Басқару іс-әрекетіндегі жалпы және арнайы қабілеттер
Басқару қабілеттерінің үшінші санаты құрылымдық-психо- логиялық көрсеткіш бойынша психологияда қолданған қабілет- терді жалпыға және арнайыға бөлуді көрсете отырып анықта- лады. Арнайы қабілеттер ұғымы екі жоспарда қарастырылады.
Басқару іс-әрекетінің тиімділігіне ықпал ететін жалпы қа- білеттерге интеллект, креативтілік, оқыту, рефлексивтілік, бел- сенділік, өзін-өзі реттеу жатқызылады.
Басқару іс-әрекеті жетекшінің жалпы қабілеттерінің даму шамасына байланысты табыстылығының өзіндік қисық сызықты тәуелділігі бар. Бұл факт интеллектіге, рефлексивтілікке және креативтілікке қатыстылығы эксперименталды түрде дәлелден- ген. Оқытулық қабілетке қатысты мәліметтер қазірше жоқ. Бірақ мұнда жағдай осыған ұқсас болуға тиіс. Нашар оқыту басқару іс-әрекетінің негативтік факторы болып табылады, бірақ жақсы оқыту да басқару тиімділігіне оң ықпал етпейді. Басқару іс- әрекетінің репродуктивтік стратегиялары күшейе түседі. Оның жоғары сенімділігін қамтамасыз ете отырып, олар өнімді стиль- ге қарағанда, максималды нәтижелер бермейді. Сонымен қатар
тым жоғары оқытулық іс-әрекеттің тәуекелділігін арттырады және тұрақты эксперименттеу, неге үйренгенін бірден сынауға ұмтылу үшін алғышарт бола отырып, оның сапалық көрсеткіш- терін төмендетеді [12, 13, 14].
Арнайы қабілеттер басқару іс-әрекетінің табыстылығымен тура тәуелділікпен байланысқан. Арнайы қабілеттер неғұрлым жоғары дамыған сайын, барлық тең жағдайларда іс-әрекет тиім- ділігінің көрсеткіштері соғұрлым жоғары болады. Мысалы, ұзақ мерзімді ес (кәсіби тәжірибенің психологиялық негізі) және оперативтік ес (жедел басқарудың функцияларын жүзеге асыру негізі) жетекші іс-әрекетінің объективті шарттары болып табы- лады. Ойлау қабілеттерінің басқару іс-әрекетінің табыстылығы- мен тікелей, тура байланысы да сондай-ақ айқын. Дәл осындай рөлді перцептивтік, еріктік, аттенциялық (зейіннің дамуы), има- жинативтік (қиялдың дамуы) қабілеттер де атқарады.
Келесі жағдайды да ескеру қажет. Негізгі психикалық про- цестер мен функциялар басқару іс-әрекетінде өзіндік байқалу- лары және қырларымен көріне отырып, өзіндік қасиетке ие болады. Қабылдау процесі үшін – бұл олардағы әлеуметтік перцепцияның айрықша рөлі, ойлау процестері үшін бұл прак- тикалық ойлау. Демек, басқару іс-әрекетінде жеке қабілеттер де өзінің негізгі екі аспектісінде болады: қандайда бір психикалық процестер мен функциялардың даму деңгейі ретінде және сапалы өзіндік нақты басқару іс-әрекетінің компоненттері үшін ең қанықты спецификалық ретінде.
Жетекшіге жоғары дамыған, бірақ абстрактілі теориялық ойлауды емес, орташа практикалық ойлауды және «өткір әрі да- мыған» емес, дамыған әлеуметтік қабылдауды, әлеуметтік пер- цепциялы қабілетті игергені жөн.
Психика негізгі үш шағын жүйеден тұрады: когнитивтік, реттеулік және коммуникативтік. Басқару іс-әрекетінде бай- қалатын жекелеген қабілеттер, тиісінше, когнитивтік, реттеулік және коммуникативтік топтарға бөлінеді.
Когнитивтік – бұл жекелеген негізгі психикалық процестер мен функциялардың қасиеті.
Реттеулік шағын жүйеге тиесілі процестердің барлығында байқалулардың жеке шамасы бар. Сондықтан мақсат түзу, бол-
жау, шешім қабылдау, өзін-өзі бақылау қабілеттері айқындала түседі. Басқару және психикалық іс-әрекеттің өзінің құрылысы мен ұйымдастырылуының байланысы бұл қабілеттердің құра- мының әлдеқайда жалпы қабілеттерден және жоғарыда сипат- талған іс-әрекет бойынша атап көрсетілетін әлдеқайда жалпы қабілеттерден байқалады.
Психикалық та, басқару іс-әрекеті де ұқсас механизмдер мен процестерге негізделеді, олардың қалыптасуының жоғары дең- гейін талап етеді және тиісті реттеулік қабілеттердің болуын білдіреді. Аталған қабілеттерден басқа, бұл әлдеқайда инте- гралды реттеулік-когнитивтік қабілет болып табылатын белгісіз- дікке толеранттылық.
Коммуникативтік шағын құрамына кіретін және оның қыз- мет етуін қамтамасыз ететін процестер, сондай-ақ айқындалу- дың, қалыптасудың жеке шамасына ие болады. Бұл эмпатия, аттракция, идентификация, сөз туғызу, т.б. процестер. Коммуни- кативтік қабілеттер деңгейіндегі айырмашылықтар осы процес- тердің қалыптасу шамасына тәуелді болады.
Психика құрылымына негізделген өзіндік реттеулік және коммуникативтік қабілеттер қабілеттің жалпы жүйесін олар- дың тағы бір типімен толықтыруды талап етеді. Олар жекелерге, арнайыларға қарағанда әлдеқайда интегративті, бірақ бір мез- гілде жалпыларға – интеллектіге, креативтілікке, т.б. қараған- да азырақ қорытылған болып табылады. Қабілеттердің пси- хологиялық құрылымында жалпы қабілеттер макродеңгейді, ал жеке, арнайы қабілеттер микродеңгейді құрайды. Олардың арасында орналасқан мезодеңгейді интегралдық қабілеттер алады.
Қабілеттердің психологиялық құрылымы:
Макродеңгей
|
Жалпы қабілеттер
|
Мезодеңгей
|
Интегралдық қабілеттер
|
Микродеңгей
|
Арнайы қабілеттер
|
Басқару іс-әрекетінің табиғаты үшін орталық, өтпелі деңгей ең маңызды және өзіндік қасиетке ие. Оның құрамына кіретін қабілеттер негізгі басқару функцияларына (мақсат түзуге, жос- парлауға, т.б.) теңдес.
Басқару іс-әрекетін жүзеге асырудың көптеген алуан түрлі тәсілдеріне ие – ол поливариантты. Бұл жетекшіліктің бірнеше негізгі стильдері бар екендігінен байқалады. Әртүрлі стильдер қабілеттердің әртүрлі сабақтастығының болуын білдіреді. Ал жеке симптомдық кешендердің айырмашылығы тұлғалық қабі- леттер құрылымына қатысты өтемдік (компенсаторлық) функ- циялар атқаратын жетекшілік стилін анықтайды. Жетекші таң- дап алған белгілі бір стиль оған өзінің жеке тұлғасының күшті жағына сүйенуге, ал әлсіз жақтарын «кері итеруге» мүмкіндік береді. Жетекшіліктің әртүрлі стильдерінің болуы адами жеке- ліктердің алуан түрлілігінің және басқару қабілеттерінің вариативтілігінің нәтижесі болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |