Пішін ќасиеттері


ОБП тілінің негізгі ұғымдары



бет9/29
Дата06.01.2022
өлшемі0,65 Mb.
#11847
түріПрограмма
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   29
ОБП тілінің негізгі ұғымдары:

объект, қасиет, тәсіл, объектілер класы, кластар иерархиясы.
Нақты Delphi тіліндегі қолданылатын объект, қасиет, тәсілдермен таныспас бұрын күнделікті өмірден бұл ұғымдарға мысалдар келтірейік.
Объект ретінде нақты нәрселер (машина, көпір т.б.) мен адам ойынан туындаған атауларды қолдануға болады. (өлең , математикалық теорема т.б.) Объектінің ақпараттық моделін оның қасиеттері білдіреді.

Қасиет – объектінің сипаттамаларын (өлшемі, түрі, түсі, көлемі т.б.), немесе объектінің күйін бейнелейтін объект атрибуты. Келесі кестеде объект пен оның қасиеттері келітірілген.




Объект аты

Қасиеті

Мұғалім

Аты

Еңбек өтілі

Пәні


Қатты диск

Көлемі

Бос орын көлемі



Құжат

Аты

Жасалу датасы

Орын алу көлемі

Орналасуы



Объект қасиеттерінің мәні



Объект аты

Қасиеті

Қабылдайтын мәні

Менің мұғалімім

Аты

Еңбек өтілі

Пәні


Нуржан Бахриденович

10 жыл


информатика

Менің қатты дискім

Көлемі

Бос орын көлемі



10 Гб

5 Гб


Менің құжат

Аты

Жасалу датасы

Орын алу көлемі

Орналасуы



Main.doc

2007 жыл, 10 қазан.

50 Кб

С:\Documents




Delphi тілінде объект қасиетінің қабылдайтын мәні меншіктеу командасы арқылы орындалады. Мысалы:

Form1.caption : = ‘программа’; {терезе тақырыбы: программа}

Form1.width : = 500; {терезе ені 500 пиксель}

Form1.heigth : = 1000; {терезе биіктігі 1000 пиксель}
Тәсіл – объектіге қатысты немесе объект жасай алатын әрекеттер.

Объект аты

Әдістер

Менің мұғалімім

Лекция оқу

Экзамен қабылдау

Конультация өткізу.


Менің қатты дискім

Форматтау

Көшіру


Менің құжат

Ашу

Оқу


Жазу

Атын өзгерту




Delphi тілінде тәсіл дегеніміз: объектіге қатысты немесе объект жасай алатын процедуралар мен функциялар.

Мысалы:

Form1.show; {пішінді көрсету}

Form1.close; {пішінді жабу}
Егер объектілер бірдей қасиеттер мен әдістерге ие болса онда олар объектілер класын құрайды.
Мысалы, Менің мұғалімім, оның мұғалімі, математика мұғалімі, информатика мұғалімі Мұғалім класынан тарайды. Объектілер класы ағаш құрылымдас болады.
Кластар иерархиясы
Насекомдар

Қанатты Қанатсыз


Шыбын Шіркей көбелек Құмырсқа Құрт

Бұндай иерархиялық құрылымда кластар арасындағы мұрагерлік қатынастар тарайды. Яғни екінші деңгейдегі класс бірінші деңгейдегі кластың қасиеттерін және әдістерін мұрагерлікке алады.
Мысалы:

Транспорт


Автомобиль Корабль Ұшақ


Жүк автомобилі Авианосец




Класс аты

Қасиеті

Тәсілі

Транспорт

Жылдамдық

Қуат


Құны

Алға жүру

Автомобиль

Жылдамдық*

Қуат*


Құны*

Маркасы


Жүрген жолы

Алға жүру

Артқа жүру



Жүк машинасы

Жылдамдық*

Қуат*


Құны*

Маркасы*


Жүрген жолы*

Жүк көтеру салмағы



Алға жүру

Артқа жүру



Корабль

Жылдамдық*

Қуат*


Құны*

Орналасуы

Су сыйымдылығы


Алға жүру

Артқа жүру



Авианосец

Жылдамдық*

Қуат*


Құны*

Орналасуы*

Су сыйымдылығы*

Ұшақ саны



Алға жүру

Артқа жүру

Ұшақты ұшыру


Ұшақ

Жылдамдық*

Қуат*


Құны*

Аты


Ұшу биіктігі

Алға жүру

Жоғару көтерілу

Төмен түсу

Қорытынды:

Объектіге – бағытталған программалау тілінде иерархиялық құрылымдағы объектілер қолданылады. Объектілер кластардан мұрагерлік принціпі бойынша тарайды. Яғни екінші класс бірінші деңгейдегі кластың бүкіл қасиеттеріне ие болады және өзінің арнайы қаситтерімен, әдістерімен толықтырылады.


Компоненттер.

Визуалды компоненттер кітапханасы
Delphi тілінде кластар, Визуалды компоненттер кітапханасы (Visual Component Library) деп аталатын күрделі иерархиялық құрылымнан тұрады.

Объектілер кластардан мұрагерлік принціпі бойынша тарайды. Яғни екінші класс бірінші деңгейдегі кластың бүкіл қасиеттеріне ие болады және өзінің арнайы қаситтерімен, әдістерімен толықтырылады.



Төмендегі суретте негізгі кластар иерархиясы көрсетілген. Қалғандары осы кластардан тарайды.

TComponent класынан тарайтын кластар компонент деп аталады, ал басқаларынан тарайтындары объект деп аталады. Компонент пен объектінің айырмашылығы: компонентті пішінде қозғауға, жылжытуға болса, ал объектімен ондай іс әрекет орындай алмаймыз. Мысалға VCL құрамына кіретін бірақ компонентке жатпайтын Tfont класын алайық.. Біз оны пішінге орналастыра алмаймыз, бірақ Label, Edit компоненттерімен жұмыс істегенде Tfont класынан тарайтын font қасиетін қолданамыз.

Тағы айта кететін жағдай TComponent класынан тарайтын барлық компоненттер визуалды емес. Мысалға Timer компоненті бағдарлама орындалу барысында көрінбейді.
Tobject класы

Tobject класы барлық кластардың негізін құрайды және ол объектілерді жасауға, басқаруға, жоюға мүмкіндік береді. Ол үшін төмедегідей объектінің тәсілдері қолданылады:





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет