TIMSS және PISA критерийлер жүйесі
|
|
Критерийлі бағалау жүйесі
|
|
|
|
білім
(репродуктивті қызмет,фактілерді және карапайым, күрделі емес сұрақтарды білу)
|
|
білу – түсіну
|
|
|
|
қолдану
(байланыс орнату, түсініктерді пайдалану);
|
|
қолдану
|
|
|
|
талқылау
(рефлексия)
|
|
талдау – синтез – бағалау
|
|
|
|
19-сурет – халықаралық салыстырмалы зерттеулердің және ҚР орта білім берудің жаңартылған мазмұнынының критерийлік жүйесіне сәйкестілігі
Басқаша айтқанда, дәсүрлі оқыту когнитивті дамудың алғашқы екі кезеңінде білім беру нәтижелеріне жетуге бағдарланған. Талдама, синтез және бағалау қызметін дамытуға және оны қолдануға аз көңіл бөлінеді. Осылайша, біз білім берудің репродуктивті сипаттамасын сақтау проблемасының өзекті екендігіне тағы да көз жеткіземіз. Аталған проблеманы білім беру мазмұнын жаңарту аясында Б. Блумның когнитивті таксономиясын жеке әдістер қатарынан негізгі білім беру мазмұнынын жобалау деңгейіне шығару арқылы шешу болжанады, мұндай әдіс дамыған мемлекеттердің шетелдік куррикуллумдарында қолданылады.
TIMSS және PISA-да талқылауға арналған тапсырмалар әдетте 1/5 құрайды. Қалған критерийлер бойынша айырмашылықтар байқалады: TIMSS, PISA – ға қарағанда «Білім» және «Қолдану» критерийлерінің ішінен кюбінесе білімге жақынырақ болып келеді. Шыны керек, мұнда тура салыстырудың орынсыз екендігін ескеру қажет, себебі PISA тапсырмаларының әзірлемесінде түрлі мамандықтар мен білім салаларының сарапшы-өкілдері қатысады, ал TIMSS арналған тапсырмаларды (PIRLS секілді) тек пән мұғалімдері ғана әзірлейді.
Халықаралық салыстырмалы зерттеулерге қатысудың тиімділігіне білім беру мазмұнын жаңарту барысында толықтай есепке алынған әдістемелік және қолданбалы сипаттағы сұрақтарды жатқызуға болады.
Білім беру мазмұнын, бастауыш мектептің МЖМБС жобаларын және оқу бағдарламаларын жаңарту ережелерін айқындау процесінде республиканың педагогикалық қоғамының арасында мазмұнның білімдік компонентінің күрт төмендеуіне немесе әлсізденуіне қатысты сұрақтар жиі айтылады.
Бәрімізге белгілі, PISA бір циклмен 3 жылда жүргізіледі, әркез акцент сауаттылықтың бір түріне жасалады. PISA-2012 приоритетті бағыт болып математикалық сауаттылық табылады. PISA жобасының халықаралық сарапшылары «Математикалық сауаттылық» түсінігінің екі принципін ерекшелейді: фундаменталды математикалық идеялар және математикалық құзырлық. Бірінші принцип өзара бір-бірімен байланысты жалпы математикалық түсініктердің тобын болжайды. Екінші принцип – түрлі проблемалардың сәтті шешілуін қамтамасыз ететін және математика саласында алынған білімдерді қолдануды талап ететін адамның математикалық білімінің, білігінің, тәжірибесінің және қабілетінің жиынтығы.
Пәннің «ұлттық» мазмұнын, сонымен қатар оқушылар нәтижелерінің талаптарын зерттеудің фундаменталды бөлімдерімен (салаларымен) салыстыра отырып, стандарттардың, оқу бағдарламаларыныңғ оқулықтардың және ОӘК өзекті және толыққанды сараптамасын жүргізуге болады. Аталған жұмысты Ресей ғылым академиясының қызметкерлері айтарлықтай жемісті түрде өткізеді.
PISA-2012 жаратылыстану ғылымдары бойынша сауаттылығын бағалау тесттерінің құрамына өлшеудің 4 аспкетісі кірді: контекст (мән-мәтін), білім, құзырлықтар және қатынастар.
Жаңа оқу бағдарламаларының (жоспарлардың) құрамында үш пунктен тұратын жалпыәдістемелік ақпарат бар: «Ұсынылатын білімдер», «Қысқаша көрініс», «Мән-мәтін». «Мән-мәтін» пункті түрлі мән-мәтіндерде жағдайдың сол немесе басқа бөлімінің аясында белгіленген шарттар жөніндегі мәдіметтерді береді.
PISA-2012 жаратылыстану ғылымдары бойынша «Білім» сауаттылық аспектісі жаратылыстану ғылымдары (әлем туралы) және әдістемелік болып бөлінеді. Соңғысы ғылым туралы, зерттеуді қалай жүргізу керектігі жөніндегі білімдерді білдіреді.
Білім беру мазмұнын жаңарту тұжырымдамасына сәйкес зертеу жұмыстарын жүргізу кең спектрдің 6 дағдысының бірі болып талыбады. Бұл дағдының қалыптасуы барлық оқу пәндері арқылы өтеді, сондай-ақ «Жобалық қызмет» деп аталатын жеке пәнді игеру нысанын құрады.
Сол сияқты байланыс қатынасының әдістерін қолдану, тілдік дағдыларды қоса алғанда барлық пәндер бойынша тілдік дағдыны дамытуға ықпал етеді.
Жаңартылған мазмұннын тағы бір айта кетерлік артықшылығы басатуыш білім беруге қатысты. Бастауыш мектепте жаратылыстану пәндерін игеру үшін «Әлемді тану» пәні екі пәнге бөлінетін болады. Біріншісі – «Ғылымға кріспе» - физика, химия және биология бойынша білімдерді біріктіреді. Ал екіншісі – «Әлемді тану» - тарих, қоғам және география бойынша білімдерді біріктіреді.
PISA (2009, 2012) оқырманыдқ құзырлығы көрсеткіштерінің жақсартуға тілдік пәндер мазмұнын түгелдейжаңарту ықпал етуі тиіс. Қазақ тілі мен орыс тілін екінші тіл ретінде игеру CEFR (шет тілін игерудің жалпыеуропалық құзырлықтары) жүйесі бойынша жүргізілетін болады. Мектептердегі мемлекеттік тіл мен орыс тілін оқуты мазмұнына сонымен қатар оқытудың, сабақ жүргізудің және бағалаудың аналогты әдістері кіретін болады. Тіл мен әдебиет интеграциясының күшеюі қазақстандық оқушылардың тілдік құзырлықтарына өз үлесін әкелуі тиіс.
Орта білім мазмұнынынң жаңартылған түріне қадам басудың жоспары ретінде қаза және орыс тілдері бойынша тілдік құзырлықтарын орта деңгейден (В1, В2) жоғары деңгейге (С1) көтеру болып табылады.
Жоғарыда айтылғандай, жаңа оқу бағдарламаларындағы оқу пәндерінің мазмұны оқытудың нақты және бөлшектенген мақсаттар жүйесіне ие болады. Бұл білім беру деңгейлері: бастапқы, негізгі және жалпы орта бойынша пән мазмұнын желілік жоспарлаудың арқасында жүзеге асады. Сәтті желілік жоспарлаудың мысалдарының педагогикалық тәжірибеде сипатталғанынна қарамастан, негізгі жұмыс барысында олар жеке педагогтар мен эксперимаенталды аймақтар жұмыстары болып қала берді.
Іштей және пәнаралық байланыспен интегралданған, кең спектрдің дағдыларын өңдеуге бағытталған оқыту мақсаттарының жүйесі критерийлі бағалауға қолайлы негізді қалыпастырады. Ішкі мектептік бағаның оқушылардың шынайы жетістіктерінің секілді функционалды сауаттылық критерийлеріне сәйкестігін анықтау диагностикасы арқылы жүргізілмейінше TIMSS, PISA және PIRLS секілді ішкі обьективті бағалау құралдары потенциалды мүмкін көрсеткіштерге қарағана төмен нәтижелерді тіркейтінін әзірлеушілер жақсы біледі.
Аталмыш мән-мәтінде ҰБТ-ні оқушылардың оқу жетістіктері нәтижелерін ұлттық ішкі бағалау құралы ретінде қарастыру қажеттілік тудырады. ҚР 2014-2016 жылдарға арналған білім және ғылым даумының приоритетті бағыттарында тест тапсырмаларын құрастыру принциптерін жаңарту көзделіп отыр. ҰБТ ішкі баға ретінде мектептен түлеп ұшқан оқушының функционалды сауаттылығының даму деңгейін өлшеуі тиіс. Бұрын қоланылған автоматтандырылған сұрақтар тек білімді анықтау ғана емес, сонымен қатар алынған білімді қолдану дағдысына бағдарланған тапсырмалармен сәйкес келуі қажет. Мұнда халықаралық салыстырмалы зерттеудің құралы айтарлықтай қызмет атқаруы мүмкін. Біздің мемлекетіміз ондай зерттеулерге 2007 жылдан бері белсенді түрде қатысып келеді, біздің мамандар TIMSS және PISA тапсырмаларын құрастыру мен сараптауда жеткілікті тәжірибеге ие, арнайы мамандандырылған аналитикалық және ғылыми құрылымдар да жеткілікті.
Сонымен, көріп отырғанымыздай, халықаралық салыстырмалы зерттеу құралының нақтылығы олардың ұсыныстарын Қазақстанның білім беру ұлттық саясатын әзірлеуге, түзетуге мүмкіндік береді. Бұдан басқа, біздің мемлекетіміздің TIMSS және PISA зерттеулеріне қатысу нәтиежесі бойынша ұлттық есеп берудің қорытындылары республика жүргізілетін орта білім мазмұнын жаңарту процесінің қосымша аргументі есебіне қызмет атқарады.
Сонымен қатар орта білім беру мазмұнын жаңарту 2015 жылдан басталатынын және мектептегі білім берудің толық жаңаруы тек 2027 жылы ғана іске асатынын, халықаралық зерттеуге келесі қатысу Білім және ғылым министрлігінің 2013 жылдың 7 наурызындағы № 81 бұйрығында көрсетілгендей 2015 (PISA, TIMSS) және 2016 (PIRLS) жылдары жүзеге асатынын айта кету керек. Осыған байланысты оқушыларды халықаралық зерттеулер мазмұнын және бағдарламасын есепке ала отырып, масштабты түрде даярлау бойынша іс-шаралардың қысқа мерзімді жоспарын әзірлеу және енгізу қазіргі кезде өзекті болып отыр. Бүгінде TIMSS, PISA және PIRLS зерттеулерінде қазақстандық мектеп оқушыларының жоғары көрсеткіштері түрінде білім беру сапасын жоғарылату мақсатында ҚР БҒМ, Ы. Алтынсарин атындағы білім берудің ұлттық академиясының, Білім беру статистикасы мен бағалау орталығының, білім беру басқармаларының, республика мектептерінің және басқа да ұйымдардың қызметтері жүйелі түрде атқарылуы тиіс.
Басқаша айтқанда, мектептердің білім беру процестерінде білім беру мазмұнын жаңартудың инновациялық идеяларын жүзеге асыру процедурасын әрі қарай әзірлеу қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |