«Плассмастың жаңа өмірі» сынып оқушысы Ғылыми жетекшісі: 2021-2021 оқу жылы


А ) Пластмасс шөлмектен жасалынған қызықты дүниелер



бет9/9
Дата10.04.2023
өлшемі0,98 Mb.
#81138
1   2   3   4   5   6   7   8   9
А ) Пластмасс шөлмектен жасалынған қызықты дүниелер

Шынымен де пластик ыдыстардан пайдалы нәрселер жасауға болады. Ғаламторды ақтара отырып, біз пластик ыдыстардан жасалған әр түрлі нәрселерді көріп, өзіміз үйден олардың бірнешеуін жасадық. Мысалы: олардың ішінде бақшаны сәндейтін гүлдер, көбелектер, қарындаш қалам салуға ыдыстар, гүл құмыралары т.б. әдемі қолөнерлері бар. Қиялымызға ерік беру арқылы жоқтан бар жасауға болатынын дәлелдедік. Адам баласының қиялында шек жоқ деген осы ғой. Осының тағы бір көрінісі – ұстасыз жасалған қайық.




Б) Пластик ыдыстардан (қатты қалдық) сәнді киім жасау
Қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта кәдеге жаратудың тиімді жолын Оралдық сәнқойлар ұсынып отыр. Балалардың сән театрына қажетті киімдер тек пластик бұйымдардан ғана жасалады.


Пластмасс қалдықтарын қайта өңдеу және кәдеге жарату

Тұрмыстық қалдықтарды өңдеу мен кәдеге жарату - бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі. Бұл әлемдік деңгейдегі мәселе. Мысалы, Қаныш Сатпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің мәліметі бойынша, Швецияда тұтыну қалдықтарының 25%-ы қайта өңделіп, пайдалануға жіберіледі, Жапонияда ол 30% құрайды, Германияда 35%. Ал, Қазақстанда коммуналдық тұрмыстық қалдықтардың 2,5%-ы ғана кәдеге жаратылып, қалғаны 97,5%-ы компоненттерге бөлінбестен тасымалданып полигондарға немесе Қазақстан Республикасының табиғат қорғау және санитарлық заңнамасының талаптарына сай емес арнаулы орындарда жинақталып, ашық қоқыстарда қордаланады. Нәтижесінде өңірдің экологиялық жағдайының нашарлауына үлкен үлес қосады.


Байланыстырғыш материал ретінде қолданылатын пластмасса қалдықтарынан алынатын бұйымдар мен құрылыс материалдарын ыстық пресстеу арқылы жүргізеді, ысыту барысында полимер балқиды, суытқанда қатаяды.

Жиналатын қоқыстардың мөлшері ұдайы өсіп келеді. Қазіргі уақытта әрбір азаматқа жылына 150-600 кг қоқыстан келеді. Қоқысты ең көп шығаратын елдер: АҚШ (бір тұрғынға жылына 520кг), Норвегия, Испания, Швеция, Нидерландтар-200-250 кг, Мәскеу қаласы-300-350 кг. Қатты тұрмыстық қалдықтар негізінен тұрғындардың өмірінде, сондай-ақ кәсіпорындардың қызмет үрдістерінде пайда болған тұтыну саласының қалдықтары болып табылады. Олар тұрмыста одан әрі пайдалануға келмейтін пластмасс қалдықтары болып табылады. Бұл қылдықтар тұрғын үйлерде, мекемелерде, жалпы пайдаланудағы кәсіпорындарда пайда болады және жинақталады.


Өнеркәсіп қалдықтарын шығару қажет, өйткені бұл қалдықтар көпшілік жағдайда зиянды заттардан тұрады, ол қоршаған ортаны ластап қана қоймай, сонымен бірге адамның денсаулығына зиян келтіреді. Өндірістер кейін қалған қоқысты шығару осыған арналған арнайы контейнер-жинақтауыштармен жүзеге асырылуы қажет. Өнеркәсіп қалдықтарын кәдеге жаратудың негізгі тәсілдері – бұл арнайы қоқыс полигондарына апару. Бұдан басқа, өнеркәсіп қалдықтарының шағын бөлігі температурасы жоғары пештерде жағылады.
Қазір республикамызда 6325 елді мекеннің 4525-інде ғана ҚТҚ мен күл-қоқыс төгілетін арнаулы бөлінген полигондар бар. Оның тек қана 6,8 пайызы немесе 307-сі ғана заңдастырылған. Қалған күл-қоқыс полигондары кез-келген жерде, қалай болса солай қалып­тасқан. Ол ол ма, республи­камыздағы 6325 елді мекеннің 25 пайызында немесе 1558 елді мекенде ғана ҚТҚ мен күл-қоқысты арнаулы полигондар­ға таситын кәсіпорындар бар. Ал қалған 75 пайызы немесе 4767 елді мекенде күл-қоқыс үй іргесінде немесе елді мекен маңында ша­шылып жатыр.
Сарапшылар дерегі бойынша, жыл сайын елімізде 700 миллион тонна өнеркәсіптік қоқыс пен қалдықтар жиналатын болса, оның 250 миллионы денсаулыққа қауіпті улы заттар көрінеді. Осы зиянды қоқыс шығаруда Қарағандының тау-кен және кен байыту кешендері (29,4 пайыз) бірінші орынды иеленсе, Шығыс Қазақстан облысы (25,7 пайыз) екінші орынды, ал тиісінше 17,0 пайыз және 14,0 пайыз қоқыс «өндіретін» Қостанай мен Павлодар облыстары үшінші орынды бөліседі. Қоршаған ортаны ірі ластаушылар «АрселорМиттал Теміртау» АҚ, «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС, «Жәйрем КБК» АҚ, «Теміртау электр-металлургиялық комбинаты» АҚ, «Караганда Энергоцентр» ЖШС, «Централ Азия Цемент» АҚ, «ШұбаркөлКөмір» АҚ, «Қазақмыс Энерджи» ЖШС, «Қазақмыс Смэлтинг» ЖШС, «Монополи ССА» ЖШС кәсіпорындары болып табылады.
Дәл қазіргі уақытта жобалық қуаты 20,6 млн тоннаны құрайтын қалдықтарлы көмуге арналған 202 полигон жұмыс жасайды. 3 жылда көмілген қалдық көлемі 4,7 млн тоннадан 5,5 млн тоннаға дейін артқан. 202 полигонның 45-інде қоршаған ортаға шығаруға рұқсат бар, ол жалпы полигонның 22 пайызын құрайды. 2014 жылы-21 полигон, 2013 жылы-11 полигон, 2012 жылы-9 полигон.
Кесте 1- Қарағанды облысы бойынша соңғы үш жылдағы кәдеге жаратылған қалдықтар мөлшері туралы деректер

Жыл

Жинақталған өнеркәсіп қалдықтар көлемі

Кәдеге жаратылған қалдықтар көлемі

2014 жылы

205491,370 мың тонна

70111,637 мың тонна

2015 жылы

101276,822 мың тонна

37022,748 мың тонна

2016 жылы

98233,480 мың тонна

35083,386 мың тонна

Ескерту - Өнеркәсіп, шағын және орта бизнесті дамыту, аграрлық
мәселелер және экология жөніндегі тұрақты комиссияның есебінен
алынған [2]

Кесте 2- Қарағанды облысын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған бағдарламасы негізінде экологиялық қауіпсіздікпен қамтамасыз ету және қоршаған ортаны қорғау бойынша тұрмыстық қатты қалдықтармен жұмыс жүргізу жоспары

Жыл

Тұрмыстық қатты қалдықтарды орналастыру объектілерінің үлесі , %

Пайда болған тұрмыстық қатты қалдықтарды кәдеге жарату үлесі, %

2014 жылы

22,0

1,5

2015 жылы

24,0

1,8

2016 жылы

25

2,1

2017 жылы

27,5

3

2018 жылы

30

5

2019 жылы

40

9

2020 жылы

50

10

Ескерту- ҚР Энергетика министрлігінің ведомстволық есептілігінен алынған[3]



Тұрмыстық қалдықтардың қоршаған ортаға зиянды әсерін азайту немесе болдырмау үшін оларды міндетті түрде жіктеуге, топтастыруға тура келеді. Тұрмыстық қалдықтарды жіктеу және топтастыру аса күрделі де қиын мәселе. Қалдықтарды ең алдымен агрегаттық күйлеріне байланысты топтастыруға болады. Бұл кәдімгі қатты, сұйық және газ тәрізді деп жіктеу болып табылады. Сонан соң қалдықтар химиялық құрамына қарай органикалық және бейорганикалық деп бөлінеді. Тұрмыстық қалдықтар пайдаға асырылатын және пайдаға асырылмайтын болып бөлінеді. Пайдаға асырылатын және асырылмайтын қатты және сұйық қалдықтар жанатын және жанбайтын топтарға бөлінеді. Жанбайтын пайдаға асырылатын қалдықтарға үй-жайды жөндеуден өткізу кезінде түзілетін қоқыстар, ыдыс-аяқтардың сынықтары, т.б. жатқызуға болады. Ыдыс-аяқ сынықтарын құрылыс материалдары ретінде, яғни қабырғаларға мозаика түрінде жабыстыруға, есік алдын, үй іргетасын әрлегенде пайдаланып жатады. Ал, мүлде пайдалануға жарамайтындары көмуге жіберіледі. Жанатын пайдаға асырылатын қалдықтарға ағаш қалдықтарын, қағаз қалдықтары - макулатураны, құрамында резеңкесі бар қалдықтарды, түрлі майлар мен еріткіштерді жатқызуға болады. Бұл қалдықтарды зиянсыз түрге айналдыру үшін камералық цехтарда жағады. Бөлініп шыққан жылуды өндірістік айналымдарда немесе жанбайтын қалдықтарды зиянсыздандыру үшін пайдаланады. Ал жағу үдерісінің нәтижесінде шыққан қалдықтар көмуге жіберіледі. Кейбір қалдықтарды көму алдында жағу арқылы көлемін кішірейтуге болады.
Улы қалдықтарды көму, сақтау, жинақтау, тасымалдау туралы шешім қабылдауда үшін олардың қауіптілік (уыттылық) сыныбын негізге алу маңызды. Қалдықтар уыттылық сыныбы мен қоршаған ортаға келтіретін зиянына байланысты үш топқа бөлінеді:
• Ұзақ мерзімге сақтауға болмайтын қалдықтар;
• Сақтау көлемі мен мерзімі шектелген қалдықтар;
• Үш жылға дейінгі ұзақ мерзімге сақтауға рұқсат етілген қалдықтар.
Ұзақ мерзімге сақтауға болмайтын қалдықтардың уыттылық сыныбы жоғары болады.
Халқымыз атамекенін асылындай аялауды атадан балаға мирас еткен. Ендеше, қа­зақ даласы күл-қоқыс қойма­сы емес. Бүгінгі ұрпаққа айтар ұлағат, жеткіншектер санасына құятын ғибрат туған жеріміздің тоқымдай телімін тусыратпай, сай-саласын ҚТҚ мен күл-қоқысқа толтырмай, қоқыспен бітелген бұлақтардың көзін ашып, тауы мен тасын көздің қара­шығындай қорғау - халықтық мүддеміз, перзенттік парызымыз. Иә, бүкіл өркениетті әлем қоршаған ортасын қорғап, қасіреті қалың Жер-ананы күл-қоқыс қой­масына айналдырып алмау жолын­да жанталаса қарекет жасап жа­тыр. Қазақстан болса, күл-қоқыс мәсе­лесін күн тәртібіне шығаруға да салғыртсып, ұлы даланың ұлан­дығының арқасында «жағасы жайлау, арқасын кеңге» салып келеді. Кейбір дамыған елдер ҚТҚ мен күл-қоқысты қайта өңдеу арқылы бірқатар пайдалы өнімдер алып жатыр. Ал біздің Үкімет жомарт даланың қойнауындағы қазынаны таратып, жерасты қыртысын қопартудан дивиденд жинап, аяқ астындағы күл-қоқысты көзге ілер емес. Егер сол тау-тау болып үйілген ҚТҚ мен күл-қоқысты инновациялық тәсіл­дер­мен керекке жаратса, қазба бай­лығынан тапқан табыстан бір де кем емес пайда табуға болады. Мемлекет басшысы еліміздегі ҮИИД бағдарламасына жолдама бере отырып, ендігі кезеңде эконо­микамыздың даму болашағы тек инновациямен байланысты бола­тын­дығын барынша айтып келеді.
Тек осы іске бәс тігіп, қолға алатын қазақстандықтар аз. Әрине, қоқыстың барлық түрін өңдеу үшін аз қаржы кетпейді. Оларға керекті техникалық құралдардың да бағасын қал­тамыз көтере бермесі белгілі. Ал, егер қоқыстың бір түрін өңдейтін болсаңыз, табысқа жетеріңіз анық. Айталық, қа­зіргі кезде қоқыстан ең көп табылатын заттардың денін плас­тик шөлмектер, құты­лар құрайды. Бұдан табыс та­будың ал­ғышарттары қан­дай? Қа­зақстанда қоқыс өңдеу­де бәсекелес орта болма­ғандықтан еңбектенген жан­ның қаржысыз қалмайтыны анық. Өйткені, 1 келі болатын пластик құтыларды өңдеуден 0,8 келі екінші сұрыпты зат алынатынын ескерсек, кеткен шығынның қайтарылатынына күмән жоқ. Соған қарамастан, өңдеумен айналысуға ынталылар әлі де жоқ. 
Жоғары айтылған кәдеге жаратудың бүкіл әдістеріне қарамастан, кәдеге жаратудың тағы бір әдісі бар - ол қайта өңдеу. Біздің ойымызша, бұл әдіс ең қолайлы, себебі ол тек экологиялық таза ғана емес сонымен қатар ресурс үнемді болып табылады. Мұны дәлелдеу үшін мен Жапонияда болған полиэтиленнің қайта өңделеуің мысал ретінде айтайық. Мысалы: Жапониядағы «Нэгдю Санге» компаниясы 80-шы жылдардың басынан бастап полиэтилентерефталаттік ескі өнімдерден полиэфирдік талшықтардан өндіре бастады. ПЭТ-тің қайта қолдану процестері шексіз. Бір рет ПЭТ-тің қалдықтарынан кілемше жасап, ол ескіргеннен кейін, оны қайта өңдеп автокөліктер багаждарына және т.б. заттарға төсегіштер жасауға болады. «Мидзуно» деген Жапондық фирма оқушыларға арналған спорт киімдерді қайта өңделген полиэфирден (құрамы 50% артық), спорт аяқ киімдерді жасанды теріден (40% қайта өңделген полиэфир) жасайды. «Гундзэ» фирмасы эфир маталарынан дастархандарды, ас қолғаптарды, шәйнек қақпатарын және т.б. заттарды жасайды. «Одзаки Седзи» компаниясы 70% полиэфирден және 30% жүннен тұратын тоқымадан мектеп формасын жасайды. Ересектерге арналған мектеп формасына пластиктан жасалған 15 шөлмек жұмсалады. «Лайон Оффис Профктс» корпорациясы бұлардан да алға жылжыды - ол офис орындықтарына арналған жастықшалар, және 100%-дық қайта өңделген пластмасстан кітаптарға арналған сөрелер жасайды. Олардын орындықтары оңай бөлшектенеді, олардың көп бөлшектерің қайта өңдеуге болады.
Қалдықтардың түрлері Көлемдік арасалмағы %
Қағаз қалдықтары - 25,85
Тамақ қалдықтары - 24,60
Пластмасса қалдықтары - 14,75
Ағаш -4,35
Тоқыма - 3,85
Шыны - 3,30
Металл- 4,35
Пеш отынының қалдықтары (күл, қож)- 20,35
4.Практикалық бөлім.
4. 1 «Көшелердегі шөлмек саны» атты бақылауларымыздың
қорытындылары
Жиналған деректермен танысып, біз көшелерімізде неліктен көп пластик шөлмектермен ластанғанын анықтауды жолға қойдық. Алдымен біз пластик қорапта шығарылатын тауар санын анықтау мақсатында үйіміздің қасындағы «Арзан» супермаркеті мен «Дастархан» минимаркетіне кірдік. Бұл жерлерді таңдаған себептеріміз, онда тауарлардың ең үлкен талғамы бар. Нәтижелер әсер тудырды. «Арзан» супермаркетінде пластик ыдыстарда әр түрлі өндірушілердің 20-дан астам сусабын, сұйық сабын және дезодоранттар бар екен. «Дастархан» минимаркетінде өсімдік майларының, майонездердің, сұйық йогурттардың және минералды, газдалған сусындардың 17 түрі бар екен. Бұл тағы да пластик ыдыстарының қолданысқа ыңғайлылығын дәлелдейді.
Біз жиі жүретін көшелердегі лақтырылған шөлмек санын есептедік. Келесі нәтижелерді алдық: Біздің үйімізден мектепке дейін – 11 шөлмек таптық. Тасталған шөлмектердің негізін минералды немесе газды судан босаған шөлмектер құрайды, өсімдік майының ыдысы бірең сараң. Біздің қаламыздың халқы, пластик қорапты өнімді жиі пайдаланып, қоршаған ортаның тазалығын мүлдем ойламай, кез – келген жерге пластик қоқыстарын тастай жүре береді деген тұжырымға келдік. Қаладан шығарылатын қоқыстарды қайда әкетіп және әрі қарай олармен не істейтінін білгіміз келіп, біз жетекшімізбен бірге бүкіл қаланың күл-қоқысын тастайтын жеріне бардық. Шегі жоқ тау сияқты созылып жатқан қоқыстарды көргенде, біз қатты таң қалдық. Қоқыстарды бұл жерден ажыратады екен: пластикті бір, темірді бір бөлек, қағазды өртеуге жіберіп, ал қалған қоқыстар біріне бірі қосылып жата береді екен. Бұл жердің көлемі қаланың төрттен бір бөлігін алып жатқан сияқты. Біздің қаламыздың да ортасында күл-қоқыстан құралған арал пайда болуда.Өте қорқынышты!
Қорытынды:
Қазақтың жері дархан, киелі, қасиетті. Оны көздің қарашығындай қадірлеу - бүгінгі ұрпақтың басты мақсаты. Осыған орай жұмыр жердің ризығын алып, ауасын жұтып отырып, оған қатыгездік жасау пенденің күнәһарлығы. Қай уақытта да ғұмыр кешіп отырған ортамызды таза ұстау, Жер-Ананың жүрегін жараламау-бізге міндет. 1986 жылы маусым айында Мюнхенде экологияға арналған 11 қағида мен 11 ұстаным қабылданды. Мен осы ұстаным бойынша жұмыс жасап келемін.

  1. Ауаның ластануына жол бермеймін.

  2. Судың таза болуы үшін бар жағдайды жасаймын.

  3. Мен жер ландшафттарын сақтауға бар күшімді жұмсаймын. Жердің құнарын кетіретін зиянды заттарды пайдаланбаймын. Мен өзімнен кейін тұрмыстық қалдықтарды қалдырмаймын.

  4. Мен үнемі жануарларды қорғаймын.

  5. Энергия көздері мен шикізаттарды үнемді пайдалануға тырысамын.

  6. Өсімдіктердің түрлерін сақтауға және оны қорғауға жұмыстанамын.

  7. Мен тек биологиялық таза көкөністер мен жемістерді өсіріп, сатуға еңбектенемін.

  8. Тұрмыс қалдықтарының азаюны ықпал жасаймын.

  9. Мен шудың азаюы үшін бар мүмкіндікті пайдаланамын.

10.Мен саналы тұтынушы болуға жұмыстанамын.
11.Мен осы қағидаларды үнемі ұстануға уәде беремін.
Зерттеу нәтижесінде біз шөлмектердің шығу тарихын анықтадық: алғашқы шынысынан пластик шөлмекке дейін. Ол өзінің ыңғайлылығының, жеңілділігінің, қаттылығының, майысқақ қасиеттерінің арқасында адам өмірінде үлкен орын алды, бірақ қолданғаннан кейін оны жою мүмкін емес. Химия кабинетінде тәжірибе жасап көріп, біз пластикалық шөлмектің химиялық реактивтердің күшімен де шірімейтінін көрдік, ал өртеген жағдайда адам өміріне қаупі бар улы түтін щығаратынын білдік.Сөйтіп біз,өз жорамалымызды растадық: пластик шөлмектер жерді ластап,табиғатқа зиянын тигізеді.Пластик шөлмегін,полиэтилен пакетін қағазды көму эксперимент нәтижесінің арқасында біз пластиктердің де,полиэтиленнің де жерде шірімей,тек ластайтынын анықтадық.Біздің қаламыздың экологиясы қауіпті жағдайда.Бірақ оны жақсартудың бірден – бір жолы пластик қоқыстарын азайту деп ойлаймыз.Ол үшін керегі жоқ,қолданған пластик ыдыстарды дұрыс қолдану қажет.
Қорытындылай келе біз өзіміздің «Пластмастың жаңа өмірі» атты ғылыми-зерттеулік жобамыз бойынша келесі ұсыныстарды айта кетуді жөн көріп отырмыз:біздің қаламызда пластик ыдыстарын қайта өңдеу зауыты ашылса, арнайы пластик қоқыстарын салатын қоқыс жәшігі болса, пластик шөлмектерін қабылдайтын арнайы автоматтар болса, әр оқушы пластик шөлмектерді өз өмірінде көбірек пайдаланса, ғалымдар пластикті шіріту жолдарын ойлап тапса, әр адам қолына ұстаған пластик шөлмектің пайдаға асатынын сезінсе ғана
ауамыз таза болып,айналамыз күл-қоқысқа толмас еді.Біздің салақтығымыз бен жауапсыздығымыздың кесірінен жер бетінде пластик қоқыстарынан құралған аралдар пайда болып жатыр.Біз не істей аламыз? Ең алдымен босаған пластик ыдыстарды лақтырмас бұрын,ойланып қиялымызға ерік беріп,сол шөлмекке екінші өмір сыйласақ. «Тазаланған жер-таза емес, қоқыс лақтырмаған жер-таза» – деп халық бекер айтпаса керек.
Иә, Тәуелсіздікке қол жеткізген 26 жыл ішінде Қазақстанның экономикасы аршынды қадам­дар­мен дамыды. Еліміз бүгінде әлеуетті экономикасы, тұрақты қаржылық қуаты бар мемлекетке айналғаны да ақиқат. Осының бәрі ненің арқасы? Ол қойнауы қазына, топырағы құт қазақтың қасиетті жерінің арқасы. Жасы­ра­тыны жоқ, ел экономикасының бүгінге дейін даму үрдісі тек қасиетті жеріміздің қойнауынан алынған шикізат ресурстарының арқасында ғана мүмкін болды. Қазақстан Республикасы экспор­тының 90 пайызын мұнай, көмір, темір және әртүрлі түсті металл шикізаты құрайтындығы да шындық. Ғасырлар бойы төл перзентін қойнауынан алынған игілікпен қамтамасыз етіп келе жатқан қайран дала қажыды, тума таби­ғатымыз тақырланды. Ұлы дала енді туған перзенттерінен жа­на­шырлық күтеді. «Ал­мақ­­тың да салмағы бар». Енді «бұлақ көрсең, көзін аш» деген баба­лардың қасиетті қағи­дасына адалдық танытып, жомарт дала­мызды күл-қоқыстан та­зар­тып, тынысын ашуымыз қажет-ақ. Қазақ «жер жарасы – жан жарасы» деген ұлағатты ұран тұтқан ұлт. Өз қаламыздың экологиялық жағдайын сауықтыру үшін ағаш бұталарды кеспей, биологиялық ерекшеліктеріне қарай көктемде отырғызу керек. Жерді дұрыс пайдаланып, қоршаған орта тазалығына көңіл бөліп табиғатымызды аялайық, сақтайық. Оны таза сау күйінде болашақ ұрпаққа табыс ету – біздің парымыз.
Ұсынысым:
1. Өндіріс орындарында тазалаушы қондырғылар орнату;
2. Зияны аз деген отын түрлерін пайдалану;
3.Қалдықсыз технологияға көшу;
4.Жасыл өсімдіктер санын молайту;
5. Пластмастты қайта өңдеу арқылы оған жаңа өмір сыйлау жолдарын қарастыру;

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет