Поәдк №3 Базалық білім



бет20/46
Дата28.03.2023
өлшемі0,78 Mb.
#76876
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   46
12 – дәріс: Абай поэзиясының тілі
1. Абай өлеңдеріндегі ирония, сарказм, гипербола және литота
2. Абай өлеңдеріндегі фигура мен олардың түрлері
3. Абай – қазақтың бірінші психолог ақыны
4. Абай өлеңдеріндегі ақыл, нақыл сөздер

  1. Абай және қазіргі заман. Алматы, «Ғылым», 1994

  2. М.Мырзахмет. Абайтану тарихы. Алматы, 1994

  3. А.Машанов. Әл-Фараби және Абай. Алматы, «Қазақстан»,1994

  4. М.Мырзахметұлы. Абай және шығыс. Алматы, «Қазақстан», 1994

  5. Н.Г.Чернышевский. «Эстетическое отношение искусства к действительности». – Мосва ,1945г. - стр. 117.

І. Әдетте сөздің, не сөйлемнің сыртқы құрылысына ішкі мазмұны қарсы келіп, өзі келеке ретінде айтылса, ондай сөзді ирония дейді.
Қара кісіні «аппағым», пұшық кісіні «қоңқағым» деу- ирония.
Абайдың өз өлеңдерінде де ирония жиі ұшырайды. Абай иронияларының көпшілігі әлеумет өміріндегі мінез-құлықтардағы кемшіліктерді мінеу, шенеуге арналады.

«Той болса, тон киелік, жүр баралық,


Бірімізді біріміз аударалық...»

«Мындай ма едің, ана күн,


Мұның қалай, батыр-ау».

Дегендер тәрізді мінез-құлықты шенеудің қалпын шанышқан жай түрінен бастап, әлеуметтік мәні бар үлкен мәселелердің өзін де ирониямен суреттеген өлеңдер Абайда аз емес.


Мысал үшін «Қайтсе жеңіл болады жұрт билемек» деген өлеңін алалық.

«Қайтсе жеңіл болады жұрт билемек,


Жұрты сүйген нәрсені о да сүймек.
Ішің берік боп, нәпсіге тыю салып,
Паңсымай, жайдақсымай, ірі жүрмек.
Сасқаныңды көрсетпе ешкімге бір,
Сөйтсе де ірісімен кеңесіп жүр,
Кейбірін қауіптендір мінін тауып,
Кейбірін жылы сөзбен көңілдерін.
Көрінбе ел көзіне әсте қорқақ,
Жанды жан демейтұғын жан шығып бақ.
Анда-санда құтырған жаман емес,
Оныңды жиі қылмай және бол сақ.
Кісімсі қайда жүрсең, олжаға тоқ,
Шұқыма халық көзінше қарғаша боқ!
Жұрт жас бала, жылатып тартып алма,,
Білдіртпей ептеп алсаң залалы жоқ.
Жат елге жадағайда сөйле шәргез,
Тар жерде тайпалаудан танба әр кез.
Жатты «жау» деп еліңді үрпитіп ап,
«Жауға жабдық» деп жиып, пайда қыл тез!»

Бұл өлең сырт қарағанда ел билеу жөнінде айтылған бір өсиет өлең тәрізді.


Жатты «жау» деп еліңді үрпитіп ап,


«Жауға жабдық» деп жиып, пайда қыл тез!»,-
деген тек соңғы екі жолын оқығанда ғана жоғарғы айтылғандарының кекесін екенін байқайсың.
Бірақ біздің бұл жердегі айтпағымыз – өлеңнің сөз, сөйлем құрылыстары ғана емес, сонымен байланысты әрі оның мазмұны. Демек, Абай бұл өлеңінде өз кезіндегі ел басқарушыларының образын жасады. Олардың жай қарағанда тәп-тәуір секілденетін іс-әрекет, мінез-құлықтары алдау, көз бояу, бой көрсету, бұлар перде ғана, шын беттер перденің ар жағында, ол-жауыздық, кесер кеңірдек, қара бастың қамынан әрі бара алмайтын өзімшілдік деп, Абай өткір ирониямен оларды шенеді. Кейінгі ұрпақтар мұндай іс-әрекеттерден аулақ болу үшін,жоғарғылардың сұмдық мінездерін жұрт алдына салып масқаралап, күлкі етеді. Бұл жайт ұлы ақынның иронияға тек үлкен мән бергенін көрсетіп қана қоймайды және ирония ақынның әртүрлі өмір күресінде күшті құралының бірі болғандығын да көрсетеді.

Сарказм – иронияның ұлғайған түрі. Мұның да негізгі мазмұны – өмір құбылысының кейбір жағын мысқылдау, шенеу. Айырмасы, иронияда бір нәрсені шенемек, мінемек, кекемек болса, ішкімазмұны кекесін болғанмен, сөз сөйлемнің құрылысы мақтаған тәрізденіп, бүркемеленеді десек, сарказмда соңғы бүркемелеу жоқ, шенейін, мысқылдайын дегенін ашықтан-ашық шенейді. Сарказм – иронияға қарағанда анағұрлым улы. Ирония мен сарказм бір нәрсе деп қарайтын авторлардың «сарказм – иронияның ең жоғарғы сатыдағы түрі» дейтіні де сондықтан. Әрине бұл пікірді де қате деуге болмайды. Өйткені ирония мен сарказмның жақын екені сөзсіз. Сондықтан иронияның жоғарғы түрі сарказм деудің еш қателігі жоқ. Бұл екеуінің арасы жақын екендігін Шернияздың мына өлеңінен көруге болады. Баймағамбет Шерниязға ханымын мақта дегенде:


«Ханымның келбетінің келгенін-ай,
Сипаты бейне жұмақ үрдің қызы», -
деп ирониялық түрде мазақтаса, жаманда дегенде:

«Байеке, заманыңда тасуын-ай,


Шеріңнің сөйлер сөзге асуын-ай.
Ханымның бойы аласа, мұрны қайқы,
Тап мінген мегежіннің қашырындай», -
деп сарказммен ханымды келеке етеді. Әрине бұл да сарказмның нақтылы күшті түрі емес.
Абай өлеңдеріндегі поэтик тілдерінің басқа түрімен салыстырғанда, сарказмды ең көп кездесетін түрі деп атауға болады. Өз мағынасында қолданылатын, ауыстыру мағынасында қолданылатын немесе фигура түрінде сарказм қамшының өзегі тәрізді өріліп отырады. Ол-заңды. Өйткені қандай ақынның болсын, жауларына қарсы күресте қолданған күшті құралының бәрі- сатира. Сатираның тілі негізінде ирония, сарказм, әсіресе сарказм десек, Абай өлеңдерінде поэтик тілдің бұл түрі не үшін көп қолданылатынының сырын білу қиын емес.
Абайдың әртүрлі тақырыпта жазған сатиралары көп. Олардың негізгі тілі – сарказм.
Мысалы:
«Жылуы жоқ бойының,
Жылмиғаны неткені .
Құбылуы ойының –
Кетпей құйтың еткені.
Мұңды жылмың киімін
Кезек киіп,ел жиып,
Болыс болса түсінің,
Түксігін салар тырсиып,
Бір көрмеке тәп-тәтті
Қазаны мен қалбаңы;
Дөң айналмай ант атты,
Бүксіп, бықып әр жағы.
Сенен аяр түгі жоқ,
Бүгін жақсы көрініп,
Бүгін жалын, ертең шоқ,
Сөзі мен өзі бөлініп...»
(Абай, І том, 214-бет)
«Күштілерім сөз айтса,
Бас изеймін шыбындап,
Әлсіздің сөзін салғыртсып,
Шала ұғамын қырындап...»
(Абай, І том 87-бет)

«Мінер атын, киімін ып-ықшам қып,


Сымбаттанып, сымпиып, тамақ аңдып,
Бұраңдап жылы жүзін асқа сатқан,
Ант ұрғанға қосылма, кетсін қаңғып...»
(Абай, І том 170-бет)

«Бойы былғаң,


Сөзі жылмаң,
Кімді көрсем, мен сонан
Бетті бастым,
Қатты састым,
Тұра қаштым жалма-жан...»
(Абай, І том 43-бет)

«Улы сия, ащы тіл,


Не жазып кетсе, жайы сол»,-
деп ақынның өзі айтқан ХІХ ғасырдың екінші жарымынада ескі феодалдық құрылыстың елді ел етпей, жер ететін әртүрлі талас, тартыс, бақ, күндестік, жалқаулық, надандық, пәлеқорлық тәрізді іс- әрекеттерінен жерінген, халық қамын ойлап, жоғарғыларға сөзімен қатты күрес ашып, өз жұртын мәдениетке, адамгершілікке үндеген де Абай болды.
Абай өлеңдеріндегі сарказмдық ащы тілдің тууына негіз болған себеп те, оның үлкен мәні де ақынның өз кезіндегі, әлеумет өміріндегі шорласқан қайшылық, зор тартыстарға белсене қатысуы болды. Күрес сатираны керек етсе, сатира ирония, сарказмды керек етті. Бұл – бір.
Екінші, Абай әлеумет өміріндегі әр алуан мәселелерге сын көзімен қарап, өзінше кемшіліктерін шенеудің көрнекті үлгісін Салтыков-Щедриннен алғын деуге болады. «Ойында жоқ олардың Салтыков пен Толстой» деп Абай жай айтпаған, ақын оларды өзі ұстаз етіп, басқаларға да үлгі ретінде, ұсыну ретінде айтқан.
Салтыковтың сатирасы ескі Россияның көлеңкелік, кертартпалық жағын шенеуге жұмсалып, демократтық идеяны қолдау, оған бөгет болушыларды өлтіре шаншу болса, екеуін бір сатыға қойғанмен де, талай мәселелер жөнінен екеуінің арасында пікір жағында үндестігі көп. Олардың алыстан ұшырасқан осы пікір үндестіктері бірі екіншісіне еліктеген стиль ұйқастығына негіз болды. Абай сатирасының, демек сарказмның бір тамыры орыс әдебиеті, турасын айтқанда, Салтыковтың творчествосында жатыр.
Міне, осы айтылған екі түрлі жағдайдың жиынтығы Абайды улкен сатиралық және сарказмдық тілдің ұстасы етті.
Гипербола (Әсірелеу), Литота. Әсірелеу – әртүрлі құбылысты өте асырып айту. Ондағы мақсат – адамның ой-сезіміне тез әсер ету, суреттеген нәрсесін үлкейтіп, көзге елестету. Әсірелеу өлеңде де, жай сөздерде де жиі кездеседі. «Көп түкірсе, көл болар», «Қара арғымақ арысы, қарға адым жер мұң болар»деген тәрізді мақал-мәтелдердің өзі – әсірелеумен айтылған сөздер.
Қанша адам түкірсе де, көл болмайтынын, ат қанша арысы да, бітпейтін іс жоқтығын аңғарту үшін, не арыған атқа жықын жердің өзі алыс көрінетіндігін айту үшін бір нәрсенің ең арғы шегін алады.
Бір нәрсені өте үлкейтіп әсірелеу десек, кішірейтіп айту – литота делінеді.
«Ойпаң-ойпаң жерлердің
Ат шалар оты қалмады»,-
деген екі жолдың соңғысы – литота.
Әсірелеу мен литота бір нәрсенің екі жағы тәрізді. Екеуі бөлек те, бірге де қолданыла береді. Әсірелеу де, литота да поэтик тілдің басқа түрлерімен, әсіресе теңеу, метафорамен байланысты түрде өте жиі ұшырайды.
«Етектейін еріннен
Екі елісі қалыпты»,-
деген жолдың алдыңғысы әсірелей теңеу де, соңғысы – литота. «Айдын-айдын сулардың, аяқтай суы қалмады»- литоталық теңеу.
Әсірелеу де, литота да жалпы ауыз әдебиеті, әсіресе жырларда көп кездеседі. Бір сөзбен айтқанда, Абайға дейінгі әдебиетіміздің бәріне тән, түрлі өмір құбылысын суреттеуде ең сүйіп қолданылатын тілдің бірі деп айтуға болады.
Абай өлеңдерінде суреттеу құралы ретінде оқушыға ерекше әсер етпейтін, дағдыға айналған сөздер. Поэтик тілдердің басқа түрлерімен салыстырғанда, оның өлеңінде кездесетін мұның өзі аз. Бұлар ауыз әдебиеті жырларында кездесетін:
«Жоғарғы ерні көк тіреп,
Төменгі ерні жер тіреп...»
«Қызыл бас көрсе жан тартқан
Қырық құлаш қызыл дәу...»,-
Тәрізді әсіреулердей емес, бір нәрсні үлкейтіп айтқамыз келгенде қолданыла беретін жалпы тілімізге тән, дағдылы нәрсе.
Абайдың өлеңдеріне қолданылатын барлық литотаны, әсірелеуді алғанда, бұрынғы әдебиеттердегі әсірелеу, литотаның үлгісіне жақын келетін:
«Көз жұмғанша дүниеден,
Иманын айтып кеткені-ай...»
(Абай, І том 235 -бет)

«Берген бе тәңірім саған өзге туыс,


Қыласың жер жаһанды бір-ақ уыс...»
(Абай, І том 173-бет)
деген тәрізді әсірелеу мен литота бірнеше жерде ғана кездеседі. Абай сықылды жиырма жыл жазған ақында ескі әдебиеттегі әсірелеудің түріне жақындайтын (онда да жақындайтын), өте аз кездесу Абай өлеңдерінде поэтик тілдің бұл түрін жоқ десек те артық болмайтығын көрсетеді.
Абай алдындағы қазақтың тарихи әдебиетінде де поэтик тілдің бұл түрі басым болды.
Өмірдің әртүрлі жағын асырып, не кішірейтіп суреттеулердің әртүрлі үлгілеріне Абайға шейінгі тарихи әдебиеттен бірнеше мысалдар келтіріп өттік. Тарихи әдебиет әсірелеуді дәл ауыз әдебиетіндегі тәрізді қайталамаса да, анағұрлым жолын жіңішкертсе де , «Бір мүйізі көк тірейтіндер» ізін әлі жоғалтпағандығы анық байқалады.
Оның себебі түсінікті. Өйткені Абай алдындағы тарихи әдебиетіміздің өкілдері Дулат, Махамбет, тағы басқаларын алсақ, олардың ұшқан ұясы, алған үлгісі қазақтың сол ауыз әдебиеті болды. Олардың қайсысына болсын басқа елдің әдебиеті таныс емес болатын. Сондықтан ауыз әдебиетінің әсіретінен олардың мүлде арылып кетуі де мүмкін емес еді. Сондықтан да оларда әсірелеу жиі кездесетін...
Сөйтіп, өмірдегі әртүрлі құбылыстардың шын сырын терең ғылыми түрде түсінген, өмір шындығын аудармай, өз қалпында беремін деген реалист ұлы ақынның өлеңдерінде әсірелеу, литота, жалпы әсірелей суреттеулердің аз кездесуі, шын мәнінде кездеспеуі заңды, оның өмірге реалистік көзқарасы, реалистік стильмен байланысты екендігін көрсетеді.
Абай –тіл мәселесіне қатты көңіл бөлген ақын. Бұған айрықша тоқталамыз. Әйтсе де, образдағы реалистік әсірелеумен байланысты айта кетуді керек ететін бір мәселе – поэтик тілдің бұл түрін гқолданбағанда, біле қолданбағаны. Және ақының өзі оны жақсы түсінетіндігі.

«Сөз айттым Әзірет Әлі айдаһарсыз


Мұнда жоқ алтын иек сары ала қыз»,-
(Абай, І том 101-бет)
дейді.
Бұл өлеңінен бұрынғы әдебиетте көп кездесетін түрлі кереметтермен байланысты сөз қолдануды да, шығыс әдебиетіне еліктеп, әсірелеулердің не шектен асқан сорықы түрлерін қолданып, қыссалар жазған Жүсіпбек Қожаларды да сөздің өмір шындығына дәл келу жағын ойламай, «сұлу сөзді»орынсыз қолданған Әріпті де өлтіре сынау еді. Ол кездегі шығыстан аударған, не соған еліктеп өздері шығарған жырлардың тіліне тән нәрсе- әсірелеу болатын.
«Мәһабіл келді бұған жайдай болып,
Тігілген қара суға аудай болып,
Үстіне жеті мың батпан сауыт киіп,
Келді бір кішігірім таудай болып...»
деп келетін «Сал-сал», «Зарқұм» қыссаларындағы әсірелеулерді Абай сорықылық деп білді.
Сондықтан да ол:
«Өлеңі бар өнерлі, ілім, сізге,
Жалынамын, мұндай сөз айтпа бізге.
Өзге түгел өзіңе пайдасы жоқ,
Есіл өнер қор болып кетер түзге»,-
(Абай, І том 101-бет)
дейді.
Біз әсірелеудің Абай өлеңдерінде аз кездесуінің түпкі қазығы – ақынның реализмінде жатыр дедік. Әңгіме реализм туралы және образ туралы болғандықтан, әсірелеумен тікелей байланысты болғандықтан, Абайдың әртүрлі образдарының өмір шындығымен қабысып жататындығына да аз-маз тоқтатылып өтуге тура келеді.
Абай қандай ақынды болсын мейлі, бір нәрсні суреттегенде қолдаған образдары өмір шындығына дәл келіп, шындықпен қабысып жатпаса, сөзінің сырты қанша сұлу болғанымен, оны ақындық деп танымады. Ондайларды қатты шенеді. Жоғарғы келтірілген үзіндідегі «Мұнда жоқ алтын иек сары ала қыз»дегені Әріп ақынды сынаған сөзі болатын .
Әріп ақын қызды суреттей келіп, бір жерінде «алтын иек» деген мөз қолданады. Оның суреттеуінше, «Қыздың жүзі ақ, иегі алтын». Демек, Абайша айтсақ, «сары ала» қыз болып шығады. Ондай адам өмір шындығында кездеспейді. Сондықтан ол образдың өмір шындығында тірек-негізі жоқ. Бұл тәрізді сөз қолданыстар Абай өлеңдеріне жат. Абайдың әр сөзі, әр образы- өмір шындығының бір бөлшегі, ол аөмірдің қандай құбылысын суреттесін, әр сөз,әр образының негізінде шындық жатады. Бұл –Абай өлеңдерінің бәріне тән жағдай. Әйтсе де мысал үшін Абайдың «Қансонарда бүркітші шығады аңға» деген өлеңі мен «Қанжардан» бір үзінді алып, талдап көрелік.
«Қансонарда» өлеңін түгелдей алғанда, қазақ даласындағы аңшылық өмірдің жалпы суретін аудырмай, сол өзінің шындық қалпында береді. Өз алдына жеке образдарын алсақ та, жоғарғы айтылған Абайдың әр образышындық өмірдің бір бөлшегі деген пікірдің дұрыстығын айқындайды.
«Томағасын тартқанда бір қырымнан,
Қыран құс көзі көріп самғағанда,
«Төмен ұшсам, түлкі өрлеп құтылар» деп,
Қанды көз қайқаң қағып шықса аспанға.
Көре тұра қалады қашқан түлкі,
Құтылмасын білген соң құр қашқанға.
Ауызын ашып, қоқақтап, тісін қайрап,
О да талас қылады шыбын жанға.
Қырық пышақпен қырыңдап тұрған түлкі,
О-дағы осал жау емес қыран паңға.
Сегіз найза қолында көз аудармай,
Батыр да аял қылмайды ертең таңға.
Қанат, құйрық суылдап ысқырады,
Көктен қыран сорғалап құйылғанда...»
(Абай, І том 39-бет)
Келтірген үзіндідегі түлкі көрген қыранның, қыран көрген түлкінің көріністерін суреттеген «Қанды қөз қайқаң қағып шықса аспанға», «Қырық пышақпен қырындап тұрған түлкі», «Сегіз найза қолында көз аудармай» деген тәрізді образдарды қыранмен түлкі алған аңшылық өмірдің шындығына салыстрсақ, дәл емес, осындағы образдардың тууына негіз болған сол өмір құбылысымен қабыспайды деп кім айта алады?
«Қара көз қарап маған көп қадалған,
Құпия қайғы өртеніп бойын алған.
Болатша дрілдеген жалын көрген,
Бір күнгірт тартып және оттай жанған», -
(Абай, ІІ том 103-бет)
деген жолдағы теңеу, эпитетті алып, теңеп отырған нәрсні болат болса, от көргенде болаттың қандай өзгерістерде болатынын еске алсақ, жоғарғы образдардың негізі өмірде дәл солай болатын шындық болмыста жатқандығына тағы шек келтіре алмаймыз.
Қорыта келгенде, шын мәнінде әсірелеу, әсірелеп суреттеу әдісін Абай өз өлеңдерінде қолданбады. Оны ескерген әдіс деп ұқты. Оның орнына негізі өмір шындығына тірелетін образдарды қолдануды дамытты, ілгерітті. Сөздің түрін қуалап, шындықтың мазмұнына көңіл бөлмеушілікке қарсы күрес ашып, сөздің дәлдік, шындығын өзі берік ұстап, басқалардан да осыны талап етті.
Абай поэтик тілдердің кейбіреуін жаңадан ендірген сөз, сөйлем, жаңаша жасалған образдар арқылы дамытса, бұрынғы ауыз әдебиетіндегі қолданылып, тілді қайта тірілтіп, жалпы әдебиет тілінен өзінің заңды орнын әперіп, т.б. осылар сықылды игілі еңбектер жасаса, әсірелеу туралы да Абайдың орны ерекше. Өйткені көбінесе ескі наным, қиял дүниесімен байланысты болып келетін суреттеу әдісін шын мәніндегі реализм жолына салу- ол да аз еңбек емес.
Абайдың ауыз әдебиеті, өзіне дейінгі тарихи әдебиеттен айрмасының бетін ашуда бұл образ қолданыстарындағы реалистік мәселесінің мәні зор. Бұл-Абай шығармалары мен оған шейінгі әдебиеттің жігін айыруда ең күрделі мәсленің бірі.

ІІ. Ақынның творчествосы – жалаң ғана ойдың жемісі емес және сезімнің жемісі. Терең ой, үлкен пікір, ыстық сезімді жарып өтіп, сонан шықса ғана ол – поэзия, сонда ғана ол- поэтикалық творчество. Жай қара сөз, ғылымдық еңбектерден поэзияның негізгі ерекшелігі де осында тәрізді. Ақын – жазушылар сөйлемдерді өзінше құрып, сөзді өзінше талдауларының да негізгі себебі осы сезімді беру тілегімен байланысты.


Кейде дағдыдағы қолданылатын сөздердің орнын ауыстырады. Кейде айтылуға тиісті ойдың ұшығын көрсетеді де, соны дәл беретін сөзді әдейі тастап кетеді. Кейде бір сөзді әдейі бірнеше рет қайталайды. Кейде дауыс толқынын өзгертіп, сонымен байланысты тыныс белгілеріне де өзгеріс туғызады, міне, осылардың бәрін бір сөзбен атағанда фигура дейді.
Қазақ әдебиетіндегі фигуралардың да негізгі түрлері – арнау (обращение), қайталау (повторение), шендестіру (антитеза), дамыту (градация), инверсия, эллипсис.
а) Арнау. Арнау не біреуге, не көпшілікке, не табиғаттың бір құбылысына қайрыла сөйлеу. Кейде лепті сөйлем, кейде сұраулы сөйлем, кейде риторикалық сұраулар арқылы құрылады. Сөйлем құрылысы, ішкі мазмұнына қарай арнау өзара үшке бөлінеді: 1) жарлай арнау; 2) зарлай арнау; 3)сұрай арнау; 4)риторикалық сұрақ.
Қазақтың өлеңдерінде болсын, көркем қара сөздерінде болсын, улкен орны алатын фигураның күрделі бір түрі – қайталау.
Белгілі бір өмір құбылысына, не бір нәрсеге оқушыларының назарын аудару үшін ақын – жазушылар бір сөзді, не сөйлемді әдейі қайталап, сөзге, не сөйлемге ерекше түс береді.
б) Қайталаулар: 1) жай қайталау; 2) еспе қайталау; 3) синтаксический параллелизм; 4) анафора; 5) эпифора.
Абай өлеңдерінен қайталанудың бұл түрлерінің қайсысын болсын табуға болады. Бұлардың әрқайсысына ақынның өз өлеңдерінен бір-бір мысал келтіріп өтелік.
1
«Сап- сап көңлім, сап көңлім,
Саяламай, сай таппай...»
(Абай, І том 231-бет)
2
«Адам ғапыл дүниені дер менікі,
Менікі деп жүргеннің бәрі онікі...»
(Абай, І том 193-бет)
3
«Толайын десең, шару жоқ,
Толықсып жүрер шама жоқ...»
(Абай, І том 182-бет)
4
«Ел жамаған билер жоқ,
Ел қыдырып сандалды...»
«Адам деген даңқым бар,
Адам қылмас халқым бар...»
(Абай, І том 120-бет)
5
«Есерлер жас қатынды тұтады екен,
Жас қайғысын білдірмей жұтады екен...»
(Абай, І том 184-бет)
«Сұм дүние тонап жатыр ісің бар ма,
Баяғы күш, баяғы түсің бар ма?»
(Абай, І том 205-бет)
Қайталаулардың Абайға дейінгі әдебиеттерден және Абайдың өзіне мысалдар келтіргендегі айтпағымыз – қайталаудың барлық түрі Абай өлеңдеріндегі түгел барлығын көрсету ғана емес, қайталауменен байланысты қазақ әдебиет тілін дамытуда Абайдың жасаған еңбегі, үлгілі өнегесі қайсы, осының бетін ашу.
Біз Абайдың өлеңдерінде көп қайталанатын кейбір сөздеріне айрықша картотека жасадық. Ондағы мақсат – бұрынғы қайталаулардан айырмасын ашу. Абайдың өзіне тән ерекшелігін айқындай. Біздің алғанымыз – «жүрек», «көңіл» деген сөз. Абайдың барлық өлеңдерінде «жүрек» 80 рет, «көңіл» 113 рет қайталанады екен.
Біз сөзді қайталап айту ауыз әдебиетінде де, Абайға шейінгі тарихи әдебиетте де поэтик тілдің жалпы заңы бойынша жиі кездеседі және ол орынды да деп жоғарыда оған мысалдар келтірдік . Бірақ ауыз әдебиетіне ерекше тән және бір нәрсе сөйлемдегі айтылмақ ойға байланысты жоқ сөздердің көп қайталануы болатын.
«Сарманымды, ендеше, сарманымды,
Сасық көлге қамаймын бар малымда...».
«Тесіп алып, ендеше, тесіп алып,
Жыңғылдан жылқы айдаймын кесіп алып...»
тағы босқа да осылар тәрізді.
Мұндағы «Сарманымды», «тесіп алып» деген сөздер бір нәрсеге көңіл аудару үшін не сөз, сөйлемдердің әсерін күшейту үшін қолданылып отырған жоқ. Жолдың санын толтыру үшін, кейінгі жолдарға ұйқас іздеу үшін қолданылып отыр. Сондықтан ол өлеңнің әлі өлеңдік дәрежеге жетпеген балаңдығын көрсететін ауыз әдебиетінің, әсіресе айтыстардың бойына сіңген зор кемшіліктің бірі болатын. Бұл кемшіліктен Абайға дейінгі тарихи әдебиет те арылып кете алған жоқ еді деп өткен тарауда айтқан болатынбыз.
Абай өлеңдеріндегі қайталанған сөздер бұлар сықылды қайталанбайды. Әрбір қайталанған сөзге сөйлем құрылысында басқа сөздермен байлансқанда жаңаша мән, жаңаша мағына беріледі.
Қазақтың ұлы ақыны Абай да осы ауыр жүкті арқалап, қазақ жағдайында өзінің тарих алдындағы зор міндетін толық атқара алған ақынның бірі.
Біз жоғарыда Абайдың өлеңдерінде көп қайталанатын кейбір сөздердің жалпы санын айттық. Көзге көрсетіп, көңілге қондырарлық дәлелі болмаса, жалаң санның әрине, құны аз. Сондықтан сол көп қайталанатын сөздерден бірнеше мысалдар келтірелік.
Жүрек:
«Сөз айталмай бөгеліп,
Дүрсіл қағып жүрегі...»
(Абай, І том, 202-бет)
«Ет жүрексіз ерніңнің айтпа сөзін,
Тіл үйренген нәпсінің қу мінезін...»
(Абай, І том, 205-бет)
«Асау жүрек аяғын шалыс басқан,
Жерін тауып артқыға сөз болма ма?..»
(Абай, І том, 206-бет)

«Ызалы жүрек,долы қол,


Улы сия, ащы тіл...»
(Абай, І том, 183-бет)

«Қан жүрек те қайғылы-ау,


Қайыра кет сен маған...»
(Абай, І том, 211-бет)

«Толқынын жүрегіңнің хаттай таныр,


Бүлк еткізбес, қалайша соқса тамыр».
(Абай, І том, 57-бет)

«Жүрегі айна, көңілі ояу...»


«Сөз тыңдамас сол баяу...»
(Абай, І том, 94-бет)

«Жүрегіңмен тыңдамай,


Құлағыңмен қармарсың...»
(Абай, І том, 121-бет)

«Өртенген жүрекке


Бір көрген болар сеп...»
(Абай, І том, 136-бет)

«Сенісерге жан таба алмай,


Сенделеді ит жүрек...»
(Абай, І том, 146-бет)

«Өрбіген жүрек басылмай,


Талапты көңіл елермес...»
(Абай, І том 151-бет)

«Жүректің сөзін сөйле, тіл,


Жалғаны жоқ бояма...»
(Абай, І том 164-бет)

«Жүрек – теңіз, қызықтың бәрі асыл тас,


Сол қызықсыз өмірде жүрек қылмас..»
(Абай, І том 228-бет)

Көңіл:

«Мал ішінен айналып,
Көңілі жақсы, жайланып...»
(Абай, І том 64-бет)

«Көңілімнің күні өшкен соң,


Қайғылы, қара болар күн....»
(Абай, І том 244-бет)

«Ақ көңілім анық қарайды,


Қызыл гүлім суалып...»
(Абай, І том 241-бет)
«Жарқ етпес қара көңілім не қылса да,
Аспанда ай менен күн шағылса да....»
(Абай, І том 237-бет)

«Арттағы майда көңіл жүр,


Жалынсаң қайтып келер ме».
(Абай, І том 155-бет)
«Кейде есер көңіл құрғырың
Махаббат іздеп талпынар...».
(Абай, І том 122-бет)

«Екі көңіл арасы жылшылық жер,


Оны қайтып қосады ол ант атқан...»
(Абай, І том 185-бет)

«Күңгірт көңлім сырлаар


Сұрғылт тартқан бейуаққа...»
(Абай, І том 172-бет)

«Жаралы көңіл жазылар


Дүниеде рахат бар шығар...»
(Абай, І том 150-бет)

«Көрмеген көп дүние көл көрінді,


Кірлемген көңілдің ашығында...»
(Абай, І том 70-бет)

Көп қайталанатын «жүрек» пен «көңіл» деген сөздер кездесетін өлеңдерден келтірілген осы мысалдардың өзінен де әр сөзге әртүрлі мән беріп, әртүрлі мағынада қолданылатыны айқын көрінеде. «Дүрсіл қағып жүрегі» дегенде «жүрек» өз мағынасында қолданылып отырса, «ет жүрексіз ернінің айтпа сөзін», «жүрегі - айна», «жүрегіменен тыңдамай», «жүрек - теңіз» дегенде «жүрек» өз мағынасында емес, ауыстыру мағынасында қолданылып отыр.


Сонымен Абайдың өлеңдеріндегі бір сөзді қайталау аз кездеспейді. Абайдың сөз қайталауы – өзінен бұрынғы әдебиеттің дағдыға айналған немесе сөз таба алмағандықтан, не сөздің ұйқысы үшін ғана қайталау емес, әрбір сөздің толып жатқан ерекше мәні барлығын аңғартатын, олардың ерекшелік мәні басқа сөздермен байланысты түрде айқындалатындығын көрсетіп, оның тамаша-тамаша үлгілерін берген қайталау. Абайдың сөз қайталау жөніндегі басқалардан өзгешелігі де, қазақтың әдебиет тілін дамытудағы зор еңбегінің мәні де бір сөздің әр алуан сыры мен қыры барлығын ашуында.
в) Шендестіру. Фигураның және бір түрі – шендестіру. Бұл арасы алшақ екі нәрсені бір-біріне қарсыма – қарсы қою. Сол арқылы үшінші бір нәрсені көзге елестету. Қарсыма – қарсы қою кейде мінез жағынан, кейде тереңдік, тайыздық жағынан қойылуы мүмкін.
Абай өлеңдерінде кездесетін шендестірулердің түрлерін негізінде үшке бөлуге болады.
1
«Қырда торғай сайраса, сайда бұлбұл,
Таудағы әнін қосар байғыз, көкек».
(Абай, І том 123-бет)

«Біреуі көк балдырған, бірі курай,


Бір жерге қосыла ма қыс пенен жаз...»
(Абай, І том 185-бет)
«Болмаған соң бір есеп,
Мейлі қамқа, мейлі бөз...»
(Абай, І том 94-бет)
2
«Қар – аппақ, бүркіт – қара, түлкі – қызыл,
Ұқсайды қаса сұлу шомылғанға.
Қара шашын көтеріп екі шынтақ,
О да бүлк – бүлк етпей ме сипағанға.
Аппақ ет, қып – қызыл бет, жап – жалаңаш,
Қара шаш қызыл жүзді жасырғанда.
Күйеуі ер, қалыңдығы сұлу болып,
Және ұқсар тар төсеке жолығысқанға....»
(Абай, І том 39-бет)
3
«Бір суып, бір ысып,
Барады іш пысып...»
(Абай, І том 160-бет)

«Бір үміт, бір қауіп,


Көңілге жол тауып...»
(Абай, І том 160-бет)

«Таймаңдамай тамылжып,


Бір суынып, бір ысып...»
(Абай, І том 200-бет)

«Ішім өлген, сыртым сау,


Көрінгенге деймін-ау...»
(Абай, І том, 86-бет)

Бұл үш түрінің негізінде өзгешелік жоқ. Бәріне де негіз – арасы алшақ жатқан екі нәрсені бір-біріне қарсыма-қарсы қою. Бірақ сол қарсыма-қарсы қоюдың өзі әртүрлі. Кейде бір нәрсені екінші нәрсеге сыртқы түс жағынан қарсыма-қарсы қояды.


«Қара жерге қар жауар,


Қарды көр де етім көр...»

Кейде ішкі сезім дүниесінде болатын арасы алшақ екі түрлі сезім түйсіктерін бір-біріне қарсыма- қарсы қою. «Бір суынып, бір ысып, барады ішіп пысып».


Абайдан келтірілген үзінділердің бірінші түрі – бұрынғы әдебиеттердегі бар үлгілер. Екі нәрсені сыртқы белгілер арқылы қарсыма-қарсы қою. Бұлардың ауыз әдебиеті, Абайға дейінгі тарихи әдебиеттерде кездесетін шендестірулерден айырмасы жоқ.
Бірақ Абай өлеңдерінде кездесетін шендестірудің екінші түрі мен үшінші түрінде бұрынғы әдебиеттегі бар үлгілерден құрылысында Абайдың өз қаламына тән алғанда, Абайға дейінгі әдебиеттерде екі нәрсені бір – біріне қарсы қойып, үшінші нәрсені білдірсе, не үшінші бір өмір құбылысын көзге елестетсе, Абай үш нәрсені, не үш түрлі өмір құбылысын бір-біріне қарсы қойып, солар арқылы төртінші бір нәрсені, не төртінші бір өмір құбылысын көзге елестетеді.
«Қар – аппақ, бүркіт – қара, түлкі – қызыл,
Ұқсайды қара сұлу шомылғанға...
«Аппақ ет, қып – қызыл бет, жап – жалаңаш,
Қара шаш қызыл жүзді жасырғанда...»
(Абай, І том, 39-бет)

деген үзінділерді алсақ, түсі жағынан арасы алшақ үш нәрсені алып, солар арқылы төртінші нәрсені көзге елестетіндігін көреміз. Бұл Абайға дейінгі әдебиеттерімізде кездеспейді. Сонымен қатар осы Абайдағы шендестірудің екінші түрі мысал ретінде келтірген жоғарғы сегіз жол өлең, шендестірудің өте бір қиыннан қиыстырылған түрі тәрізді. Біріншіден, бұл шендестіру поэтик тілдің басқа түрлерімен (эпитет, инверсия) байланысып келеді, еіншіден, бұл тек шендестірудің жай түрі ғана емес, күрделі түрі деуге болады. Бірақ айтайын деген ойын шендестірумен айтпақ. Сондықтан поэтик тілдердің басқаларының бұл жерде тек жәрдемшілік қана мәні бар.


Әйтсе де Абайдың өзіне тән ерекшелігі де, өзінше әдебиет тілінің жалпы қорына қосқан бұл жөнінен жаңалығы да шендестірудің Абай өлеңдерінде кездесетін үшінші түрі деуге болады.
Абайға дейінгі әдебиетте екі нәрсені қарама – қарсы қою тек сыртқы белгілері жағынан десек, Абайдағы шендестірудің үшінші түрі ішкі сезім дүниесіндегі арасы алшақ екі нәрсені қарама-қарсы қоюға негізделген.
«Бір суып, бір ысып,
Бір үміт, бір қауіп....
Бір суынып, бір ысып»,-

деген түрлі ішкі өзгерістерге байланысты шендестірулер. Абайға дейінгі әдебиетімізде бұл тәрізді ішкі сезімдегі құбылыстардан құралған шендестіруді кездестіре алмаймыз.


Сондықтан мұны Абайға ғана тән, Абайдың енгізген жаңалығы деп айта аламыз. Бұлай болуы заңды да. Өйткені Абайға дейінгі тарихи әдебиеттің болсын тіл байлығын мақтаақ та (мұны Абайдың тілдеріне салыстыру үшін поэтик тілдің әр түрінен келтірген мысалдардың өзі-ақ көрсетеді), біздің мақтай алмайтын, жалпы кемшілік деп санайтын бір мәселеміз – сезім дүниесін суреттеу, сезімдегі болатын әртүрлі жан жүйесінің құбылыстарын суреттеудің аздығы.
Бұл – тілде де солай еді. Абай өз өлеңдерінде өзінен бұрынғы әдебиеттің кетігін бітеп, кемтігін толтырған қазақтың бірінші психолог ақыны десек, оның шендестірулері де сезімдегі әртүрлі түйсіктерге негізделеді. Бұған біз кейінгі бір тарауда айрықша тоқталамыз.
г) Дамыту. Өлеңде, не қара сөзде алдыңғы ойдан соңғы ойды, алдыңғы оқиғадан соңғы оқиғаны күшейтіп айтуды дамыту (градация) дейді. Дамыту жай сөздерде де кездеседі. «Бар. Жүгір. Ұш» дегенде, «бардан» «жүгір», «жүгірден» «ұш» деген күштірек.
Дамыту ауыз әдебиеті, Абайға дейінгі тарихи әдебиетте өмір құбылысын суреттеуде өте сүйіп қолданатын поэтик тілдің бір түрі деуге болады. Көбіне әсірелеу, литотамен байланысты болып келеді.
Өлеңде болсын, қара сөзде болсын инверсияның мәні үлкен. Өйткені оқушылар көркем шығармада әрдайым жаңалық іздейді. Мысалы, «Тау басында бар қара, ұсақ топырақ» деген жолды алсақ, мұнда «топырақ»деген сөздің алдында тиісті «қара» эпитетін «топырақтан» бөліп әкеліп, мүлде басқа жерге қойған. Сондықтан ол дағдыдағы сөз қолданыстардан тыс.
Сондықтан да ол – жаңа.
«Қар – аппақ, бүркіт – қара, түлкі – қызыл» деген жолда эпитеттерді бөліп алып, басқа жерге қоймаса да, сөздерінің орнын ауыстырып, сол арқылы жаңа нәрсе етеді. Әдетте «Ақ қар, қара бүркіт, қызыл түлкі»деп эпитетті анықтайтын сөздердің алдына қойса, Абай ол эпитеттерді анықтай сөздердің соңына апарып қояды. Сөйтіп, әдеттегі сөздердің орнын ауыстырып қолдану арқылы оқушыға жаңаша әсер етіп, суреттемек өмір құбылысына олардың көңілін тез аударады.

е) Эллипсис. Өлеңде, не көркем қара сөзде айтылуға тиісті кейбір сөзді әдейі қалдырып кету – эллипсис делінеді. Бірақ сол қалдырып кеткен сөз сөйлемдегі басқа сөздердің қарым-қатынасына,сөйлемнің мағынасына қарағанда, оқушыларға жеткендей, ол сөзді оқушылардың өздері оңай тапқандай етіп қалдырылады. Сөз тастап кетудегі мақсат – не оқиғаны күшейтіп, қимылды тездеу, не аз сөзге көп мағына сыйғызу.


Кейде айтылуға тиісті сөздердлің алдыңғы сөздердің алдындағы сөздер айтылады да, сөйлемнің ең негізгі мүшесі әдейі бүгіліп қалады. Бұл көбіне монолог, диалогтарда кездеседі. Мысалы, «Аттан! Аттан! Келіп қалды! Ойбай, келіп қалды!» дегенде, сөйлемнің негізгі мүшесі «Ұры тиді», «жау» деген сөз айтылмай, не болып, кім келіп қалғандығын жұмбақтап, оқушыларын соны білуге ынтықтыру үшін әдейі бүгіп қалынып отыр. Кейде ол не қатты қуанғандағы, не қатты қайғырғандағы сезім құбылысын көрсету үшін де қолданылады.
Эллипсис те инверсия тәрізді қазақтың ауыз әдебиеті, не Абай алдындағы әдебиетінде Эллипсис поэтик тілдердің басқа түрлерімен салыстырғанда, Абай өлеңдерінде сирек ұшырайды.
Абай өлеңдеріндегі эллипсистердің түрлерін екіге бөлуге болады.

  1. Бүтін сөздерді қалдырып кету.

  2. Кейбір сөздердің бөлшегін қысқартып, не оны мүлде айтпау, не бірнеше сөздерге бірыңғай келетін бөлшектің біреуінің айналасында жинақтау.

«Деген сөз: бұқа буға, азбан дуға...
Хан қарқ боп түсіп жүр айқай-шуға»
(Абай, І том, 184-бет)

Бұл үзіндіде «бұқа буға, азбан даға» деген сөйлемнің аяғында келуге тиісті «Семіреді» деген сөз әдейі қалдырылған. Бірақ «бұқа буға, азбан даға» деген сөйлемдегі басқа сөздердің мағынасына қарап, сол сөздің қалғанын ұғу қиын емес. Немесе:


«Өлді кейі, кейі сау,


Кімді сүйсе бұл жүрек...»
(Абай, І том, 211-бет)

Мұнда «бірі» деген сөз қалдырылған. Абай өлеңдерінде кездесетін эллипсистің бұл – бірінші түрі. Екінші түрі төмендегілер тәрізді:


«Өткен күнгі қызығым,


Ұйықтап көрген түстен кем...»
(Абай, І том, 244-бет)

Мұнда «түстен» деген сөзден кейін айтылуға тиісті «де» жалғаулығы қалдырылған.


«Кәркидән, пілдей қуатты,
Тағы арыстан жүректі,
Аплатон, Сократ ақылды,
Қаһарман, Ғали білікті...»
(Абай, І том, 240-бет)
деген Абайдың төрт жол өлеңін алсақ, соңғы үш жолында «дай, тай» жұрнақтары қысқартылып, олардың беретін мәні «пілдей» деген сөздегі «дей» жұрнағына бағындырылған. Соңғы өлеңдердегі «дей, тай» жұрнақтары айтылмаса да, теңеулік мағына беріп тұр. Сондықтан бірнеше жұрнақты қысқартып, алғашқы жолында бір-ақ жұрнақты қалдырған.
Сонымен поэтик тілдің бұл түрі жөнінде үлкен өзгеріс жасап, пәлендей жаңалық кіргізбесе де, аз да болса, Абайдың өзіндік ерекшелігі барлығын аңғаруға да, тануға болады. Сол қатарластыру арқылы адамның басындағы сезім дүниесін суреттеу психологиялық параллелизм әдісі болатын. Бұл ауыз әдебиетінде әбден бекіп, тұрақталған әдіс еді.

ІІІ. Қазақтың ауыз әдебиеті, Абай алдындағы, не тұсындағы әдебиетінің өсе алмай келе жатқан мәселесінің бірі ішкі сезім дүниесін суреттеу болатын.


Ауыз әдебиеті, Абай алдындағы тарихи әдебиеттердің не үлгілі деген шығармаларын алсақ та, адамның ішті сезімін, психологиялық моменттерді суреттеуде үлгі етерлік нәрселері аз, тіпті жоқ болатын еді десек те, кеміткендік емес, шындық. Өзіне дейінгі әдебиеттердің бұл тәрізді өрістей алмаған жағын толықтырып, сезім дүниесін сөз арқылы терең суреттеу әдісінің тамаша үлгілерін көрсеткен Абай қазақта бірінші ақын болады.
Абайға шейінгі әдебиетімізде адамның басындағы күйініш, сүйініш, әртүрлі ішкі сезім дүниесін, екінші сөзбен айтқанда, адамның психологиясында болатын өзгерістерді суреттеудің екі түрлі әдісі бар еді. Бірінші – психологиялық параллелизм, екінші – ерекше құрылатын әртүрлі монологтар.
Психологиялық параллелизм
Ауыз әдебиетінде геройлардың (қаһарман) бастарында болатын күйініш, әртүрлі психологиялық өзгерістерді суреттегенде, оған табиғатта, не жануарларда болатын әртүрлі құбылыстар қатарласа, жарыса жүретін. Сол қатарластыру арқылы адамның басындағы сезім дүниесін суреттеу психологиялық параллелизм әдісі болатын. Бұл ауыз әдебиетінде әбден бекіп, тұрақталған әдіс еді.
«Жүгірдім бала күнде сорлы айналып,
Көп жейді тұрымтай құс торғайды алып,
Келгенде біздің елдің бозбаласа,
Отырсың кетейін деп оңтайланып».

«Есік алды шоқ қияқ,


Қалмады сенен бір тұяқ,
Қалғанда сенен бір тұяқ,
Жылар ма едім мен бейбақ».

Бұл – психологиялық параллелизмнің ескі түрі. Параллелизмнің адам баласының табиғат тануының сәбилік дәрежесімен байланыстылығы, ескі кездегі көп тәңірге табынушылық, кейінгі кезде бір тәңірге сенумен байланысты жақтары, оның өзара түрлері, тарихи даму жолдарына біз әдейі тоқталғанымыз жоқ. Өйткені біз бұл жерде параллелизмнің тек іс-әрекет, қимыл жақтарынан табиғат, жануарларға құбылыстарды қарсыма-қарсы қойып, солар арқылы адамның көңіл-күйін суреттейтін кейбір түрлеріне ғана тоқталмақпыз. Параллелизмнің бұл түрлерінің сезім дүниесінде болатын өзгерістерді суреттеуге тікелей байланыстары бар.


«Көк ала бұлт сөгіліп,
Күн жауады кей шақта.
Өне бойың егіліп,
Жас ағады аулақта.
Жауған күнмен жаңғырып,
Жер көгеріп күш алар.
Аққан жасқа қаңғырып,
Бас ауырып, іш жанар...»
(Абай, І том, 189-бет)
«Сұлу аттың көркі – жал,
Адамзаттың көркі – мал.
Өмір сүрген кісіге
Дәулет – қызық, бала-бал».
(Абай, І том, 192-бет)
Көп елдің әдебиетін, әсіресе орыстың классик әдебиетін терең зерттеп, олардан керегін ала білген және алғанын өз бойына сіңіріп, қазақ оқушыларының жүрегіне жат емес, жақын нәрсе етіп шығара білетін сөзге ұста, місекер ақын Абай өзіне шейінгі қазақ әдебиетінде де қолданылатын ішкі сезімді суреттеу әдістері ескерген әдістер екеніне көзі әбден жетіп, оның жаңаша жолын іздей де, таба да, оны шебер түрде қолдана да білді. Бұл адамның сзімінде болатын әртүрлі құбылыстарды суреттеу үшін оған басқа нәрселерді қатарластырмай (параллель етпей), не үн араласқанда ғана психологиялық моментерді бере алатын монологсыз-ақ, Абай сезім құбылысын тікелей суреттеп, адамның басында болатын әртүрлі халді көрсете алды.
Бұл адамның сезімінде болатын әртүрлі құбылыстарды тікелей суреттеу әдісі Абайдың ең сүйіп қолданған әдісі болды.
Мұны біз Абайдың көп өлеңдерінде кездестіреміз. Сондықтан бір-ақ өлеңіне тоқтап, қалай қолданылатындығының үлгісін көрсетелік:
«Қызарып, сұрланып,
Лүпілдеп жүрегі,
Өзгеден ұрланып,
Өзді-өзі керегі,
Екі ғашық құмарлы
Бір жолдан қайта алмай,
Жолықса ол зарлы,
Сөз жөндеп айта алмай,
Аяңдап ақырын,
Жүрекпен алысып,
Сыбдырын, тықырын,
Көңілмен танысып...
Дем алыс ісініп,
Саусағы суынып,
Белгісіз қысылып,
Пішіні құбылып,
Иығы тиісіп,
Тұмандап көздері,
Үндемей сүйісіп,
Мас болып өздері.
Жаныңда жапырақ,
Үстінде жұлдыз да
Елжіреп – қалтырап,
Жігіт пен ол қыз да.
Өзге ойдан тыйылып,
Бірі мен бірі әуре.
Жүрекке құйылып,
Жан рақат бір сәуле.
Жүрегі елжіреп,
Буындар босанып,
Рақатпен елжіреп,
Көзіне жас алып,
Жүйрік тіл, терең ой,
Сол күнде қайда едің.
Ғашыққа мойын қой,
Жеңілдің, жеңілдің».
(Абай, І том, 132-бет)
Бұл тәрізді адамның ішкі сезімінде болатын әртүрлі құбылыс, белгілі бір жағдаймен байланысты сезімде кездесетін өзгерістерді шебер түрде суреттеу Абайға дейін қазақ әдебиетінде болған емес. Абайдың қолданысындағы жоғарғы өлеңнің әр сөзі – ішкі сезімнің айнасы. Алыстан аңсап қосылған шын ғашық екі жастың жан жүйелеріндегі құмарлық, мастық, «жан рақат» тәтті сүйістерді, бір қызарып, бір бозарып құбылған бет, лүпілдеп соққан жүрек, ысынған дем, суынған саусақ, қысылған пішін, тұмандаған көз, елжіреген жүрек, босаған буын, әлсіреген бой, көзге іріккен жас, қысқасы адамның сыртқы құбылыстарын суреттеу арқылы іштегі әртүрлі сезіну түйсіктерін дәл бере білген.
«Ғашықтың тілі – тілсіз тіл,
Көзбен көр де, ішпен біл.
Сүйісер жаста қате етпес,
Мейлің илан, мейлің күл.
Ол тілге едік оңтайлы,
Хәріпсіз біліп сондайды,
Біліп-ақ, ұғып қоюшы ек,
Енді ішіме қонбайды...»
(Абай, І том, 157-бет)
деп ақынның өзіне өзінің берген мінездемесі – шын және өте әділ айтылған сөз. Адамның сыртқы құбылысынан ішкі сезім дүниесінде не болып жатқанын тапжылдырмай танып және оны бұлжытпай дәл етіп суреттеуде Абайды кіммен болсын қатар қоюға болады.
Әңгіме, әрине тек адамның сезім құбылысын суреттеуінде ғана емес, сол сезімдегі әртүрлі өзгерңстерде басқаға сездіре алуында, өлеңді оқығаныңда әр сөздің жан жүйесін тербете алуында ғой. Ол тілекті Абай жоғарғы өлеңінде ойдағыдай етіп орындай алған десек, басқа өлеңдері жөнінде де осыны айтуға болады.
Абайдың өзіне дейінгілерден бұл жөніндегі ерекшелігі де, оның үлкен психологтігі де осында. Бұл шеберлікке Абай қалай ие болды? Бізше, бұл үшін искусствоның екі түрлі заңын берік ұстағанға ұқсайды.
Бірінші, суреттеген болмысының өмір шындығына дәл келуі. Екінші, басқаның сезімін, күйініш-сүйінішін өз сезімінен өткізе білетіндігі, сол арқылы оқцшыларының сезімін тербете алуы. Мысалы.
«Дем алыс ісініп,
Саусағы суынып,
Белгісіз қысылып,
Пішіні құбылып,
Иығы тиісіп,
Тұмандап көздері,
Үндемей сүйісіп,
Мас болып өздері...»
деген жолдарын алсақ, ішкі сезімді беру үшін қолданылған образдарды шындыққа дәл келмейді деп кім таласа алады. Бұл суреттеу жастық, сүйіспендіктің тәттілігін татқан жанның қайсысының көкейіне қонып, көңілін тербетпес. Бұл тәрізді тербелте жазған ыстық сөк қандай сезімді болсын тербетіп, қандай жанды болсын тебірентетін сөзсіз. Бұл үшін жалғыз-ақ шарт бойында жан, кеудесінде жүрегі бар тірі адам болуы керек. Сөз арқылы адамның психологиясын суреттеудегі осы тәрізді шеберлік Абайды қандай үлкен психолог ақын-жазушылардың да қатарына қосады.
Сонымен қатар оны талантты психолог ақын-жазушылардың қатарына қосатын екінші бір шеберлігі суреттеп отырған құбылысын қаншама өзінің сезім жүйесінен өткізіп, жан толқынымен жаза отырса да, оқушыларына сол құбылысты сырттан ғана суреттеуші болып көріне білуінде.
Екінші сөзбен айтқанда, әртүрлі болмысты лирикалық суреттеу бар, психологиялық суреттеу бар.
Мұның екеу бір-бірімен нық байланысты. Бірақ бір нәрсе емес. Лирикалық шығармаларда ақын сол суреттеген құбылысына өз сезімін қатыстыра отырып суреттейді және сол суреттеп отырған нәрсесінің жағдайына қарай ақын да қайғырады, қуанады, күйінеді, сүйінеді, т.б.
Психологиялық суреттеу әдісінде ақындардың суреттеп отырған құбылысына өз сезімін қатыстыру, өз басындағы күйініш-сүйінішін бірінші орынға қою болмауы керек. Оның жасырын қалып, қайғы, қуанышты біреулердің бастарында болғанын ақын бұлжытпай суреттеуші ғана болып көрінуі қажет.
Сезім құбылысын суреттеудегі лирикалық шығарма мен психологиялық шығармалардың бұл-негізгі айырмасы. Абайдың жоғарғы өлеңдеріндегі:
«Жүйрік тіл, терең ой,
Сол күнде қайда едің.
Ғашыққа мойын қой,
Жеңілдің, жеңілдің...»
деген соңғы төрт жолындағы өзіне қайрылуы болмаса, басқа жолдарының бір жерінде тереңнен толғап жазып отырса да, өз сезімнің ұшығын көрсетпей, басқа адамдардың ішкі сезімдеріндегі психологиялық моменттерді сырттан ғана бақылап, сырттан ған суреттеуші болып көрінуі және сол қаһармандардың басында болған халдерге оқушыларын бойсұндырып, солардай сезіндіре білуі Абайдың үлкен психолог, «жан жүйесінің инженері» екендігін айқындайтын негізгі мәселенің және бірі деуге болады.
Сонымен қатар бұл қазақ әдебиетінің тілін дамытудағы Абайдың тарихи айрықша еңбегінің бірінен саналуға тиіс. Өйткені өзіне дейінгі әдебиетте болмаған, өмірді терең суреттеулердің жаңаша әдісін тауып, содан жол салып, тамаша-тамаша үлгілерін қалдыру-өзінен соңғы әдебиеттің кең өріс алып даму, ілгерілеуі үшін тарих алдында зор еңбек, үлкен табыс. Мұндай зор еңбек жасап, ұлы табысқа қолы жеткен, оны толық меңгеріп, үздік-үздік үлгілер қалдырып, әдебиеттің алтын қазынасы етуші, бірінші психолог ақын қазақта Абай болды.
ҮІ. Қазақтың ескіден келе жатқан ауыз әдебиетін алсақ, үлкен бір саласы болып саналатын түр ақыл, нақыл сөздер деуге болады. Күні бүгінге шейін бұл екеуі қосылып, бірнеше рет қазақ тілінде кітап етіліп шығарылды. Бірақ олардың ешқайсысында айтуға тұрарлықтай бұл мәселелерге талдаулар берілген емес. Халық әдебиетіндегі аз сөзбен көп мағына беретін қысқа-қысқа терең мағыналы сөздерді нақыл сөз, не мақал-мәтел деп атап, жинап бастырумен ғана қанағаттанып келінді.
Мұның екеуі де негізінді, аты белгісіз халық даналарының өмірді бақылай келіп айтқан үлкен ой, терең пікірлерінің жиынтығы. Тәжірибе жемісі. Нақыл сөздерді де түгелдей халық туғызды десек, қате болар еді. Өйткені халық дегенде, біз еңбекші халықты ұғамыз. Әрине, нақыл сөздерге үстем таптық идеясын үндейтіндері де толық жатыр. Сондықтан да біз «негізінде» деп, әдейі ескертіп отырмыз.
Бізше, күні бүгінге дейін «мақал-мәтел», «нақыл сөз» делініп келген, не олай деп айтылынбаса да, сол тектес сөздерді мағынасына, құрылысына, құрылысына қарап ақыл сөздер (дидактикалық сөздер), нақыл сөздер (афоризм) деп екіге бөлу керек тәрізді. Мақал-мәтелдер өздерінің мазмұнына қарай, кейбіреулері ақыл сөздер тобына, кейбіреулері нақыл сөздер тобына жатуға тиісті. Бұл екеуінің айырмасы қайсы? Бізше, бірі өмірді танытады. Екіншісі, өмірге жетектейді.
Ақыл сөздер – халықтың кейінгілерге қалдырған өсиет-ақылы, өмір-тіршіліктеріне жетекші басшылық. Сондықтан оның мағынасы ашық, ұғуға жеңіл, көпшіліктің бәріне түсінікті, аз сөзге көп мағына сыйғызып, көркемдеп айтылған үгіт-насихат.
Нақыл сөздер дегеніміз-үлкен ой, терең пікірге құрылған өмір туралы айтылған ел санасының қорытындысы. Ащы мен тұщы, алыс мен жуық, жақсы мен жаман – осылар сықылды өмірдің әртүрлі жақтарын ой елегінен өткізіп, олар жөніндегі халықтың шығарған үзілді-кесілді өкімі, өмірдегі әр алуан құбылыс, іс-әрекеттерді өзінше әбден бақылап, сынай келе, «қатесіз», өмірде тап солай болатындығына көздері жетіп, өмір шындығына айтқандары дәл келетін етіп кейінгі ұрпаққа қалдырған халық даналығының сәулесі, ой түйіні.
Нақыл сөз мағына жағынан алғанда, нақыл сөз тәрізді, мынаны істе, жақсы ананы істеме, жаман демейді, өмірдегі өзінің көргенін, сезгенін, бақылағанын корытып айтада да қояды.
Ақыл, нақыл сөздердің не әдемі, не терең мағыналы түрлері Абайдың өз өлеңдерінде де көп. Табиғатты, ел өмірін, сүйіспендік, өнер, ғылым, тағы басқа өмірдің әртүрлі саласына аралған ақынның жай, көркем, сұлу лирикаларымен қатар, өз кезіндегі шет көрген мінез-құлықтарды қатты сынаған улы сатираларымен қатар, өз кезіндегілерге сабақ, кейінгілерге үлгі ретінде айтқан өлеңдер де Абайда аз емес. Бұл өлеңдердің идеялық мазмұны, характері ақыл, нақыл сөздерді керек етті.
Абай өзінің әлеумет өміріндегі ролін жақсы түсінді. Ол өзін өз кезінің ақыны ғана емес, ұстазы білді. Сондықтан ол өмірдің барлық саласынан, жұртының бүгінгісіне де, келешектегісіне де сабақ беруді адамдық борышым деп ұқты. Ақынның онысы дұрыс та, орынды да еді.... өйткені ХІХ ғасыр қазақ тарихы Абайдан артық ойшыл, онан оқымысты, онан асқан ақындық талантты білмейді. Жалғыз қазақ емес, Абайды өз кезінде шығыста теңдесі аз табылатын ақын десек, асырып айту болмайды.
Сөйтіп, өз заманының ұстазы, өмірді «оқушыларына» үйретуші, танытушы ақын Абай ақыл, нақыл сөзге көп көңіл бөлді. Бұған өз өлеңдерінен және қара сөздерінен бірнеше мысалдар келтірелік.
Ақыл сөздер:
«Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң арқалан.
Сен де бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тап та, бар, қалан».
(Абай, І том, 158-бет)
«Досыңа достық – қарыз іс,
Дұшпаныңа әділ бол!»
(Абай, І том, 130-бет)
«Егіннің ебін,
Сауданың тегін,
Үйреніп, ойлап мал ізде.
Адал бол, бай тап,
Адам бол, мал тап,
Біріңді, қазақ, бірің дос,
Көрмсең, істің бәрі бос...»
(Абай, І том, 96-бет)
«Еңбек қылсаң ерінбей,
Тояды қарның тіленбей».
(Абай, І том, 96-бет)
«Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба,
Құмарланып шаттанба,
Ойнап, босқа күлуге.
Бес нәрседен қашық бол
Бес нәрсеге асық бол
Адам болам десеңіз.
Тілеуің, өмірің алдыңда,
Оған қайғы жесеңіз.
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ,
Бес дұшпаның білсеңіз.
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым ойлап қой,
Бес асыл іс көнсеңіз..»
(Абай, І том, 61-бет)




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет