Пікір жазғандар


Қазақ әдет-ғұрыптарының күйзеліске әсер етуі



бет100/156
Дата27.09.2024
өлшемі0,83 Mb.
#145965
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   156
Байланысты:
БАСҚАРУ ПСИХОЛОГИЯСЫ

Қазақ әдет-ғұрыптарының күйзеліске әсер етуі





  1. ғасыр дерті күйзеліс

Қазіргі тaңда әлем қарқынды даму үстінде. Жаһандану, демографиялық өзгерістер, тыныштық пен қауіпсіздік, қалыпты даму, технологиялар өте жылдам өзгеруде.
ХХІ ғасыр айшылық алыс жерден қасқағымда жедел хабар алғызып, ақпарат ағынын арттырып тұр. Соның нәтижесінде біз өмір сүріп жатқан кезең – белсенді жүріп жатқан өзгерістер, сілкіністер мен катаклизмдердің уақыты. Оның қарқыны өте жоғары және бізден кез келген сәтте толық дайындықты, жан- тәнімен берілуді және тұрғылықты концентрацияны талап етеді. Өмірінде болып жатқан барлық өзгеріске дереу әрекет етіп, әрқашан лайықты жауап бере алатын адам жоқ. Ерте ме, кеш пе барлығымыз қандай да бір күйзеліспен кездесетініміз анық.
«Стресс» (ағылш. Stress – зорлану, күштену, қиналу, күй- зеліс) – психологияда, физиологияда, медицинада – түрлі ситуа- цияларға (жағдайларға) байланысты оқыс әсерленушілік. Стресс

  • ортаның күші мен қасиеті әртүрлі түрткілеріне жауап ретінде туатын организмнің бейарнамалы әсерленісінің жиынтығы.

«Стресс» атауын медицинаға Канада ғалымы Ганс Селье алғаш XX ғасырдың 60-жылдары енгізді. Күйзеліс туындауының се- бептері алуан түрлі. Өмірге қатысы бар кез келген нәрсе себеп болу мүмкін. Мысалы, сыртқы себептерге жұмысты ауыстыру, туысқанның қайтыс болуын, т.б. жатқызуға болады. Ішкі себеп- терге өмірлік ұстанымдар мен құндылықтарды жатқызамыз. Өзін-өзін бағалау да осыған кіреді. Клиникалық бақылаулар ұсақ күйзелістердің ағзаға пайдалы екендігін дәлелдеді. Олар адамды «өзін оятуға», күш жігерін арттыруға итермелейді.


Күйзеліске көбінесе кімдер шалдығады?

  1. әйелдер, себебі олар ер адамдарға қарағанда эмоцияға бе- рілгіш;

  2. қариялар мен балалар;

  3. өзін-өзі төмен бағалайтындар;

  4. экстраверттер;

  5. невротиктер;

  6. алкогольді көп ішетіндер;

  7. генетикасынан күйзеліске икемділер.



Күйзеліс қандай дерттерге
әкеледі?

Күйзелістен не туындауы мүмкін?

тамыр және жүрек аурулары

жарақат немесе дағдарысты жағдай

қабынулар

күнделікті ұсақ кикілжіңдер




ұйқының бұзылуы

жанжал/жағымсыз адамдармен
қатынас

бас ауруы мен бұлшық еттің
ширығуы

көздеген мақсатқа жеткізбейтін
қиындықтар

депрессия және үрейлену

үзіліссіз қысым сезіну

ас қорытудың бұзылуы

әрдайым шуды сезіну

демалудың бұзылуы

монотонды және қызу жұмыс

семіру

өзінді-өзін айыптай беру, төмен
бағалау

диабет

қаржылық қиындықтар



Күйзеліске қарсы белсенді әрекет ету шаралары
Біріншіден, күйзелістің жеке көрінісін талдау. Анализ келесі міндетті әрекеттерді қосады:
− стрессорлардың тізімін құру (жағдайды басқаруға, мәсе- лені шешуге және тереңірек түсіндіруге көмектеседі);
− стрессорларды саралау (ең күштіден ең әлсізіне қарай);
− стрессорларға қатысты нақты және жүзеге асатын іс-әре- кеттерді жоспарлау. Іс-әрекеттер түрлерінің келесідей үшеуін белгілеуге болады:

  1. табанасты немесе дереу әрекет (бүгін немесе жақын ара- дағы күндерде стрессорларға қатысты шара қолдануға болатын жағдай. Мысалы, қызметтік міндеттер, белгісіздік);

  2. перспективті әрекет (түзетуге келетін, бірақ қашан шеші- летіні белгісіз стрессорларға қатысты. Мысалы, өте ауыр жүк- темелер);

  3. елемеушілік немесе бейімделу (жақын болашақтағы қол жетерлік жағдайда емес стрессорларға қатысты; бұндай стрес- сорларға бейімделіп немесе сол қалпында қабылдай білу қажет. Мысалы, ұнамсыз жұмыс жағдайы).

Күйзеліске қарсы тұру үшін ағзаның физиологиялық қабі- леттерін жұмылдыру (мобилизация):
− күнделікті сұйықтық қабылдауды өсіру арқылы (сұйық- тықты сегіз-он стақанға дейін);
− тамақтану арқылы;
− тыныс алу арқылы;
− дене жаттығулары арқылы (шыдамдылық (күніне 20 мин) пен икемділікке (күніне 5 мин) арналған жаттығулар кешені).
Күйзеліске қарсы тұру үшін психофизиологиялық мүмкін- діктерді мобилизациялау немесе психикалық өзін-өзі рет- теу
Психикалық өзін-өзі реттеу – өзінің жағдайын реттеуге көз- делген арнайы ұйымдастырылған психикалық белсенділік кө- мегімен адамның аутоықпалы. «Емделудің бір шарты – жазы- луды қалау» деп Сенека айтқан. Психикалық өзін-өзі реттеудің негізгі түрлеріне мыналар жатады:
− саналы түрде жүйке – бұлшық етті босаңсыту түріндегі
релаксация (лат. relaxatio – қысымның азаюы);
− аутотренинг түріндегі өзін-өзі сендіру – саналы түрде де- ненің әртүрлі мүшелерін және органдарын босаңсыту, ауырлық, жылу сезімдерін сендіруге негізделген әдіс;
− сенсорлы репродукция немесе визуализация формасында өзін-өзі көндіру (жанға жағымды образдарды, көріністерді елес- тету немесе өмірдегі болған күшті кездерді еске алу арқылы психикалық өзін-өзі реттеу әдісі);
− медитация (лат. meditatio – толғану, ойлану) – ақыл-ой әрекеттері арқылы адам психикасын терең зейініне, өзіне үңі- луіне әсер етеді [63].


    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   156




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет