Поәдк №3 Базалық білім



бет19/46
Дата28.03.2023
өлшемі0,78 Mb.
#76876
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   46
Ахмет Байтұрсыновтың да Абай шығармашылығымен тақырыптық-идеялық үндестігі бір емес, бірталай аса маңызды қоғамдық мәселелерді толғауынан анық байқалады. Ақынның Жұртыма деген өлеңіндегі:
Білмейсің жөнің менен терісіңді,
Ел болып іс етпейсің келісімді.
Жөн айтқан жұртшылықа адам болса,
Шығасың қолыңа алып керісіңді.
Бытырап бет-бетіне жөнелгенде
Көрдік қой жайылатын өрісіңді.
Келгенде өз-өзіңе мықты-ақсыңдар,
Қайтейін өзге десе көнгішіңді.
Сықылды сынық бұтақ төмендесең,
Кім жұлмс оңайдағы жемісіңді?!
Деген сөздерді еске алсақ, Абайдың «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» атты өлеңімен негізгі пікірлері сабақтас келетінін көру қиынға соқпайды. Сондый-ақ «Жиған-терген», «Жауға түскен жан сөзі» атты өлеңдері де ел жайын, халық тағдырын ойлап тебіренуі, сыншылдығы жағынан ақынның Абаймен сарындас келетінін аңдатады.
Абайдың «Сегіз аяқ» атты өлеңіндегі:
Қайнайды қаның,
Ашиды жаның
Мінездерін көргенде;
Жігерлен, сілкін,
Қайраттан, беркін.
Деп насихат бергенде,
Ұятсыз, арсыз салтынан
Қалғып кетер артынан,-
деген түйін пікірді жеке сарын ғана емес, ағартушы-ақынның шығармашылығындағы үлкен бір тақырыптық-идеялық арна десек, А.Байтұрсынов та, М.Дулатов та өз шығармашылығының ең басты идеялық нысанасы халықты ояту, оны өнер-ғылымға, еңбек етуге, прогресс жолымен алға басуға шақыру деп түсінді. «Оян, қазақ!» деп ұран тастаған М.Дулатов өз шығармаларында қоғам өмірінің бірталай мәселелерін, Абай дәстүрлерін жалғастыра отырып, жаңа заманның талабына сәйкес батыл қоя алды.
Осы екі үздік шыққан өнер иесін қатар қойып, айтып отырғанымыз, олардың ақындық тұлғасында ортақ сипат мол, сондықтан олардың Абаймен үндестігі деп бір арнаға түсіп жатқандай көрінеді.
Ахмет Байтұрсыновтың ақындығы туралы өте дәл, тұжырымды пікірді алғаш айтқан М. Дулатов екені де кездейсоқ нәрсе емес. Олар бірін-бірі тани да, бағалай да білген ғой.
«А.Байтұрсынов өз өлеңдерінде сүйіспеншілікті, әйел сұлулығын, табиғат әсемдігін жырламайды, онда сыршыл өлеңдер мен айшықты тіркестер жоқ. Ол қарапайым да ұғынықты тілмен еркіндікті, езілген қазақ халқын жырға қосады, оларды еңбек сүйгіштікке, білімге, ғасырлар бойы ұйқыдан оянуға шақырып, әрбір қазақтың жүрегіне азаматтық рух сіңірді.»


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет