Пікірталас мәдениетінің талаптары, пәкірталаста жиі қолданылатын мәселелер


Морфологиялық принцип пен иероглиф принципі



бет7/7
Дата06.01.2022
өлшемі1,79 Mb.
#13486
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
жазу

Морфологиялық принцип пен иероглиф принципі. М орфологиялық принцип бойынша жазу сөздердің айтылуына емес, түбір тұлғасын сақтауға негізделеді. Көптеген тілдерде сөздерге сөз тудырушы аффикстер мен сөз түрлендіруші аффикстер жалғанғанда, екі сөз бірігіп немесе өз ара тіркесіп айтылғанда, сөздер мен сөз тіркестерінің айтылуы өзгеріп, әр түрлі дыбыстық өзгерістерге ұшырайды. Морфологиялық принцип дыбыстлудағы бұл рекшеліктерді ескермей , сөз құрамындағы сыңарлардың жеке тұрғандағы қалпын сақтап жазуды басшылыққа алады. Мысалы, басшы (башшы емес), ұшсын (ұшшын емес), сәнқой (сәңқой емес), көрінбеді (көрімбеді емес), қазанғап (қазаңғап емес), әркім (әргім емес).

Орыс тілінде айтылуда вадавоз, атрез, одзыв, хаждение түрінде дыбысталатын сөздер жазуда морфологиялық принципті гаяныш етудің негізінде водовоз, отрезотзыв, хождение түрінде жазылады.

Иероглиф немесе символ принципі біркелкі дыбысталатын сөздерді , яғни омонимдерді жазуда бір-бірінен ажырату үшін қолданылады. Мысалы, орыс тілінде “музыкалы би кеші” деген мағынаны білдіретін бал деген сөз бен “оқушылардың білім дәрежесіне қарай қойылатын цифрлы баға” деген мағынаны білдіретін балл сөзі жазуда біреуінде жалғыз л әрпі , екіншісінде қосарлы лл әрпі қолданылу арқылы ажыратылады. Орыс тілінде “науқан” деген мағынаны білдіретін кампания деген сөзден “бірлестік, серіктестік” компания деген сөз жазуда иероглиф принципі бойынша ажыратылып жазылады. Қазақ тілінде “ жай, күй, жағдай” деген мағынаны білдіретін хал сөзі мен “денедегі кішірек қоңырқай таңба, белгі” деген мағынаны білдіретін қал сөзінің осылайша жазылуы иероглиф принципі мысал бола алады. Бұл принциптің сөздерді бір-бірінен ажыратушы қызметі ескеріліп, ол кейде дифференциальды принцип деп те аталады.

Графика ауызекі сөйлеу тілінің дыбыстық жағын, оның ерекшеліктерінінің барлығын түгелдей қамтып бере алмайды . Мұндай қызметті транскрипция ғана атқара алады. Транскрипцияның әдеттегі жазудан мынадай айырмашылықтары бар: әдеттегі жазу жүйесінде сөздердің дыбыстық жағымен бірге олардың әр түрлі байланыстары, атап айтқанда, этимологиялық және морфологиялық байланыстары да қарастырылып, есепке алынады. Ал транскрипцияда сөздің дыбыстық жағына ғана назар аударылады. Транскрипция үшін сөздің этимологиялық, морфологиялық байланыстардың ешбір мәні жоқ. Бұл-бір. Екіншіден, графика сөздің дыбысталуын әрқашан дәлме-дәл көрсете бермейді. Ал транскрипцияның ең негізгі қызметі – сөздің дыбыстық немесе фонемалық құрамын дәлме-дәл көрсету. Бір әріп ыңғайына қарай әр түрлі фонемаларды белгілей алса, транскрипциялық таңба бір ғана мәнге ие бола алады. Бір фонема жазуда әр түрлі әріптермен таңбалануы мүмкін, ал транскрипцияда ол әрқашан бір ғана таңбамен белгіленеді.



Транскрипциядан транслитерацияны ажырата білу керек. Транслитерация жазылғанды бір алфавиттен екінші алфавитке, мысалы, орыс алфавитінен латын алфавитіне немесе, керісінше, аударып жазуда қолданылады.Транслитерация әсіресе географиялық атауларды және т.б. басқа жалқы есімдерді жазуда жиі қолданылады.

Бақылау сұрақтары:

  1. Пиктографиялық жазу.

  2. Идеографиялық жазу.

  3. Буын жазуы.

  4. Әріп жазуы.

  5. Орфография.

  6. Транслетерация және транскрипция.





















Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет