Басқару іс-әрекетіндегі қабілеттер
Басқару іс-әрекеті сапалық параметрлердің әртүрлі деңгейі- мен сипатталады, үлкен немесе кіші тиімділікпен орындала- ды. Бірінші кезекте, бұл жетекшінің кәсіби және тұлғалық сапа- ларына тәуелді болады. Басқару іс-әрекетінің басты факторлары ретінде өзіне тән басқару қабілеттері болады. Басқару іс-әрекетін зерттеу кезінде «қабілеттер» ұғымы айрықша рөл атқарады.
Қазіргі кезде басқару іс-әрекетінің күрделілігіне байланыс- ты бұл проблема жеткілікті зерттелмеген және басқару қабі- леттері құрамы мен құрылымы туралы мәселе тиісті шамада шешілмеген. Оны жасауға деген тек бірқатар ғана тәсілдер бар.
Психологияда қабілеттер санаты білім, шеберлік, тұлғалық сапалар, психикалық процестер, т.с.с. секілді психологиялық ұғымдарға араласа отырып, ең күрделілерінің бірі болып табы- лады. Қабілеттердің жалпы психологиялық сипаттамаларының негізгі қағидалары келесідей:
Қабілеттер басқа психикалық құбылыстардан үш негізгі бел- гі бойынша бөлінеді:
Қабілеттер – бұл бір адамды екіншісінен бөлетін жеке психологиялық ерекшеліктер.
Бұл – тек іс-әрекет тиімділігі тәуелді болатын ғана ерек- шеліктер.
Қабілеттер адамда қалыптасқан білімдерге, шеберлік- тер мен іскерліктерге қосылмайды, дегенмен оларды қабылдау жеңілдігі мен жылдамдығын қалыптастыруға үлес қосады.
Қабілеттер сапалық және сандық сапалармен сипатталады. Сапалық аспектіде олар адамның іс-әрекет табыстылығын қам- тамасыз ететін психологиялық қасиеттерінің симптомдық ке- шені ретінде қарастырылады. Сандық сипаттама қабілеттер дең- гейін анықтауды білдіреді.
Қабілеттер құрылымында олардың екі негізгі санатын – жал- пы және арнайы қабілеттерді атап көрсетеді. Олар санаға беріл- гендердің негізінде қалыптасады және дамиды. Бұл – түрлі қа- білеттердің дамуы үшін туа біткен алғышарт ретінде болатын жүйке жүйесі мен бүкіл ағзаның морфологиялық және функцио- налдық ерекшеліктері.
Қабілеттер психологиясының тағы бір жалпы ережесі – олардың берілуінің үш сапалы әртүрлі деңгейінің, яғни қабі- леттің, дарындылықтың (талант) және ғұламалықтың атап көр- сетілуі. Қабілеттер теориясында қабілеттің тұқым қуалау дәре- жесі туралы мәселе өте маңызды, бірақ әлі шешілмеген. Қабі- леттердің дамуы тұлғаның тұтастай дамуынан ажырамастай тұр- ғыда болады. Тұлғалық сапалардың қалыптасу сипатына ықпал ете отырып, олардың өзі қалыптасатын тұлға жағынан болатын әсерлерді бастан өткізеді, бұл – қос бірлікті процесс. «Қабілеттер» ұғымы психологиялық ұғымдардың жалпы құрылымында іс-әрекет пен тұлға санаттары арасындағы «аралық орынды» алады.
Басқару қабілеттерінің құрамын анықтау
Басқару қабілеттерінің өзін зерттеу қиындықтары «қабілет- тер» ұғымының шекті жалпы мәртебесін және олардың тұлға- мен, әрі іс-әрекетпен тығыз байланысын жетілдіреді. Басқару- дың табыстылығы жетекшінің басқару іс-әрекетінің үш негізгі
«өлшемдерін» қаншалықты қамтамасыз ете отырып, келістіре алатынына байланысты болады:
іс-әрекеттік, ұйымдық-әкімшілік өлшемнің өзі дамыған жалпы басқару іскерліктерді, қабілеттер мен шеберліктерді талап етеді;
кадрлық, «тұлғалық», тұлғааралық тиімді өзара іс-әре- кетті, адамдарды басқаруды қамтамасыз ететін басқа қабілет- терді талап етеді; мұндай қабілеттер рөлінде негізгі тұлғалық сапалар болады, бұл басқару іс-әрекетінде әрекеттердің басқа түрлерінен ерекшеленеді;
өндірістік-технологиялық «өлшем» арнайы қабілеттерді, жетекшінің кәсіби сапаларының өзін талап етеді.
Басқару процесіндегі осы үш «өлшемнің» келісуі тұлғалық жетекші сапалармен байланыстағы үйлестіру қабілеттерінің болуы талап етеді. Сондықтан да басқару қабілеттері жетекші тұлғасының жалпы құрылымы проблемасына байланысты қа- растырылады, ал кейде онымен алмастырылады. Мұндай тәсіл психика мен тұлғаның қорытылу дәрежесі және қасиеттер си- паты бойынша әртүрлі басқару қабілеттерінің ауқымды тізімін білдіреді [31].
Басқару сапаларының жалпы жиынтығы басқару қабілеттері болып табылатын немесе қабілет функциясы ретінде болатын бірқатар санаттарды атап көрсетеді:
«Менеджерлік сипаттамалар» ұғымымен белгіленетін же- текшінің негізгі тұлғалық сипаттамалар санаты. Басқару іс-әре- кетінің жоғары тиімділігін қамтамасыз ететіндігінен олар қа- жетті. Бұл – тұлғаның басқару іс-әрекетіне бейімділігін шарт- тандыратын фактор. Бұл сипаттамалар екі топқа бөлінеді: жал- пыәлеуметтік, өмірбаяндық және тиімді менеджерлердің тұлға- лық сапаларының өзі.
Тар ауқымдағы басқару қабілеттері екі топқа бөлінеді: осы іс-әрекеттің тұтастай тиімділігін анықтайтын жалпы басқару қабілеттері және оның жекеленген функцияларын табысты ат- қаруына көмектесетін жекелейбасқару қабілеттері.
Бұл екі санат іс-әрекеттік-функционалдық көрсеткіш бойын- ша атап көрсетіледі, бірақ басқару психологиясында қабілет- терді атап көрсетудің тағы бір құрылымдық-психологиялық көр- сеткіші бар. Оның негізі – психика құрылымы. Бұл көрсеткіш бойынша басқару іс-әрекеті жалпы және арнайы қабілеттерді ажыратады. Құрылымдар психикалық процестердің негізгі – когнитивтік, коммуникативтік, реттеулік, еріктік, мотивтік клас- тары бойынша құрылымданады.
Достарыңызбен бөлісу: |