Пјнаралыќ интеграция негізінде шаєын жинаќты мектептерде білім беруді жетілдіру



бет6/6
Дата07.01.2022
өлшемі69,5 Kb.
#20331
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Макала ШЖМ

Өз бетімен орындалатын жұмыс.

Дайын тұрған конверттен карточкаларды алып, берілген тапсырмаларды орындату (онда жеке заттарды көпше түрде және керісінше, сөз құрастыру.



Өз бетімен орындалатын жұмыс.

Әр оқушы күні бұрын алдарына қойылған конверттен перфокарта алып, берілген сөздерді өздері білетін септікке дейін септейді.



Мұғалім басшылығымен орындалатын жұмыс.

Орындалған жұмыстар тексерілді. Жаттығу және перфокарта бойынша жазғандарын кезектестіріп оқытылды.



Мұғалім басшылығымен орындалатын жұмыс.

Күйтабақтан «Мақтақыз бен мысық» ертегісін тыңдату арқылы оқушыларды сергітіп алып, ертегі үш түрлі мақсатта пайдаланылды.



  1. Бірінші сынып оқушылары өздерінің түсінгендерін айтты.

  2. Екінші сынып оқушылары зат есімдерді теріп жазып, оны көпше түрге айналдырылды.

  3. Үшінші сынып оқушылары барыс септігінде айтылған сөздері бар сөйлемдерді жазды.

Осылайша сабақ соңында бірінші сыныпта тіл дамыту жұмысы жүргізілсе, екінші және үшінші сыныптарда жаңа материалға қорытынды жасалады.

Шағын жинақталған мектептердің проблемасын шешу үшін мұғалімдерге қажетті интеграциялық сабақтарды қолданудың әдістері мен тәсілдеріне арналған әдістемелік құралдар тұрғысынан көмек беру қажет. Сонымен қатар, шағын жинақталған мектеп мұғалімдерін ғылыми-зерттеушілік жұмыстарға тарту, жаңа инновациялық технологияларын мектептің оқу-тәрбие үдерісіне енгізе отырып, жекелеген пәндерден бағдарламалар дайындау, оқу-әдістемелік кешен әзірлеу және олардың электрондық, мультимедиялық нұсқасы дайындап, шығарылса және қашықтан оқытуға мүмкіндіктер ұйымдастырылса шағын жинақталған мектеп мұғалімдері және келешек мамандарға білім беруге үлкен септігін тигізері анық.



Пайдаланылған әдебиеттер


  1. Адыбаева Л.Д. Шағын жинақталған мектеп жұмысын ұйымдастыру. – Алматы, 2001.

  2. Астамбаева Ж.Қ. Шағын комплектілі бастауыш мектепте математиканы оқыту технологиясы. – Алматы, 2008.

  3. Базарбаева Н.Ә. Шағын комплектілі мектептердегі оқу-тәрбие үрдісіндегі ерекшеліктер: - Алматы, 2002.

  4. Ж.Қ. Астамбаева, Г. И. Уәйісова, Шағын жинақты бастауыш мектептегі педагогикалық үдеріс теориясы мен технологиясы. – Алматы, 2010.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет