Жазылым – 25 минут
Тыңдалым мен айтылым бөлек тексеріледі
Балл саны: 30
Тапсырмалар түрлері Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар
Толық жауапты қажет ететін сұрақтар
Жиынтық бағалаудың құрылымы Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 3 компоненттен тұрады: Біріншісі тыңдалым, айтылым және әдеби тіл нормаларын, екіншісі оқылым және әдеби тіл нормаларын, үшіншісі жазылым және әдеби тіл нормаларын тексеруге арналған.
Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
*Тапсыр ма
Қамтылатын мақсаттар
*Тапсырма түрлері
*Тапсырмалар сипаттамасы
*Орындау уақыты,мин
Балл
1-2
8.1.3.1тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, ұсынылған ақпараттан астарлы ойды анықтау
8.1.1.1 мәтіннен алынған дәйексөздерге, үзінділерге сүйене отырып, көтерілетін мәселені болжау
8.1.5.1 перифраз түрінде берілген сұрақтар арқылы мәтіннен қажетті ақпаратты таба білу, көтерілген мәселе бойынша ой тұжырымдау
Толық жауапты қажет ететін сұрақтар
Тапсырма жеке және жұппен орындалады, оқушыларға 170-200 сөзден тұратын тақырыпқа қатысты мәтіндер алынған, оқушы 1- мәтінді жеке оқиды, 2-мәтінді тыңдайды (немесе аудио арқылы тыңдатуға болады).
Оқушылар мәтінді тыңдау немесе оқу барысында тақырыптарға байланысты көтерілген мәселені талдайды және ұсынылған ақпараттан астарлы ойды анықтайды. 1-мәтін бойынша перифраз түрінде құрастырылған сұрақтарға жауап береді, кестеге толтырады. Жұбының жауабымен салыстырып, тұжырымдарын дәлелдейді. Дәлелдеу барысында ойын анық жеткізеді. 2-мәтінді тыңдап болған соң, екі мәтінге ортақ тақырыпты анықтайды, көтерілген мәселе бойынша ой тұжырымдайды.
Тыңдалым мен айтылым сабақтан тыс,қосымша уақытта өткізіледі (әр білім алушы-ға 3-5 минут беріледі)
10
3-5
8.2.4.1 тақырыбы ұқсас ғылыми және публицистикалық стильдегі мәтіндердің тақырыбын, түрлерін (әңгімелеу, сипаттау, талқылау), құрылымын салыстыра талдау
8.2.5.1 перифраздың түрлі тәсілдерін қолдана отырып, мәтін бойынша сұрақтар құрастыру
8.2.6.1 оқылым стратегияларын қолдану; коментарий жасау, іріктеп оқу, талдап оқу
Қысқа және толық жауапты қажет ететін тапсырма
лар
130-180 сөзге жуық екі мәтін беріледі. Мәтіндерді оқып, кестеге сәйкес мазмұны, құрылымы негізінде берілген сұрақтарға жауап беріп, мәтінге қатысты өз пікірін, көзқарасын білдіреді. Оқылым стратегияларын (комментарий жасау, іріктеп, талдап оқу) қолданады. Перифразалау арқылы мәтіннен алынған үзінді бойынша 3 сұрақ құрастырады
15
10
6
8.3.4.1 эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, мәселе бойынша ұсынылған шешімнің артықшылығы мен кемшілік тұстарын салыстыру, өз ойын дәлелдеп жазу (аргументативті эссе)
8.4.4.4 жай сөйлемдердің айтылу мақсаты мен құрылымдық ерекшелігіне сай қолдану
8.4.5.1 сөйлем соңында қабаттасып қойылатын тыныс белгілерін дұрыс қолдану
Жазбаша толық жауапты қажет ететін сұрақтар
Ұсынылған екі тақырыптың бірін таңдап, жазба жұмысын орындайды. Аргументативті эссе жазуда құрылымы мен даму желісін сақтайды, көтерілген мәселе бойынша ұсынылған шешімнің артықшылығы мен кемшілік тұстарын салыстырады және өз ойын дәлелдейді.
Тақырыптан ауытқымай, абзац түрлерін жүйелі құрастырады, жай сөйлемдерді айтылу мақсаты мен құрылымдық ерекшелігіне сай қолданады, орфографиялық, пунктуациялық нормаға сай жазады.