жолды таңдау жағдайы. 16-17 жаста көзделген жоспарлар
жүзеге асырыла бастайды. Жастар үшін өмірлік жолдың үш
негізгі нұсқалары бар:
жогары оқу орнында оқу, жұмыс іздеу
және ұлдар үшін әскерде қызмет ету.
Ж ОО оқу. Жоғары оқу орнына түсу
мотиві суденттік
өмірдің стилін анықтайды. ЖОО түсудегі студенттің әлеуметтік
жағдайы, сана-сезімі, өмірлік жоспары ары қарайғы өмірінде
үлкен мәнге ие болады.
Ж ұмыс
іздеу.
Мектеп бітірушілер ЖОО
түспей
қалғандар немесе жұмыс істейтіндер түрлі
қиыншылықтармен
кездеседі. Олардың көбіне тән сипат белгілі іс-әрекетті
таңдаудың қиындығы.
Әскер. ЖОО-ның күндізгі бөлімінде оқымайтын жастар
әскер қатарына
шақырылады. Әскердегі қызмет-бұл да бір
өмірлік бейнені өзгерту.
Қатаң тәртіп, үлкен физикалық күш
және шені бойынша үлкендерге сөзсіз бағыну көп балалар үшін
ауыр сынақ болады.
Қ оғамнан қаш у- жастық шақта өмірді ұйымдастырудың
тағы бір нұсқасы. Ол жұмыс істейді ме, істемейді ме оған
тәуелсіз, жағымсыз әдеттерге баруы мүмкін: нашақорлыққа,
діни секталарға. Бұл нұсқаны саналы өмірлік таңдау деп айтуға
болмайды.
Жастық шаққа оптимизм тән.
Адам өзінің өмірлік
ойлағанын жүзеге асыруға тырысады, ол күшке, энергияға толы,
өзінің мақсаттары мен идеалдарын жүзеге асыруға деген тілекте
болады.
Өмірдің маңызды жақтары
Махаббат және жанұя.
Жастық шақты махаббат жасы
деп атайды. Бұл жасқа өмірлік серікті және жанұя құрудың
психологиялық,
физиологиялық,
әлеуметтік
және
басқа
факторларының оптималды бірігуі тән. Отбасын құру тұлғалық
даму үшін өте маңызды. Адам өзі үшін жаңа қоғамдық статусқа
ие болады. Әсіресе баланың өмірге келуі ең үлкен
мәнге ие
болады.
Өмірлік серікті таңдау және отбасын құру-
жастық шақта
дамудың әлеуметті жағдайының бірі.
Кәсіби іс-әрекет.
Осы кезеңдегі дамудың әлеуметті
статусының екінші жағы -
Достарыңызбен бөлісу: