«Стресс» (ағылш.stress – қысым, кернеу) ұғымы әртүрлі экстре- малдық әсерлерге – стрессорларға жауап ретінде туындайтын жоғары кернеу күйлерінің кең ауқымын білдіреді. Басқару іс- әрекетіндегі стрессорлар саны өте үлкен, олар өз мазмұны бойын- ша өзінше ерекше.
Ақпараттық жүктелу факторы. Басқару іс-әрекетінде ақпа- рат көлемі мен оны өңдеуге қойылатын талаптар адамның психи- калық мүмкіндіктерімен қарама-қайшылыққа кіреді. Сондықтан ақпараттың осындай көлемімен шартталатын когнитивтік жүктеме күйзеліске соқтыратын негативтік фактор ретінде болады.
Ақпараттық айқынсыздық факторы. Жетекші ақпараттың тым артықтығына қарамастан, жетпейтін ақпаратты іздеуге не- месе айқынсыздық, тәуекел жағдайларында қимылдауға мәжбүр. Ал бұл болса – күшті стрессогендік фактор.
Жауапкершілік факторы – жетекші іс-әрекеті үшін барынша байқалатын негізгі және шешуші фактор.
Уақыт тапшылығы факторы, тұлғааралық және тұлғаішілік кикілжіңдер факторы, басқару іс-әрекетінің полифокустылық факторы, сыртқы орта факторлары жүйесі (бәсекелестік, крими- налдық орта, макроәлеуметтік және макроэкономикалық серпі- ліс тұрақсыздығы) – осылардың барлығы басқару іс-әрекетінің стрессорлары болып табылады.
Стрестік күйлер іс-әрекетке тұтастай және оның жекелеген процестеріне біртекті ықпал етеді. Стресс дамуының негізгі үш кезеңі бар:
Жұмылдырукезеңі. Стресс дамуының бастапқы кезең- дерінде жалпы эмоционалдық кернелу әлі максимумға жетпейді. Сондықтан психикалық процестерге және іс-әрекеттің жалпы ұйымдастырылуына стеникалық әсер көрсетеді. Бұл кезеңді «өнімді стресс» немесе «эвстресс» (эвристикалық стресс) ұғымымен белгі- лейді. Оны психика мен ағзаның сыртқы жағдайының күрде- ленуіне әсері ретінде қарастырады.
Ренжу кезеңі. Стрестік әсерлердің (адамның психикалық және физиологиялық ұйымдасуына объективті түрде тән шек- телулерге байланысты) қарқындылығына қарсыласудың әлдебір
шегі бар. Бар мүмкіндікті жұмылдыру осы шекке жеткенге дейін жүреді. Содан кейін психика «беріле» бастайды. Когнитивтік са- лада өзгерістер бірінші кезекте жүреді. Жедел ақпаратты қабылдау көлемі мен сапасы да төмендейді, өткен тәжірибені құрсау жүреді. Ойлау үшін де әлдебір өзгерістер тән. Оның стереотиптілігі арта- ды, өнімділігі, ақпаратты өңдеу қабілеттілігі төмендейді.
Өткен тәжірибеден нормативтік тәсілді іздеу типі бойынша іс-әрекетті ұйымдастыруға тырысу ол үшін тұтастай алғанда си- патты бола бастайды.
Деструкция кезеңі үшін максималды дистрестілік іс-әре- кетті ұйымдастырудың толық жойылуы және оны қамтамасыз ететін психикалық процестердің бұзылуы тән. Қабылдаудың, сақтаудың, ойлаудың құрсаулану құбылысы туындауы мүмкін. Іс-әрекетті ұйымдастырудың бұл кезеңінде мінез-құлықта негіз- гі екі форманың біреуін, яғни гиперқозу (импульсивтік әсерлер, бей-берекет мінез) типі бойынша деструкцияны немесе гиперте-желу(іс-әрекеттің және мінездік белсенділіктің құрсаулануы, мелшию) типі бойынша деструкцияны қабылдайды. Бұл кезең – іс-әрекеттің толық бұзылуы.
Үш кезеңнің барлығы жалпы сипатқа ие. Осымен қатар стрес- тік әсерлерге жауап қатудың жеке айырмашылықтары барынша айқын көрінеді. Олар серпілісте және көрсетілген кезеңдердің са- лыстырмалы ұзындығында беріледі. «Тұлғаның стреске тұрақ- тылығы» ұғымы адамның стрестік әсерлерге «қарсы тұру ша- масын» белгілеу үшін қолданылады. Бұл қабілеттілік индивидте жұмылдыру кезеңі қаншалықты күшіне берілгеніне байланысты. Адам созылмалы стрестік жағдайлардың уақытша қысымына, оның стреске тұрақтылығының жеке шегін сипаттайтын резис- тенттілікті (тұрақтылықты) қаншалықты ұзаққа сақтай алатыны бойынша айырмаланатын үш негізгі тұлға типтері атап көрсетіледі. Бұл жетекші стреске бейімделеді, екіншілері тіпті қысқа стрестік әсерлері кезінде жаңылады, ал үшіншілері тек стресс жағдай- ларында ғана тиімді жұмыс істей алады. Оларды тиісінше «өгіз стресі», «қоян стресі», «арыстан стресі» ретінде белгілейді.
Жетекші іс-әрекетінде ұзақ мерзімді стреске төзімділік тұл- ғаның интернальділік-экстернальділік параметрлеріне тәуелді бо- лады.
Стреске тұрақтылықтың екінші қажетті шарты тұлғаның жалпы мотивтік бағытталуы, оның үстем бағдарлануы (тұлға- лық-карьерлік – стреске тұрақтылықты төмендетеді, ал әлеу- меттік-кәсібилікті арттырады). Стресс жағдайындағы мінез-құ- лықтың екі формасы болады: қорқынышты бақылау және қауіп-тілікті бақылау. Бірінші жағдайда жеке өзін қауіпсіздендіру тә- сілдері қарастырылады, сондықтан жағдайға бақылау жоғалады және іс-әрекетті ұйымдастырудың конструктивтік ұмтылыстары тоқтайды. Екінші оқиғада жағдайға бақылау ұзағырақ сақта- лады, мінездің бұл типі едәуір тиімдірек, ал жетекші үшін жал- ғыз ғана қонымды болып табылады.
Стрестік жағдайдан шығу тәсілдерін белсенді және енжар деп бөледі. Біріншісі іс-әрекетті жұмылдыру кезеңінің ағымын көрсете отырып, ұйымдастырудағы конструктивтік іс-әрекет- тердің интенсификациясы ретінде немесе «сыртқы қауырт әсер- лер» типі бойынша тұрғызылады. Енжар тәсіл адамның керне- луді баса және стресті ішке ала отырып, жағдайға мойынсұ- нуынан байқалады. Бұл – тежелу әсері. Ол кейде пайдалы, өйт- кені ойланбаған импульсивтік іс-әрекетті болдырмауға көмек- теседі, бірақ қайталана берсе, кернелудің аккумуляциясына соқ- тырады.