Пікір жазғандар



бет76/156
Дата27.09.2024
өлшемі0,83 Mb.
#145965
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   156
Байланысты:
БАСҚАРУ ПСИХОЛОГИЯСЫ

Әлеуметтiк дау-дамай типологиясы

Әлеуметтiк дау-дамайлар бiрнеше белгiлерi бойынша жiкте- ледi. Мысалы, дау-дамайдың шешiлуiне байланысты: толық ше- шiлген, жартылай шешiлген және шешiлмеген болады.


Қатысушы субъектiлердiң санына қарай: тұлға iшiндегi, тұл- ғааралық және топаралық.
Әлеуметтiк психологиялық зерттеулерде кең тараған эмо- ционалдық және iскерлiк дау-дамайлар бар. Дау-дамайлардың көрiну формасына байланысты: ашық, латенттi және потен- циалдық. Бүгiнде әлеуметтiк дау-дамайлар туралы классикалық концепциялар кеңiнен қолданылады. Олар: Л. Кренсбергтiң
«әлеуметтiк дау-дамай», Р. Дарендорфтың «қоғамдық дау-да- майлық моделi», сонымен қатар Л. Козердiң, К. Боулдингтiң, Д. Доллардтың, Дж. Бартонның теориялары [62].
Негiзiнен алғанда дау-дамай субъектiнiң әлеуметтiк жүйе- мен қарым-қатынасының дамуына септiгiн тигiзетiн алғышарт- тардың бiрi болып табылады. Сондықтан, қоғам, әлеумет дау- дамайсыз бола алмайды. Осыған орай дау-дамайдың позитивтi және негативтi қызметтерi болады.
Позитивтi қызметтерi: оңтайландыру қызметi  әлеуметтiк субъектiлердiң қарым-қатынастарында, дамуында және т.б.
тиiмдi теңдiктi қалыптастырады; қатынастар жүйесiнiң дамуы- на, өзгеруiне әсер етедi, инновацияға жол ашады; дау-дамай арқылы адамдар бiрiн бiрі жақсы бiле бастайды, яғни оның ин- формациялық рөлi зор; бiрдей ойлайтын адамдарды әлеуметтiк топ, ұйым ретiнде бiрiктiредi; адамдардың белсендiлiгiн оятады; адамдарда жауапкершiлiк артады, олар өздерiнiң маңыздылы- ғын сезедi; сын уақытта адамдардың бiрден бiлiнбейтiн жа- ғымды және жағымсыз қасиеттерi көрiнедi, олар бiрiн бiрi ба- ғалай бастайды; жағдайдың, мәселенiң анықсыздығын жоюға немесе азайтуға үлкен септiгiн тигiзедi.
Негiзгi негативтi қызметтерi: әлеуметтiк климаттың нашар- лауы; еңбек өнiмдiлiгiнiң төмендеуi; кейде дау-дамайды шешу үшiн кейбiр жұмыскерлердi жұмыстан босатуға немесе белгiлi бiр санкция орнатуға тура келедi; екi жақтың бiр-бiрiн дұрыс қабылдамауы; дау-дамай уақытында және дау-дамайдан кейiнгi кезеңiнде қарсы жақтардың арасында келiсушiлiктiң, ынты- мақтастықтың азаюы; дау-дамайды шешу үшiн жұмсалатын материалдық немесе эмоционалдық шығынның болуы; бүкiл әлеуметтiк жүйе немесе оның бөлек элементтерi бұзылады, жойылады.
Дау-дамайдың зерттелiп жатқан негiзгi түрлерiнiң бiрi – тұлғааралық дау-дамай. Ол индивидтер арасындағы қарым- қатынас формасының бiрi болып табылады. Бұл дау-дамайдың терең зерттелуiне зор үлес қосқандар: М. Дейч, Г. Мак Клинток және т.б.
Тұлғааралық дау-дамайдың тек өзiне тән ерекшелiктерi бар. Атап өткендей, тұлғааралық дау-дамайға қатыспаған адам жоқ. Кейде ол осы дау-дамайды туғызушы, бастамашысы болса, кей- де абайсызда, аяқ астынан болған қатысушы болады. Көп жағ- дайда адам дау-дамайға кiрiскiсi келмесе де белгiлi жәйттер оның қатысуын, көмек көрсетуiн талап етедi. Сондықтан бiрде екi жақты татуластыратын арбитор рөлiн атқарса, бiрде екi қарсы жақтың тек бiреуiн қорғайды, ендi бiрде ешқайсысын қорғамайды да, кiнәламайды. Мiне, осындай жағдаяттарда өзара байланысқан екi аспектiнi көрсетуге болады. Бiрiншiсi, дау-да- майдың мазмұндық жағы, яғни даудың заты, мәселесi. Екiншiсi, дау-дамайдың психологиялық жағы, яғни субъектiлердiң бiр-
бiрлерiне, дау-дамайдың себеп-салдарына деген эмоционалдық реакциясы. Мiне, осы екiншi аспект тұлғаарлық дау-дамайдың ерекшелiгi болып саналады, өйткенi әлеуметтiк-саяси, т.б. дау- дамайларда бұл сипат жоқ.
Тұлғааралық дау-дамайдың пайда болуына әкелетiн негiзгi себептер: үйлесiмсiз, қарама-қарсы мүдделер, қажеттiлiктер, құндылықтар, ал оларды бiрдей, бiр уақытта қанағаттандыру қиын мәселе болғанда туындайды. Әсiресе, құндылыққа байла- нысты пайда болған дау-дамай өте күрделi, өйткенi бұл кезде субъектiлердiң үстем бағыттары анықталады.
Тұлғааралық дау-дамай кезiнде адамдар бiр-бiрiмен бетпе- бет, тiкелей кездеседi. Олар дау-дамайға өзiнiң бойында ерек- шелiктерi, қасиеттерi мен қабiлеттерi бар индивид ретiнде енедi. Сондықтан дау-дамайдың қатысушылары нақты қақтығыс жағ- даятын әртүрлi, өзiнше қабылдайды және түсiндiредi. Соған байланысты даудан шығу жолы мен әдiсi туралы әртүрлi көз- қарастарын бiлдiредi.
Тұлғааралық дау-дамайдың ең көп көрiнетiн жағы: бiр-бiрiн кiнәлау, ұрыс, жала жабу, қорғану, т.б. Бұлар қарым-қатынастың барлық саласына тән: отбасылық қатынастан – материалдық ресурстарды бөлуге дейiнгi мәселелердi қамтиды.
Дау-дамай ең алдымен нақты бiр себептен басталып, бiртiн- деп өсе келе, қарым-қатынастың әртүрлi жақтарын қамтып ала- ды. Бұл кезде көбiнесе дау-дамайдың эмоционалдық жағы маз- мұнды жағын басып алады. Әсiресе отбасылық дау-дамайда бұл үдеріс жиi көрiнедi.
Мысал ретiнде мына жағдаятты алып көрейiк. Бiр отбасында күйеуi бар уақытын жұмысына бөлсе, үйдегi барлық шаруа, баланы тәрбиелеп өсiру  әйелiнiң мiндетiнде. Мектептi бiтiрген үлкен қызы жоғары оқу орнына түсем деп, емтиханнан өтпей қалады. Мiне осы жағдайдың нәтижесiнде күйеуi әйелiн кiнәлай бастайды. Ол әйелiне «Сен не ақша таппайсың, не баланың бо- лашағын дұрыс ұйымдастырмайсың, Мiне, көрдiң бе нәтиже- сiн?! Сендер үшiн дұрыс жұмыс iстей алмайтын болдым...» деп ашуланады. Бұған әйелi «Сен отбасыңа уақыт бөлмейсiң» деп жауап ретiнде шағымын айтады. Осындай күнделiктi дауға шы- дай алмаған олар конфликтологқа келедi.
Бұл дау-дамайдың мазмұнды жағы қыздарының оқуға түсе алмауы, оның болашағы, т.б., бiрақ мәселе дами келе отбасы мүшелерi арасындағы қатынасты бұзды. Нәтижесiнде мәселенi шешудiң орнына, эмоциялар көбейiп, iс жайымен қалды. Осын- дай кезде төмендегiдей сұрақтар туындайды:

  • жағдаятта адамдарға қалай көмектесуге болады?

  • кеңес беру керек пе, т.б.

Осы сұрақтарға жауап беру үшiн тұлғааралық дау-дамайдың даму заңдылықтарын, онымен жұмыс iстеу әдiсiн бiлу керек.
Тұлғааралық дау-дамайдың себебiн анықтау үшiн қатысу- шылардың психологиялық ерекшелiгiне, көзқарасына, iс-әре- кетiне, нақты жағдаятқа терең, жан-жақты талдау жасау керек.
Тiкелей әсер еткен себептердi көру үшiн адамның негiзгi қажеттiлiгiне үңiлу керек (оған тамақ, қауiпсiздiк, әдiлеттілiк, т.б. жатуы мүмкiн). Конфликтологтар тұлғааралық дау-дамай- дың себебі мен қозғаушы күштерiне байланысты ресурстық және құндылықтық дау-дамайды ажыратады. Ресурстық көбi- несе ұйымдарда, еңбек ұжымында кездессе, ал құндылықтық – отбасында, достарда болады.
Дау-дамай себептерiнiң жiктелуi:

  1. ресурстың жеткiлiксiз, шектеулi болуы – олардың сандық және сапалық жақтары;

  2. мақсаттар арасындағы айырмашылықтар;

  3. құндылықтарда, мiнез-құлықта, тәрбиедегi айырмашылық- тар.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   156




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет