Поәдк №3 Базалық білім



бет22/46
Дата28.03.2023
өлшемі0,78 Mb.
#76876
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   46
Байланысты:
abaitanu paninin kesheni 2

14 – дәріс: Абайдың көркем аудармалары
1. «Евгений Онегин» романынан үзінділер аударудағы Абайдың көздеген мақсаты
2. Абайдың Лермонтовтан жасаған аудармаларының көркемдік ерекшелігі
Абайдың Крыловтан аударған мысалдарының көркемдік ерекшеліктері
Әдебиеттер:
1.Нұртазин Т. Абай және орыстың классикалық әдебиеті / Абай тағлымы. – Алматы: Жазушы, 1986. - 116– 133 бб.
2.Жұбанов Қ. Абай – қазақ әдебиетінің классигі / Шәкәрім. Ғылыми-педагогикалық журнал. – Семей мемлекеттік педагогикалық институты, 2006. № 3 (03). –31-40 бб.
3.Қаратаев М. Абайды армандасақ / Абай тағлымы. – Алматы:Жазушы, 1986. 155-159 бб.
4.Сәтбаева Ш. Достық дастандары. – Алматы: Жазушы, 1983. – 248 б.
5.Қамзабекұлы Д. Пушкин және қазақ әдебиеті: рухани тамырластық пен тарихи шындық / Абай мен Пушкин шығармашылығындағы үндестік: халықарлық ғылыми-практикалық конф. материалдары. – Семей, 2006. 24-26 тамыз. - 13-21 бб.
6.Әуезов М. Шығармаларының елу томдық толық жинағы.– Алматы: Жібек жолы, 2007. – 30 т. - 426 б.
7.Әуезов М. Шығармаларының елу томдық толық жинағы. – Алматы: Жібек жолы, 2007. – 27 т. - 448 б.
8.Ахметов З. Лермонтов / Абай. Энциклопедия. – Алматы: Атамұра, 1995. – 380-382 бб.
9.Рсаев Т. Крылов И.А. / Абай. Энциклопедия. – Алматы: Атамұра, 1995. – 291-293 бб.

Абай басқа ақындардың сөзін бұлжытпай аударуға өте шебер, бірақ ол аударған шығармаларды сөзбе – сөз тәржімалауды үнемі құнттап отырмайды. Ақының аудармалары көбінесе еркін аударма, кейде аударма деп жүрген өлеңдерін аударма деп айту да қиынға соғады.Абайдың бір өзгешелігі бір өлеңді тәптіштеп аударып жатудың орнына, сол өлеңнің сюжеті, тақырыбы сарындарын ғана пайдалануды көбірек құнттайды. Абай бұл жөнінде тек аудармашы ғана емес, ол басқа ақын – жазушылардың шығармаларынан ғибрат алушы, өз ақындық өзгешелігіне қарай өзге ақын үлгісін пайдаланушы. Ақын өзге ақының керекті шығармаларын аударғанда өз ақындығына үнемі үйлестіре отырады.


Аудармалық өрнекті Абай тек орыстың классик поэзиясын қотаруға жұмсамайды.Ол көбіне аударманы орыс тілінен жасаған. Байрон, Гете сияқты өзге Европа елдер классиктерінен бірер өлеңді аударса оны да Лермонтовтың аудармаларынан алып қазақшалайды. Анық орыс классиктерінен Абайдың аударғандары: Крыловтың бір топ мысалдары, Пушкинің «Евгений Онегинінен» алып аударған үзінділері және Лермонтовтан жасаған көп аудармалары. Ең соңғы зерттеушілердің айтуынша, А.Мицкеевичтің кейбір өлеңдеріне үйлес келетін аз аударма да бар делінеді.
Абай жинағында бөлек аттармен әр жылдарға бөлініп бастырылған аудармалардың барлық саны – қырықтан асады. Сол қатарда Крыловтың төрт – бес мысалын аударған. Лермонтовтың өз шығармалары мен аудармаларын қосқанда, отызға жуық өлең аударған.
Міне, қазір біздің жалпы түрде тексеріп өтетініміз Абайдың осындай
мұрасы. Ақындық еңбегінің айрықша тарихтық, мәдениеттік және ағартушылық өзгеше бағасы бар зор еңбектері.
Қоғам өміріндегі мін – мінездерді, қалып – құрылыстарды шенеуде Абай Пушкин мен Лермонтовтан көрі, Салтыков Щедрин мен Некрасовтың шығармаларынан үлгі - өнеге көрді. Бірақ сол қоғамдық тақырыптардың өзінің ішінде де жиі кездесе беретін мұңды – сыршы жалғыздық ойларға соққанда Пушкин, Лермонтов саз – сарыны байқалмайды деуге болмайды.
Бұл Абайдың өз шығармасына аудармалық еңбектерінің ала келген аса қадірлі әсері деуге болады.Ал Абайдан соңғы қазақ әдебиетін алсақ, ұлы ақын жасаған аударманың мәдениеттік, тәрбиелік, көркемдік әсері ұшан – теңіз. Өзге – өзгесінен бұрын абай аудармалық еңбегімен және де өз тұсындағы қауымын көп тәрбиеледі. Надан қазақ сахарасына орыстың ұлы мәдениетінің жарығын әкеп төккендей болды. Бұл жөніндегі Абай еңбектері тек әдебиеттік қана еңбек емес, ол зор, кең мағаналы ағартушылық, тарихтық, қоғамдық еңбек еді.
Патшалық отаршылдық аппаратынан өгейлік қана көріп жүрген қазақтың қалың бұқарасына Абай орыс классиктерін аудару арқылы анық орыс халқының жүрегін, сезімі мен ойларын, қасиет, қадірін ашты.
Ол ұлы халықтың дана ұлдарының аузымен айтылған толып жатқан шындықтарды, тәрбиелік үлгі – өнегені айқындап көп танытты. Сол арқылы Крылов, Лермонтовтар өткен ғасырдың соңғы ширегінің өзінде – ақ қазақтың жас қауымына, жаңа буындарын барлық тамаша шығармаларымен қадірлі, сүйікті болды. Ол шығармалар Абайдың өз жырларынан бірде – бір кем болған жоқ. Сондықтан да кейінгі қазақ әдебиетінің ықпалы, үлгі – өнегелік әсері үзілместен дами беретін болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет