...Адам – бір ғана нәрсеге мұқтаж болып туылады екен, ол рухани тәрбиеге деген жетімдік, міне, адам соның орнын толтыру үшін де театрға барады екен. Бұл туралы кезінде асқар таудай ақыл иесі Аристотельдің, басқа да даналардың айтып кеткен өсиеттері жетерлік.
Театрға баруды біржақты ғана сипаттауға тағы болмайды, бұнда адам жаны жан - жақты даму, өсу, түзеу, жетілдіру процестерінен өтеді, рухы оянады, еңсесі көтеріледі, көңілі сергиді, жаны рақат табады. Тек адам осының бәрін шынайы сезінуі үшін театр туралы хабары, дайындығы, ондағы қойылымдар туралы түсінігі, сауаты болуы керек екен, әйтпесе бәрі де «машинально», қойылымдар жүріп жатқанымен, оны көріп жүрген көрермендер бәрін үстіртін, жалпылама тұрғыда ғана қабылдап, көп нәрселерге тереңірек мән берілмей бәрі жалаң өте бермек.
Театрға белгілі бір өнерді сүйетін адамдар ғана барады екен деген түсінік түбегейлі дұрыс емес. Көпшіліктің, театр – концерт, мерекелік шаралар өтетін орын, оған сол саланың адамдары, болмаса соған бейім, қызығатын, ұнататындар ғана барады деп ойлайтындары бар. Театрға мемлекеттік қызметтегі адамдардан бастап, базардағы сатушы, басқа да қызметтегі адамдар ешқандай қоғамдық таптарға бөлінбестен, әлеуметтік жағдайына қарамастан театрға баруға құқылы, тіпті баруға тиісті деуге де болады. Тек, олардың бәрі театрға қатысты жалпыға бірдей ережелерді білуі, соны сақтауы, есіне ұстап айналасына айта жүруі тиіс.
Театр – өнерді сүйетіндерге ғана емес, жарық дүниені, өмірді сүйетіндер үшін арналған. (200 сөз). http://old.baq.kz/kk/news/aimaktik_bak_muragat/regmedia-76042
№
Сұрақтар
Жауаптар
Ортақ тақырып
1
1.Әуен мен ырғақтың театр өнеріне қандай қатысы бар?
2
Енші алып, отау тіккен музыкалық театрдың болашағы қандай болды?