Подвижные игры в подготовке футболисток на начальном этапе к. И. Адамбеков – д п. н., проф., Каз нпу им. Абая


Резюме  В статье рассматриваются тестирование как один из видов педагогического контроля.    Summary



Pdf көрінісі
бет12/27
Дата12.03.2017
өлшемі1,86 Mb.
#8985
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   27

Резюме 
В статье рассматриваются тестирование как один из видов педагогического контроля. 
 
Summary 
The article is considered the as a pedagogical control. 
 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Бастауыш мектеп және дене мәдениеті» сериясы, №1 (36), 2013 ж. 
75 
ӘСКЕРИ-СПОРТТЫҚ ОЙЫНДАР АРҚЫЛЫ ЖАСӚСПІРІМДЕР БОЙЫНДА ҦЛТТЫҚ 
ПАТРИОТТЫҚ СЕЗІМДЕРДІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ 
 
Қ.Қ. Берлибаев – аға оқытушы, БӘД теориясы мен әдістемесі кафедрасы, Абай атындағы ҚазҰПУ, 
Ә.М. Байғалиев – оқытушы, БӘД теориясы мен әдістемесі кафедрасы, Абай атындағы ҚазҰПУ 
 
Қазақстан  Республикасын қорғау  – оның әрбір азаматының парызы  мен міндеті екендігін  түсіндіру. 
Жоғары дене дайындығына және Президенттік тестті орындауға ұмтылдыру. Алғашқы әскери дайындық 
пәнін жақсы оқып, меңгеруге дайындау. Халқымыздың ерлік, жауынгерлік тарихын қадірлеуге тәрбиелеу. 
Оқушыларға  үйірме  жұмыстары  және  әскери  қолдану  жарыстары  кең  кӛлемде  айналысуына  жағдай 
жасау. Халқымыздың және Қарулы күштеріміздің ӛткен ӛжет ерліктерін үнемі оқытып, насихаттап есте 
ұстау.  Отаншылдық  елжандылық,  ерік-жігер  тәртіптілік,  ерлік  сезімдерін  қалыптастыру.  Әскери-спорт-
тық ойындар арқылы оқушыларды әскери сапта жүруге пәрмендерді орындауға әскери тәртіпке үйрету. 
Әскерге шақырылуға дейінгі жасӛспірімдердің дене дайындығын жетілдіру.  
Адам баласының әрқайсының ӛз ӛмір жолы болатыны тәрізді, кез-келген халықтың, қоғам мен мемле-
кеттің ӛз тарихи ғұмыры бар. Ол кӛне тіршілік кӛшінде сан алуан кейіпте кӛрініп келе жатқан күрделі 
процесс әр ұрпақ ӛзінің бұрынғы ұрпақтың жалғасы болғанынан, ӛз дәуірінің шыңырауына үн қосып, ӛз 
соқпағын іздейді. 
Әлем  тарихында  патриоттық  тәрбие  және  әскери  патриоттық  туралы  білім  ғасырларға  тамырымен 
терең  кеткен.  Әлемдегі  ӛркениеттің  дамуындағы  ерекшеліктер  дінмен,  салт-дәстүрлермен,  әртүрлі 
этникалық факторлармен ӛлшенген. 
Тәуелсіз Қазақстан жағдайында біз патриоттық тәрбие беруді қазақ әтнопедагогикасының негізінде қа-
растыруды тиімді деп есептейміз. Ӛйткені жалпы тәрбиелеу процесі тек қана батыс еуропалық және аме-
рикандық үлгіні қабылдап бара жатқанға ұқсайды. Сондықтан халықтық педагогика негізінде студенттер-
дің бойына патриоттық сезімді қалыптастыратын болсақ, Қазақстаннның даму жолында ӛзінің сара жолы 
болады деп есептейміз. Қазақстан әрі батыс, әрі шығыс елі ерекше ортада тұрған кӛп ұлтты мемлекет. 
Әрбір қоғамның даму,  ӛрлеу сәттері болады. Бұл ретте ХХ ғасырдың соңғы  жетпіс бес жылы түрік 
ғасыры болды. Түрік тарихының терең болғанымен, оның гүлденген ӛркениетке жеткен тұсы осы ғасыр. 
Оның ең бастауы, түп қазығы түрік идеясы мен түрік патриотизмінде дер едік. Егер ғасыр басында түрік-
тер  бар  болғаны  он  екі  миллионға  жетер  жетпес  болса,  бұл  күнде  олар  алпыс  тӛрт  милионнан  асып 
жығылады. Мұстафа Кемал Ататүрік Түрік Республикасын жария ете салып, ұлт алдында тұрған негізгі 
міндеттерді  ұсынды.  Оның  ең  бастысы  –  дүниеге  адам  баласы  тең  болып  келеді,  ендеше  түрік  ұланы 
жерге  қарама,  еңсеңді  кӛтер  нәсілің  түрік  екеніне  мақтан  деген  ұстамды    әр  жүрекке  шырақ  етіп  жаға 
білді. Түрік мемлекеті еуропаға есігін ашып қана қоймай, ӛзі де батыс пен шығысқа жол салды. Әскери 
доктринасы күшейді, НАТО-ға кірді. Енді ол басқа бір елдің қабағына қарап қана қоймай, ӛзге бір елдерді 
ӛз  қас-қабағына  қарата  бастады.  Ал  бұл  тікелей  тәуелсіздік  идеясын  тұтатты.  Сӛйтіп  Ататүрік:  «Түрік 
ұланы! Бірінші міндетің: Түрік тәуелсіздігің, Түрік тәуелсіздігін мәңгі сақтау және қорғау болып табыла-
ды»  –  деп  айтып  қана  қоймай,  оны  кӛз  кӛретін  жерлердің  бәріне  тасқа  ойып  жаздырды.  Ұлттың  рухы 
асқақтаған халықтың тілегі тоғысқан сәті осы еді. Мұндай елді жеңу мүмкін бе? 
Біздерге де ойлануға тура келетін кездер келді деп ойлаймыз. Кең байтақ жеріміз бар қазақстандықтар-
дың асқақтап шарықтауға мүмкіншілігі мол. 
Шығыс  елдерінде  патриоттық  тәрбиеге  әсіресе  әскери-патриоттық  тәрбиеге  аса  кӛңіл  бӛлген.  Бұл 
тұрғыда  жапондықтар  үлгі  кӛрсетеді.  Орыс  тарихшысы  А.А.  Строев  «жапондыққа  балалық  шағынан 
мемлекеттің идеологиясы үшін әр уақытта ӛзін құрбандыққа шалуға дайын болуын құлағына құяды»  – 
деп жазған. Ал қытайда әскери патриоттық білім беру мемлекеттік идеологиямен бір қатарда. 
Қазіргі  кезеңде  Америка  Құрама  Штаттары  ӛз  азаматтарының  патриоттық  сезімдерін  балалық 
шағынан тәрбиелейді. Құрама штаттарда мектеп қабырғасынан бастап тәуелсіздік декларация дегеніміз 
не? деген мен қатар Американың негізін қалаушы президенттерінің аталы сӛздерін оқып үйренеді. 
Азаматтарды әскери қызметке дайындап патриоттық сезімін қалыптастыру қазіргі кезде батыс европа-
ның барлық елдерінде қолға алынған. Мысалға, Германия,  Ұлыбритания, Франция мектептерінде және 
жоғары оқу орындарында офицерлерді дайындауда арнайы пән ретінде әскери кәсіптік бағытын қалып-
тастыруда оқытылады. 
Біз ӛз жұмысымызда қазіргі кезеңдегі жастардың отанының әскер қатарында кӛрінуіне деген талпыны-
сын арттыруын ұлттық тәрбиенің маңызынан кӛрсетеміз. 
Патриоттық тәрбие берудің үлгісін біз ӛзіміздің ғылыми жұмысымызда патриот студент үлгісін жасау-
да кӛреміз. 

Вестник КазНПУ имени Абая, Серия «Начальная школа и физическая культура», №1 (36), 2013 г. 
 
76 
Этнопедагогиканы  зерттемей  және  пайдаланбай  жеке  адамды  толыққанды  тәрбиелеу  мүмкін  емес. 
Қазіргі  кезде  қоғам  алға  қойып  отырған  тәрбие  міндеттерін  шешуде  әтнопедагогика  дәстүрлері  мен 
тәжірибесін педагогика ғылымының әдістемелік-теориялық қағидаларымен біріктіруді кӛкейкесті мәселе 
ретінде қарастырған. 
Халық  педагогикасындағы  жауынгерлік  дәстүрлерді  кешенді  түрде  зерттей  келе  біз  ӛз  еңбегімізде 
студенттерге  патриоттық  тәрбие  беруде  қолданамыз.  Студенттерге  патриоттық  тәрбие  берудің  тарихи-
педагогикалық кӛздері қазақ халқы батырларының ерлік істерінің тарихи деректеріне талдау жасай келе, 
қазақ  халқының  басынан  ӛткен  тарихи  жағдайларға  байланысты  патриотизмнің  дамып  қалыптасуының 
тарихи алғы шарттарын қарастырамыз. 
Біз  ӛз  жұмысымызда  студенттерге  халықтық  педагогика  негізінде  патриоттық  тәрбие  беруді 
қарастырамыз.  
Халық мұрасындағы ірі тұлғалардың тәрбиелік мәнді істерін оқу-тәрбие процесінде және сабақтан тыс 
іс-шараларда қолдануды қолдаймыз. 
Біз  ұлттық  спорт  ойындарында  патриоттық  тәрбие  берудің  студенттердің  бойында  патриоттық 
тәрбие қалыптастыратынын ӛзіміздің ғылыми еңбегімізде талқылап қарастырып тәжірибелік жұмыс-
тарда қолданамыз.  
Халықтық  педагогикадағы  атамекенге  сүйіспеншілікті  дамыта  отырып  біз  студенттердің  бойында 
патриоттық сезімді тәрбиелеуді ұсынамыз. 
Ғылыми зерттеулерді оқып-үйреніп талдауда, педагогикалық тәлім-тәрбиеде, студенттерге патриоттық 
тәрбие  беру  ғылымының  теориясын  ӛз  алдына  дербес  проблема  ретінде  анықталғанын  және  ол  үнемі 
зерттеп отыруды қажет ететіндігін кӛруге мүмкіндік берді. 
Біздің  ойымызша  патриотизмге  негізделген  тәрбие  жұмысын  жүргізуде  жоғары  оқу  орындары 
студенттері проблемасы ерекше мәнге ие болады. Себебі студенттер болашақ маман ретінде қалыптасып, 
ӛмірлік ұстанымын айқындап, ӛркениетті елдер қатарына қосылуда ӛздерінің үлкен септігін тигізеді. 
Ӛркендеудің құтты қасиеті іспеттес бір ұғым бар. Ол – патриотизм. әрине, мәселе кӛп шуылда емес, 
бүлкілдеген күре тамырды бойлап қуалап, санды – санаға бәтуаны – берекеге айналдыруға кӛмектесетін 
сиқырлы сезім жайлы. Ол томағы – тұйыққа емес, салмақты салиқалыққа бастайды, жансызға жан береді. 
Ортақ иманға айналса, алмайтын қамалы жоқ. Осының бәрін бір ғана «патриотизм» деген» ұлы ұғымға 
сиғызсақ, уақыттан алыс кетпес едік деп ойлаймыз. Ӛйткені ол ӛзің жаралған топырақпен ӛскен ортаға 
деген ізгі сезімді ғана білдірмейді. Аясы әлдеқайда кең ұғым. Тіршілікте тӛл табиғи орта ерекшеліктерін 
тиімді пайдалану, алғы ұрпақтар тәжірибиесі арқылы жинақталып, тарихи зерде кілтіне айналған патрио-
тизмді ӛркениет мүддесіне қолдана білу де сол тектен. Ең бастысы елдің бірлік, халықтың қасиет-қазына-
ларын  қастерлеу  мен  ертеңге  деген  сенім  сияқты  сезімдерді  оятатын  да  осы  патриотизм.  Оның  қоғам 
дамуына  айрықша  орын  алатын  құдіретті  рухани  факторға  айналуының  сыры  да  осында  жатыр.  Отан 
дегеніміз – халық. Халық дегеніміз – адам. Адамды сүю оған жақсылық жасау, жанашыр болу – адамгер-
шіліктің белгісі. Ендеше отаншылдық – сонау ерте замандардан қалыптасып келе жатқан қасиетті сезім. 
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Біздің тағы бір аса маңызды идеологиялық 
міндетіміз – Қазақстандық отансүйгіштікке тәрбиелеу, әрбір азаматтың ӛзін-ӛзі айқын билеуін қалыптас-
тыру. Шынайы отансүйгіштікті нағыз азаматтықты қалыптстыру жеке бастың ӛзін саяси тұрғыдан айқын 
сезініп, ӛз Отанын саналы түрде таңдауын кӛздейді» делінген. 
Ата-бабаларымыз «Адал адам Отанын сүйеді». «Адал, ақ жүрекке Отан – анасындай». Отанға деген 
махабатты  ӛлшеуге  болмайды  деген  болатын.  Осы  айтылғандар  халықтың  асыл  ойының  түйіні  мақал-
мәтелдерден ӛзекті орын алған. Мәселен, жас ұрпаққа ел қадірін «Ӛз елің алтын бесігің», «Отан – оттан да 
ыстық» «Туған жерге туыңды тік», «Кісі елінде сұлтан болғанша, ӛз еліңде ұлтан бол», «Жекен жерінде 
кӛгерер, ер елінде кӛгерер» деген асыл сӛздермен білдірген. Жастарды кіндік кесіп, кір жуған жері үшін, 
әлпештеп ӛсірген елі үшін қасық қаны қалғанша жаумен жағаласа білетін,  Отанын шын сүйетін батыр 
етіп  тәрбиелеуді  кӛздеген  халық  ӛзінің  ӛлең-жырларынан,  аңыз  әңгімелерін,  мақал-мәтелдерін  осы 
тақырыпқа  арнаған.  Сондықтан  лиро-әпостық,  батырлар  жырларының  басты  кейіпкерлері  ата-анасы, 
сүйген  жары,  туған  жері,  ӛскен  елі  үшін  жаумен  кескілесе  күрес  жүргізіп,  ерлікпен  даңқын  шығарған 
халықтың сүйікті ұл-қыздары болып келеді «Отан үшін отқа түс, күймейсің, Арың үшін алыс, ӛлмейсің», 
«Ер жігіт ел үшін туады, ел үшін ӛледі», деп халық ӛз ұрпағын Отанын сүюге шақырады. 
Кӛп  ұлтты  Қазақстан  Республикасы  үшін  патриоттық  сезімнің  рухани  саладағы  тату-тәтті  тірлік, 
азаматтық келісімге ғана емес мемлекеттік материалдық негізін нығайтуға да тікелей ықпалы бар. 
Патриоттық рух – қазақ елінің әлемдік ӛркениетті елдер кӛшіне қосылып дүниежүзілік қауымдастық-
тан  лайықты  орын  алуға  мүмкүндік  беретін  бірден-бір  күш.  Патриоттық  сезім  ӛрге  бастайтынын  ӛз 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Бастауыш мектеп және дене мәдениеті» сериясы, №1 (36), 2013 ж. 
77 
ұлтымыздың тарихы да талай дәлелдеп келеді. Кейде шіркін бір ӛзіне бірнеше мемлекет сыйып кететін 
ұлан-байтақ жерді ата-бабамыз сан ғасырлар бойы қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай қалай 
аман  сақтаған  деп  таңданамыз.  Ӛз  сауалымызға  ӛзіміз  жауап  тауып  «Найзаның  ұшымен,  білектің 
күшімен, ақылдың ісімен» – деп мақтанамыз. Ешбір қатесі жоқ. Тегеурінді күштің тетігі жүрек қуатынан 
нәр  алғанда  ғана  қозғалысқа  келмек.  Ұлан  майдан  ұлы  істе  де  жеке  дара  жекпе-жекте  де  рухы  мықты 
ұтады. Жайшылықта әрқайсысы бір түйе айдап, жеке жайылатын жұртымыздың ел басына күн туғанда 
бір тӛбеге жиылып, бір ауылына ұюы, бір жағадан бас, бір жеңнен – қол шығарып, тастүйін тегеурінді 
күш болып аттануы осындайда бәрімізді танытар сүйеніш ретінде қарайды. Оның аясы әдеттегі тарихи 
ойланым  зердесінен  кеңірек.  Қазақ  қоғамының  бүгінгі  сипаты  және  оның  алдында  тұрған  қазіргі  тың 
тұрпатты міндеттерге сәйкес ӛріс алған. 
Ежелгі ата-бабаларымыздың күмбірлеген күміс күйі, сыбызғы-сырнайының үні, асқақтата салған әсем 
әні,  ғашықтық  жырлары,  шешендік  сӛз,  айтыс  ӛнері,  ою-ӛрнектері  мен  бостандық  үшін  жері  мен  елін 
қорғаған батыр бабаларымыз туралы тарихи дастандарды ғасырлар бойы ӛз ұрпағын ӛнегелі де ӛнерлі, 
адамгершілік  ар-ождан  жоғары  намысқой  азамат  етіп  тәрбиелеп  келгені  тарихи  шындық.  Олай  болса 
тәуелсіздік  туы  желбіреген  егеменді  еліміздің  болашақ  патриот  ұрпағын  тәрбиелеуде  олардың  бойына 
ізеттілік, қайырымдылық, кішіпейілділік, әдептілік, елін, жерін, Отанын сүюшілік секілді ең асыл қасиет-
терді қаны мен жанына сіңіруде осы ұлттық құндылықтарды оқу-тәрбие процесінде басшылыққа алсақ, 
ол ӛте ұтымды болар еді. 
Н.Ә.  Назарбаев  ұсынған  жаңа  ұлттық  идеяның  мазмұны  да  қоғамдық  дамуға  басқаша,  осы  заманғы 
тұрғыдан  қарау  үрдісіне  сай  айқындалған.  «Кӛп  ұлтты  Қазақстанда  жалпы  ұлттық  мүдделерді  жүзеге 
асырудың бір ғана жолы бар екені айдан анық. Ол қазақ ұлтының біріктіруші рӛлі жағдайында барлық 
халықтардың теңдігін қамтамасыз ету»  – деп жазды ол. «Қазақстанның болашағы – қоғамның идеялық 
бірлігінде» – деген еңбегінде. 
Біз бұл жерде екі мәселеге айрықша назар аударып қарастырамыз:  
Бірінші – қоғамның кӛп ұлттылығын тұрақты бірлестіруші факторға айналдыру. Яғни, сырт қараған-
да,  әрқилы  алауыздықтардың  негізгі  себебі  болуға  тиіс  осалдықтардың  ӛзінен,  алға  басуға  күштірек 
қарқын беретін артықшылық жасау ниеті. 
Екінші  қазақ ұлтының қоғам ӛміріндегі біріктіруші рӛлінің атап кӛрсетілуі. Яғни, оның мемлекеттің 
тағдыры үшін, ең алдымен ӛзі жауапты екендігінің ашық айтылуы. әрине біріктірушілік міндетін атқару – 
қоғамның әртүрлі әлементтері арасында жай байланысшы болу дегеннен гӛрі күрделілеу ұғым, ол үшін 
солардың қоғамдық ортақ тірлігінің ұйқасында жаңа қауымдастық шын мәніндегі негізгі ұлттық тірегіне 
айналу керек. 
Елбасы ӛзінің теориялық еңбектерінде, мақалалары мен сӛздерінде «қазақстандық патриотизм» деген 
ұғымда әр қырынан ашып кӛрсетіп келеді. Ол үшін ӛз отандастарының, ғылыми тілмен айтуында қоғам 
организміндегі ӛзінің саяси еркіндігін айқын сезінетін және ӛз Отанын саналы түрде таңдаған азаматтар 
болуы шарт. 
Сонда ғана әрбір азамат ӛзін мемлекетінің ӛткеніне, бүгініне және ертеңіне тікелей қатысын сезініп, 
Отан  тағдыры  үшін  ӛзіне  жеке  жауапкершілік  жүктелетінін  терең  пайымдайтын  болады.  Ел  ӛміріне 
қатысты сан алуан проблемалардың баршаға бірдей жақын әрі түсінікті болуы да осыған байланысты. 
Әрине,  Қазақстанды  шын  мәнінде  ӛз  Отаны  деп  санаған  адам  басқа  елдерге  жалтақтап  солардың 
кӛмегімен ӛзіне әлдебір жеңілдіктер алуға, немесе болған артықшылықтарын сақтап қалуға ұмтылмас еді. 
Бірақ отандастармен тағдыры ортақ екендігін терең сезінген жан басқа түскен қиындықтарды да бірлесе 
күш  жұмсап  жеңуді  ойлары  анық.  Ӛздерін  казактардың  кӛсеміміз,  орыс  тілділердің  тілеуқорымыз  деп 
кеуде қағатын, қазір тағы да бізде бірнеше мемлекеттік тіл мен қос азаматтық болмаса, республикадағы 
демократияның  күні  қараң  қалады  деп  бай-балам  салып  жүрген  кейбір  саясатшылардың  елге  іріткі 
салатын ыландарының сыртында белгілі бір кӛзқарас жатқанын ұмытуға болмайды.  Оларға  тәуелсіздік 
деген сӛз түрпідей келеді. Тіпті жан-жақты байланысты нығайту, кең араласу, келісім мен ынтымақтас-
тықты нығайту деген ұғымдарға кӛбіне біржақты ғана қарайтыны байқалады.Осы орайда қазақ ұлтының 
қоғамдағы  біріктіруші  рӛлін  күшейту  деген  қағидаға  тағы  бір  орала  кеткен  жӛн  сияқты.  Бұл  процестің 
нәтижелі ӛрбуі тек қазақтарға ғана байланысты емес екендігін ашық айту керек. 
Бұл  ретте  Ә.Нұршайықов  «қазақстандық  патриотизмді»  қазақ  ұлтының  мүддесімен  байланыстыра 
келіп басқа ұлттар мүддесін жоққа шығармайтын келелі пікір айтады. Ол азаматтардың құқықтық еркінді-
гі,  басқа  ұлттардың  қазақ  халқының  дәстүрін  сыйлауы,  олардың  қазақ  мемлекетінің  намысын  қорғауы, 
қазақ елін жатсынбай, жүрегімен сүйе білуі, ұлттық тіл, діні, ділімізді сақтауға кедергі жасамай қолдау 
тауып жатса міне, осыларды қазақстандық патриотизмнің белгілері деп санайды. 

Вестник КазНПУ имени Абая, Серия «Начальная школа и физическая культура», №1 (36), 2013 г. 
 
78 
«Патриотизм»  ұғымын  талдай  келе  ол:  «патриотизм  дегенде,  әуел  бастан  ақ  туған  жерін,  ана  тілін, 
елдің  әдеп-ғұрпы  мен  салт-дәстүрін  құрметтеп,  қастерлеген.  Бұл  патриоттық  сезім  ерте  заманнан-ақ 
қалыптасқан. Мұның терең мағынасына ұлтжандылық жатады», – деп кӛрсетеді. 
Жоғарыдағы ой түйіндерінен байқағанымыз, бүгінгі күні бейбітшілік заманда, демократиялық бағыт 
ұстанған Қазақстанда патриотизмге жаңа кӛзқарас қалыптастыру мәселесі туындап отыр. Мемлекетіміз-
дің тәуелсіздік алған жылдары әскерден жаппай қашу бүгінде тоқталып Отанды қорғауға деген патриот-
тық сезім арта түсуде. 
Патриоттық  сезіммен,  рухани  саладағы  тату-тәтті  тірлік,  азаматтық  келісімге  ғана  емес  мемлекеттің 
материалдық негізін нығайтуға да тікелей ықпалы бар.Оны былай қойғанда әрбір ұлттық экономиканың 
ӛз табиғаты, ӛз даму заңдылықтары бар. Ӛз тамырынан ӛршітпесең бұтағын кесіп бұтарлап биіктетуге кӛ-
не бермейді. Ӛркендеуге де ӛзегі қанша ӛркениетке сүйенгенмен ӛз тілін білетін ӛндіргіш күш керек. Бұл 
әлемдік тәжірибие әбден мойындатқан шындық ӛз керуенін түзеген мемлекет мұны қалай ескермессің! 
Ұлы Абай атамыз «Басқа тілдің бәрін біл, ӛз тіліңді құрметте» – деген ғой. Қалайда тӛл теңгеміздің айна-
лымға енуі, еліміздің ақ ниетті азаматтарының бәрінің патриоттық рухын бір кӛтеріп тастаған оқиға бол-
ғаны сӛзсіз. Патриоттық рух – қазақ елінің әлемдік ӛркениет кӛшіне қосылып, дүние жүзілік қауымдас-
тықтан лайықты орын алуына мүмкүндік беретін бірден-бір күш. Кӛп ортасында кӛзге түсу үшін де кемел 
болмыс керек. Тӛл тарихы, мәдениеті мен ӛнері, экономикалық қуаты жоқ ел басқаларға да қызықсыз. Ал 
оларды кең таныту үшін алдымен қадыр-қасиетіңді ӛзің жақсы білуің, мақтаныш ете алуың керек. Ота-
ныңды  сүю  дегеннің  мән-мағынасы  да  осылай  ашылады.  Оған  орынды  мақтанышпен  қоса  кемшіліктің 
орнын толтыруға деген құлшыныс пен қиындыққа қайыспай тӛзе білу де қосылады. Елдікті ұлттық на-
мысты бәрінен жоғары қою – отансүйгіштіктің ең басты белгісі. Елдік қасиеттер аспаннан түспейді, жоқ-
тан жаралмайды. Ӛзі туған топырақ тозаңы және ана сүтімен ұйыған ұлтжандылық сыртында, ӛскен орта-
сы мен азамат ретінде қалыптастырған қоғамы дарытар терең де текті дүниетаным негізінде ғана түзеледі: 
Президент  Н.Ә.  Назарбаевтың  қазақстандық  патриотизмге  тәрбиелеу  ісін  жаңа  мемлекеттік  идеология-
ның аса маңызды міндеттерінің бірі ретінде алға тартуының сыры да осында жатыр. «Ал оны елдің туын, 
елтаңбасын,  әнұранын  қастерлеуден,  заңды  ӛкіметті  құрметтеуге  тәрбиелеуден  бастау  керек»  –  деп 
жазды. 
Кӛптеген  сӛздіктерге,  әнциклопедиялық  анықтамаларға  сүйенсек,  патриотизм  –  ӛз  Отанына  деген 
сүйіспеншілік,  адалдық,  оған  қызымет  етуге,  оны  ішкі-сыртқы  жаулардан  жанпидалықпен  қорғауға 
әрдайым әзір болу дегенге саяды екен. Мұндағы басты нәрсе – кейбір қиындықтарға, күйзелістерге тап 
болса  да  әрбір  азамат  Отанын  да,  ӛзінің  де  келешелігіне  үлкен  сеніммен,  үмітпен  қарауға  міндетті.  Ол 
үшін  бізге  отансүйгіштік,  патриоттық,  ұлттық  сана-сезім  қажет.  Бұл  қасиеттер  студенттердің  бойына 
оқумен, біліммен, үйренумен, талпынумен тәрбиемен бітеді. 
Осыдан жирма бір жыл бұрын тәуелсіздігін жариялаған, кӛк байрағын кӛтерген еліміз үшін ӛзінің 
ұрпағын,  кемелді  келешегін,  оның  ішінде  патриоттық-отансүйгіштік  арнада  тәрбиелеу  қажеттілігі 
туып отыр. 
Қазақтың патриоттық, отансүйгіштік тәрбиесі – тереңнен тамыр тартқан, халқымыздың сан ғасырлық 
болмысының,  дүниетану  кӛзқарасының,  ақыл-ойы  мен  салт-дәстүр  мәдениетінің  кӛрінісі.  Осыларды 
бойына дарытпай студенттерді алтын бесік елін, кіндік кескен жерін қорғайтын және осы мақсат жолында 
бар күш-жігері мен ақыл қайратын жұмсайтын, отаншыл азаматтарды, яғни нағыз патриоттарды тәрбие-
леп ӛсіру мүмкін емес. Сайып келгенде, студенттерді ұлттық тәрбие негізінде жан-жақты жетілген «Сегіз 
қырлы,  бір  сырлы»  ұрпақ  ретінде  –  лайықты  ізбасар  маман  етіп  тәрбиелеу.  Біздің  зерттеуіміздің  ӛзегі 
болып  отырған  қазақ  әтнопедагогикасының  негізінде  патриоттизмге  тәрбиелеу  осы  пайымдаулардан 
ӛрбиді. Мұндай кӛкейкесті ізгі мақсатты іске асыру жолында мынадай тәрбиелік ұстанымдар басшылық-
қа алынды: 
Біріншіден, күні ертең болашақ маманның елін, жерін сүйетін намысшыл азамат болуын ойластыру. 
Бұл  алдымен,  қадірлі  қариялардың,  кӛпке  сыйлы  үлкендердің  бата-тілектерінде,  ырым-жораларында 
ӛзекті  орын  алады.  Ақсақалдардың  ұрпағына:  «Жорытқанда  жолың  болсын!»  деп  бата  беруі  жақсы 
ниеттің сәулесі. 
Мына  арзан  күлкі  мен  бос  жүріс  етек  ала  бастаған  жеңілтек  мәдениетке  мойынсынбай  ӛз  ұлттық 
болмысын сақтап қалуды ойлаған әрбір саналы жан ата-баба дәстүрін сақтап, әдет-ғұрпымызды, мәдение-
тімізді бойына дарытуы қажет. 
Екіншіден, баланы жастайынан еңбексүйгіш,  елгезек азамат етіп  тәрбиелеу.  Бұл  мақсаттағы  ой-
пікірлер қазақтың бесік жырлары мен салт-дәстүр жырларында, ертегі-аңыздары мен бата-тілектерін-
де, термелері мен ӛлеңдерінде мол кездеседі. Бұл ретте «Еңбек түбі – береке», «Бейнет түбі – зейнет», 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Бастауыш мектеп және дене мәдениеті» сериясы, №1 (36), 2013 ж. 
79 
«Бейнетің қатты болса, татқаның тәтті болар» деген тәрізді халық даналығын мысал ретінде алдыға 
тартсақта болады. 
Ҥшіншіден,  «Бірінші байлық  – денсаулық» – деген қағиданы пір тұтқан  халқымыз тән сұлулығына 
ерекше мән берген. «Тәні саудың – жаны сау!», «Ауру – астан», «Тән жарасы мен жан жарасы – егіз», – 
деп дене тәрбиесіне ерекше кӛңіл бӛлген. Сәби жарық дүние есігін ашып келген сәттен бастап оны күн 
сайын тұзды сумен шомылдыру, маймен сылау, қазы мен қойдың құйрығын сорғызу, саумал беру оның 
шымыр да ширақ болып ӛсуіне ықпал жасаған. «Шынықсаң шымыр боласың» деген ұстанымға сүйенген 
кӛшпелі  жұрт  жас  ұрпақтың  дене  күтіміне  бей-жай  қарамаған.  Ұлттық  ойындар  ата-бабамыздан  бізге 
жеткен, ӛткенмен бүгінді байланыстыратын баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз. Сондықтан оны 
үйренудің,  күнделікті  тұрмысқа  пайдаланудың  заманымызға  сай  ұрпақ  тәрбиелеуде  пайдасы  зор. 
Сонымен  қатар,  ұлттық  ойындарды  дене  шынықтыру  сабағында  қолдана  білу  қажет.  Ұлтымыздың 
қимыл-қозғалыс  ойындары  ӛзінің  мазмұнымен  кӛлемі  жағынан  тәрбиелік  әрекет  болып  табылады. 
Ұлттық ойындарды игере отырып, қимыл-дағдыларды тірек  ететін әр алуан ойын қимылдары студенттер, 
қолайлы дәлдікпен қалыптасқан ерекше ептілікпен кӛрінеді. 
Тӛртіншіден,  халқымыз  әтнопедагогиканың  ықпалы  арқылы  ұрпақ  бойындағы  ізгі  адамгершілік 
қасиеттерді  орнықтыруға  парасат  иесі  етіп  тәрбиелеуге  ұмтылған,  ізгілікке,  адалдыққа,  ар-ожданды 
қастерлеуге, уәдеге берік болуға тәрбиелеген. «Жаным  – арымның садағасы», «Жан сақтама, ар сақта», 
«Тәні сұлу – сұлу емес, жаны сұлу – сұлу» – деп арды, адалдық пен қасетті бәрінен жоғары қойған. 
Соңғы жылдардағы философия, әтнография тарауларындағы «халықтық мәдениет», «дәстүрлі мәдени-
ет», халықтың тӛл мәдениетін танып-білудің негізі – мәдениеттің мәні болып табылатын руханилыққа тән 
формалары  болып  табылатын  кӛзқарастарды  студенттерге  патриоттық  тәрбие  берудің  маңызды  компо-
ненттерінің бірі ретінде қарастырумен құнды. Бұл тұрғыдан келгенде патриоттық тәрбие – халық тұрмы-
сының барлық саласынан кӛрініс табатын материалдық және рухани мәдениетпен астасып жатқан күрделі 
тарихи қоғамдық құбылыс. 
Демек,  қай  халықтың  болмасын  тәрбие  дәстүрлерінің  пайда  болып  жетілуі,  атқаратын  қызметі 
уақыт пен кеңестіктен тыс құбылыс емес, қайта бұл процестер қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық, 
тарихи  ӛзгерістермен,  ғылым  мен  мәдениеттің  ӛркендеуімен,  ӛзге  де  қызмет  түрлерінің  дамуымен 
тығыз байланысты. 
Олай  болса,  халқымыздың  тарихи  жолында  жинақталған  тәрбие  тәжірибесі  мен  әтнопедагогика-
лық  ойлары  кӛрініс  беретін  салт-дәстүр,  халық  шығармашылығының  түрлері,  шаруашылық  кәсібі, 
қоғамдық ӛмірі, материалдық мәдениет ескерткіштері әтнопедагогиканың ғылыми зерттеу объектісі-
не айналуы аса қажет. 
Біздің  мақсатымыз  халық  ұғымындағы  патриоттық  тәрбие  жӛніндегі  түсініктер,  тарих  елегінен  ӛтіп 
қалыптасқан  патриоттық  тәрбие  принциптерінің  әдіс-тәсілдерінің  мәнін  ашып  кӛрсету,  оны  бүгінгі 
студенттерді  тәрбиелеу  ісінде  қолдану  жолдарын  қарастыруды  әтнопедагогика  ғылымының  ӛзекті 
проблемасы ретінде кӛрсете білу. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет