«Плассмастың жаңа өмірі» сынып оқушысы Ғылыми жетекшісі: 2021-2021 оқу жылы



бет2/9
Дата10.04.2023
өлшемі0,98 Mb.
#81138
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Абстракт
Зерттеу мақсатым:

1.Пластик шөлмектердің адам өміріндегі рөлі;
2.Пластикалық шөлмектердің пайда болу тарихын және олардың қолданылуын анықтау.
3.Пластик шөлмектерге байланысты,экологиялық мәселелерді бағалау;
4.Пластик шөлмектерге екінші қолданыс табу;
5. Қоқыс қалдықтарына жеткізбей пластик шөлмектерін пайдаға асыру.

Зерттеу бөлімдері: Пластик шөлмегінің шығу тарихы анықтау, пластик шөлмектерге қатысты экологиялық мәселелерді анықтау,қоршаған ортаға тигізетін зияндығын немесе пайдасын анықтау,практикалық бөлім,эксперименталды тәжірибелер жасау,пластик шөлмектерге екінші қолданыс табу.
Күтілетін нәтиже:- пластик шөлмектердің кім және қашан шығарғанын білеміз;
- олардың пайда немесе зиян әкелетінін анықтаймыз;
- пластик шөлмектердің қайта пайдалану тәсілдерін табамыз.
Зерттеу объектіміз: бос,керек емес пластик шөлмектер.
Тұжырым: Пластиктер жерді ластап,табиғатқа зиянын тигізеді деп болжайық.

Жұмыстың мәні мен қолданбалы құндылығы: мектеп оқушыларын бізді қоршаған табиғатты аялап, ластамауға шақыру,қол еңбекті дағдыландырып төселдіру,заттардың тарихын айтып,білімдерін кеңейту.

Зерттеу әдістері: Іздену,анықтау,тәжірибе жасап бақылау,сауалнамаөткізу,қорытындылау,тұжырымдау.

Зерттеу нәтижесі: пластик шөлмегін лақтыруға болмайтынын анықтап, шірімейтіндігін зерттедік; өртесе адам денсаулығына зиянды улы түтін бөлетінін анықтадық; пластик шөлмектерді екінші рет пайдаланып,үй тұрмысына пайдалы әдемі сәндік заттар жасауға болатынын көрдік. 

Ұсыныс.Өз қаламызда пластик шөлмектерін қайта өндіру зауыты ашылса;арнайы пластик қоқыстарын салатын қоқыс жәшігі болса; әр оқушы пластик шөлмектерді өз өмірінде көбірек пайдаланса;ғалымдар пластикті шіріту жолдарын ойлап тапса; әр адам қолына ұстаған пластик шөлмектің пайдаға асатынын сезінсе.

Қорытынды: Зерттеу нәтижесінде біз шөлмектердің шығу тарихын анықтадық:алғашқы шынысынан пластик шөлмекке дейін.Ол өзінің ыңғайлылығының,жеңілділігінің,қаттылығының,майысқақ қасиеттерінің арқасында адам өмірінде үлкен орын алды,бірақ қолданғаннан кейін оны жою мүмкін емес.Химия кабинетінде тәжірибе жасап көріп,біз пластикалық шөлмектің химиялық реактивтердің күшімен де шірімейтінін көрдік, ал өртеген жағдайда адам өміріне қаупі бар улы түтін щығаратынын білдік. Сөйтіп біз,өз жорамалымызды растадық: пластик шөлмектер жерді ластап,табиғатқа зиянын тигізеді.Пластик шөлмегін,полиэтилен пакетін қағазды көму эксперимент нәтижесінің арқасында біз пластиктердің де,полиэтиленнің де жерде шірімей,тек ластайтынын анықтадық.Біздің қаламыздың экологиясы қауіпті жағдайда.Бірақ оны жақсартудың бірден – бір жолы пластик қоқыстарын азайту деп ойлаймыз. Ол үшін керегі жоқ,қолданған пластик ыдыстарды дұрыс қолдану қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет