Жаңа материалды түсіндіру.
Барыс септігінің кестесіндегі сөйлемдерді оқытып, оқушыларға бір септіктің жалғауын жабу тапсырылды. Осындай жұмыс арқасында оқушылардың өздерінен «Барыс септігі қандай сұраққа жауап береді және қандай жалғау жалғанып тұр? деп сұралды. Оқулықтан барыс септігінің ережесін оқытып, өздіктерінен орындайтын жұмысқа 237-жаттығу берілді.
Мұғалім басшылығымен орындалатын жұмыс.
Суретті диктантты тексеріп, кейбір сөздердегі дауысты дыбыстарды сигналдық карточкалар арқылы қайталату. М: доп сөзіндегі дауысты дыбыс қайсы?
«Қай буынды жоғалттым?» тапсырмасы бойынша бір оқушы сөздің бір буынын оқыса, екінші оқушы екінші буынын оқиды. Оны тексерген соң, Әліппедегі өлең оқылды.
Достарыңызбен бөлісу: |