қосалқы пікірден тұрады: А және Б. Әр пікірді мұқият оқып, көп 
жағдайда сіздің қылықтарыңыз бен әрекеттеріңізге сай келетінін 
таңдаңыз».
Зерттеу 
нәтижелерінен 
алынған 
мәліметтер 
кілтке 
сейкестендіріліп (41- кесте) байқалған әрбір мінез-құлық 
тиімділігінің жиілігі саналады.
Сауалнама кілті

Р/
с
Бәсекелесті
к
Әріптесті
к
Компромис
с
Қаш
у
Бейімдел
у
1
а
б
2
б
а
3
а
б
4
а
б
5
а
6
б
а
7
б
а
8
а
б
б


9
б
а
10
а
б
11
а
б
12
б
б
а
13
б
а
14
б
а
15
б
б
а
16
б
а
17
а
б
б
18
б
а
19
а
б
20
а
21
б
а
а
22
б
б
23
а
б
24
а
25
а
а
26
б
27
а
б
28
а
б
29
а
б
30
б
а
41 кесте
Әрбір баған бойынша индивидтердің жинаған балдар саны, 
оның 
конфликттік 
жағдайда 
мінез-құлық 
формасының 
көрінісіне сәйкес келетін тенденциялардың айқындығы жайлы 
көріністер береді.
Бағана кестесі (толтыру кестесі)
№ Р/с
Бәсекелесті
к
Әріптесті
к
Компроми
с
Қаш
у
Бейімдел
у
1
1
2
1
3
1
4
1
5
1
6
1
7
1


8
1
9
1
10
1
11
1
12
1
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
Балда
р
саны
12 
Т ақы ры п. Қ артты қ кезең 
Г еронтология - адамның және жануарлар организмінің қартаю 
заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Егде тартқан және қартайған 
адамдардың 
ауруларын 
клиникалық 
және 
медицинаның 
гериатрия (грек. герон және иатрия-емдеу) деп аталатын бөлімі 
зерттейді.
20-ғасырдың 30-40 жылдары Қазақстанда қариялар мен 
мүгедектер үйі, геронто және гериатрия кабинеттер (Алматы, 
Қарағанды және т.б.) ауруханаларда гериатриялық бөлімдер


ашылды, 
жүйелі 
зерттеулер 
жүргізіле 
бастады. 
Бұл 
зерттеулердің нәтижесінде қартаюдың әлеуметтік-гигиеналық 
себептері мен клиникалық белгілері анықталды; адам жасының 
ұлғаюына байланысты жүрек пен қан тамырларында пайда 
болатын өзгерістер зерттелді. Егде тартқан және қартайған 
адамдардың әдетте байқалмайтын жүрек ақауларына сипаттама 
берілді.
Физиологиялық және биохимиялық көрсеткіштердің 
қалыпты деңгейі анықталып, егде тартқан және қартайған 
адамдардың денсаулығын тексеру әдістемесі ұсынылды. Кейбір 
дәрілердің қартайған ағзаға тигізетін әсері, вегетативті жүйке 
мен лимфа жүйесіндегі морфологиялық және гистохимиялық 
өзгерістер зерттелді.
Қарттар мен егде жастағы адамдардың психикасы мен 
мінез-құлық ерекшеліктерін, жас психологиясының бір саласы 
геронтологиялық психология зерттейді.
Ол 
қартаюдың 
белгілерін, 
яғни 
адам 
ағзасының 
функционалдық мүмкіндіктерінің (сыртқы әсерлерді қабылдауы 
көмескіленіп, қимыл белсенділігі баяулауы, күш қуаты азайып, 
денсаулығының нашарлауы) біртіндеп төмендеуін қарастырады. 
Психика функцияларындағы (зерде, ес, зейін т.б.) өзгерістер бір 
жақты 
ғана 
байқалады. 
Қарт 
адамдардың 
психикасына 
интеллектуалдық және эмоционалдық «ішкі әлемге» кету, 
өткізген өмірін бағалау мен ұғынуға байланысты қайғыру, 
өміріндегі басты мақсаттары орындалмаса, өкіну, түңілу сияқты 
қасиеттер тән болады. Алайда қартаюды тек регрессивтік 
құбылыс деп қарамау керек. Қартаю дамудың бір кезеңі. Бұл 
кезеңде адамның рухани жетілу деңгейі жоғары болады. 
Мысалы, 
қанағаттану, 
парызын өтеген жағдайда 
өмірге 
ризашылық, мейірімділік, т.б. қасиеттермен қатар кемелденген 
адамдардың даналыққа жетуі, осы қартаю кезінде орын алатын 
құбылыс. Қарт адамның шығармашылық белсенділігі жоғары 
болатындығы жиі байқалады. Қартаюдың психологиялық 
ерекшеліктері мен өзгерістеріне ерте кезден назар аударса да 
геронтология ғылымы пән ретінде егде жастағы адамның 
көбеюі; 
олардың 
жұмысқа 
қабілеттілігі 
мен 
тұрмыс 
жағдайының, сондай-ақ іс-әрекетінің сипаты мен құндылықты 
бағдарларының 
өзгерулеріне, 
яғни жеке 
адамның 
даму


мәселелеріне, т.б. байланыста пайда болды. Геронтологияның 
қазіргі кездегі негізгі міндеттеріне адамды кәрілікке даярлау, 
егде жастағы адамдар мен қарттардың белсенді әрі толық өмір 
сүруі, амалдарын зерттеу, т.б. жатады.
Қартаю 
-
биологиялық 
үрдіс; 
белгілі-бір 
жасқа 
жеткеннен кейінгі ағза мүмкіншіліктерінің үдемелі төмендеуі. 
Қарттық кезеңде адамның жүйке жүйесінде, ішкі секреция 
бездерінде, иммундық, жүрек қан-тамырының жүйелерінде 
елеулі өзгерістер байқалады. Қарт адамдарда жыныс, қалқанша, 
ұйқы бездерінің, гипофиздің, бүйрек үсті бездерінің, айрықша 
бездерінің гормон өндіру қабілеттілігі төмендейді. Қартаю 
кезінде жүректің жиырылу күші кемиді, қан айналу көлемі 
азаяды. Қартаю кезінде тәннің серпімді талшықтарының және су 
мөлшерінің азаюынан тері жұқарып, қатпарланып, әжім пайда 
бола бастайды. Бұл кезде шаш ағарып, сирейді, көздің көруі, 
құлақтың естуі нашарлайды, тіс түсе бастайды.
Қартаюдың бір көрінісі ретінде ағзада дәнекер тіндердің 
өзгеруін келтіруге болады. Осыдан өкпеде, бауырда, жүректе, 
т.б. ішкі ағзада олардың атқаратын жұмысының бұзылуына 
әкелетін беріштенулер дамиды.
Дәнекер тіндердің өзгерістерін қарттарда жара мен сүйек 
сынықтарының бітуі жастарға қарағанда баяу жүреді.
Жүйке жүйесінің өзгерістерінен шартты және шартсыз 
рефлекстер әлсірейді, есте сақтау қабілеті бұзылады.
Қарт адамдарда гипоксия ауруының дамуы байқалады. Қан 
тамырының серпімділігі азайып, оларда атеросклероз дамиды. 
Адамның 
жасы 
ұлғаюына 
байланысты 
жүрек-қан 
тамырларының жүйкелік және гуморальдік реттелулері өзгереді. 
Қарттықты 

қартаю 
және 
ерте 
қартаю 
деп 
бөледі. 
Физиологиялық 
қартаю 
егде 
тартқан 
жасқа 
келсе 
де, 
денсаулығы жақсы, ширақ, өз-өзін күтіп айналасына назар 
аударып, белсенділік көрсете алатын жағдайда болуы. Ерте 
қартаюда кәріліктің белгілері мезгілінен бұрын байқалады. 
Бұған адамның созылмалы ауруымен, қоршаған ортаның 
жағымсыз әсері себеп болады.
Қартаюдың қазіргі теориялары жас шамасының ұлғаюына 
байланысты ағуыз синтезінің бұзылуы деп түсіндіреді. Ал 
мұның өзі нуклейн қышқылдары (ДНК) қызметінің бұзылуына


байланысты болады. Кейінгі жылдары иммунитет жүйесі 
бұзылған ағзада түзілген антиденелер бөгде заттарды ғана емес, 
қалыпты жасушаларды да бұзып, жоятыны анықталды.
Қартаю кезінде жасушалардың энергетик (жылу бөліну) 
үрдістері өзгереді. Толықтырғыш ферменттердің белсенділігі 
кемиді, 
метохондриялардың 
саны 
азаяды. 
Қартаюда 
тұқымқуалаушылық факторы үлкен роль атқарады. Кейбір 
адамдардың қалыптан тыс ерте қартаюы да байқалады, бұны 
прогерий деп атайды. Бұл сирек кездесетін тұқым қуалайтын 
синдромдар кездерінде байқалады. Солардың бірі - Гетчинсон -
Гильфорд синдромы, балалардың аутосомдық - регрессивтік 
жолымен ұрпақтан ұрпаққа берілетін ауру.
Бұл аурудың алғашқы көрінісі баланың 1 жасар кезінде 
байқалып, тез қарқынмен дамып, 10-20 жаста жүрек инфарктына 
өлімге әкеледі. Баланың бой өсуі баяулайды, шашы ағарып түсе 
бастайды, терісі жұқарып, қатпарланып кетеді, көз бұршағының 
бұлыңғырлауы (катаракта), өкпе эмфиземасы, қан тамырының 
атеросклерозы, т.б. дамиды.
Осындай кәрілікке тән белгілердің 15-25 жас арасында 
дамуы - Вернер синдромы деп аталады. Ерте қартаюдың ең 
негізгі себебі - қозғалудың азаюы, бұлшықет жұмысының 
жеткіліксіздігі (гиподинамия).
Қартаюға байланысты ағзада зат алмасу үрдісі нашарлайды, 
сондықтан қуатты тағамдарға қажеттілік те төмендейді.
Қартаю заңдылықтарын зерттейтін ілім геронтология, ол 
жастары ұлғайған адамдар мен кәрі адамдардың ауруларын 
зерттейтін ілім болып табылады.
Әдетте адам өмірінің соңғы кезеңін кәрілік деп атайды. 
Көптеген ғалымдар 60 жастан жоғары кезеңді геронтогенез деп 
те 
атайды. 
Кәрілік 
психологиясына 
тән 
нышандарға 
жататындар: уайымшылдық, мақтаншақтық, өткен өмірінің 
мәнсіз сәттеріне өкіну, жастарды, шуды жақтырмау, тыныштық 
іздеу, ұйқының азаюынан мазасыз болу, сөздері мен істерін 
қайталай беруі, белгілі бір деңгейде пессимизм, түңілу. Кәрілік 
әр адамда әртүрлі өтеді. Шығармашылықпен айналысатын адам 
өзінің белгілі идеяларын іске асырып немесе жазып қалдыру 
үшін барын салуы мүмкін. өмір бойы белсенді қызмет атқарған 
адам 
зейнетке 
шығуды 
ауыр 
қабылдайды, 
жанталасып


мамандығы бойынша жұмыс істей бергісі келеді. Ал көп азап 
көріп, бейнеті мол еңбек еткендер зейнетке шығуды қанағатпен 
қабылдап, күнделікті тіршілікпен өмір сүре береді. Кәрілік адам 
өмірінің ең соңғы кезеңі болып табылады. Осы жасқа жеткен 
алдамдар үш топқа бөлінеді.
1. Кемел жастағы адамдар
2. Қартайған адамдар.
3. Ұзақ өмір сүретіндер.
1. 
Қартаю кезеңі ересектік жастан кәрілікке өту кезеңі 
болып табылады. Генетикалық бағдарламаланған қартаю үрдісі 
осы кезеңінің ең негізгі ерекшелігі болып табылады. Бұл 
жастағы адам физикалық жағынан әлсіз болады, энергиялық 
қоры азаяды, қан тамырлары мен иммундық жүйесінің қызметі 
нашарлайды, ағзасында жалпы қартаюы жүреді.
Сенсорлық қызметтердің көпшілігі нашарлап, соның 
салдарынан когнитивті жүйенің дамуында өзгерістер болады. 
Біріншіден интеллектуалдық қызметтері зардап шегеді. Бұл 
үрдістердің динамикасы субъективті факторларға, тұлғаның 
ерекшелігіне, оның кәсіби ерекшелігіне байланысты.
Есте сақтауы ойлауымен тығыз байланысты логикалық 
байланыстарға негізделеді, сондықтан да қарт адамның ойлауы 
өзге танымдық үрдістерге қарағанда жоғары дамыған.
Эмоциялық сфераларында басқаруға келмейтін күшті 
аффективті реакциялар (күшті жүйкелік қозу) көрініс береді. 
Адам эгоцентрлі болады. 
Күрделі жағдайлармен күресу 
қабілеттері төмендейді. Еркектер пассивті болса, әйелдер -
агрессивті билікке құштар болады. Қарт адамдар өлім туралы 
көп ойлайды. Пенсияға шығу адамның қоғамдағы рөлін 
өзгертеді және ол мотивациялық сферасына әсер етеді. 60 
жастағы адамдар мотивациясы ұрпаққа рухани байлық беру. 70 
жастан кейін денсаулықты дұрыс қалпында ұстау өзекті мәселе 
болып табылады. Коллекциялар жинауға, музыка мен көркем 
суреттерге қызығушылықтар пайда болады. Қарт адам үшін 
отбасындағы қарым-қатынас маңызды болып табылады, себебі 
отбасылық қатынас оған қорғаныс, тұрақтылық сезімін береді.
Қарттық 
кезеңде 
«Мен 
тұжырымы» 
өзгерістерге 
ұшырайды. Адам өзінің өткен шағын, қазіргі және болашағын 
салыстыруға тырысады. 
Егер адамда «Мен тұжырымы»


позитивті болса, онда оның тұлғалық дамуы одан әрі жалғаса 
береді және қартаю үрдісін баяулатуға мүмкіндік беретін 
оптимистік бағыт байқалады.
Қартаю кезеңге деген еңбектілікке қабілеттіліктің 
сақталуы 
адамның 
еңбек 
іс-әрекетінің 
ұзақтылығына 
байланысты. Физикалық денсаулық, қабілеттер, іс-әрекеттің 
қалыптасқан тәсілдері, білім деңгейі - осылардың барлығы 
еңбек қабілеттерінің сақталуына ықпал етеді.
Қарт 
адамның 
мінез-құлығын 
келесідей 
факторлар 
анықтайды: 
психофизикалық 
мүмкіндіктердің 
төмендеуі, 
жынысы, тұлғаның типі, белсенді әлеуметтік өмірден біртіндеп 
қол үзуі, жақын адамдарынан айырылу және жалғыздық, 
өлімнің жақындығын сезіну. Физикалық дүниесі тарылады да 
дінге деген қызығушылық арта бастайды.
2. 
Соңғы 
кезеңнің 
басталуы 
әдетте 
биологиялық 
қартаюдың жылдамдауымен байланысты. Физикалық күші 
төмендейді, денсаулығының жалпы күйі нашарлайды. Кейбір 
психикалық 
қызметтерінің 
деңгейі 
төмендейді. 
Сезім 
мүшелерінің 
қызметтері 
нашарлайды. 
Осы 
регрессиялық 
үрдістердің көрініс беруі әр адамда әр түрлі болады. Осы шақта 
адам нақты даналыққа ие болады. Даналық дегеніміз - бұл өлім 
алдында өмірдің мәнін сөзсіз саналы түсіну.
Қазіргі таңда геронтологтардың зейіні қартаюдың медико- 
биологиялық себептерін анықтауға бағытталған. Осы мәселені 
шешу адам өмірін 100-150 және оданда артық жылға ұзартуға 
мүмкіндік береді. Егер адамның психологиялық болашағы 
болмаса, адамның ұзақ өмір сүруіне ешқандай медико- 
биологиялық құрал көмектеспейді. Психологиялық жасты 
ескеру арқылы тұлғаның даму ерекшелігін түсініп болжауға 
мүмкіндік береді. Қартаю кезіңде психологиялық жастың 
адекватты болуы әсіресе жастық сезімнің сақталуы тұлғалық 
дамумен байланысты. Соңғысы өте маңызды болып табылады: 
Тұлғаның қарқынды дамуы, өзін дамытуға талаптану кез келген 
жас кезеңіне тән. Осыған байланысты психологиялық жас 
хронологиялық жасқа қарағанда маңызды.
Кәрілік адам өміріндегі соңғы кезең болғандықтан өлім 
мен оған деген қатынас туралы бірнеше мәселелер туындайды. 
Өлімге дайындалу керек пе? Оны адам қалай уайымдайды? Өлім


әрқашанда қайғылы ма? Немесе табиғи үрдіс болып табыла ма? 
Өлім мәселесі - философиялық және діни мәселелермен 
байланысты болғанымен де психологиялық мәселе болып 
табылады.
Өлімге 
деген 
қатынасқа 
антикалық 
замандағы 
философтардың өздері көңіл бөлген. Эпикурдың айтуынша, 
өлім адам қайғысының маңызды бір көзі болып табылады екен.
Кәрілік жасы - адамның орта жастан кейін келетін, 
қоғамдық 
еңбектен 
босап, 
еңбегінің 
зейнетін 
көретін, 
материалдық қамтамасыз етілетін ,құрметті демалысқа шығатын 
жасы. Шартты түрде кәрілік адамның зейнетке шығу жасына 
жетуінен басталады деп есептеледі. Алайда, шын мәнінде, 
кәрілік адамның жеке басының қасиеттеріне, психологиясына, 
өзін 
сақтауына, 
өмір 
салтының 
салауаттылығына, 
ішкі 
мәдениетіне байланысты. сондықтан, кейбіреулер зейнеткер 
жасына жетпей немесе жете салып өзін қаусаған кәрі сезінсе, 
екінші біреулер зейнеткер жасына келгеннен кейін де ондаған 
жылдар бойы кәрілігін сезінбей, қоғамдық белсенділігін 
жалғастыра береді.
Кәрілік жаста кәрілік кем ақылдылық деген ұғым жиі 
кездеседі. Ол дегеніміз қартайған адамның ақыл-ойының 
сарқылуының салдары болып табылатын, оның өмірлік қызметі 
үрдісінде қисынсыздық мөлшерінің артуы, бұрын атқарып 
келген ісін одан әрі жалғастыруға жарамсыз болып қалуы. 
Кәрілік кем ақылдылыққа душар болған адамның сөзі көп, ісі 
шалағай, пайдасыз болады. Кейде ол артық сөздер айтады. 
Ұмытшақ болып, ақылға сиымсыз әрекеттер жасауы мүмкін. 
Бірақ ол онысын мойындамайды, кезінде атқарған ісін әлі де 
жасай 
алатындығына 
және 
оны 
өзгелерден 
артық 
жасайтындығына сенімі мол болады. Сондықтан ол өзгелердікін 
жаратпай, тек өзінікін үлгі ретінде ұсынып, өзгелердікінің 
барлығын сынға алады.
Кәрілік кем ақылдылық кейде шектен асып, ақылдан 
ажырап қалу деңгейіне құлдырап қалуы мүмкін. Қазақта мұны 
алжу дейді. Кәрілік кем ақылдылық қартайған адамдардың 
бәріне тән емес, ол ақыл-ойы мен жеке басының мәдениеті 
жоғары, өзіне сыншыл көзқараспен қарайтын, парасатты 
адамдарда сирек кездеседі.


Талдауға арналған сұрақтар:
1. Қартаюдың даму шарттары.
2. Жетекші іс-әрекеттері.
3 .Қарттық кемақылдылық
4. Қарттардың психологиясын зерттеген ғалымдар.
5. Қарттық кезеңдегі дағдарыстың басты себептері.
Әдебиеттер тізімі:
1. Кулагина И.Ю., Колюцкий В.Н. Возрастная психология. 
Полный жизненный цикл развития человека. Учебное 
пособие для студентов высших учебных заведений.-М.: 
ТЦ Сфера, 2006
2. Немов Р.С. Психология - книга 2 - М., 1994
3. Божович Л.И. Проблемы формирования личности / под 
ред. Д.И. Фельдштейна/ - М., 1995
4. Фельдштейн Д.И. Психология становления личности - 
М., 1994.
5. Леонтьев А.Н. Деятельность. Сознание. Личность. М., 
1975.
Ж алғы зды қ ш каласы.
Сауалнаманы ұсынған авторлар: Д.Рассел, Л.Пепло, 
М.Фериосон.
М ақсаты :
Адамның өзінің жалғыздық сезімін субъективті деңгейде 
зерттеу. 
Жалғыздық 
жағдайын 
айқындау 
мазасыздануға, 
әлеуметтік оқшаулануға, депрессияға, зерігуге байланысты 
болуы мүмкін. Жалғыздықты оқшаулануға мәжбүр болған және 
жалғыздыққа ұмтылу, оған қажетсіну сияқты жағдайларда 
ажыратып қарау қажет.
Нұсқау:
Сізге, бекітілген сөйлемдер қатарлары ұсынылады. 
Әрбір сұраққа көңіл бөліп және оларды өз өміріңізде болғандай


етіп, дұрыс жауап беріңіз, жауапта мына төрт нұсқаны 
пайдаланыңыз:
«жиі», «кейде», «анда-санда», «ешқашан».
Таңдаған нұсқаны «+» белгісімен белгілейсіз.
Ш ешімдерді өңдеу және интерпретациялау.
Жауаптардың әрбір нұсқасының саны есептеледі, «жиі»- 
жауабының есебі 3-ке көбейтіледі, «кейде» -2-ге, «анда-санда, 
«-1-ге және «еш қаш ан»-0-ге көбейтіледі.
Алынған қорытындылар жинақталады. Жалғыздықты 
анықтайтын жоғары көрсеткіш - 60 балл. Жалғыздықтың ең 
жоғары деңгейін көрсететін көрсеткіш -40-тан 60 қа дейінгі 
балл;орташа деңгейді көрсететін көрсеткіш -20-дан 40-қа дейінгі 
балл;ең төменгі деңгейді көрсететін көрсеткіш - 0-ден 20-ға 
дейінгі балл.
С ауалнам аны ң мәтіні:
Бекіту
жиі,кейде,анда-
санда,ешқашан.
1 .Мен бақытты емеспін, өйткені 
барлық нәрсемен өзім жалғыз 
айналысамын.
2.Мен ешкіммен сөйлесе 
алмаймын.
3 .Жалғыз болу мен үшін адам 
төзгісіз.
4.Маған қарым-қатынас 
жетіспейді.
5.Мені шын мәнінде ешкім түсіне 
алмайды деп ойлаймын.
6.Маған адамдар қоңырау соғады 
немесе хат жазады деп 
күтетінімді байқаймын.
7.Менің жақындасатын адамым 
жоқ..
8.Мен қазір ешкіммен жақын 
емеспін.
9.Мені қоршаған адамдар менің 
қызығушылықтарыммен


идеяларымды қолдамайды.
10.Мен өзімді тастанды
сезінемін.
11 .Мен айналамдағы адамдармен
қарым-қатынас жасауға
қабілетсізбін.
12.Мен өзімді мүлдем жалғыз
сезінемін.
13.Менің әлеуметтік
қатынастарым тым мәнсіз.
14.Маған бірлестік өте қажет.
15.Шын мәнінде ешкім мені
білмейді.
16.Мен өзімді басқалардан оқшау
сезінемін.
17.Мен бақытсызбын,бәрі менен
теріс айналған.
18.Маған дос табу өте қиын.
19.Мен өзімді басқалардың
тарапынан жойылған және
бөлектенгендей сезінемін.
20.Адамдар менің
айналамда,бірақ олар менімен
бірге емес.
Депрессия ш каласы .
Сауалнама дифференциалды диагностикалық түрде 
жасалынған. Мұнда депрессия жағдайындағы және депрессияға 
жақын адамдарды зерттеудегі мақсаты жаппай скрининг- 
диагностика және алдын-ала дәрігерге дейінгі диагностикалау.
Бұл тестті Т.И.Балашовабейімдеген.
Тесттің толық өтуі 20-30 минөт уақытты алады. Жауаптарды 
жауап парағына белгілейді. Депрессия деңгейі (Д.Д) формула 
бойынша есептеледі: Д.Д=Е+. Е
Е ТУРА бұл-осындай кезде №1,3,4,7,8,9,10,13,15,19; осы 
сандар «тікелей» жауабының қосындысы.
Е КЕРІ -мынадай жағдайда №2,5,6,11,12,14,16,17,18,20 
осы сандар «керісінше» жазылады.


Мысалы, №2-де 1 жазылса 4 балл қоямыз, ал №5-те 2 
жазылса 3 балл қоямыз т.б.
Д.Д қорытындысында 20-дан 
80-ге 
дейінгі 
балл 
көлемінде болады. Егер ДД 50балл көлемінде болса, онда 
жағдай депрессиясыз деп диагностикаланады. Егер ДД 50-ден 
59 баллға дейін болса, онда жағдай жеңіл депрессияда болғаны. 
ДД 60-тан 69-ға дейінгі баллды көрсетсе, онда субдепрессивті 
жағдайда немесе депрессияның жоғары деңгейі. Шектен тыс 
депрессиялық 
жағдайда 
70 
балл 
көрсеткішімен 
диагностикаланады.
Ж ауапқа арналған бланк.
Депрессия ш каласы .
Аты-жөні----------------- Күні-------------- .
Нұсқау
Төменде келтірілген сөйлемдерді мұқият оқып шығып және 
соңғы кезде өзіңізді қалай сезінесіз соған байланысты оң 
жақтағы 
сандарды 
белгілеңіз.Сұрақтарға 
көп
ойланбаңыз,өйткені дұрыс немесе дұрыс емес жауаптар жоқ. 
А-ешқашан немесе кейде.
В-анда-санда.
С-жиі
Д-әрқашан немесе күнде.
1.Мен ұнжырғасы түскенін сезінемін.
2.Таңертең мен өзімді бәрінен де жақсы сезінемін.
3.Менде жылау немесе жылауға жақын болу кезеңдері болады.
4.Менің түнгі ұйқым жаман.
5.Менің тәбетім күнделіктегіден жаман емес.
6.Маған сымбатты әйелдерге қарап, олармен әңгімелесу ұнайды.
7.Менің байқауымша мен арықтап жатырмын.
8.Мені іш қату мазалайды.
9.Жүрегім күндегіден қатты соғады.
10.Себепсіз шаршаймын.
11.Әрқашандағыдай,анық ойланамын.
12.Мен істей алатын затпен айналысу маған оңай.
13.Қобалжу сезінемін және бір орында отыра алмаймын.
14.Болашақтан үмітім бар.
15.Әдеттегіден көрі, мен өте қозғышпын.
16.Маған шешім қабылдау оңай.


17.Мен өзімнің пайдалы және керек екенімді сезінемін.
18.Мен толыққанды өмір сүремін.
19.Мен өлсем, басқа адамдарға жақсы болатынын сеземін.
20.Мені әрқашанда қуантатын зат, мені әлі де қуантады.
А 
В 
С 
Д



4
Реферат тақ ы ры п тары
1. 
Даму психологиясының тарихынан.
2. 
Даму психологиясының теориялық және 
практикалық 
міндеттері
3. 
Даму психологиясындағы шетелдік тұжырымдамалар
4. 
А.Маслоудың адамдардағы түрткілер жайындағы теориясы
5. 
Даму психологиясы негіздерінің тармақтары
6. 
Жас туралы түсінік. Психикалық даму кезеңдері
7. 
Даму психологиясының зерттеу әдістері
8. 
Жан Пиаже теориясындағы бала ақыл-ойының дамуы туралы
9. 
Л.С.Выготскийдің мәдени-тарихи тұжырымдамасы
10. Бір жасқа дейінгі баланың психикалық дамуы.
11. 1-3 жас арасындағы балалардың психикалық дамуы
12. 3-7 
жастағы 
балалардың 
психикалық 
дамуы 
Жаңа 
құрылымдар
13. Дағдарыс түсінігі
14. Жетекші іс-әрекеттер


15. Жеткіншектің кезеңінің ерекшеліктері: өтпелі, пубертатты 
кезең.
16. 15-18 жастағы балалардың психикалық даму ерекшеліктері. 
Э.Эриксонның идентификация дағдарысы туралы
17. Кемелдену кезеңі
18. Қарттық шақ. Қарттық шаққа деген көзқарастар.
19. Психикалық дамудың қозғаушы күштері
20. Психологиядағы жас ерекшелік периодизациясы
21. Нәрестелік кезеңдегі дамудың психикалық ерекшеліктері
22. Бозбала мен бойжеткен психологиясы
П айдалануға ұсы ны латы н әдебиеттер тізімі 
О қулы қтар:
1. Возрастная и педагогическая психология / под ред. А- 
В.Петровского/, М.,1986
2. Возрастная и педагогическая психология /под ред. М.В. 
Гамезо, М.В. Матюхиной, Т.С. Михальник / - М., 1984
3. Возрастная психология / под ред. Л.Ф. Обуховой / - М., 1996
4. Детская психология / под ред. Я. Л. Коломинского, Е.Н. 
Панько / - Минск, 1988
5. Люблинская А.А. Детская психология - М., 1971
6. Мухина В. С. Возрастная психология - М., 1998
7. Немов Р.С. Психология - книга 2 - М., 1994
8. Эльконин Д.Б. Детская психология - М., 1995
9. Рыбалко Е.Ф. Возрастная дифференциальная психология - 
ЛГУ, 1990
10. Смирнова Е.О. Психология ребенка - М., 1997
11. Кулагина И.Ю., Колюцкий В.Н. Возрастная психология. 
Полный жизненный цикл развития человека. Учебное пособие 
для студентов высших учебных заведений.-М.: ТЦ Сфера, 2006
Хрестоматиялар:
12. Возрастная и педагогическая психология: Тексты - М., МГУ, 
1992
13. Хрестоматия по возрастной и педагогической психологии / 
под ред. И. П. Ильясова, В. Я. Ляудис / - М., 1980
14. Хрестоматия по возрастной психологии / под ред. Д.И.


Фельдштейна/ - М., 1994
15. Хрестоматия по детской психологии / под ред. Г. В. 
Бурменской / - М., 1996
П рактикум дар:
16. Волков Б. С., Волкова Н.В. Задачи и упражнения по детской 
психологии: Учебное пособие для студентов - М., 1991.
17. Практикум по возрастной и педагогической психологии / 
под ред. А.И. Щербакова/-М., 1989.
18. Прокина Н.Ф. Практикум по детской психологии - М., 1985
19. Урунтаева Г.А., Афонькина Ю.А. Практикум по детской 
психологии - М., 1995.
20. Шахова И.П. Практикум по лабораторным работам курса 
«Возрастная психология» - М., 1998.
М онограф иялар және таңдам алы психологиялық 
еңбектері
21. Ананьев Б.Г. Избранные труды-М., 1977
22. Бехтерев В.М. Проблемы развития и воспитания человека - 
М., 1997.
23. Блонский П.П. Развитие младшего школьника.
24. Божович Л.И. Личность и ее формирование в детском 
возрасте М.-1968
25. Божович Л.И. Проблемы формирования личности / под ред. 
Д.И. Фельдштейна/ - М., 1995
26. Выготский Л.С. Собрание сочинений: в 6 томах; т. 4 - 
Детская психология -М., 1983
27. Гальперин П.Я. Методы обучения и умственного развития 
ребенка М.,1985
28. Давыдов В.В. Виды обобщения в обучении М., 1974.
29. Запорожец А.В. Избранные психологические труды - М., 
1986.
30. Кон И. С. Психология ранней юности М., 1989.
31. Леонтьев А.Н. Деятельность. Сознание. Личность. М., 1975.
32. Мерлин В.С. Психология индивидуальности - М., 1996.
33. Пиаже Ж. Избранные психологические труды - М., 1994.
34. Фельдштейн Д.И. Психология становления личности - М., 
1994.
35. Фрейд 3. Введение в психоанализ. Лекции - М., 1989. 
36.Эльконин Д.Б.Избранные психологические труды - М., 1983.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет