Пікір жазғандар


Билік – басқару іс-әрекетінің реттеуіші ретінде. Жетекшілік және көшбасшылық



бет64/156
Дата27.09.2024
өлшемі0,83 Mb.
#145965
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   156
Байланысты:
БАСҚАРУ ПСИХОЛОГИЯСЫ

Билік – басқару іс-әрекетінің реттеуіші ретінде. Жетекшілік және көшбасшылық


Ұйымның тиімді жұмысының негізгі шартының қамтамасыз етілуі басқарудың басты функциясы болып табылатын атқару- шылардың жоғары мотивіне байланысты. Дегенмен бұл тек ұйымның тұрақты және тиімді қызметі үшін жеткіліксіз. Бас- қару іс-әрекетінің мұндай реттеуішінде мотивтендіру емес, мәжбүрлеу сипаты бар қажеттілік туындайды. Мұнсыз басқару іс-әрекеті мүмкін емес.


«Жоғарыдан» басқару әсерінің барлығының негізі – атқа- рушылар іс-әрекетінің мотивтенуі мен өзара іс-әрекеттегі билік.
«Билік» ұғымы «жетекшілік» және «көшбасшылық» ұғымдары- мен, олардың типтерімен және олардың арасындағы қатынас- тармен байланысқан.
Ресми және бейресми ұйымдар. Жетекшілік және көшбасшылық

Ұйымдар мен топтардың барлығын негізгі екі ресми және бейресми типке бөлуге болады. Ресми ұйым – институционалды белгіленетін қандай да бір мақсатқа жету үшін бірігетін адамдар қауымдастығы. Бейресми ұйым адамдардың кездейсоқ белсен- ділігі нәтижесінде түзіледі, олар өзара реттеулік қарым-қаты- насқа енеді. Барлық топтар мен ұйымдарды екі топқа бөлуге болады: ресми және бейресми.


Бейресми топтардың пайда болу себептері:

    • әлеуметтік қолдаудың қажеттілігінен, яғни оны қанағат- тандыру әлеуметтік және тұлғалық жайлылық сезіміне алып келеді, ал қанағаттанбаушылық күшті негативтік эмоциялар шақырады;

    • көмектің қажеттілігінен;

    • қорғаудың қажетттілігінен;

    • қатынастың қажеттілігінен, ол жоғарылатылған ақпаратта- нуға алып келеді, соның арқасында адамның бейімделу мүм- кіндіктері кеңейеді және оның сыртқы әлеммен байланыстар тиімділігі артады.

Ресми топта – ресми көшбасшы – ол жетекші, ал бейресми топта ресми емес көшбасшы басқарады.
Ресми де, бейресми топтар да қалай да ұйымдасқан болуға тиіс. Сондай ұйымдасудың ең қарапайым тәсілі – топ мүшелері арасынан оны үйлестіру жөніндегі функция жүктелетін адамды атап көрсету. Ресми топ үшін ресми көшбасшының – жетек- шінің болуы, ал бейресми топ үшін – бейресми көшбасшының болуы тән. Ресми және бейресми көшбасшылықтың ұқсастығы мен айырмашылығын айқындау басқару іс-әрекетінің мәнін түсіну үшін қажет.
Ресми топтар бейресмиге және керісінше тасымалдана алады – бұл бөліну абсолюттік болып табылмайды. Топтар туындау механизмі бойынша айырмалана отырып, құрылымның, «жетекші» және «жетектегі» мүшелердің болуы, жалпы әлеуметтік-психоло- гиялық құбылыстар сияқты маңызды жалпы сипаттарға ие болады. Осы және басқа да ұйымдар шағын топтарға дифференцияланады.
Ресми ұйым өзінің ішінде бейресми топтардың мүлде бол- мауын емес, керісінше, олардың болу мүмкіндігін білдіретіні өте маңызды. Сонымен ұйым құрылымында олардың құры- лымдануының ресми және бейресми тәсілдері тығыз өзара байланыста болады. Ұйымның ішінде мұндай өзара іс-әрекет басқарудың басты проблемаларының бірі болып табылады. Дәл осы жерде негізгіні атап көрсетеміз: топты ұйымдасты- рудың екі типінің болуы – оларды басқарудың екі түрлі тәсіл- дерінің және көшбасшылықтың екі типінің себебі. Олар күр- делі қарым-қатынасқа түседі, сабақтасады, ажырамайды, өзара іс-әрекетте болады.
«Көшбасшы» ұғымы топтағы «вертикаль бойынша» психо- логиялық қатынастарға тән (үстем болу – бағыну). Әдебиеттерде ресми көшбасшылықты белгілеу үшін «жетекшілік» ұғымы, ал бейресмилікті белгілеу үшін қарапайым «көшбасшы» ұғымы қолданылады. Ағылшынша leadershіp термині нақты «көшбас- шы» дегенді білдіреді, бірақ көшбасшылықты да, жетекшілікті де белгілеу үшін синонимдік қолдануды білдіреді. «Organіzatіo- nal leadershіp» ұғымы әлдеқайда «жетекші» терминіне, ұйым- дық көшбасшыға сай келеді.
Көшбасшылық пен ресми жетекшіліктің топ іс-әрекетіндегі айырмашылығы келесі жағдайлармен анықталады:

  1. көшбасшы топтағы тұлғааралық қатынастарды, ал жетек- ші топтың ресми қарым-қатынасын әлеуметтік ұйым ретінде реттейді;

  2. көшбасшылық – микроортаның элементі, жетекшілік – макроортаның элементі, өйткені ол қоғамдық қатынастар жүйе- сімен байланысқан;

  3. көшбасшылық – стихиялық процесс, ал жетекшілік мақ- сатты бағытталған, өйткені әлеуметтік құрылым элементтерінің бақылауымен жүреді;

  4. жетекшілік – тұрақты құбылыс, көшбасшыны ұсыну топ- тың көңіл-күйіне байланысты, сондықтан көшбасшылық құбы- лысының тұрақтылығы төмендеу;

  5. көшбасшылықта жетекшілік игерген белгілі бір санкция- лар жүйесі жоқ, ал жетекшілікте белгіленген санкциялар жүйесі бар;

  6. көшбасшы топтық іс-әрекетке тікелей қатысты шешімдер қабылдайды, ал жетекшінің шешім қабылдау процесі көптеген, тіпті осы топқа міндетті түрде топпен байланысы жоқ шешім- дерді де қабылдауға мәжбүр;

  7. жетекшінің іс-әрекет саласы көшбасшыға қарағанда ауқымды, өйткені ол топты әлдеқайда кең әлеуметтік жүйеде ұсынады.

Кез келген топ ресми болсын не ресми емес болсын, ұйым- дасу қажет. Мұның ең қарапайым жолы – топ ішінен бір адамға реттеу және басқару функциясын жүктеу керек. Егер ресми топта ол адамдарды жетекші деп атасақ, ал бейресми топтарда оны басшы деп атаймыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   156




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет