Pisa оқу сауаттылығының «Рефлексия және бағалау» құзыреттілігі


Сонымен қатар, мәтіннің қызметтік жағдаяты оқырман мен мәтін арасында байланыс орнататын контекстіні (жеке, қоғамдық, кәсіби, танымдық) анықтап береді



бет11/11
Дата27.11.2023
өлшемі0,5 Mb.
#128915
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Сонымен қатар, мәтіннің қызметтік жағдаяты оқырман мен мәтін арасында байланыс орнататын контекстіні (жеке, қоғамдық, кәсіби, танымдық) анықтап береді.
Оқу сауаттылығын бағалаудың негізгі тәсілдері (2-бөлім)
Мәтін форматтары
PISA зерттеуінде оқу сауаттылығын бағалайтын тест сұрақтары әртүрлі форматтағы мәтіндерге негізделеді.
1. Тұтас мәтін. Мұндай мәтіндер негізінен мәтіннің ірі бірліктерінен тұрады. Мәтінге бөлек жол ретінде формула, кесте, диаграмма, сурет және т.б. енгізілмейді (1-сурет). Мәтін мағыналық тұрғыдан абзацтарға бөлінеді және оқырманға мәтіннің логикалық құрылымын түсінуге көмектесетін тақырыптар мен тақырыпшалармен белгіленеді. Тұтас мәтіндерге түрлі жанрдағы мәтіндер, оның ішінде әңгімелер, өлеңдер, мақалалар, мектеп шығармалары жатады.
2. Тұтас емес мәтін. Мұндай мәтіндер өзгеше оқу дағдыларын талап етеді, себебі мәтіннің ақпараттық бірліктерінен, яғни кесте, график, диаграммалардан тұрады. (2-сурет)
3. Аралас мәтін. Мұндай мәтіндер бір-бірін толықтырып тұратын вербал және бейвербал элементтерден тұрады, сондықтан оларға тұтас мәтіннің де, тұтас емес мәтіннің де белгілері тән. (3-сурет)
4. Құрамдас мәтін. Мұндай мәтіндер мазмұн және формат тұрғысынан әртүрлі бірнеше мәтінді бір тақырып аясында біріктіреді. Дегенмен мағыналық тұрғыдан өзара байланысты және аяқталған болады. (4-сурет)
PISA-2012 тестінде жоғарыда аталған форматтар бойынша тест сұрақтарының бөлінісі келесідей: тұтас мәтіндер – 39%, тұтас емес мәтіндер – 30%, аралас мәтіндер – 23%, құрамдас мәтіндер – 8%.
Электронды мәтіндер
PISA-2018 халықаралық зерттеуінде қазақстандық оқушылар тестті алғаш рет компьютерлік форматта тапсырды. ХХІ ғасырда сауаттылық деңгейіне қатысты қойылған жаңа талаптар оқырманға қойылатын әлеуметтік-экономикалық талаптармен тығыз байланысты. Олар:

  • электронды технологиялармен жұмыс жасаудағы әмбебап дағдылар;

  • ақпараттық сауаттылық – ақпаратты өз бетімен тауып, оны сын тұрғысынан талдау;

  • әлеуметтік медиадағы ақпарат туралы сын тұрғысынан ойлану;

  • бірнеше әртүрлі дереккөзден алынған ақпаратты жалпылап, өз сөзімен түсіндіре алу;

  • Интернеттегі этикет нормалары мен желілік қауіпсіздік негіздерін түсіну.

PISA зерттеуіндегі электронды материалдар сызықтық немесе сызықтық емес мәтін түрінде ұсынылады. (5-сурет)

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет