Pisa-2022 негізгі зерттеуі білім беру ұйымының Үйлестірушісіне арналған нұСҚаулық


Тест өткізушіге(лер)ге материалдарды беру



бет17/18
Дата02.12.2023
өлшемі338,93 Kb.
#131524
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18

Тест өткізушіге(лер)ге материалдарды беру




    1. Зерттеу аяқталғаннан кейін тест өткізуші(лер)мен кездесу


Зерттеу аяқталғаннан кейін тест өткізуші Сізбен өткізілген зерттеуді талқылау үшін кездесуі қажет. Келешекте зерттеу туралы қандай да бір сұрақтар туындап, формалардың түпнұсқаларының жоғалуы не бүлінуі сияқты жағдайларлардан сақтану үшін ол Білім алушылардың зерттеуге қатысу формасының(ларының) және Зерттеуді өткізу Хатамасының(ларының) көшірмесін жасап, Сізге сақтауға беруі керек. Бұл формаларды қай кезде жою керектігін Ұлттық орталық хабарлайды.


    1. Қосымша тестілеуді ұйымдастыру, қажет болған жағдайда


PISA зерттеуі білім алушылардың зерттеуге қатысу пайызының жоғары болуын талап етеді. Тест өткізуші(лер) зерттеу аяқталғаннан кейін қатысу коэффициентін есептеп, қосымша тестілеу өткізу қажеттілігін анықтап, шешімін Сізге хабарлайды.
Қосымша тестілеу өткізу қажеттігі туындаса, қосымша тестілеудің өту күнін білім алушылардың ең көп көрсеткіші қатысатындай етіп, негізгі тестілеу өткен апта ішінде және Тест өткізушіге ыңғайлы болатындай белгілеу керек. Қосымша тестілеу материалдарының қайтаруын кешіктірмеу үшін, қосымша тестілеуді, мүмкіндігінше, негізгі тестілеу өткен аптаға жоспарлау керек.



Қосымша тестілеуге қатысты ескерту
Қосымша тестілеу тек бір рет ғана жүргізілетіндіктен, тестілеуге қатыспаған білім алушылардың барлығы қосымша тестілеуге келуін мүмкіндігінше қамтамасыз етуіңізді сұраймыз.








Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет