Подвижные игры в подготовке футболисток на начальном этапе к. И. Адамбеков – д п. н., проф., Каз нпу им. Абая


Резюме  В данной статье рассматриваются особенности словесно-логического мышления детей с нарушениями слуха.    Summary



Pdf көрінісі
бет15/27
Дата12.03.2017
өлшемі1,86 Mb.
#8985
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   27

Резюме 
В данной статье рассматриваются особенности словесно-логического мышления детей с нарушениями слуха. 
 
Summary 
In this article features of verbal thinking of children with a hearing disorder are considered. 
 
 
 
 
 
 
 
 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Бастауыш мектеп және дене мәдениеті» сериясы, №1 (36), 2013 ж. 
91 
СПОРТ АРҚЫЛЫ ҦЛТТЫҚ ПАТРИОТИЗМГЕ ТӘРБИЕЛЕУ ЖОЛДАРЫ 
 
Б.Ж. Аязбаев  аға оқытушы, ДМ және БӘД факультеті, Абай атындағы Қаз ҰПУ
А.А. Абсатова – оқытушы, ДМ және БӘД факультеті, Абай атындағы Қаз ҰПУ 
 
«Қазақстан-2030»  Жолдауының  жалғасы  «Казақстан-2050»  қалыптасқан  мемлекеттің  дамуы  мен 
жетілудің бағдарламасында Республика Президенті еліміздің ұлттық қауіпсіздігін, тәуелсіздік пен егемен-
дігін танытатын мемлекетіміздің ұзақ уақытты дамуын анықтады. Білім беру мен тәрбиенің негізгі мінде-
ті – ӛз елінің азаматы, патриотын тәрбиелеу болса, осыған сәйкес «Қазақстандық патриотизм мен ұлттық 
патриотизм» студенттердің тәрбиелік деңгейін бағалаудағы кӛрсеткіш болып қарастырылады [1]. 
Бүгінде  Қазақстан  Республикасындағы  әрбір  ұлт,  әрбір  халық  санына  қарамастан  ӛздеріне  тиісті, 
лайықты орындарын алған. Қазақстан сияқты кӛпұлтты мемлекетте жекелеген этнос ӛкілдерінің ұлттық 
патриотизмі елде тұратын барлық халықтың ортақ патриотизмімен байып отыр. Ал кӛпұлтты мемлекетте-
гі адамдардың патриотизмі олардың ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетімен бірлікте қарастырылады. 
Президент Н.Ә. Назарбаев атап кӛрсеткендей, 90 пайыз қазақстандық ӛз ұлтына қарамастан, ӛздерінің 
Отаны  –  Қазақстан  деп  есептейді.  Бұл  құптарлық  жай,  ӛйткені  қазақстандық  патриотизм  азаматтың, 
қоғамның, мемлекеттің ортақ күш-жігеріне келіп саяды. Қазақстан – ӛз Әнұраны, Елтаңбасы, туы, жері 
бар  мемлекетіміз  деген  ұғым  қоғамда  түпкілікті  қалыптасуы  керек  және  оны  сүю,  қорғау  осы  қоғамда 
ӛмір сүріп жатқан барша адамның міндеті болмақ. 
Патриоттық  тәрбие  –  бұл  адамның  ӛзінің  халқына  және  Отанына  деген  тұлғалық  қатынастарын 
бейнелейтін  сезімдерінің,  кӛзқарастары  және  іс-қимылдарының  қалыптасуының  үрдісі.  «Патриотизм» 
сӛзі  (грек  тілінен  аударғанда  «отан»,  «туған  жер»)  туған  жерге  деген  махаббатты,  отанға,  ӛз  халқына 
адалдықты  білдіреді.  Бірінші  рет  «Патриот»  сӛзі  Француз  революциясы  (1789-1793)  кезеңінде  пайда 
болды. Бұл кезеңде монархисттерге қарсы республика қорғаушыларын патриоттар деп атай бастаған [3].  
Негізінен  патриотизм  кӛпұлттылық  және  ұлттық  бӛліктерден  тұрады.  Ұлттық  патриотизм  әдетте 
адамдардың белгілі бір ұлтқа тән екендігімен, ӛз тілімен, мәдениетімен, сол аймаққа тән дәстүрлерімен 
тығыз байланысты. 
Ал ұлттық патриотизмді әрбір адамның ӛзін сол мемлекет халқының бір бӛлігі ретінде сезінуінен 
түрлі ұлттық қауымдастық ӛкілдерінің ортақ Отанына деген сүйіспеншілігі мен шын берілгендігінен 
кӛруге болады. 
Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі жағдайында барлық ұлттардың ортақ сана-сезімін қамтитын 
татулық идеясы мен ұлттық патриотизм идеясының біртұтастығы қажет. Оның темірқазығы – Қазақстан-
да тұрып жатқан барлық ұлттардың ӛз Отаным деп сезінуінен аңғаруға болады. 
Жалпы ұлттық патриотизм дегеніміз – ӛзіңді республика халқының ажырамас бӛлігі, ортақ Отан ретін-
де  Қазақстан  Республикасына  сүйіспеншілік  сезімі  мен  берілгендік,  азамат  ретінде  халық  пен  елдің 
мүддесін қорғайтын борышты сезіну болып табылады [2]. 
Міне,  осы  сапаларды  оқу-тәрбие  барысында  студент  жастар  бойына  сіңіру  бүгінгі  күннің  маңызды 
мәселелерінің  бірі  екені  даусыз.  Патриоттық  тәрбие  жалпы  тәрбиенің  құрамдас  бӛлігі  және  жастардың 
патриоттық, жоғары азаматтық сезімін қалыптастыруға бағытталатын мақсатты ұйымдастырылған және 
басқарылатын психологиялық-педагогикалық үрдіс болып табылады.  
Патриоттық тәрбие негізін дамытудың мәні жеке тұлғаның жоғары әлеуметтік белсенділігін кӛрсете-
тін  және  қалыптастыратын  идеялық-адамгершілік,  моральдық  еріктілік,  еңбек  және  дене  сапаларын 
тәрбиелеудегі ішкі байланыстарды анықтау және саралау болып табылады. 
Патриоттық  тәрбиеде  қолданылатын  іс-әрекет  түрлері  оқу-тәрбие  процесінің  нақты  мазмұнын 
анықтайды.  Ондай іс-әрекеттерге оқу-танымдық, спорт-қорғаныс, ойың еңбек, қоғамдық-саяси, кӛркем-
дік-эстетикалық іс-әрекеттерді жатқызуға болады. 
Ұлттық патриоттық тәрбие үрдісі үздіксіз және талғаммен кәсіби, жас және басқа да ерекшеліктерді 
есепке  ала  отырып,  жүргізіледі.  Оның  әсерлілігіне  жанұяның,  мектептің,  қоғамдық  мекемелердің  және 
мемлекеттік ұйымдардың бірлесе күш салуымен қол жеткізіледі. Ұлттық патриоттық тәрбиенің маңызды 
құралының бірі спорт болып табылады.  
Спорт  жалпы  адам  баласының  бай  мәдениетінің  бағалы  құндылықтарының  бірі  ретінде    ӛзіне  тән 
бірнеше  қызмет  атқарады.  Атап  айтқанда,  спорттың  –  эстетикалық,  танымдық,  тәрбиелік,  әлеуметтік, 
эвристикалық (ізденушілік), шығармашылық және патриоттық қызметтерін ерекшелеуге болады.  
Соның бірі – жастарды спорт арқылы ұлттық патриоттық сезімге тәрбиелеу мәселелері болып табыла-
ды.  Ӛйткені,  егемендіктің  алғашқы  кезеңдерінде  Қазақстанда  мемлекеттік  кайта  құруларға  байланысты 
елімізде  ұлттық  патриоттық  тәрбиенің  теориясы  мен  практикасы  тӛңірегінде  қоғамдық  сана-сезімде 

Вестник КазНПУ имени Абая, Серия «Начальная школа и физическая культура», №1 (36), 2013 г. 
 
92 
босаңсу  мен  немқұрайдылық  белең  алды.  Әрине,  оның  бәрін  тәуелсіздіктің  алғашқы  жылдарындағы 
мемлекетіміздің экономикалық қиындықтары мен идеологиямыздың жаңадан қалыптаса қоймаған кезең-
деріне  жатқызуға  болады.  Дегенмен,  2000-шы  жылдан  бастап,  еліміздің  экономикасы  қарқынды  дами 
бастағандықтан спорт саласын қаржыландыру мәселесі оңынан шешіле бастады. Халықты, әсіресе жаста-
рымызды жаппай бұқаралық спорт түрлеріне тарту кеңінен белең алды. Ал, бұл ӛз кезегінде спорт түрле-
рінен  біліктілігі  жоғары  спортшыларға  халықаралық  деңгейдегі  әр  түрлі  жарыстар  мен  іс-шараларға 
қатысуға  мүмкіндік  берді.  Спорттың  құндылық  ретіндегі  қайталанбас  ерекшелігі  мынада:  мемлекеттің 
туы тек екі түрлі жағдайда, біріншіден, мемлекет басшылары бас қосқанда, екіншіден, планеталық деңгей-
дегі  (Азия,  әлем  чемпионаттарында  және  олимпиада  ойындарында)  жарыстарда  бірінші  орын  алған 
спортшыларға марапаттау рәсімінде кӛтеріледі.  
Міне,  спорттың  адамға,  спортшыға  беретін,  дамытатын,  жетілдіретін  патриоттық  қызметінің  нағыз 
қайнар кӛзі осы деп айтсақ да болады. Себебі спортшы әлемдік жарыстарға ӛз елінің атынан қатысады, 
сондай-ақ ӛзінің спорттық шеберлігінің арқасында жеңімпаз атанса ол биік тұғырға кӛтеріліп, марапаттау 
рәсімінде оның құрметіне сол мемлекеттің байрағы кӛтеріліп, әнұраны шырқалады.  
Осындай  спорттағы  жоғары  жетістіктерге  жету  үшін  студент-жастарды  бұқаралық  спорт  түрлеріне 
тартудың  жолдарын  қарастыру  керек.  Ол  үшін  жастарға  педагогикалық  және  психологиялық  тұрғыда 
қолдау кӛрсетіп, қызығушылығын оятып салауатты ӛмір салтын ұстануды әдетке айналдыруға тәрбиелеу 
керек.  Бұл  ӛз  кезегінде  оқытушыдан  немесе  жаттықтырушыдан  педагогикалық  шеберлікті,  теориялық 
білімді, коммуникативті сапаларды, психологиялық біліктілікті талап етеді.  
Педагогикалық мәдениеттің негізіне терең психолого-педагогикалық танымдық, жан-жақты білімділік, 
педагогикалық ойлардың үнемі жаңартылуы, ӛзіне емес, ӛз жұмысына іштей қанағаттылығы жатады. Ол 
қасиеттер:  ӛзіне-ӛзі  сыни  кӛзқарасы,  кәсіби  жүйелі  ӛсуге  ұмтылуы;  рухани  байлық;  адами  тазалық; 
педагогикалық этика; үнемі шығармашылық ізденіс; жаңашылдық.  
Спорттық педагогикалық мәдениеттің мазмұны (адамгершілік кӛзқарас тұрғысынан) мынадай жоспар-
дан тұрады: спорттық білім беру, оқыту, үйрету, жаттықтыру – бұл спорт педагогының аса маңызды емес 
бірақ  негізгі  жұмыстарының  біріне  жатады.  Педагог  –  кәсіп  емес,  оны  таңдап  алған  адамның  ӛмірлік 
бейнесі. Ол басқа адамдардың кӛзімен әлеуметтік жетілудің рухани үлгісі болып кӛрінеді. Оның дүниета-
нымы, әрекеттерінің стилі, ӛмір үлгісі, әр нәрсеге қарым-қатынасы оның шәкірттерінің ыстық ықыласын 
оятып, оған ұқсауға түрткі болады.  
Алайда  оқу  процессінің  мазмұны,  уақыт  жағынан  белгіленген,  бұл  тәрбие  мүмкіншілігін  шектейді. 
Сондықтан  тек  білім  беру  барысында  патриоттық  тәрбиеге  байланысты  барлық  мәліметті  толық  беру 
мүмкін  емес.  Студенттердің  бос  уақытын  дұрыс  пайдалануды  ұйымдастыру  әдістері  мен  формалары 
студенттерді  қызықты  іс-әрекетке  тартуға  мүмкіндік  береді  және  ӛздерінің  жеке  қабілеттерін  ашуға, 
кӛрсетуге кӛмектеседі. 
 
1-кесте. Студент жастарды патриотизмге тәрбиелеу жолдары 
 
№ 
Іс-шараның атауы 
Ӛткізілу формасы 

Спортқа баулу 
әңгіме, дәрістер 

Ұлттық ойындар 
жарыстар 

Имандылық және діни тәрбие 
дӛңгелек үстел 

Рухани мұралар 
таным жорықтары 

Мемлекеттік рәміздер 
дӛңгелек үстел 

Ұлттық рух, мәдениет пен халық ауыз әдебиеті 
интелектуалды шоу 

Ұлттық құндылықтар (салт-дәстүр) 
пікірсайыстар 

Тарихи тағлым 
брейн ринг 
 
Студенттердің  бос  уақытында  жүргізілетін  жұмыстар  аудиториялық  оқу-тәрбие  үрдісінің  бір  бӛлігі 
болып табылады. Олардың түрлері ӛте кӛп. Әңгімелер мен лекциялар, топсеруендер мен танымжорықтар, 
зерттеулер мен байқаулар, алаңда немесе спорт залдарында жүргізілетін практикалық және зертханалық 
жұмыстар, апталықтар, кештер, интелектуалды шоу, пікірсайыстар, дӛңгелек үстел, брейн ринг және т.б. 
ӛткізуге болады.  
Сонымен, жоғарыда кӛрсетілген қазіргі заманымыздың неғұрлым кӛкейтесті мәселелері, студенттер-
дің Отанына, еліне сүйіспеншілігін қалыптастыруда мынадай үлгідегі бағыттар бойынша жүргізіледі: 
1. Халық педагогикасы арқылы студенттердің бойында атамекенді сүю, қастерлеу және қорғауға даяр 
болу секілді сезімдерді дамыту; 
2. Ӛтілетін жұмыстарды халық педагогикасымен байланыстыра отырып, окушылардың белсенділікте-
рін арттыру және ұлттық рухта тәрбиелеу; 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Бастауыш мектеп және дене мәдениеті» сериясы, №1 (36), 2013 ж. 
93 
3. Студенттерді атамекенге бақылау жүргізуге, атамекендеріне қатысты әдебиеттер, бұқаралық ақпарат 
материалдарымен жұмыс жасай алуға үйрету; 
4. Студенттерге іскерлігін арттыратын педагогикалық білім, атамекенге сүйіспеншілікті қалыптасты-
руда басты орын алатын бағыт ретінде қарастыру; 
5. Спорт арқылы жастарды, қазіргі буынды еңбексүйгіштікке, қайсарлыққа, батылдыққа, тӛзімділікке, 
білімділікке, патриоттыққа тәрбиелеу үрдісін жандандыру.   
Мақаланы қорытындылай келгенде, алға қойған басты мақсат пен және одан шығатын нәтиже – спорт 
және педагогикалық мәдениет арқылы ұлтымыздың жастарын тәрбиелеп, қазіргі заманғы алдыңғы қатар-
лы зиялы қауымның қатарына қосу.  
 
1.
 
Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» бағдарламасы, e-kyzylorda.gov.kz 
2.
 
Оқу-тәрбие үрдісінде студенттерге патриоттық тәрбие беру // Моделирование профессиональной деятель-
ности в условиях информационной инфраструктуры: Сборник научных трудов. – Караганда, 2005 – С. 228-231. 
3.
 
Яхонтов  С.В.  Пути  повышения  эффективности  занятий  по  физической  культуре  //  Научно  практическая 
конференция государств СНГ по проблемам физической культуры и спорта. – Минск, 2010 – 452-453 бб.  
 
Тҥйіндеме 
Бұл  мақалада,  жоғары  оқу  орындары  студенттеріне  патриоттық  тәрбие  беру  мәселелері  мен  және  оларды 
шешудің тиімді жолдары туралы баяндалады.   
 
Резюме 
В статье рассматриваются патриотическое воспитание студентов высших учебных заведений и его пути решения. 
 
Summary 
In the article the patriotic education of university students and its solutions. 
 
КОЛЛЕДЖ БІЛІМГЕРЛЕРІНІҢ ӚЗІНДІК ЖҦМЫСЫН ҦЙЫМДАСТЫРУДЫҢ 
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
 
Е.А. Абетаева – аға оқытушы, Кәсіптік оқыту кафедрасы, АГТУ 
 
Қазіргі  заманымызда  қоғамға  ӛз  бетімен  жұмыс  атқаратын,  еркін  де  кеңінен  ойлайтын,  ӛздігінен 
алдына  мақсат  қойып  және  оған  жетудің  әдіс-тәсілін  шығармашылықпен  анықтап,  сондай-ақ  қолдана 
алатын кәсіби-маман тұлғасы болуы керек. Мұндай тұлғаның дамуына бағытталған білім берудің негізі 
болып тұлғаның ӛздігінен білім алу, ӛзін-ӛзі тәрбиелеу, ӛзін жетілдіру процесі жатады.  
Жеке тұлғаның танымдық ӛзбетінділік мәселесі антика дәуірінен бастау алды. Ол тәрбиелеу мақсаты 
ретінде әлеуметтік факторлардың әсерінен  пайда болды. Грек философы Сократтың (б.ғ.д. 469-399) ӛзі 
оқыту процесіндегі оқып үйренушілердің танымдық белсенділік пен ӛзбетінділік жұмысқа педагогикалық 
басшылық жасаудың қаншалықты маңызды екендігін ерекше атап кеткен. Ол осындай басшылыққа арна-
йы дайындық керек екендігіне сенімді болды. Сократтың оқып-үйренушілерді ӛзбетінділікке тәрбиелей-
тін әдістері ерекше мәнге ие болды. Осыған орай, Сократтың ұсынған білім беру әдісі студенттермен да-
му процесіндегі шынайылықты, ӛз бетінше табуды, нақтылауды, түсініктерді жетілдіруді талап етеді (1). 
Ӛзіндік  жұмыстың  мақсаты  –  білім  саласының  алдында  дайын  білімді,  дағдыларды  меңгере,  ӛз 
бетімен  шығармашылық  бағытта  жұмыс  істейтін  тың  жаңалықтар  ашатын,  ерекше  ойлау  қабілетімен 
ерекшеленетін жеке тұлғаны қалыптастыру. 
Колледжде  ӛзіндік  жұмысты  ұйымдастыру  формалары:  теориялық  және  практикалық  (ӛзара  байла-
ныстылығы),  психологиялық-педагогикалық,  ӛндірістік  практика  және  бақылау  жұмыстары  болып 
табылады. 
Колледж  оқушыларының  ӛзіндік  жұмысын  ұйымдастырудың  психологиялық-педагогикалық 
ерекшеліктері: 
1)  әдістемелік  тұрғыдан  білімгердің  танымдық  іс-әрекетін  қалыптастыру  үшін  аудиториядағы  және 
одан тыс ӛзіндік жұмыс түрлерінің дұрыс ұйымдастырылуы;  
2) білімгердің оқытушымен қарым-қатынас үдерісінде білімгердің  белсенділігін, ӛздігімен білім алуға 
ұмтылысын, ынтасын, қызығушылығын арттыру жұмыстарын ұйымдастыру; 
3) білімгердің пәнге, мамандыққа қызығу мотивациясы;  
4) оқу үдерісін шығармашылық деңгейге кӛтеру мақсатында білімгерге қажетті әдістемелік материал-
дармен қамтамасыз ету;  
Ӛзіндік жұмыстарды орындауда білімгердің әр түрлі тәсілдер қолдана білу біліктілігі, ӛзіндік жұмыс-

Вестник КазНПУ имени Абая, Серия «Начальная школа и физическая культура», №1 (36), 2013 г. 
 
94 
тарды  орындау  арқылы  жүргізілетін  кәсіби  практикалық  іс-әрекеті,  жеке  басының  шеберлігі,  іскерлігі, 
біліктілігі  танымдық  құзыреттілігін  қалыптастыруда  ӛзіндік  жұмыстың  маңыздылығын  алатын  орнын 
анықтауға  мүмкіндік  бере,  білімгердің  ӛзіндік  іс-әрекеттің  әртүрлі  тәсілдерін  меңгеруінен  кӛрінетін 
білімнің нәтижесі, оны ӛмірде қолдана алу қасиетінен, адамдардың қарым-қатынас жүйесін игеріп, ӛзара 
іс-әрекетке қосылу барысында қалыптасатын, сонымен қатар, жеке тұлғаның ӛмір байлығы ақыл тереңді-
гі, күйіну-сүйіну қалпы, қиялдауы, ерік-жігері, икемділігі мен мінез-құлық сипаты арқылы ӛзіндік жұмыс-
та ӛзіндік сипатын береді (2). 
Ӛзіндік  жұмысты  ұйымдастыру  үшін,  ӛзіндік  іс-әрекетте  дидактикалық  қабілеттер  болуы  керек:  іс-
әрекетті  жоспарлай  білуі,  оны  мақсатты  түрде  ұйымдастыра  алуы,  жүйелі  түрде  ұйымдастыра  алуы, 
жүйелі түрде бақылау және бағалау ісін орындап отыруы. 
Колледж білімгерлерінің ӛзіндік жұмысын ұйымдастырудың мынандай компоненттерден тұрады: 
Мотивациялық-құндылылық – түрлі формада ұйымдастырылған ӛзіндік жұмыстар негізінде білімгер-
дің кәсібіне деген қызығушылықтың тууы; 
Мазмұндық – ӛзіндік жұмысты саналы орындау кезінде әдіс-тәсілдерді сараптап қолдана алатын, 
ӛз  ісінің  қорытындысын  жасау  мүмкіндігі  бар,  ӛзіне-ӛзі  баға  бере  алатын  бағытты  маман  тұлғасын 
қалыптастыру; 
Нәтижелік-бағалау  орындалған ӛзіндік жұмыстар нәтижесіне сын кӛзбен қарайтын, бағалау ӛлшем-
дерін жақсы меңгерген, ӛзінің және ӛзгенің ісін бағалай алатын тұлға қалыптастыру.  
Бұл компоненттер негізінде ӛзіндік жұмыстар арқылы білімгерлерге ӛзіндік жұмыстың құндылығын 
түсініп,  оны  орындауда  белсенділік  кӛрсету;  ӛзіндік  жұмысты  орындау  барысында  білімгерлердің 
эмоционалдық  сезімінің  кӛрінісі;  ӛзіндік  жұмыстардың  кәсіптік  мазмұнын  түсіну;  ӛзіндік  жұмысты 
шығармашылық деңгейде орындау; ӛзіндік жұмыстардың нәтижесі мен тиімділігін кӛре білуі [2]. 
Ӛзіндік жұмысын ұйымдастыру талаптары: 
1.  Білімгердің  шығармашылық  потенциалын  белсендіру,  білімгер  оқу  тапсырмасын  ӛз  бетінше 
орындау  барысында  ғылыми  әдебиеттермен,  әдістемелерді  талдаумен  танысу  және  шығармашылық 
технологиясын меңгеруді жүзеге асыру.  
2. Ӛз бетінше білім алу және ӛзіндік дамуға ынтасын тәрбиелеу: шығармашылық белсенділігін қабіле-
тін белсендіру, кәсіби даярлық қасиетін жоғарылату, кәсіби тапсырмаларды шешу барысында шығарма-
шылық бағытын дамыту, жалпы және жеке дара зерттеу әдіс-тәсілдерін меңгеру т.б. 
3.  Оқу  іс-әрекетке  деген  мотивациясын  жоғарылату:  білім  беру  процесінде  тұлғаның  позициясын 
белсендіру, субъективті жаңа білімдердің негізгі қатынасы, яғни білімді ӛз бетінше алу функциясы, нақты 
білімгер үшін жаңа және тұлғалық маңыздылығына ие болу. 
4. Танымдық белсенділікті дамыту: ӛз бетінше ойлауға талпынысы, қандай да бір тапсырманы немесе 
мәселені шешуде ӛзіндік бағытты табу, ӛз бетінше білім алуға тырысуы, пікірлерді сыни тұрғыдан қалып-
тастыру, оқу процесіндегі оқу-танымдық процесс белсенділігінде білімгердің оқыту әдісінің белсенділігі 
жанама қызығушылығымен басымдылық танытып, жүзеге асыру және т.б. (3). 
Білімгердің ӛзіндік жұмысын ұйымдастыра алу қабілеті ӛзіндік іс-әрекеттің жоғарғы деңгейінде іске 
асатын, оқыту мен тәрбиелеуде жоғарғы деңгейде жақсы нәтиже кӛрсететін жеке тұлғаның мінез-құлқы-
ның ең жоғарғы формасына ие болуының нәтижесінен кӛрінеді. Жеке тұлғаның ӛзіндік қасиеті қарым-
қатынас  негізінде  педагогикалық  әрекеттің  құралымен  ерекшелене  ӛзіндік  іс-әрекетті  қалыптастыруға 
мүмкіндік тудырады. 
Жеке тұлғаның іс-әрекетті орындауға деген қабілеті оның даярлығы мен ішкі психологиялық қасиетте-
рі мен күйінің күрделі кӛрінісі болып табылады. 
Жеке тұлғаның ӛзіндік шығармашылығы ӛзіндік қасиетімен, педагогикалық шарттар және білім беру 
жүйесінде жетілдіру жолымен қалыптастырылады. Олар еңбек дағдылары мен кәсіби бағдарларды жетіл-
діруге мүмкіндік тудырады (4). 
Білімгер мен оқытушы арасындағы қатынасты білімгер белсенділігімен оның ӛз бетімен білім алуға 
ұмтылуы  бағытына  ӛзгерту  жұмыстарын  ұйымдастыру,  сондай-ақ  соған  сәйкес  білімгердің  ӛздік 
жұмысын  ұйымдастырудың  тиімді  әдістерін,  формаларын,  түрлерін,  құралдарын  дұрыс  таңдау  және 
қолдану білімгердің ӛздік жұмыс нәтижесіне ықпал жасайды. Білімгерлердің ӛздік жұмысының тиімділі-
гін және оны орындауға ынтасын арттыруда дидактикалық құралдары мен жаңа ақпараттық технология-
ларды қолданудың маңызы зор. Әр ӛздік жұмыстың мақсаты айқын, түсінікті, оның кӛлемі мен мазмұны 
оқу  мақсатына  сай,  білімгерге  орындауға  ынталандыратындай  жасалып,  оны  орындауға  білімгердің 
жағдайы  мен  мүмкіндігі  болуы  тиіс.  Білімгердің  ӛздік  жұмысының  тапсырмалары  алған  білімді  жаңа 
жағдаятта қолдануды, жаңадан ӛздігінен білім алуды қажет ететіндей, білімгердің  танымдық қабілеттерін 
арттыратындай болуы қажет.  

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Бастауыш мектеп және дене мәдениеті» сериясы, №1 (36), 2013 ж. 
95 
1. Модзалевский Л.Н. Очерк истории воспитания и обучения с древнейших времен до нашего века. – М.: Алетейя, 
2000 – 496 с. 
2. Зеер Э.Ф. Психология профессионального образования. – М., 2003 – 480 с. 
3. Зимняя И.А. Педагогическая психология. – Ростов н-Д, 1997. 
4. Устемиров К., Шаметов Н., Васильев И.Б. Профессиональная педагогика. – Алматы, 2005. 
 
Тҥйін 
Мақалада  колледж  білімгерлерінің ӛзіндік жұмысын ұйымдастырудың  формалары,  психологиялық-педагогика-
лық ерекшеліктері, аспектілері, компоненттері, танымдық белсенділіктері жӛнінде қарастырылған. 
 
Резюме 
В статье рассматриваются формы организации, психолого-педагогические особенности, аспекты и компоненты 
самостоятельной работы; познавательная деятельность. 
 
Resume 
This article is about forms of organization, psychological-pedagogical peculiarities, aspects, components of independent 
work and cognitive activity. 
 
ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ, ӘСКЕРИ ҚАБІЛЕТТІЛІГІ ЖӘНЕ ДЕНЕ ДАМУ 
ДАЙЫНДЫҒЫН ЖОҒАРЛАТУДА ӘСКЕРИ-СПОРТТЫҚ КЕШЕННІҢ РӚЛІ 
 
С.Кунай – аға оқытушы, «Бастапқы әскери дайындық теориясы мен әдістемесі» кафедрасы, 
Абай атындағы ҚазҰПУ
Ә.М. Байғалиев – оқытушы, «Бастапқы әскери дайындық теориясы мен әдістемесі» кафедрасы, 
Абай атындағы ҚазҰПУ 
 
Қарулану және әскери техниканы жетілдіру әскери еңбектің терең бӛлінуіне, жаңа әскери техникалық 
мамандықтардың  пайда  болуына,  дене  және  жүйке-психикалық  жүктемелердің  жаңа  түрлерінің  пайда 
болуына  алып  келеді.  Осылайша,  бір  қатар  мамандардың  әскери-кәсіби  қызметтері  оператор  еңбегінің 
сипаттық  белгілеріне  ие  болады,  әскери  қызметкерлері  орындайтын  операциялар  күрделенді.  Олар 
ақпараттың  үлкен  кӛлемін  тез  қайта  ӛңдеу  қабілетін  талап  етеді,  ұзақ  жұмысқа  деген  тұрақтылықты, 
ұқыптылықты  қажет  етеді.  Осыған  қоса,  ең  күрделі  және  жетілдірілген  құралдардың  ӛзі  елементарлы 
сонымен бірге ойлау операцияларының күрделі түрлерін орындауға адам орнын баса алмайды.  
Құралдандырудың  күрделенуі  әскери  қызметкерлерінің  келісілген  қызметтерінің  топтық  дағдысын 
ӛңдеуге, ұжымдық қызмет кӛрсетуді талап ететін жүйелердің пайда болуына алып келеді.  
Қарулы күштердегі дене даярлығы – дене тәрбиесі жүйесінің бӛлімдерінің бірі, сонымен бірге әскери 
қызметкерлерінің, әскери оқыту және тәрбиеленудің маңызды әрі ажырамас бӛлігі, жауынгерлерді әскери 
даярлау пәнінің бірі бола отырып, жүйесіне енеді.  
Әскери қызметкерлерінің дене даярлығына қойылатын талаптар негізінде қалыптасатын дене даярлық 
мақсаты  жетекші  жүйе  жасаушы  фактор  болып  табылады.  Олар  қызметтегі  міндеттерді,  жетістікті 
орындау үшін қажетті сапалардың және жеке құрамның әскери-кәсіби іс-әректтері негізінен шығады.  
Соғыста жаңа техникалық құралдарды қару-жарақтың ракета – ядролық және басқада түрлерін қолда-
ну күтпеген факторлардың әскери күшті жоғарлатады және әскерлерге қарсыластардың шабуыл жасауы-
на үнемі әскери даярлықта болуға талаптар қояды.  
Үнемі әскери даярлық кезекшілік кезінде іс-әрекеттердің дәлдігін сақтауға ерекше талаптар қояды. Ол 
жоғары дене шыдамдылығы бар тұлғаларда кейінірек байқалатын шаршау деңгейіне тікелей тәуелді. 
Жеке  құрамдағы  арнайы  сапалардың  қалыптасуына  және  жұмысқа  деген  қабілеттілігін  сақтауда 
қамтамасыз  ете  отырып  дене  даярлығы  жауынгерлер  әскери  дайындығының  қолдаудың  маңызды 
элементтерінің бірі болып табылады. 
Бүгінгі таңдағы күрес құралдар мен күштердің жоғары ептілігімен, қуаттылығы және жылдамдылығы-
мен, жағдайдың тез әрі аяқ асты ӛзгеруімен, адамзат факторы рӛлінің күшеюімен сипатталады. Күрестер 
әскери  қызметкерлерімен  моральды-әскери  және  дене  жоғары  сапаларын,  зор  психикалық  және  дене 
жүктемелеріне  шыдау  қабілеттерін  талап  етеді.  Әскери  әрекеттің  жоғары  интенсивтілігі  уақыттың 
аздылығымен  түсіндіріледі  және  бұл  уақыт  үнемі  қысқартылуда.  Әскери  іс-әрекеттер  мен  тәсілдерді 
орындау кезінде уақытты үнемдеу жеке құрам әскери шеберлік кӛрсеткіштердің бірі болды және ол тек 
қана жоғары дене даярлығы базасында мүмкін болмақ. 
Әскери жағдайдағы уақыт аздығы, жұмыстың жеке темпін қолдануға мүмкіндік бермейтін іс-әре-
кеттің ұжымдық сипаты жеке құрамның шектен тыс дене және психологиялық шаршап-шалдығуына 
алып келеді.  

Вестник КазНПУ имени Абая, Серия «Начальная школа и физическая культура», №1 (36), 2013 г. 
 
96 
Дене шынықтыру әскер қызметкерлерінің ұрыс қабілеттіліктеріне үлкен ықпал етеді және ол бірінші-
ден  жауынгерлердің  әскери  әдет  дағдыларын  жоғарылатуда  және  жағдайдың  жағымсыз  факторларына 
ағзаның тұрақтылығын кӛтеруде, екіншіден, моральды-саяси және психологиялық сапаларды жетілдіруде 
кӛрінеді. 
Бейбіт ӛмір кезеңінде жауынгерлердің әскери шеберлігі тәжі ретінде қарастырылатын әскери даярлық 
тұтасымен алғанда берілген уақыт кӛлемінде әскери тапсырманы жоғары сапада орындауы бар. Қарулы 
Күштер бӛлімдері мен бӛлімшелердің, әскери қызметкерлерінің қабілеттерінде кӛрініс береді. Сондықтан, 
барлық  деңгейлі  командирлердің  әскери  әдет-дағдылардың  кез-келген  тарау  аңызын  жауынгерледің 
әскери даярлық жағдайындағы оның қосымшасы бойынша бағалауға ұмтылуы толығымен түсінікті.  
Әскери-кәсіби  қызмет  ерекшеліктеріне  дене  және  психикалық  жүктемелер,  қозғалыс  белсенділігінің 
тәртібі, ӛмір сүру ортасының сипаты, қызмет ету мерзімі және әскери қызметпен байланысты әрі әскери 
техника және қару-жарақтардың даму деңгейіне тәуелді басқа да факторлар жатқызылады. 
Далалық әдет-дағдыларға дене даярлық факторының әсері барлық әскери мамандықтар үшін сипатты. 
Қозғалыс дағдыларының жеткілікті арсеналының бар болуы, іс-әрекеттің бір тәсілдерінен басқасына тез 
әрі  тиімді,  кӛшу  қабілеті  –  автоматталған  жүйе  оператор  жұмыс  сенімділігінің  маңызды  шарты.  Дене 
машықтануының  жоғары  деңгейі  жауынгер  бойында  жағдайды  жылдам  бағалау,  күрделі  жағдайларды 
шешімді қабылдау қабілеттерін жоғарлатуға мүмкіндік береді.  
Жоспарлы ӛткізілген дене даярлықтары әскери оқу үрдістерін күшейтуге кӛмектеседі. Мұндай жүкте-
мелерді  алып  жүру  дене  күштері  машықтанған  адамдардың  ғана  қолдарынан  келетіні  түсінікті.  Дене 
даярлығының  тӛмен  деңгейі  жауынгерлер  мен  бӛлімшелердің  оқу-әскери  тапсырмаларды  орындауына 
кері  әсерін  тигізеді.  Осылайша,  жауынгерлер  тәжірибесі  куә  болғандай  дене  даярлығы  жауынгерлер 
түрлері  және  Қарулы  Күштер  барлық  түрлерінің  жеке  құрамының  әскери  шеберліктерін  жоғарлатудың 
маңызды  құрамы,  әскери  қызметкерлердің  кәсіби  әдет  дағдылар  деңгейінің  кӛрсеткіші  ретінде  кӛрініс 
береді.  Оның  орны  ең  алдымен  дене  сонымен  бірге  ақыл-ой  жұмыс  қабілеттілігн  жоғарылату  және 
сақтауда оларды қиын жұмыстан кейінгі деңгейін қайтадан жылдам қалпына келтіруде кӛрінеді. 
Осыған сүйене отырып әскери қызметкерлер оқу-әскери іс-әрекеті әскери техниканы және қарулануды 
тиімді  әрі  сенімді  қолдануда  жағдайдың  әртүрлі  шарттарында  тез,  нақты  және  жетістікке  қол  жеткізе 
отырып әрекет етуде.  
Қарулы  Күштердегі  дене  даярлығының  негізгі  мақсаты  әскери  және  басқа  тапсырмаларды  олардың 
белгіленулеріне  сәйкес  орындау  үшін  әскери  қызметкерлердің  дене  даярлықтарының  қажетті  деңгейін 
қамтамасыз ету болып табылады. 
Дене даярлығы үрдісінде бірінші кезекте күш, жылдамдық, шыдамдылық және ептілік, осыдан кейін 
теориялық білім және ұйымдастырушылық-әдістемелік біліктер мен дағдылар қалыптасады. 
Дене даярлығының мақсатына жалпы және арнайы міндеттерді шешу кӛмегімен қол жеткізіледі. 
Әскери қызметкерлер дене даярлықтарының жалпы міндеттері; 
 
Салауатты ӛмір салтын қалыптастыру; 
 
Үйлесімді дене және рухани даму; 
 
Талап етілетін деңгейде шыдамдылықты, күшті, жылдамдық пен ептілікті қолдау және дамыту; 
 
Қол күресу, әскери-қолданбалы жүзудегі шынайы және қолдан жасалған кедергілерді жою, белгі-
ленген аймақ бойынша жылжудағы дағдыларды қалыптастыру. 
Дене даярлығының арнайы міндеттері Қарулы Күштер түрлері жеке құрамының әскери-кәсіби әрекет-
терінің  ерекшеліктеріне  негізделген.  Олар  әскери  қызметкерлердің  іс-әрекеттерінің  шарттарын  және 
нақты ерекшеліктерін есепке ала отырып қалыптасады. 
Дене даярлығының арнайы міндеттері тӛмендегілер болып табылады: 
 
Ракета бӛлімшелерінің жеке құрамы, оқу әскери бӛлімі мен бӛлімшелер курсанттар үшін – жалпы 
және күш шыдамдылығын дамыту; 
 
Арнайы әскери бӛлімшелермен әскери бӛлімдердің жеке құрамдары үшін – жылдамдығын, күшін 
және күш шыдамдылығын дамыту; 
 
Тыл бӛлімшелері және әскери бӛлімдердің жеке құрамы үшін күшін, жылдамдығын (шапшанды-
ғын) және жалпы шыдамдылығын дамыту; 
 
Диверсияға  қарсы  күрес  және  қорғаныс,  күзет  бӛлімшелерінің  жеке  құрамы  үшін  –  жалпы  және 
күш  шыдамдылығын  дамыту,  кедергілерді  жоюдағы  дағдыларды  жетілдіру,  қолмен  алуды  жүргізуге 
даярлығын ұштау, зор дене жүктемелеріндегі ұжымдық іс-әрекетте дағдыларды жетілдіру. 
Дене  даярлығы  арнайы  міндеттерді  шешуден  ӛзге  әскери  кезекшілігі  кезіндегі  оң  тайлы  жұмыс 
қабілеттілігін қолдауды қамтамасыз ету және осы оңтайлы жұмысқа қаблеттілікті ұзақ кәсіби жүктемеден 
кейін қайта қалпына келтіруі тиіс. 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Бастауыш мектеп және дене мәдениеті» сериясы, №1 (36), 2013 ж. 
97 
Қорыта  келе  Қарулы  Күштердегі  дене  даярлығының  қолданған  тәжірибесінің  кӛрсетуінше  арнайы 
міндеттер  жетістікке  қол  жеткізе  отырып  шешіледі,  егер  олар  бірнеше  мамандықтар  талаптарының 
жалпылығы негізінде қалыптасса, осыған қоса әскери бӛлімдер мен бӛлімшелердің ұйымдастырушылық 
құрылымы ескерілсе деген пікірдемін. 
 
1.  Қазақстан  Республикасының  қорғанысы  және  Қарулы  Күштері  туралы  Қазақстан  Республикасының  2005 
жылғы  7қаңтардағы  N29  Заңы  Қазақстан  Республикасы  парламентінің  Жаршысы,  2005  ж.,  N1-26  1-құжат; 
«Егемен Қазақстан» 2005 жылғы 12 қаңтар, N6. 
2. «Методика строевой подготовки». – М.: Изд второе военздат, 1979.  
3. Мемлекеттік органдардың азаматтарды әскери қызметке даярлауды ұйымдастыру және қамтамасыз ету 
ережесін бекіту туралы ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 24 мамырдағы №449 қауылысы.  
4. Қасымов Ә.Х., Тасболатов А.Б. Бастауыш әскери дайындық. Орта оқу орындарына арналған оқулық. 10-11 
сынып. – Алматы, 2000. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет