Шынымен де пластик ыдыстардан пайдалы нәрселер жасауға болады. [6]Ғаламторды ақтара отырып,біз пластик ыдыстардан жасалған әр түрлі нәрселерді көріп,өзіміз үйден олардың бірнешеуін жасадық. [4] Мысалы: олардың ішінде бақшаны сәндейтін гүлдер,көбелектер,қарындаш қалам салуға ыдыстар,гүл құмыралары т.б. әдемі қолөнерлері бар.Қиялымызға ерік беру арқылы жоқтан бар жасауға болатынын дәлелдедік. «Гелиос» жанармай бекетінде әдемі етіп көлік дөңгелегіне жапсырып, боялған пластик шөлмектерін көрдік.Шарбақтың сәнін келтіріп тұр.Адам баласының қиялында шек жоқ деген осы ғой.[8]
1938 жылы АҚШ-та алғаш рет мойынтірекке (подшипники) арналған шарлар, киім, балық ауларын және теннис ракеткаларының ішектерін және т.б. заттарды жасайтын нейлон алынды. Оны жасауға Нью-Йорк және Лондон ғалымдары қатысқандықтан, оның аты осы екі қаланың «Nylon» алғашқы әріптерінен құралған.
Барлық пластмассалар мен жасанды талшықтар – қосындылардың ерекше тобы. Олар «полимерлер» деп аталады. Барлық полимерлер бір-бірімен байланысты ұсақ молекулалардың тізбегінен тұрады.
Дегенмен көптеген жасанды материалдар, соның ішінде пластмассалар табиғатта ыдырамайтындықтан, қоршаған ортаны ластауда. Сондықтан қазіргі таңда ғалымдар тікелей шикі мұнайдан өндірілмейтін, экологиялық таза пластмассаларды жасау жолында белсенді қызмет атқаруда.
Пластик өндірісінен бастап кәдеге жаратылғанға дейін қоршаған ортаға елеулі зиян келтіреді. Пластикалық өнімдерді шығаратын зауыттар жылына атмосфераға 400 млн. тоннаға дейін көмірқышқыл газын шығарады және бүгінде жануарлардың шамамен 800-дей түрінің пластикті жеп қоюына байланысты және пластикпен улану салдарынан жойылып кету қаупі төніп тұр.
Бір реттік қалталар қаланың кәріз жүйесін толтырып тастайды және су басу қаупін тудырады, пластмасса қоқыстар, туризм саласына зиян келтіре отырып, демалуға арналған орындарды, жағалаулар мен жағалау аймақтарын ластайды.
Қазақстанның мұхиттарға шығуы болмағынына қарамастан, мұхиттардағы пластмассалар, әдетте, жыл бойында ыдырайды, бірақ толықтай емес және бұл процесс барысында бифенол А және полистирол сияқты улы химикаттар белгілі бір пластмасса түрлерінен суға түседі. 2012 жылы әлемдегі мұхиттарда шамамен 165 миллионтонна пластик қалдықтары бар деп есептелген. 2014 жылғы бағалау бойынша мұхит бетінде 268 940 тонна пластик бар, ал пластикалық қалдықтардың бөлек бөлшектерінің жалпы саны 5,25 триллион тоннаны құрайды.
Пластикалық ластану - су қоймаларының ластануы (өзендерге, көлдерге, теңіздерге антропогендік қалдықтарды тастау), бір реттік пластикалық бөлшектермен, пластикалық торлармен және т.б. судың ластануы. Жыл сайын шығарылатын пластмассадан жасалған өнімдердің көп мөлшері бір рет қолдануға арналған: әдетте бір жыл ішінде бір рет пайдаланылатын бір реттік орауыш заттар немесе өнімдер.
Пластиктің екі жүз жылға жуық уақытта ыдырайтындығы белгілі. Пластмассалар жерге түскенде ұсақ бөлшектерге ажырайды да, өзінен қоршаған ортаға химиялық заттарды бөле бастайды. Жер асты сулары арқылы пластиктің ұсақ түйіршіктері және оның химиялық заттары ең жақын су көздеріне түседі, бұл жануарлардың жаппай қырылуына әкеледі.
ТҚҚ үйінділерінің полигондары үнемі пластмассаныңәр түрімен толтырылып тасталған. Бұл қоқыстарда пластиктің биодеградациясын жеделдететін көптеген микроорганизмдер бар. Биоыдырайтын пластиктерге келер болсақ, олар ыдыраған кезде метан бөлініп шығады, бұл атмосфераға диоксиндер мен фурандар бөліп шығаратын өте күшті парниктік газ болып табылады.
Пластмассалар құрамында пластиктің түріне байланысты көптеген химиялық заттардың түрлеріболады. Пластмассаның жан-жақты қолданылуының негізгі себептерінің бірден-бірі құрамына химиялық қосылуы болып табылады. Пластмасса өндірісінде пайдаланылатын кейбір химиялық заттар адамдардың тамақ тізбегінің нәтижесіндежұтылу қаупін тудырады.
Сондай-ақ, пластикалық ластанудың әсерінен жануарлардың да улану қаупі бар, бұл өз кезегінде адамға азық-түлік өнімдерін жеткізу барысына кедергі келтіруі мүмкін.
Пластикалық ластану ірі теңіз сүтқоректілеріне өте зиянды әсер ететін заттар ретінде сипатталған және «Introduction to Marine Biology»кітабында олар үшін «ең қауіпті қатер» деп аталды (пластмасса жануарлардың асқазан-ішек жолдарын бекітіп тастайды, теңіз сүтқоректілері пластмассалық торларда шырмалып қалады да, оның соңы өлімге немесе ауыр жарылуларға және жараларға алып келеді).
Өркениеттің заманауи игіліктері көбінесе адамдар үшін жайлылық жаратып қана қоймай, табиғатқа орны толмас залал келтіреді. Тек соңғы 10 жылда ғана әлемде өткен ғасырмен салыстырғанда пластикалық өнімдер көп өндірілді.
Бір реттік ыдыс, қалталар, қаптамалар, бөтелкелер және түрлі ыдыстар – біз күнделікті «өндіретін» пластикалық қалдықтардың ең көп тараған түрлеріне жатады. Қазақстанда қалыптасқан көлемнің тек 28,7 пайызы ғана қайта өңделген және адам өмірінде және тұрмыстық шарттарда қайта қолданылады.