Пјнаралыќ интеграция негізінде шаєын жинаќты мектептерде білім беруді жетілдіру



бет3/6
Дата07.01.2022
өлшемі69,5 Kb.
#20331
1   2   3   4   5   6
Сабақтың барысы:

Оқушылардың өздігінен орындайтын жұмысы.

Жеке заттардың доп, шар, гүл, балық, бала және т.б. суреттер бойынша диктант жазуы.



Мұғалімнің басшылығымен орындалатын жұмыстар (2-3 сыныптарға ортақ қайталау). Зат есім туралы өткен ұғымдар сұрақ-жауап әдісі арқылы пысықталады. Сұрақ екі сыныпқа ортақ қойылады:

  1. Зат есім дегеніміз не?

  2. Зат есім қандай сұрақтарға жауап береді?

Оқушылар зат есімнің анықтамасын айтып, сигналдық карточкаларынан сұрақтарын көрсетті. Содан соң екінші сынып оқушыларына өздігінен орындайтын жұмыс тапсырылды, ал үшінші сынып оқушыларына ауысып, сұрақтар жалғастырылды.

«Қай буынды жоғалттым?» ойыны. Тақтаға сурет ілініп, суреттегі заттың бір буынын оқушының өзі тауып жазуы керек. М: торғай суретінің астына: Тор... деп, бақа суретінің астына ..қа деп жазылған. Көп нүктенің орнына керекті буында оқушылар өздері жазады. Зат есім сөзді қатыстырып, үш сөйлем ойлап жазыңдар да, зат есімнің астын сызыңдар.

Оқушылар жаңа сабаққа даярлық ретінде жеке және көптік мағынаны білдіретін сурет бойынша жұмыс жасады. Сол суретте бойынша оқушылар үстел-үстелдер, ешкі-ешкілер, әтеш-әтештер, бала-балалар, т.б. сөздерін жазды. Қосымша заттың көпше түрін қандай жалғау арқылы білетіндігін анықтау да тапсырылды.


  1. Зат есімнің қандай жалғаулары бар?

  2. Қандай септіктерді өттік? Қазақ тілінде неше септік бар? Сұрақтарына жауап алып, өткен материал пысықталды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет