Пікір жазғандар


Өндірістегі жағдайларда күйзелістің алдын-алу



бет99/156
Дата27.09.2024
өлшемі0,83 Mb.
#145965
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   156
Байланысты:
БАСҚАРУ ПСИХОЛОГИЯСЫ

Өндірістегі жағдайларда күйзелістің алдын-алу


Стрестің маңызды бөлігін біз әр түрлі өндірістік жағ- дайлардан туындайтын шиеленістерден аламыз. Осындай не- месе басқа да кездерде вертикальды іскерлік қатынастар: басшы-қызметкер қатынасы қозғалады. Егер тіпті болмаған- да қатардағы қызметкерлер бір-бірімен кикілжіңге түсіп жат- са да басшы олардың арасына түсіп, кикілжіңді шешуіне болмайды. Сондықтан күйзелістің алдын алуға деген ұсы- ныстар екі фронтқа бөлінеді: басшыларға және қызметкер- лерге.




Күйзеліске қарсы басшылық

Ұжымдағы стрестің деңгейін төмендету үшін басшы ке- лесідей ұсыныстарға зейін қоюы міндетті:



    • өз қызметкерлеріңіздің қабілеттері мен ерекшеліктерін бағалаудағы дәлдікке көп мән беріңіз;

    • өз билігіңізді шамадан тыс қолданбаңыз, яғни жауапкер- шіліктер мен міндеттерге көп талап қойып, қызметкерлердің ашуына тимеңіз;

    • егер қызметкер берілген тапсырмадан бас тартса, ашу- ланбаңыз, бас тартудың себебін сұраңыз, талдаңыз;

    • бағынушыларға деген сеніміңіз бен қолдауыңызды кө- бірек, мүмкін болса жиі көрсетіп отырыңыз;

    • өндіріс жағдайына және қызметкерлер құрамына сәйкес келетін басқару стилін қолданыңыз;

    • қызметкердің сәтсіздігі жағдайында оның жеке қасиеттері емес, оның қандай жағдайда, жағдаятта жұмыс жасағанын анықтаңыз;

    • қызметкерлермен қатынаста ортақ келісімге келу тәсілін өз әдісіңізден алып тастамаңыз;

    • қызметкерлерге бағытталған сарказм, әзіл, мысқылдауды болдырмауға тырысыңыз;

    • егер бір қызметкерді сынау қажет болса, онда этикалық сынау талаптарынан асып кетпеуін қадағалаңыз;

    • қызметкерлерде жинақталған стресстерді кезеңді түрде шығарып тұру амалдарын іздеңіз.

Міне осындай аса қиын емес ұсыныстарды орындау, бас- шыларға ұжымдағы стресс деңгейін едәуір төмендетуге өз үле- сін қосуға болады.
Көріп отырғанымыздай, осы аталған себептердің барлығын да адамның стресті басынан кешіруіне әкеледі. Алайда стресті бастан кешіру деңгейі, яғни, стреске төзімділік әрбір адамда түр- ліше байқалады. Осыған орай Ю.В. Щербатых стреске тө- зімділіктің даралық айырмашылық себептерін де бөліп көрсетті:

    • Генетикалық бейімділік. Біздің 30 пайыз реакцияларымыз ата-анадан берілетін тұқымқұуалаушылық арқылы анықталады, бір адамдар ерте жасынан стреске бейім болса, ал енді бір адамдарда мұндайлар байқалмайды. Бұл жағдайды ата-анала- рымыз стреске қалай төзімді екенінен байқап, өзіміз үшін пай- далысын анықтауымызға болады.

    • Анада жүктіліктің өту сипаты. Егер әйелдерде жүктілік уақытында стероид гормондар жоғары байқалса, онда баланың стреске жауабы соғұрлым өткір болуына әкеледі.

    • Ерте балалық тәжірибе. Алғашқы жеті жылдағы психо- травмалаушы бастан кешулер кейінгі өмір ағымындағы стрестік реакцияның ағымын қиындатады. Психотерапияның қазіргі әдістері (НЛБ) ауыр балалық тәжірибелерді «түзеуге» мүмкіндік береді, бірақ мұндай тәсілдер білікті мамандардың қатысуын талап етеді.

    • Адамның мінезі. Ашу, ыза, жауластық, цинизмге бейім адамдар стреске де бейім болып табылады, ал ашық, мейірімді, әзіл сезімі бар адамдар керісінше тағдырдың тауқыметіне не- ғұрлым тұрақты. Гарвардтың 300 түлегіне жүргізілген зерттеу- лердің көрсетуі бойынша, әзіл сезімі айқын адамдар стресті жеңіл басынан өткізіп, ұзақ өмір сүрген. Ал Ю.В. Щербатыхтың жүргізген зерттеуі бойынша ар-намысы жоғары, өзінің эмо- циясын бақылауға ұмтылатын, сондай ақ қатаң, реалист адам- дарда стресс уақытында қан қысымы, қарама-қарсы мінездегі адамдарға қарағанда өте жоғары көтерілген.

    • Адамның бағыттылығы. Қоғамда жоғарғы лауазымға, жоғарғы ақшалай кіріске ұмтылмайтын, талаптану дәрежесі төмен адамдарға қарағанда, белсенді, данқ құмар, шыдамсыз, тынымсыз, жетістікке бағдарланған адамдар, стреске бейім. Зерттеулер толықтай дәлелдемесе де атеисттерге қарағанда құдайға сенетін адамдар стресті басынан жеңіл өткізетінін көрсеткен.

    • Қоғамдық статус. Қоғамда жоғары лауазымға ие адам- дардың стреске төзімділігі жоғары.

    • Жақын әлеуметтік қоршаған орта. Адамның туыстары және таныстары көп болған сайын соншалықты стреске төзім- ділігі де жоғары болады. Бұл достар шын мәнісінде сол адамды стрессордан қорғайды дегенді білдірмейді, бірақ жақын адам- дары қиындықтың біршама бөлігін өздеріне қабылдайды. Ай- наласында жақсылық тілейтін адамдардың болуы, адамның олардың қолдауын сезінуіне және ортаның қауіпті факторла- рын жеңіл қабылдауға мүмкіндік береді. Осыған қарама-қарсы жалғыз тұратын немесе отбасында үнемі мәселесі бар адамдар стреске бейім және жиі ауыратындығы байқалған.



    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   156




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет