Пікірталас мәдениетінің талаптары, пәкірталаста жиі қолданылатын мәселелер


Фонеметикалық принцип пен фонетикалық принцип



бет5/7
Дата06.01.2022
өлшемі1,79 Mb.
#13486
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
жазу

Фонеметикалық принцип пен фонетикалық принцип. Фонеметикалық принцип бойынша, әрбір фонема қай позицияда келуіне қарамастан , өзіне бекітілген тұрақты таңба – бір әріппен белгіленеді. Орыс тілінде бір сөздің әр түрлі формалары , мысалы, плода және плод формалары әр түрлі дыбысталғанымен (плода формасында айтылған сөздің құрамындағы ұяң дауыссыз д плод сөзінде айтылуда қатаң дыбысқа айналады), біркелкі жазылады. Орфограграфияның фонематикалық принципі бойынша дуб және дуба формалары да айтылуда бірінде қатаң, екіншісінде ұяң дауыссыз келуіне қарамастан біркелкі ұяң әріппен жазылады.

Фонетикалық принцип сөздің құрамындағы дыбыстардың айтылуын сақтап жазуды басшылыққа алады. Мысалы, жаздыгүні, қыстыгүні, ашудас деген сөздердің айтылуынша, осылай жазылуы – орфографияның фонетикалық принципіне сүйеніп жазудың нәтижесі. Бірсыпыра сөздердің жазылуында фонематикалық принцип пен фонетикалық принцип бірдей ұштасып, бір-біріне сайма-сай келеді. Мысалы, орыс тіліндегі пол, ток, кот, сом, сам, қазақ тіліндегі ағаш, тас, көл, қорған, аттаныс тәрізді сөздер фонематикалық жақтан да, фонетикалық жақтан да біркелкі жазылып, бір-бірінен ажыраспайды. Солай болғандықтан аталған сөздердің жазылуын фонематикалық принципке де, фонетикалық принципке де жатқызуға болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет