Пјнді оќыту баєдарлама



Pdf көрінісі
бет2/13
Дата15.05.2023
өлшемі142,59 Kb.
#93202
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Бақылау түрі
Емтихан – 1 семестр
Пререквезиттер 
Осы  пәнді меңгеру үшін төмендегі пәндерді меңгеру кезінде алған білім,
икемділік және дағды-машықтар қажет:
- Математикалық талдау. Дифференциалдық және интегралдық есептеу
- Алгебра. Сызықты кеңістіктер.
- Аналитикалық геометрия. Базис бойынша жіктеу.
- Дифференциалдық теңдеулер. Дифференциондық теңдеулердің шешімін
табу.
- Комплекс айнымалының функциасының теоремасы. Конфорумды 
бейнелеу
- Функциалық талдау. Френгольм теоремалары.
- Интегралдық теңдеулер. Вольтерра теңдеулері.
- Дифференциалдық геометрия элементтері. Қисықтық, нормаль
Постревезиттер
Пәнді меңгеру кезінде алынған білім, икемділік және дағды-машықтар 
қолданбалы есептер шығаруды меңгеруі үшін қажет.
2.
 Оқытушы туралы мәлімет
Мұхтаров Мағзұм Мұхтарұлы – ф.-м-ғ.к., профессор.
Математика кафедрасы А корпусында (Ломов к., 64)
орналасқан. Байланысу телефоны 673646(11-20).
3. Пән, мақсаты мен міндеті
Пәннің мақсаты  – Математикалық әдістердің ғылым мен
техника есептерін шешуде, экономика және басқару ісіндегі


ролі өте зор. Осымен байланысты математика пәнің оқытудың
мынадай мақсаттары алға қойылады:
- студенттердің математикалық және алгоритмдік ойлау
қабылетін дамыту.;
- студенттердің математикалық есептерді зерттеу және
шешудің негізгі әдістерін меңгеруі;
- студенттерге қолданбалы өндірістік есептерді шешу үшін
математикалық білімдерін дұрыс пайдалану дағдысын
сіңіру.
Пәннің міндеттері – Көздеген мақсатқа жету үшін пәннің
оқытудың мынадай негізгі міндеттері жүктеледі:
- математикалық ұғымдар мен әдістерді пайдаланып
студенттерге ғылыми зерттеудің мәнің ашып көрсету;
- қолданбалы өндірістік есптерді шешудегі математиканың
ерекшелігі мен ролін айқындау.
- студенттерді кәсіптік жұмысында математикалық
әдістерді қолдануға бейімдеу;
Осы мақсатқа жету үшін мыналар қарастырылады.
Дәрістер оқу. Дәрістерде пәннің мазмұны баяндалып,
негізгі математикалық ұғымдар мен әдістерге талдау
жасалады. Бұл жағдайда дәрістің мазмұны мен студенттің
болашақ кәсіптік жұмысын байланыстырып отыру қажет.
Тәжірибелік сабақтар. Тәжірибелік сабақтарда студенттер
математикалық есептерді шешудің негізгі әдістерін үйренумен
қатар математика курсының теориялық қағидаларынан
теориялық қағидаларынан түсінік алады. 
Студенттердің өзіндік жұмысы. Математикалық әдістерді
меңгерудің негізі ретінде студенттердің өзіндік жұмысын
айтуға болады. Оған мыналар жатады:
- студенттердің аудиториядағы үздіксіз жұмысы;
- аудиториядан тыс жердегі үздіксіз жұмысы;
- математикалық талдаудың арнаулы бөлімдері бойынша
рефераттар жазу және ғылыми зерттеу жұмыстарына қатысу;
- студенттердің ғылыми – тәжірибелік конференцияларға
қатысуы .т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет