Қазақстандық білім беру саласының тиімділігі көбіне мониторингтік зерттеулер мен бағалау технологиясының аясында алынған мәліметтерді пайдалану деңгейіне тәуелді. Қазақстанның халықаралық салыстырмалы зерттеулерге қатысуы елдегі білім сапасын арттыруда маңызы зор. Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған Мемлекттік бағдарламасы аясындағы нысаналы индикаторларда Қазақстанның халықаралық зерттеулер (TIMSS, PISA, PIRLS) нәтижелері бойынша жасалған рейтингтегі орны көрсетілген.
TIMSS жобасы бастауыш және негізгі мектептің білім сапасын бағалайтын халықаралық зерттеулердің бірі. Қазақстанда бұл зерттеуді алғашқы рет 2007 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне қарасты ”Ұлттық білім беру сапасын бағалау орталығы“ өткізді. Зерттеуді өткізу тұрақты төрт жылда өтіледі.
TIMSS халықаралық зерттеуінің мақсаты – әртүрлі елдердегі білім жүйесі мен орта мектеп оқушыларының жаратылыстану – математикалық дайындық деңгейін салыстырмалы бағалау және осы дайындық деңгейіне әсер ететін факторларды анықтау.
TIMSS халықаралық зерттеуінің негізгі міндеті – білім саласындағы әлемдік артықшылықтарды көрсететін объективті өлшемдер шегіндегі құралдары негізінде алынған нәтижелерді талдау және білім саясатына қажетті ғылыми дәлелденген қорытындылар жасау.
TIMSS халықаралық зерттеуінің құралдары :