Питон (Python) тілінде программалау 1 дәріс – Python тіліне кіріспе



бет19/19
Дата07.01.2022
өлшемі0,82 Mb.
#20182
түріПрограмма
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19

Практикалық жұмыс

  • A және В бүтін сандары берілген. Егер A < B болса, А-дан В-ға дейінгі барлық сандарды өсу ретімен, кері жағдайда, оларды кему ретімен экранға шыарыңыз.
  • A және В бүтін сандары берілген, A>B. А-дан В-ға дейінгі барлық тақ сандарды кему ретімен экранға шығарыңыз. Бұл есепті if операторын қолданбай шығаруға болады.
  • 10 бүтін сан берілген. Солардың қосындысын табу керек. Осы прог-рамманы айнымалылардың ең аз санын қолдана отырып шығаруға тырысыңыз.
  • Берілген n натурал санының факториалын (n!) табу қажет. Мұнда математикалық math кітапханасын қолдануға болмайды.

Практикалық жұмыс

Берілген  n натурал саны бойынша келесі қосындыны 

s = 1!+2!+3!+...+n!1!+2!+3!+...+n!

табу керек. Бұл есепте тек бір ғана циклді қолдануға болады.

Mұнда math кітапханасын қолдануға да болмайды.

Maтематикалық операторлар


Операциясы

Синтаксисі

Функциясы

Қосу

a + b

add(a, b)

Біріктіру

seq1 + seq2

concat(seq1, seq2)

Containment Test

obj in seq

contains(seq, obj)

Бөлу

a / b

truediv(a, b)

Бөлу (бүтін бөлінді алу)

a // b

floordiv(a, b)

ЖӘНЕ (биттер үшін)

a & b

and_(a, b)

Bitwise Exclusive Or

a ^ b

xor(a, b)

ТЕРІСТЕУ (биттер үшін)

~ a

invert(a)

НЕМЕСЕ (биттер үшін)

a | b

or_(a, b)

Дәрежелеу

a ** b

pow(a, b)

Identity

a is b

is_(a, b)

Identity

a is not b

is_not(a, b)

Тізім элементін өзгерту

obj[k] = v

setitem(obj, k, v)

Тізім элементін өшіру

del obj[k]

delitem(obj, k)

Тізім элементін индекстеу

obj[k]

getitem(obj, k)

Солға жылжыту (биттер)

a << b

lshift(a, b)

Қалдық табу

a % b

mod(a, b)

Операциясы

Синтаксисі

Функциясы

Көбейту

a * b

mul(a, b)

Матрицалық көбейту

a @ b

matmul(a, b)

Терістеу (арифметикалық)

-a

neg(a)

Терістеу (Логикалық)

not a

not_(a)

Оң таңбалы

+a

pos(a)

Оңға жылжыту

a >> b

rshift(a, b)

Тізім бөлігін орнату

seq[i:j] = values

setitem(seq, slice(i, j), values)

Тізім бөлігін өшіру

del seq[i:j]

delitem(seq, slice(i, j))

Тізім бөлігін қиып алу

seq[i:j]

getitem(seq, slice(i, j))

Тіркесті форматтау

s % obj

mod(s, obj)

Азайту

a - b

sub(a, b)

Дұрыстығын тесеру

obj

truth(obj)

Реттеу

a < b

lt(a, b)

Реттеу

a <= b

le(a, b)

Тең екенін анықтау

a == b

eq(a, b)

Тең емес екенін анықтау

a != b

ne(a, b)

Реттеу

a >= b

ge(a, b)

Maтематикалық операторлар (жалғасы)

Мәліметтерді енгізу

  • Мәліметтерді енгізу үшін ішкі "input" деп аталатын функцияны қолдануға болады:
  • Мысалы:
    • a = input("Қолданушыдан бір нәрсе енгізуді сұраңыз ") (python 3.*)
      • Тек сөз тіркесін (string) қайтарады
    • b = raw_input("Қолданушыдан бір нәрсе енгізуді сұраңыз ") (python 2.*)
      • Бұл да тек сөз тіркесін (string) қайтарады
    • b = input("Қолданушыдан бір нәрсе енгізуді сұраңыз ") (python 2.*)
      • Енгізілген мәліметтер типін қайтарады

Мәліметтерді енгізу

  • Пернелерден мәліметтер енгізу - input("Бірдеңе енгіз:")
  • Программа жұмысы тоқталады, сол сәтте бір мән енгізіп, Enter бассақ, жұмыс ары қарай жалғасады.
  • Мысал:
  • name = input("Атың кім?")

    print('Сәлем, ' + name)

    jauap = input(" Python үйренгің келе ме? (Иә/Жоқ) ")

    if jauap = "Иә" :

    print(" онда дос боламыз, программа құрамыз...")

    elif jauap == "Жоқ" : print(" онда 'Қош бол!' үйіңе қайт...") else : print("Не деп отырсың? Тұр орныңнан...")


Атың кім? Бекен

Сәлем, Бекен

Python үйренгің келе ме? (Иә/Жоқ) Иә

онда дос боламыз, программа құрамыз...

Атың кім? Секен

Сәлем, Секен

Python үйренгің келе ме? (Иә/Жоқ) Жоқ

онда 'Қош бол!' үйіңе қайт...

Атың кім? Төкен

Сәлем, Төкен

Python үйренгің келе ме? (Иә/Жоқ) Білмедім

Не деп отырсың? Тұр орныңнан...


Кодқа комментарийлер қосу

  • Кодқа комментарий қосу программалаудың жақсы тәсілі
  • Комментарийлер сіздің кодыңызды басқалардың (бірігіп жұмыс істейтін мамандардың) түсінуін жеңілдетеді
  • Кодқа комментарийлер қосу үшін келесі тәсілдерді қолданыңыз:
  • # - осы таңбадан (шарп) басталатын комментарий жол соңында тұрады

    ''' сөйлемдер ''' – үш жалқы тырнақшамен басталып, үш жалқы тырнақшамен аяқталатын күрделі комментарийлер, бұлар бірнеше жолдардан тұратын түсініктеме мәтіндер түрінде болады

Сөз тіркестері

  • Python-да сөз тіркестерін (тіркестерді) де салыстыруға болады. Мысалы:
  • name1 = 'Mary'

    name2 = 'Mark'

    if name1 == name2:

    print ('Аттар бірдей.')

    else:

    print ('Аттар бірдей ЕМЕС.')

    'Mary' мен 'Mark' бірдей емес, сондықтан else бөлігі 'Аттар бірдей ЕМЕС.' деген нәтиже береді.

Сөз тіркестері

  • Келесі программа құпиясөз (пароль - password) енгізуді сұрайды, сонан соң оның бұрыннан сақталған 'koseu' сөзімен бірдей екендігі анықталады.
  • # Қолданушыдан құпиясөз енгізуді сұрау password = input('Құпиясөз енгізіңіз: ') if password == 'koseu': print ('Бәрі дұрыс. ') else: print ('Құпиясөз дұрыс емес.')


Нәтижесі:

Құпиясөз енгізіңіз: koseu

Бәрі дұрыс.

Сөз тіркестері

A = 90; B = 70; C = 60; D = 50 # Қолданушы балл енгізеді ball = int(input('Балл мөлшерін енгізіңіз: ')) if ball >=A: print('Әріптік баға - A') elif ball >=B: print('Әріптік баға - B') elif ball >= C: print('Әріптік баға - C') elif ball >= D: print('Әріптік баға - D') else: print('Әріптік баға - F')


Нәтижесі:

Балл мөлшерін енгізіңіз: 85

Әріптік баға - B

Сөз тіркестері

  • ASCII кодтары символдарды реттеп орналастырады. "А" символы "В" символының алдында тұрады (А – 65, В – 66), ал ол "С" символының алдында (С - 67), т.с.с.
  • Программа символдарды салыстырғанда, олардың кодтарын салыстырады, мысалы, мынадай if:
  • if 'а'< 'b': print ('а әрпі b әрпінен кіші ')

    дұрыс жазылған шарт, яғни ‘a’ – 97, ал ‘b’ – 98 болып табылады.

    A-Z кодтары 65 пен 90 аралығында,

    ал a-z 97 мен 122 аралығында орналасқан.

Мысалдар орындау

a = 54321.6789 print('a санының мәні = ',format(a,'10.2f')) # 10.2 # a санының мәні = 54321.68 ұзындығы – 10, бөлшегі - 2 print(format(123456789,'14,d')) # ұзындығы – 14 цифр # 123,456,789


Нәтижесі: a санының мәні = 54321.68

123,456,789


Мысалдар орындау

# Төмендегі нақты (бөлшек) сандар # нүкте бойынша тураланып, бір бағанаға шығарылады. num1 = 127.899 num2 = 3465.148 num3 = 3.776 # Сандар ені - 7 таңба,дәлдігі,яғни бөлшегі 2 - таңба print(format(num1,'7.2f')) print(format(num2,'7.2f')) print(format(num3,'7.2f'))


Нәтижелері:

127.90

3465.15

3.78

Мысалдар орындау

  • Бүтін сандарды форматтау
  • format функциясы бүтін сандарды да форматтайды. Оның форматын жазудың екі ерекшелігі бар:
  • тип көрсеткіші ретінде d символы жазылады;
  • дәлдігі көрсетілмейді.
  • 123456 санын форматсыз жазайық:

    print(format(123456, 'd'))

    Ал енді сол санның мыңдықтарын үтірмен бөліп жазайық:

    print(format(123456, ',d'))


Нәтижесі: 123456

Нәтижесі: 123,456


Мысалдар орындау

  • Нақты сандарды пайыз (%) түрінде форматтап шығару
  • Мұнда f орнына тип көрсеткіші ретінде % символы қолданылады. % символы санды 100-ге көбейтіп, оның соңына % таңбасын қосып жазады. Төменде мысал келтірілген:
  • print(format(0.5, '%'))

  • Дәлдігін нөл арқылы берсек, нәтижесі бүтін сан болады:
  • print(format(0.5, '.0%'))


Нәтижесі: 50.000000%

Нәтижесі: 50%


Қорытынды

  • Сонымен Питон жылан емес (бірақ қашса қуып жетіңіз)
  • Енді print() функциясын дұрыс қолданатын болдыңыз
  • Питондағы шартты операторларды жазуды үйрендіңіз
  • Питондағы математикалық операторларды да игердіңіз
  • Мәліметтерді пернетақтадан енгізе алатын болдыңыз

Бүгінгі дәріс аяқталды. Тыңдағандарыңызға рахмет!


Егер үйде мысық , күшіктеріңіз болмаса, Питонды айналдырыңдар.

Енді мыналарды білетін болдыңыздар

    • print() операторын пайдалану жолдары (бір-екі жолға, форматпен, форматсыз, сөздер арасын әртүрлі таңбамен бөлу, санның дәлдігін беру);
    • Мәліметтерді экранға дұрыс рәсімдеп шығару тәсілдері;
    • Математикалық операциялардың, шартты операторлардың қарапайым, күрделі тәсілдерін қолдана білу;
    • Пернетақтадан сандар, сөз тіркестерін енгізу, оларды айнымалыларға меншіктеу тәсілдері;
    • Комментарийлер (түсініктемелер) беру жолдары.
    • Келесі сабақта осы тақырыптар сұрақтарына жауап бересіздер

Академиялық тәртіп талаптары

  • Оқу керек, ұстазды алдамай, басқалардан көшірмей, тазалықпен білім алуға талпыныңдар!
  • Алдаған шәкірттерге, жұмысын басқаларға көшіруге бергендерге, көшіріп алғандарға 0 балл қойылады немесе балл шегеріледі.
  • Сұрақтарыңыз болса, ұстазбен байланысуға, кездесуге келіңіздер.
  • Бағалау жүйесі:
    • 60% - лабораториялық жұмыстарды орындау, рәсімдеу, тапсыру, айтып беру
    • 20% - әр сабаққа алдын ала дайындалу, өзіндік жұмыстар орындау, қосымша есептер шығару
    • 20% - бақылау жұмыстарын орындау, аралық тексеруден (midterm) өту, күрделі есептер шығару, жеке тапсырмалар алып, соларды орындау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет