Пікір жазғандар


Қазақ әдет-ғұрпының күйзелістен шығуға әсері



бет101/156
Дата27.09.2024
өлшемі0,83 Mb.
#145965
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   156
Байланысты:
БАСҚАРУ ПСИХОЛОГИЯСЫ

Қазақ әдет-ғұрпының күйзелістен шығуға әсері


Салт-дәстүр дегеніміз – халықтық жөн-жоралғы, ұстаным- дардың жиынтығы. Салт-дәстүр – халықтың өмір-тұрмысы- нан, шаруашылық тіршілігінен, қалыптасқан қоғамдық қа- тынастарынан, дүниетанымынан туындайтын мәдени құбы- лыс. Әдет-ғұрып ұзақ тарихи мерзімде біртіндеп қалыпта- сып, халықтың санасына сіңіп, қай ұлттың болсын ұлттық болмысын құрайды және оны басқа этностардан ерекшелен- діреді. Қазақ әдет-ғұрыптарын олардың қоғамдағы атқара- тын қызметіне қарай отбасылық және қауымдық-қоғамдық ғұрыптар деп үлкен екі топқа бөлуге болады. Дәстүрлер – әлеуметтік іс-қимылды ретке келтіріп, тәртіпке түсіретін сара жол [64].


Қандай күйзелістер кездескен? Қай әдет-ғұрыптар күйзе- лістерден шығуға көмектескен?
Барлығымызға белгілі, қазақ даласында психология, стресс деген ұғым ХХ-ХХІ ғасырға дейін беймәлім болған. Бірақ, күйзеліс пен психологияның әр түрлі көрінісі халқымыздың күнделікті тұрмысында, тарихи даму кезеңінде кездесіп тұрды. Мысалы, ұлы Абайдың қара сөздері, Шаһкәрімнің және басқа да тұлғалардың еңбектерінен оның көрінісін кездестіре аламыз. Басынан бағы тайып, тұрлаусыздық, күншілдік пен сатқындық, азғындық, жал- ғандық жайлап, жүрер бағыт таппай, рухани дағдарған елдің тауқымет-тақсіреті Абай шығармаларына арқау болды:
«Ел бұзылса, құрады шайтан өрмек, Періште төменшіктеп, қайғы жемек»,
«Мұңдасарға кісі жоқ сөзді ұғарлық»,
«Жүрегім менің қырық жамау, Қиянатшыл дүниеден»,
«Ішім толған у мен өрт, сыртым дүрдей»,
«Мыңмен жалғыз алыстым, кіна қойма...».
«Ұмытпа шүкір етуді,
Көрсең де қайғы-қасірет» деген де Абай атамыз.


Қазақ ұлтының тұрмысында кездесетін күйзелістер және одан шығу жолдары
Тарих беттерін ашып, терең үңілер болсақ, қазақ даласын- да небір шайқастар, нағыз қан майдан болғанын түсіне ала- мыз. Көрші елдерден (Қытай, Моңғол, Қалмақ, Ресей) көрген азап, бейнет талай батырдың, арулар мен аналардың, болашақ- та жалауымызды желбіретер кішкентай бүлдіршіндердің өмірін қиды. Сол сұрапыл заманның зары ретінде «Елім-ай» халық әні шыққан:
Ел-жұртынан айырылған қиын екен, Қара көзге мөлтілдеп жас келеді,
Елім-ай, Елім-ай. Мына заман қай заман? Бағы заман, Баяғыдай болсайшы тағы заман,
Елім-ай, Елім-ай.
Қай кезде жақыннан айырылу – адамды күйзеліске ұшыра- татын бақытсыздық. Ал ол бүкіл халықтың басына төнген нәу-
бет: ашаршылық, қантөгіс, соғыс салдарынан болып жатса, тығ- ырықтан шығар жол қайсы? Ұлы халқымыз мұндайда мұң-шерін қалай төккен? Күйзелістен қалай шығуға тырысқан?
Абайдың 5-қара сөзінде: «Көкірек толған қайғы кісінің өзіне де билетпей, бойды шымырлатып, буынды құртып, я көзден жас болып ағады, я тілден сөз болып ағады» дейді. Ауыр қайғыны жеңілдету, бөлісу, шер тарқату, өлімнің орны мен қадірін біл- діру барысында жоқтау айту, көңіл айту және жаны жаралы, қаралы адамды жұбату, көңіл шайын беру қазақтың осын- дайда жанашырлық танытатын, қайғыны бөлісу арқылы азай- туға тырысатын ежелгі ғұрпы.
Қазақтың ұмытылып бара жатқан жақсы дәстүрлерінің бірі – о дүниенің қонағы болған адамын жоқтаумен қайтпас сапарға шығарып салу. Данышпан Абай бұл туралы:
Біреудің кісісі өлсе қаралы – ол, Қаза көрген жүрегі жаралы – ол. Көзінің жасын тыймай жылап жүріп, Зарланып неге әнге салады ол?
Туғанда дүние есігін ашады өлең, Өлеңмен жер қойнына кірер денең. Өмірдегі қызығың бәрі өлеңмен,
Ойлансаңшы, бос қақпайелең-селең, – деген еді.
Елім деп еңіреп туған ерлерін, қол бастаған батырларын, ту көтерген ұлдарын жоқтау арқылы ардақтау – бағзы заманнан келе жатқан салт.
Мұң-шерді сыртқа шығару – «Жоқтау», «Жылау», «Дауыс» деп түрліше аталғанымен, бұлар адамның қазасына байланысты айтылатын азалы рәсім.
Қазақ дәстүрі бойынша қайтыс адамның артында қалған жұ- байы, қызы, қарындасы, келіні, т.б ең жақын туыстарының әйел- дері марқұмның жылы толып, асы берілгенше қара жамылып үш мезгіл таңертең, түсте, кеште жоқтау айтқан. Ән 7-8 буынды өлең шумағында құрылып, үлгісі жағынан жоқтаудың музыкалық- интонациялық әуе-сазы сыңсу, естірту, көңіл айту, т.б. ғұрыптық ән-әуендердің стиль ерекшелігіне қарай сабақтасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   156




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет