Мектеп әкімшілігіне арналған сауалнама. Мектеп директорлары өздерінің білім беру ұйымдарындағы оқу үрдісін қамтамасыз етуге және мектеп өмірінің басқа да ерекшеліктеріне байланысты сауалнама сұрақтарына жауап береді.
Мұғалімдерге арналған сауалнама. Сауалнамада мұғалімнің кәсіби дайындығы, білім беру ресурстары, оқу үрдісін ұйымдастыру жайлы мәліметтер берілген. Сауалнама сұрақтарына нақты жауап беру өте маңызды. Сауалнама көмегімен мектептегі оқыту жүйесі сипатталады. Бұл әлем мемлекеттерінің білім жүйесіне байланысты мәліметтерді салыстыруға қажет.
Оқушыларға арналған сауалнама. Сауалнамада оқушы өзі туралы, математика мен жаратылыстану пәндеріне деген қызығушылығы, мектептегі сабақ үлгерімі жайлы және өзінің жанұясына қатысты сұрақтарға жауап береді. Сауалнама зерттеуге қатысушы сынып оқушысымен толтырылады.
TIMSS халықаралық зерттеуі математика бойынша оқушылардың қабілетін анықтайтын тест тапсырмаларының мазмұнына ерекше көңіл бөледі.
Оқушылар математикадан дайындық деңгейі бойынша тест тапсырмаларын орындауда берілген бірқатар тақырыптарды жеткілікті меңгергенін, өз білімін нату рал сандарды бөлуге қатысты есептерді шешуде қолдана білу дағдысын толығымен көрсете алуы тиіс.
Математика бойынша сандар, геометриялық пішіндер және өлшемдер, статистикалық мәліметтер қарастырылады.
Оқу – танымдық іс – әрекет түрлеріне қарай білу, пайдалану, ойлау болып бөлінеді.
Білу – оқушы білуі тиіс фактілерді, түсініктер мен үрдістерді білуді топтастырады.
Пайдалану –есептерді шешу үшін оқушылардың үйренген түсініктерін пайдалана алу және негізінен оқудағы таныс жағдайлармен немесе бірсыпыра өзгертілген жағдайлармен жұмыс істеуге тура келетін сұрақтарға жауап бере алу қабілеті топтастырылады.
Ойлау – стандартты есептерді шешу аясынан тыс және күрделі, көп де ңгейлі есептерді шешу арқылы таныс емес жағдайларда білімін пайдалануға байланысты.
Біздің Подстепный қазақ жалпы орта білім беретін мектебінде TIMSS жобасы 2013 – 2014 оқу жылында 8 сыныптар бойынша эксперимент түрінде өтті. TIMSS жобасын өткізу үшін сабақтан тыс алдын – ала қосымша сабақтар өткізілді. Онда жоғарыда көрсетілген бағыттар бойынша есептер шығарылып, психологиялық зерттеулер жүргізілді.