Pisa оқу сауаттылығының «Рефлексия және бағалау» құзыреттілігі


Оқу сауаттылығын бағалаудың басты тәсілдері (1-бөлім)



бет8/11
Дата27.11.2023
өлшемі0,5 Mb.
#128915
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
ПИЗА-1

Оқу сауаттылығын бағалаудың басты тәсілдері (1-бөлім)
Оқу сауаттылығын бағалаудың үшөлшемділігі
Оқу сауаттылығы – адамның мәтінді түсіну, оны пайдалану, бағалау, ол туралы ой қорыту және осы дағдыларын өз мақсаттарына жету, білімі мен мүмкіндіктерін кеңейту, қоғамдық өмірге қатысу үшін қолдана алу қабілеті.
PISA халықаралық зерттеуіне сәйкес, оқу қабілетін игеру нәтижесі мына үш өлшем негізінде бағалануы тиіс: мазмұн, оқу құзыреттіліктері және мәтіндердің жағдаяты
1. Мазмұн: мәтін форматтары
«Мәтін» ұғымы баспа немесе электронды форматта ұсынылған шынайы тіл қолданылған мәтіндерді меңзейді. Мұндай мәтіндер қатарына диаграмма, сурет, карта, кесте, график түріндегі визуал бейнелер жатады, бірақ қабылдаудың басқа стратегияларын талап ететін фильм, телесурет, мультипликация мен сөзсіз суреттер мұндай мәтіндерге жатпайды.
Мәтіндерді типке жіктеудің түпкілікті жолы жоқ. Бір ғана мәтіннің өн бойында әртүрлі мәтін типтері кездесуі мүмкін. PISA зерттеуі мына сипаттарды маңызды мәтін сипаттары ретінде ерекшелейді:

  • ішкі байланыстылығы мен дәйектілігі;

  • шынайылығы мен фактологиялық деректердің болуы (ғылыми, көпшілік, ресми және т.б. мәтіндер) және ойдан шығарылуы мен көркемділігі (көркем әдеби мәтіндер және т.б.);

  • тұтастық немесе тұтас еместік сипаты.

PISA зерттеуінде мәтіндер бірнеше форматта беріледі. Біріншісі – тұтас мәтін, ол ірі мәтін бірліктерінен тұрады. Тұтас мәтіндер жеке жол түрінде ұсынылған формула, кесте, схема, иллюстрация немесе басқа ақпарат бірліктерімен бөлінбейді. Семантикалық тұрғыдан біртұтас абзацтар белгілі бір иерархиямен ұйымдастырылады және оқырманға мәтіннің логикалық құрылымын түсінуге көмектесетін тақырыптар мен тақырыпшалармен белгіленеді. Мұндай мәтіндерге әңгімелер, өлеңдер, мақалалар, мектеп шығармалары сияқты түрлі жанрдағы мәтіндер жатады.
Тұтас емес мәтіндер басқа оқу дағдыларын талап етеді, себебі олар кесте, диаграмма, график тәрізді ақпараттық бірліктерден тұрады. Аралас мәтіндердің ерекшелігі – олардың вербал және бейвербал элементтерден тұратындығында, сондықтан олар тұтас мәтін белгілерін де, тұтас емес мәтін белгілерін де қамтиды (веб-парақша, журнал және т.б.). Құрамдас мәтіндер мазмұн және формат тұрғысынан әртүрлі бірнеше мәтінді біріктіреді. Соған қарамастан, мұндай мәтіндер мағыналық тұрғыдан іштей байланысты және аяқталған болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет