Пішін ќасиеттері



бет8/29
Дата06.01.2022
өлшемі0,65 Mb.
#11847
түріПрограмма
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   29
Байланысты:
konspekt Delphi

Жобаның құрылымы:
Жобаның файлы Object Pascal тілінде жазылған және компилятормен өңделетін бағдарлама. Бұл бағдарламаны Delphi автоматты түрде құрастырады (1 сурет) және ол бірнеше жолдардан тұрады.


1- сурет. Жобаның құрылымы.

Бұл терезеге өту үшін: Проект – Показать исходный текст командасын орындау керек. Бағдарлама Program сөзінен басталып, End сөзінен кейін қойылған нүктемен аяқталады. Object Pascal тілінде көптеген арнайы сөздер әртүрлі нұсқау ретінде қолданылады, компилятор оларды солдан оңға және жоғарыдан төмен қарай оқиды. Жүйелі жақшаға {} алынған таңбалар түсініктеме ретінде қолданылады. Сонымен қатар, түсініктемені көрсету үшін (* түсінік сөз*) немесе // түсінік сөз// белгілерін қолдануға болады.

Бірақ {$R *.res} жолы түсініктеме емес, ол компиляторға берілген нұсқау(команда) болып табылады. Ол бағдарламаны ресурстар файлын қоса есептегенде компиляциялау керек екендігін баяндайды.

program Project1; мұндағы Project1 программа аты.

uses

Forms,


Unit1 in 'Unit1.pas' {Form1},

Unit2 in 'Unit2.pas' {Form2},

Unit3 in 'Unit3.pas';

Uses – сөзімен басталған сөйлем бағдарламаны осы сөзбен анықталған басқа файлдарда орналасқан модульдерді қоса есептегенде компиляциялау керек екенін хабарлайды.

begin

Application.Initialize;



Application.CreateForm(TForm1, Form1);

Application.CreateForm(TForm2, Form2);

Application.Run;

end.
Әр оператор Application (Қосымша) объектінің белгілі бір әдісін шақыру жұмысын атқарады.

Application.Initialize; әдісі арқылы бағдарлама Windows-тың басқаруымен әртүрлі көмекші жұмыстарды орындайды. Application.Initialize әдісі шақырылғанда компилятордың құрастырған коды процессорды Delphi ортасының даяр тұрған командасын орындатуға мұқтаж етеді.

Application.CreateForm негізгі терезені құрастырып, оны экранда көрсетеді.

Application.Run; әдісі Windows –тан келген хабарды қабылдайды.

Жобаның коды, жоғарыда айтылғандай Delphi ортасымен құрастырылады және көптеген жағдайда бұл кодқа тиісуге тиым салынады.

Модульдер.

Модульдер – бағдарламаның үзіндісін орналастыру үшін қолданылатын бірлік. Модуль деп бағдарламаның белгілі бір тәуелсіз бөлігін атайды және олар стандартты немесе бейстандартты болып екі топқа бөлінеді. Модульдің коды бағдарламаның бет алысын анықтайды.

Модуль басқа модульдерде және бағдарламаларда пайдалану мүмкіндігін туғызатын бөлек компиляцияланатын әр түрлі типтердің анықтамалық бөлігінен және орындалатын операторлар жиынтығынан тұратын бағдарлама. Модульдер қолданбалы бағдарламалардың жиынын құрастыруға мүмкіндік береді және олар жадтың бөлек сегментінде орналасады. Жалпы модульдер бөлек орындала алмайтын бағдарлама. Модульдерді қолдану арқылы күрделі бағдарламалар құруға болады.
Кез келген модулдьдың құрамына келесі бөліктер енеді:

Тақырыбы;

Интерфейстік бөлігі;

Орындалатын бөлігі;

Терминатор (нүкте)

Модуль тақырыбы Unit арнайы сөзінен басталады, сонан соң модуль атауы және нүктелі үтір тұрады. Интерфейстік бөлігі interface, орындалатын бөлігі implementation –түйінді сөзімен басталады. Модульдің терминаторы End. Түйінді сөзімен аяқталады.



unit Unit1;

interface

uses - модульдер тізімі

const – тұрақтылар тізімі

type – типтер анықтамасы

private – бұл секцияда жарияланған айнымалы тек осы модульде көрінеді.

public – бұл секцияда жарияланған айнымалылар бұл модульге қатынайтын басқа модульдерге де көрінеді.

var - бұл секцияда жарияланған айнымалы тек осы модульде көрінеді.

implementation

{$R *.dfm}

procedure TForm1.FormCreate(Sender: TObject);

begin

end;

end.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет