Пікір жазғандар



бет75/156
Дата27.09.2024
өлшемі0,83 Mb.
#145965
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   156
Байланысты:
БАСҚАРУ ПСИХОЛОГИЯСЫ

IV тарау


БАСҚАРУ ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН ОНЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ


    1. Конфликтологиялық идеяларға тарихи шолу


Дау-дамай жер бетiнде тiршiлiктiң пайда болуымен қатар да- мыды десек, қателеспейтiн шығармыз, өйткенi тiршiлiк иесiнiң сұрыпталып, сақталуы үшiн, тiршiлiк етуiн жалғастыру үшiн күрес жүргiзуге тура келедi. Алғашқы ғасырлардың өзiнде-ақ адамзат өмiрiнде болған қақтығыстар мен олардың шешiлу жол- дары жайлы көп толғанған. Дау-дамай бұрыннан ғылыми зерт- теудiң объектiсi болмаса да, оның өзiндiк тарихы бар және кей- бiр басқа ғылымдармен салыстырғанда оның тарихы көне за- маннан бастау алады. Ежелде жанжалдың пайда болу себебi, билiк үшiн, тiршiлiк үшiн күрес соғыстары болған.


Қытай ойшылдары (б.з.д. VI-V ғ.) Лао-цзы: барлық тiршiлiк- тiң дамуы – инь мен янь энергияларының үйлесiмдiлiгiнде деп тұжырымдаған.
Тарихтан бiзге жеткен ежелгi грек философтарының айтыл- ған даналықтарын қарастырсақ, антикалық философ Гераклит (б.з.д. шамамен 530-470) дүниеде барлық заттар, ұғымдар соғыс- тың арқасында пайда болған деп ойлайтын. Ол үшiн «соғыс – барлық нәрсенiң патшасы» [ 60].
Платон (шамамен б.з.д. 428-348) соғысты ең ұлы жауыздық деп санап, соғыссыз өткен кезеңдердi «алтын ғасыр» деп атаған.


Орта ғасырлардағы дау-дамай

Ағылшын материалист-философы Френсис Бэкон (1561- 1626) өзiнiң «Саяси және адамгершiлiк тәжiрибелерi мен нұс- қаулары» еңбегінде: ауқатты отбасында туылған адамның ең- бекке деген ынтасы болмайды және ол өзгелердiң ынтасына


қызғанышпен қарайды. Адамдар арасында болатын қақтығыстар санын бiрталай азайтуға болады, тек ол үшiн мемлекет мате- риалдық жағдайды жақсартып, адамдардың сұраныстарын қам- тамасыз етiп отыруы қажет деп тұжырымдайды.
Томас Гоббс (1588-1679) 1651 жылы шыққан өзiнiң «Левиа- фан немесе Материя, мемлекеттiң азаматтық шiркеу формасы мен билiгi» атты әйгiлi трактатында дау-дамайдың негiзгi үш себебiн көрсетедi: бәсекелестiк, сенiм бiлдiрмеу, атақ-даңққа құмарлық.
Жер шарының қай жерiнде болмасын, әрбiр адам әртүрлi жағдайларда «конфликт» (дау-дамай) деген құбылыспен кезде- седi. Тiптi бiздiң арамызда ешқашан дау-дамайға түспеген адам жоқ шығар.
Ғылыми әдебиеттерде «конфликт» (дау-дамай) әртүрлi ма- ғынада түсiндiрiледi. Бұл терминнiң анықтамасы өте көп.
Жалпы «конфликт» сөзi (conflictus)  латын тiлiнен енген, тiкелей мағынасы – дау-дамай (қақтығыс). Адамның өмiрi қақ- тығыссыз өте алмайды, өйткенi адам болған соң өзiнiң пайым- дауы, өз көзқарасы, өз түсiнiгi болады. Бiр мәселеге екi адам екi жақтылы қарайды.
Дау-дамай дегенiмiз  қарама-қарсы бағытталған мақсаттар- дың, мүдделердің, позициялардың, ой-пiкiрлердiң, құндылық- тардың қақтығысы. Басқа сөзбен айтқанда, дау-дамай екi не одан да көп индивидтiң немесе топты қарама-қарсы жақтың бел- гiлi бiр мақсатқа жетуiне, мүдделердің қанағаттандырылуына әдейi бөгет жасауы немесе оның көзқарасын, әлеуметтiк ұста- нымын өзгерту үдерісі. Дау-дамайды тудыратын немесе өз ер- кiнсiз осындай жағдайға тап болатын адамдар мәселенi тез арада өзiне тиiмдi етiп шешкiсi келедi. Осы жерде дау-дамайды шешу- дiң жолдары қандай? – деген сауал пайда болады [61].
Әр адам өзiнiң өмiрлiк жинаған машығына байланысты, өз пайымдауына байланысты кездесiп жатқан дау-дамайды өз көз- қарасы тұрғысынан шешедi. Адамзат өз тарихында дау-дамай тудырып, содан соң оны шешуден бiрталай машық жинаған. Аталған мәселенi зерттеп, оны жинақтау ХХ ғасырдың соңына қарай жаңа бiр бiлiмнiң саласы – конфликтологияның пайда болуына ықпалын тигiзедi. Конфликтологияның басты мiндетi –
тек танымдық теориялық емес, практикада адамдарға дау-дамай жағдайларында не iстеу керектiгiн түсiндiрiп беру. «Егер сiздiң өмiрiңiзде дау-дамай болмаса, қан соғуыңыз бар ма – соны тек- серiп көрiңiз» дейдi У. Диксон.
Адамның әлеуметтiк ортада өмiр сүруi, әртүрлi әрекет түр- лерiмен шұғылдануы үнемi қоғамдағы өзге адамдармен тығыз қарым-қатынаста болып отыратындығын көрсетедi.
Дау-дамай, бiр-бiрiмен ренжiсу әрбiр адамның өзiндiк кiсi- лiгiн, талап-тiлегiн өзгелердiң мойындап, онымен санасуын та- лап етуден туады. Осы бағытта әрбiр адам өзiнiң басқа адамдар алдындағы мұқтаждығын қанағаттандырып, өзгелерге бойында- ғы күш-қуаты мен қабiлетiн көрсеткiсi келедi.
Адамдар арасындағы күнделiктi қарым-қатынаста бiр-бiрiнiң кем-кетiгi мен мiнезiндегi жағымсыз қылықтарын көзiне айту, не бөтен адамдар арасында әшкерелеу оның наразылығы мен ренiшiн тудырады.
Дау-дамай субъектiсiне оған қатысушы индивидтi, топты не ұйымды жатқызады. Дау-дамай затына – нақты материалдық және рухани қорлар, қанағаттандырылмаған қажеттiлiктер, тi- лектер, өзара әрекеттесу субъектiлерiнiң мүдделері, яғни ол дау- дамайдың не үшiн пайда болғанын көрсетедi. Дау-дамайлық қа- тынас деп субъектiлер арасындағы өзара әрекеттесудың форма- сы мен мазмұнын және дау-дамайдың аяқталу мақсатында олар- дың (субъектiлердiң) iс-әрекеттерiн атайды.
Дау-дамайлық жағдаят – нақты уақыт мерзiмiнде дау-дамай- дың дамуы.
Дау-дамайдың себептерiне, қарама-қайшылықтың өрши тү- суiне, дау-дамайдың пайда болуына әкелген шарттарды, жағдай- ларды жатқызады.
Әрбiр дау-дамайдың уақытына және кеңiстiгiне байла- нысты сипаттары бар. Дау-дамайдың кеңiстiк сипатына: дау-да- майдың пайда болу және көрiну саласы; пайда болу себебi мен жағдайы; көрiнiстiң нақты формасы; дау-дамайдың нәтижесi; әдiстерi мен әрекеттерi (субъектiлер қолданатын) жатады. Дау- дамайдың уақыттық сипатына: дау-дамайдың ұзақтығы, жиiлiгi, қайталануы, әр субъектiнiң дау-дамайға қатысу мерзiмi және дау-дамайдың әр даму кезеңiндегi уақыт көрсеткiштерi жатады.
Әр дау-дамайдың өзiндiк даму динамикасы бар және ол мына кезеңдерден тұрады:

  • дау-дамайға дейiнгi қарым-қатынастар, шешiлмей жатқан мәселелердiң жиналып көбеюi, қарым-қатынастың кернеулiктерi болады;

  • қарама-қайшылықтың өрши түсуi, қарым-қатынаста тұрақ- ты жағымсыз (негативтi), кейде агрессивтi психологиялық жағ- дайдың болуы;

  • дау-дамайлық жағдаят, оқиға, субъектiлер арасында түсi- нiспеушiлiк және ашық түрдегi дау-дамай;

  • дау-дамайдың шешiлуi;

  • дау-дамайдан кейiнгi кезең, дау-дамайға қатысушылар ара- сындағы қарым-қатынастың жаңа мазмұны мен сипатының пай- да болуы.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   156




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет