Ұйым бөлімшелері мен жекелеген мүшелерінің іс-әрекетін жалпы мақсатқа жету үшін үнемі үйлестіру қажеттігі басқару іс-әрекеті мәнінің өзімен байланысқан. Бұл үйлестіру әртүрлі формасында, ең алдымен коммуникация барысында, яғни ұйым мүшелерінің алуан түрлі түйісулері арқылы жүзеге асы- рылады. Ұйымның ішінде жүріп жатқанның барлығы комму- никативтік процестермен байланысқан. Сондықтан да олар оның тұтастығы мен қызмет етуін қамтамасыз етудің негізгі құралдары болып табылады. Жетекші іс-әрекетінде коммуни- кация қызметі ерекше рөл атқарады. Ол басқарудың басқа барлық қызметтерін жүзеге асыру мен өзара үйлестіру құралы ретінде болады. Сондықтан бұл қызмет шешім қабылдау қыз- метімен қатар ұйымдағы байланыстырушы процесс ретінде қарастырылады.
Жалпы тұрғыдан коммуникация – бұл адамдар немесе адам- дар топтары арасындағы кез келген ақпарат алмасуы, ол өзара түсіністікке алып келу немесе келмеуіне тәуелді емес.
«Коммуникация» ұғымына енгізілетін құбылыстар мен про- цестердің алуан түрлілігіне байланысты, оны құрылымдау және жетекші іс-әрекетінің мазмұнын сипаттауға арналған сандағы ең маңызды аспектілерді айқындау қажеттігі туындайды:
Коммуникация жалпы құбылыс ретінде;
Коммуникация жетекшінің атқарушылармен және ұйым бөлімшелерімен тікелей байланыс тәжірибесі ретінде;
Коммуникация басқарудың ерекшелік қызметі ретінде. Бұл аспектілердің әрқайсысы нормативтік-ұйымдасты-
рушылық және субъектілік-психологиялық жоспарлардан тұ- рады. Біріншісі оңтайлы коммуникативтік процесс құрылы- мымен байланысқан. Екіншісі «коммуниканттардың» психоло- гиялық ерекшеліктерінің осы қызметке үлкен ықпалын көрсе- теді және оның маңызды деген, соның ішінде тиімділікке бөгет болатын маңызды сипаттарын түсіндіреді. Коммуникативтік қызмет ұғымы өзіндік үш психологиялық аспектіден тұрады: жетекшінің коммуникативтік мінез-құлқы, оның іс-әрекетінің коммуникативтік құбылыстары мен процестері.
Келесі бағыттар коммуникативтік қызмет мазмұнын си- паттайды:
бұл қызметтің мәні мен оның ерекшелігін анықтау;
коммуникациялардың негізгі түрлері мен типтерін талдау;
коммуникация үдерісінің құрылымдық компоненттері мен кезеңдерін анықтау;
осы қызметтің жүзеге асу формасын сипаттау;
«барьерлерді (кедергілерді)» талдау (сипатты қателіктер мен қиындықтар);
коммуникативтік қызметін оңтайландыруға арналған не- гізгі талаптарды сипаттау (оңтайлы коммуникация принципі).
Жетекшінің коммуникациялық қызметінің негізгі міндеті – ұйым ішінде оның бөлімшелері арасындағы және сыртқы орта- мен ақпараттың оңтайлы алмасуын қамтамасыз ету. Оңтай- лылық көрсеткіші – қолданыстағы коммуникация желісінің ұйымның жалпы мақсаттарына жетуге қолдау көрсетуінің нәтижесі. Коммуникациялар тиімділігі үшін мақсаттың айқын тұжырымы, оның әр бөлімше үшін шағын мақсатқа нақтылануы; бөлімшелер жұмысының белгілі бір түрлері мен нормативте-
рін реттейтін мүшеленген жоспар; дұрыс таңдалған ұйым типі; бақылаудың тиімді жүйесі қажет. Коммуникациялық қызмет- тің ерекшелігіне, басқарудың басқа қызметтерінің барлығы, яғни мақсат қою, жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау оны жү- зеге асыру құралдары болып табылатынын көрсетеді. Мұны жетекшінің бүкіл жұмыс уақытының 50-90 пайызы осы ком- муникациялармен толатыны туралы мәліметтер растайды.
Коммуникация типтері
Коммуникация қызметі, өзгелердің барлығы сияқты оны жүзеге асырудың типтері мен формаларының, тәсілдері мен әдістерінің көптігімен сипатталады. Осы қызметтің жетекші іс- әрекетінде қалай жіктелетінін қарастырайық.
Жетекшілердің коммуникацияларының бағдарлану белгісі бойынша олар сыртқы және ішкі ұйымдастырушылық болып бөлінеді. Жетекшінің сыртқы ұйымдастырушылық коммуника- цияларында өкілеттік қызмет айрықша рөл атқарады. Жетекші өзімен теңдес басқа ұйымдардың жетекшілерімен араласа оты- рып, ұйымды тұтастай білдіреді, оны сыртқы ортада көрсетеді. Бұл – коммуникациялардың ерекшелік типі. Жетекші жұмысқа жоғары тұрған инстанция қатысқан кезде бағынышты ретінде болады (оның коммуникативтік мінезінің маргиналдық құбы- лысы).
Ішкі ұйымдастырушылық коммуникациялар тік және көл- денең болып бөлінеді. Тік – бұл ұйымның иерархиялық дең- гейлері арасындағы, ал көлденең – паритетті деңгейлер шең- берінде ақпарат алмасу. Тік коммуникациялар төмен түсетін және өрлейтін болып бөлінеді. Біріншілері – жетекшінің жар- лықтары мен бұйрықтары, екіншілері – қозғалыстың «төменнен жоғарыға» қарай арналарының жүйесі. Ұйымның қызмет етуі үшін тік және көлденең коммуникациялардың сабақтастығы анықтаушы мәнге ие болады.
Коммуникациялар дәстүрлі түрде формальды және фор- мальды емес болып бөлінеді. Формальды арналар ұйымның құрылымымен, оның мақсаттарымен және міндеттерімен анық- талады.
Формальды емес – бұл формальды арналардан тыс жүзе- ге асатын байланыстар. Оның бірнеше түрлері: ұйымның қа- тардағы мүшелері арасындағы, жетекші мен атқарушылар арасындағы, жетекшінің сыртқы ортамен («үлкен байланыс» құбылысы) формальды емес байланыстары бар. Ұйымның әлеуметтік микроортасын жасайтын жел сөздерге айрықша рөл беріледі. Арнайы зерттеулер, осы тектес коммуникациялық құбылыстарға қарсы тұрақты пікірге қарамастан, жел сөздер оқиғалардың 80 пайызы дәл келсе, ал ішкі ұйымдастырушы- лық істерге қатысты бұл көрсеткіш 99 пайызды құрайды. Ұйымдастыру формасы бойынша коммуникациялар вербалды (ауызша), жазбаша, құрама, визуалды, аудициялы, т.б. болып бөлінеді.
Коммуникациялар, сондай-ақ өздері басым мәнге ие, ұйым- дық қызмет ету кезеңінің белгісі бойынша да жіктеледі. Бұ- лар жұмысқа қабылдау кезіндегі міндеттер шеңберіндегі бағытталу кезіндегі іс-әрекет, оны бағалау мен оның бары- сын бақылау процесіндегі коммуникациялар болып табы- лады.
Достарыңызбен бөлісу: |