Пішін ќасиеттері


Қасиет, Уақиға, Әдіс ұғымдары



бет3/29
Дата06.01.2022
өлшемі0,65 Mb.
#11847
түріПрограмма
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29
Байланысты:
konspekt Delphi

Қасиет, Уақиға, Әдіс ұғымдары.

Қасиет – объектінің сипаттамаларын (өлшемі, түрі, түсі, экрандағы орны т.б.), немесе объектінің күйін бейнелейтін объет атрибуты.

Уақиға - объектімен танылатын әрекет болып табылады. (Тышқанмен шерткенде, фокус алғанда, пішін жүктелгенде т.б.)

Тәсіл – объектіге қатысты жасалатын әрекет болып табылады. Синтаксисі: Объект.тәсіл.


Delphi — жылдам қолданба құрастыру ортасымен танысу

Delphi программасын іске қосқаннан кейін жоба терезесі пайда болады.



Меню қатары. (1)

Delphi программасының командаларын таңдауға мүмкіндік береді.



Басты меню деп Delphi терезесінің жоғарғы жағында орналасқан мәтін жолын айтады. Ол сендерге Windows –тың басқа қолданбалары бойынша таныс менюлерге ұқсайды.

Файл – қолданбаларыңды құрайтын файлдармен жұмыс істеуге арналған. Онда жобаларды жасауға, ашуға, басуға және сақтауға болады. Жобаға пішіндерді қосуға мүмкіндік береді.

Правка – алмасу буфері арқылы көшірмелеу және кірістіру іспетті стандартты операциялар орындалады. Олар бағдарлама фрагменттеріне ғана емес, кез келген объектіге де қолданылады. Сондақ-ақ пішінде объектіні бекіту, объектілердің өзара орналасуын өзгерту мүмкінідіктері бар.

Вид - әр түрлі құрауыштар мен инстументтерді қарау режимі қосылады. Пішіндер мен бағдарламалық модульдерді, сондай-ақ даярлама процесін неғұрлым өнімді ететін алуан түрлі көмекші объектілерді қарауға болады.

Проект – жобаның жүрегі. Жобаға модульдерді қосуға, өшіруге арналған командалар, қолданба іске қосылғанда бірінші жүктелетін пішінді көрсету т.б. командалар орналасқан.

Выполнить – қолданбаны іске қосу, қатені іздеу командары орналасқан.

Сервис – қолданба терезесін баптауға арналған.

Окна – бірі пішіннен екінші пішінге жылдам ауысу, т.б. командалар.

Справка – көмек.

Жөндеу тақтасы. (3)

Программаны іске қосу, жөндеу командалары орналасқан.

Вид – панель инструментов – отладка

Стандартты тақта. (4)



Жобаны, файлды сақтау, ашу командалары орналасқан.

Вид – панель инструментов – стандартные

Объектілер бұтағы терезесі (дерева объектов) (5)

Белсенді пішінде орналасқан объектілер мен олардың байланысын көрнекі түрде бейнелеуге арналған. Бұл терезеде орналасқан кез келген компонентті шерткен кезде «инспекторлар объектісі» терезесіне сол компонеенттің қасиеттері шығады.
Объектілер инспекторы терезесі (6)

Терезе 2 астардан тұрады. 1-ші астарда объект қасиеттері бейнеленсе, 2- ші астарда белгіленген объектіге қатысты жасалатын оқиғалар тізімі көрсетіледі.



Вид-инспектор объектов

Программа коды жазылатын терезе (8)

Код терезесі программа мәтінін жазу мен редактрлеуге арналған. Бұл мәтін арнайы ережемен жазылады және программаның орындалу алгоритімін анықтайды. Delphi жүйесінде Object Pascal тілі қолданылады, ол өзімізге бұрыннан таныс паскаль тілінің жетілдірілген түрі. Объетілер инспекторы терезесіндегі объектіге қатысты оқиғаны 2 рет шерткенде бұл терезе пайда болады немесе Вид – обзор кода командасы арқылы бұл терезені шығаруға болады.

Пішін (7)

Delphi бағдарламасының негізгі объектісі - пішін. Басқа кез келген объект сыяқты, ол да қасиеттерге, әдістер мен оқиғаларға ие. Жалпы, пішін дегеніміз - әр түрлі басқару элементтері орналасатын қолданбаларыңның болашақ терезесі. Жобада бір пішін де, бірнеше пішін де болуы мүмкін. Жаңа пішін жобаға «Файл – Создать – Форма» командасы арқылы қосылады.

Жобада бар пішіндер тізімін шығару командасы: Вид – формы





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет