ПОӘК 042-18. 39 06/01-2013 10. 09. 2013 ж. №1 басылым



Pdf көрінісі
бет4/44
Дата06.02.2017
өлшемі5,95 Mb.
#3517
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44

Бекіту сұрақтары: 

1

 



Алгоритмнің құрылымына қарай нешеге бөлінеді? Атап бер.  

2

 



Сызықтық алгоритм деген не? 

3

 



Тармақтық  алгоритм деген не? 

4

 



Циклдық   алгоритм деген не? 

5

 



Циклдық құрылым неше түрге бөлінеді? 

6

 



Шарт алдынан берілген алгоритмге мысал келтір. 

7

 



Шарт соңынан  берілген алгоритмге мысал келтір. 

8

 



Параметрлі циклге мысал келтір. 

 

 

10-дәріс. Программалық тілдерді оқыту. Программалау тілдерінің жалпы 

міндеттері 

 

Мақсаты:  Программалау  тілі  және  оны  топтастыру,  программалау 

тәсілдері,  құрылымдық  программалау,  модульдік  программалау  ұғымдарын 

енгізу.   

Программаны  машиналық  код  түрінде  жазу.  Компьютердің  негізгі 

орындаушысы  –  процессор.  Ол  оперативті  жадымен  бірге  жұмыс  істейді: 

оперативті жадыдан  командалар мен берілгендерді алып, командаларға сәйкес 

берілгендерді  өңдеп,  оларды  жадыға  сақтауға    немесе  басқа  құрылғыларға: 

видеокартаға, дыбыстық картаға, принтерге, модемге және т.б. жібереді. 

Pentium  типті  процессорлардың  орындайтын  қарапайым  әрекеттерінің  саны 

мыңнан асады. Процессордың әрбір әрекеті үшін арнайы команда бар, олар 0-

ден 255-ке дейінгі сандармен немесе сандар тобымен жазылады.  



Процессордың  командалар  жүйесі.  Егер  процессордың  барлық 

командалары  мен  әр  команда  үшін  сандық  кодтар  жазылған  таблицаны  көз 

алдымызға  елестетсек,  мұндай  таблица  процессордың  командалар  жүйесі  деп 

аталады.  Әртүрлі  процессорлардың  командалар  жүйесі  әртүрлі.  Сондықтан 

әртүрлі    компьютерлік  жүйелерде  жазылған  программалар  бір-бірінде 

орындалмайды, оны команда жүйесі бойынша программалық сәйкестенбеу деп 

атайды.  

Параметр: бастапқы,  

соңғы мәндер, қадам 



Параметрдің  соңғы мәніне  жеткенге 



дейін 

 

ПОӘК 042-18.39.1.06/01-2013 

10.09.2013 ж.  № 1 басылым  

410 беттің 28 

 

 

28 



Pentium 

модельді 

процессорлардың 

әртүрлі 


буындарға 

жататын 


процессорлардың 

команда 


жүйесі 

бойынша 


сәйкестенбеуінен 

пайдаланушыларға  қолайсыздық  тумауы  үшін  «жоғарыдан  төменге» 



сәйкестену  принципі  енгізілген.  Мысалы,  қазіргі  заманғы  Pentium  ІІІ 

процессорлы  компьютерлерде  Pentium  І  процессорлы  компьютерлерде 

жасалған  программалар  орындалуы  керек.  Ал  керісінше  ертеректегі  буын 

компьютерлерінде  қазіргі  компьютерлерде  жасалған  программа  әрдайым 

орындала бермейді.  

Компьютерлік программа. Компьютерлік программа – ол орындалатын 

инструкциялардың реттелген тізбегі.  

Программаны  машиналық  кодта  жазу.  Процессордың  барлық  командалары  0-

ден  255-ке  дейінгі  мәні  бар  сандармен  немесе  осындай  сандар  тобымен 

(байттармен)  көрсетіледі.  Тура  осы  сияқты  оперативті  жадыдағы  сандық 

берілгендер  мен  ұяшық  адрестері  көрсетіледі.  Егер  біз  процессордың 

программамен  жұмыс  істеуіне  қарайтын  болсақ,  онда  тек  сандардың  ұзын 

қатарын  ғана  көреміз.  Олардың  кейбірі  -  командалар,  кейбірі    -  жады 

ұяшығының  адресі,  кейбірі  –  берілгендер:  сандар,  әріптер,  дыбыстар,  бейне 

т.с.с. Мысалы: 

33, 0, 1, 34, 210, 15, 238 ... 

Программаны  жазудың  мұндай  формасы  машиналық  код  деп  аталады.    Бұл 

жалғыз  ғана  процессорға  түсінікті  программаның  жазылу  түрі.  Өкінішке  орай 

ол адамдардың көпшілігіне түсініксіз.  



Программалау тілдері. Қазір программаны машиналық код түрінде жазу 

қабылданбаған.  Себебі,  ол  өте  қолайсыз.  Оның  орнына  программалау  тілдері 

қолданылады. Программалау тілін оқу үшін оның командалары мен қолданылу 

ережелерін  меңгеру    керек.  Программалау  тілдерінің  командалары  – 



операторлары деп аталады.  

Программаның  бастапқы  коды.  Программаны  программалау  тілінде  жазуды 



бастапқы код немесе программа мәтіні   деп атайды.  

Транслятор  –  программа.    Программа  мәтіні  –  ол  жұмыс  істеу 

мүмкіншілігі  бар  программа  емес,  тек  қана  текст.  Оны  оқуға  болады,  бірақ 

компьютерде  орындауға  болмайды.  Процессор  тек  қана  машиналық  кодты 

түсінеді,  сондықтан  адам  жазған  программа  мәтінін  машиналық  кодқа  аудару 

керек.  Осы  жұмысты  арнайы  транслятор-программалар  орындайды. 

Транслятор – программаларды компьютерге орнатып алу қажет.  



Трансляторлардың 

түрлері

Трансляторлар 

– 

аудармашы 



бағдарламалар.  Олар аударманы әртүрлі тәсілмен орындайды, сондықтан олар 

әртүрлі  болады.  Трансляторлардың  негізгі  екі  түрі:  компиляторлар  және 



интерпретаторлар.  

Компилятор-программалар.  Олар  программист  жасаған  бағдарлама 

мәтінін  толығымен  қарап  шығады.  Синтаксикалық  қателерді  тексеріп,  белгілі 

бір  мазмұнды  анализ  жасағаннан  кейін  барып,  машиналық  кодқа  автоматты 

түрде  аударады  (трансляциялайды).  Нәтижесінде  программа  жинақы  әрі  тез 



 

ПОӘК 042-18.39.1.06/01-2013 

10.09.2013 ж.  № 1 басылым  

410 беттің 29 

 

 

29 



жұмыс  істейтін  болады.  Компилятор  программалардың  негізгі  кемшілігі  –  

берілгендердің күрделі құрылымын өңдеуге бағытталған   жұмысының көптігі.  



Интерпретатор-бағдарламалар.  Интерпретатор  программа  мәтінінен 

кезектегі  операторды  алып,  оның  құрылымын  талдап,  сонан  кейін  бірден 

орындайды (трансляциялайды).  Ағымдағы оператор толық орындалып болған 

соң ғана келесі операторға көшеді. Егер программада бір оператор бірнеше рет 

кездесетін болса, оны бірінші рет кездескендей орындайды. Осы қайталанатын 

есептеулерді  қайта-қайта  орындау  керектігінің    салдарынан  программа  баяу 

жұмыс істейді.  

Программалау тілдерінің деңгейлері. Процессордың  әртүрлі типтерінің  

командалар  жиынтығы  әртүрлі.  Егер  программалау  тілі  нақты  бір 

процессордың  типіне  бағытталған  болса,  онда  ол  төменгі  деңгейдегі 

программалау тілі деп аталады. Бұл программалау тілі машиналық кодқа өте 

жақын  және  процессордың  нақты  командасына  бағытталған.  Ең  төменгі 

деңгейдегі  программалау  тіліне  ассемблер  тілі  жатады.  Ассемблер  тілі 

процессордың машиналық кодының әрбір командасын мнемоника деп аталатын 

арнайы  шартты  белгілермен    көрсетеді.  Бір  машиналық  инструкцияны  бір 

ассемблер  командасына  бірмәнді  аудару  транслитерация  деп  аталады.    Әр 

модельді 

процессорлардың 

инструкциялар 

жиынтықтарының 

айырмашылықтары  болған  соң  нақты  бір  компьютерлік  архитектураның  өзіне 

ассемблер  тілі  сәйкес  келеді  және  онда  жазылған  программа  осы  ортада  ғана 

қолданылады. Программа жасаушының  процессордың барлық мүмкіндіктеріне  

тікелей  қатынасы  болғандықтан  төменгі  деңгейдегі  программалау  тілінде 

жасалған  программа  өте  тиімді  және  шағын  болады.  Екінші  жағынан 

компьютер құрылғыларын жақсы білу қажет болады, үлкен қосымшалар жасау 

қиындық  тудырады  және  ол  тілде  жазылған  программа  осы  ортада  ғана 

қолданылады. Мұндай тілдер кішігірім жүйелік қосымша жасауда, құрылғылар 

драйверлерін  жасауда,  яғни  негізгі  қажеттілік  программаның  шағын  болуы, 

әрекет  тездігі  және  аппараттық  ресурстарға  тікелей  қатынас    болған 

жағдайларда қолданылады. 

Жоғарғы  деңгейдегі  программалау  тілдері    компьютерден  қарағанда 

адамға  жақын  әрі  түсінікті.    Нақты  бір  компьютерлік  архитектураның 

ерекшеліктері  ескерілмейді,  сондықтан  мұндай  программалар  осы  тілдің 

трансляторлары  құрылған  басқа  платформаларға    оңай  ауыстырылады. 

Түсінікті  әрі  күшті  командалардың  көмегімен  жоғарғы  деңгейдегі    тілде 

программалар  жасау  оңай  және  программа  жасау  барысында  қателер  аз 

жіберіледі.  

Жоғарғы деңгейдегі программалау тілдеріне: Fortran, Cobol, Algol, Pascal, Basic, 

C(Си), C++, Java тілдері жатады.  

Алгоритмдік  (модульдік)  программалау.  Алгоритм  –  есепті  уақыт 

бойынша  шектеулі  қарапайым  әрекеттер  тізбегіне  бөлу  тәсілімен  шешуді 

формалды жазу. Алгоритмдік программалаудың негізгі идеясы – программаны 

әрбіреуі  бір  немесе  бірнеше  әрекет  орындайтын  модульдердің  тізбегіне  бөлу 



 

ПОӘК 042-18.39.1.06/01-2013 

10.09.2013 ж.  № 1 басылым  

410 беттің 30 

 

 

30 



болып  табылады.  Модульге  негізгі  талап  –  оның  орындалуы  әрқашан  бірінші 

командадан басталып, соңғы командадан аяқталуы керек.  Таңдалынып алынған 

программалау  тілінде  алгоритм  берілгендерді  көрсету,  мәндерді  есептеу, 

программаның  орындалу  тізбегін  басқару  командаларының  көмегімен 

жазылады.  

Құрылымдық  программалау.  Модульдік  программалауда  программа 

мәтіні  меншіктеу  операторларының  сызықтық  тізбегі,  циклі,  шартты 

операторлар  екені  белгілі.  Мұндай  тәсілмен  бірнеше  жүз  код  жолдарынан 

тұратын өте күрделі емес программаларды жазуға болады. Одан әрі программа 

мәтінінің  түсініктілігі  төмендейді,  себебі  көптеген  бірінің  ішіне  бірі  салынған 

шартты операторлар, циклдер пайда болады да, программа логикасы шатасады. 

Сондықтан операторлардың ұзақ  сызықтық тізбегін  теру  және  тексеру  мүмкін 

емес.    Мөлшері  бойынша  орташа  қосымшаларды  жасау  үшін  құрылымдық 



программалау  қолданылады.  Құрылымдық  программалаудың  негізі  идеясы  -  

программа құрылымы шығарылып жатқан есептің құрылымын көрсетіп отыруы 

керек. Осы мақсатта ішкі программа ұғымы енгізілген.   Ішкі программалар – 

программа  мәтінінің  басқа  бөліктеріне  тәуелсіз,  қажетті  әрекетті  орындайтын 

операторлар  жиынтығы.    Программа  әрбіреуі  программаның  бір  әрекетін 

орындайтын  бірнеше  ұсақ  ішкі  программаларға  бөлінеді.    Осы  ішкі 

программаларды 

біріктіре 

отырып, 

соңғы 


алгоритмді 

қарапайым  

операторлардан    емес,  белгілі  мағынасы  бар,  аяқталған  код  жиынтықтарынан 

тұратын қорытынды алгоритм құрылады. Ішкі программалардың жеке атаулары 

болады.    Ішкі  программаларды  қолдану  мүмкіндігі  программалау  тілін 

процедуралы тілдер класына жатқызады.  

 

Бекіту сұрақтары: 

1

 



Программаны  машиналық  код  түрінде  жазуды  қалай  түсінесің  және  ол 

қандай негізгі құрылғымен байланысты? 

2

 

Процессордың командалар жүйесі деген не? 



3

 

Pentium  модельді  процессорлардың  командалар  жүйесінің  сәйкестенуі 



деген не?  

4

 



«Жоғарыдан төменге» сәйкестену принципі туралы айтып бер. 

5

 



Компьютерлік программа деген не? 

6

 



Транслятор – программа деген не? 

7

 



Трансляторлардың түрлері туралы айтып бер.  

8

 



 Компилятор-программалар деген не? 

9

 



Интерпретатор-бағдарламалар деген не? 

10

 



Программалау тілдерінің деңгейлері ұғымын түсіндіріп бер.  

11

 



Төменгі деңгейдегі программалау тіліне қандай тіл жатады? 

12

 



Жоғарғы  деңгейдегі программалау тілдеріне қандай тілдер  жатады? 

13

 



Алгоритмдік (модульдік) программалау ұғымын түсіндіріп бер. 

14

 



Құрылымдық  программалау ұғымын түсіндіріп бер. 

15

 



Ішкі программа деген не? 

 

ПОӘК 042-18.39.1.06/01-2013 

10.09.2013 ж.  № 1 басылым  

410 беттің 31 

 

 

31 



11-дәріс.  Программалық  жабдықтаудың  даму  тенденциялары  мен  қазіргі 

жағдай.  Программалық  жабдықтаудың  негізгі  ұғымдары  мен 

терминдері.  Программалық  жабдықтаудың  топтамасы.  Жүйелік 

программалық  жабдықтаудың  программалау  технологиясы 

инструментарийінің  және  қолданбалы  программа  пакетінің 

сипаттамалық ерекшеліктері 

 

МақсатыПрограммалық жабдықтаудың негізгі ұғымдары мен 

терминдері, программалық жабдықтаудың топтамасымен таныстыру. 

 

Программалық  қамсыздану  дегеніміз  –  компьютерде  сақтаулы 

программалар 

жиынтығы. 

Дербес 

компьютердің 



программалық 

конфигурациясы  көпдеңгейлі.  Себебі  құрылғылармен  жұмыс  істеуге  арналған 

программалардың  адамдармен  жұмыс  істеуге  арналған  программалардан 

айырмашылығы бар.  

Компьютерлік жүйенің программалық конфигурациясы: 

Енгізу-шығаруды базалық жүйесі.  

Ең төменгі деңгейде енгізу-шығарудың базалық программасы орналасқан 

(BIOS).    Бұл  программаның  коды  компьютердің  микросхемасының  біреуіне 

қатаң  жазылған.  Бұл  программамен  адамның  қарым-қатынасы  өте  аз.  Қосқан 

мезетте  бұл  программалар  компьютер  құрылғыларын  тексереді  және 

қарапайым пернетақта мен монитордың өзара қарым-қатынасын реттейді.  



Жүйелік  программалар  –  компьютердің  барлық  құрылғыларымен 

жұмыс  істеуге  арналған.  Олар  аралық  деңгейге  жатады.  Төменнен  жүйелік 

программалар  құрылғылардың  жұмысын  басқарады  және  төменгі  деңгейдің 

программаларын 

пайдаланады, 

ал 


жоғарыдан 

жоғары 


деңгейдегі 

программалардың  сұранысына  жауап  береді.    Құрылғыларды  тікелей 

басқаратын программаларды құрылғы драйверлері деп атайды. Оларды адамдар 

құрылғыларды баптау кезінде пайдаланады.  



Қызметтік  программалар  –  бұл  программалар  компьютерге  қызмет 

көрсетуге  арналған  программалар.  Олар  құрылғыларды  тексереді,  сол  сияқты 

құрылғылар  мен  программаларды  баптауға  арналған.  Әдетте  пайдаланушылар 

бұл программаларды салыстырмалы түрде сирек қолданады.  



Қолданбалы программалар – ең жоғарғы деңгейдегі программалар. Бұл 

адамдарға  қызмет  көрсетіп,  олардың  қажеттерін  қанағаттандыратын 

программалар. Мысалы, текстік редакторлар, графиктік редакторлар, ойындар, 

т.б. Олар жоғарғы жағынан адамдармен ал төменгі жағынан төменгі деңгейдегі 

программалармен    қарым-қатынас  жасайды.  Ал  құрылғыларға  тікелей 

қатынастары жоқ.  

 

 

 



 

 

ПОӘК 042-18.39.1.06/01-2013 

10.09.2013 ж.  № 1 басылым  

410 беттің 32 

 

 

32 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 

Операциялық жүйе 

Қазіргі компьютерлерде қолданбалы программаларды бірден орнатпайды, 

себебі  әрбір  пайдаланушы  өзіне  қажет  қолданбалы  программаларды  өзі 

орнатады.  

Ең  төменгі  деңгейдегі  программаны  орнатудың  қажеті  жоқ  –  олар 

компьютердің  тұрақты  есте  сақтау  құрылғысына  (ПЗУ)  бірден  жазылып, 

компьютермен  бірге  келеді.  Олар  жүйелік  және  қызметтік  программаларды 

орнату  үшін  жеткілікті.  Ал  жүйелік  және  қызметтік  программалар  көп 

болғандықтан  оларды  бір  пакетке  жинап,  операциялық  жүйе  деп  атаған. 

Сонымен,  операциялық  жүйе  –  жүйелік  және  қызметтік  құралдар  комплексі. 

Операциялық  жүйе  бір  жағынан  BIOS  жүйесіне  енетін  компьютердің  базалық 

қамсыздануына  сүйенеді,  екінші  жағынан  өзінен  жоғары  деңгейдегі 

қолданбалы  программаларға  тірек  болады.  Операциялық  жүйе  қосымшалары 

осы  жүйенің  басқаруымен  жұмыс  істеуге  арналған  программалар.  ОЖ-нің 

негізгі функциялары: 

1

 



Пайдаланушы 

мен 


компьютердің 

программалық-аппараттық 

құралдарының арасында интерфейс орнату; 

2

 



Аппараттық  қамсыздандыру  мен  программалық  қамсыздандыру 

арасындағы интерфейс орнату;  

3

 

Программалық  қамсыздандырудың  әр  түрінің  арасында  интерфейс 



орнату.  

 

Пайдаланушы интерфейсі 

Барлық  операциялық  жүйелер  пайдаланушылармен  жұмыс  істеудің 

пакеттік және диалогтық режимдерін қамсыздандырады.  

Пакеттік  режимде  –  операциялық  жүйенің  берілген  командалар  тізбегін  

автоматты түрде орындайды.  



Пайдаланушы 

Қолданбалы ПҚ 

Қызметтік  ПҚ 

Жүйелік  ПҚ 

Базалық  ПҚ 

Құрылғылар 

Пайдаланушы қажетіне қарай 

орнатады 

 

Операциялық жүйе деп 

аталатын  жалпы пакетке

 

о



рнатылған 

Компьютерге қойылған 

 

ПОӘК 042-18.39.1.06/01-2013 

10.09.2013 ж.  № 1 басылым  

410 беттің 33 

 

 

33 



Диалогтық  режимде  –  операциялық  жүйе  пайдаланушының  командасын 

күтеді  де,  арнайы  команда  алған  соң  орындап,  жауап  қайтарады  да,  келесі 

команданы  күтеді.  Операциялық  жүйе  процессор  үзілісі  мен  BIOS  үзілісіне 

негізделген.    ОЖ-нің  жұмысты  үзіп,  әрекеттерге  жауап  бере  алуын  диалогтық 

режим деп атайды.  

Пайдаланушы  интерфейсі  2  түрге  бөлінеді:  графикалық    және 

графикалық емес ОЖ. 

Графикалық  емес  ОЖ-де  командалық  жол  интерфейсі  қолданылады.  

Мұнда  негізгі  басқару  құрылғысы  –  пернетақта.  Басқару  командалары 

командалық  жолдарға  енгізіледі,  мұнда  командаларды  редакторлеуге  де 

болады. Команданың орындалуы Enter пернесін басқаннан кейін жүзеге асады. 

IBM  PC  компьютерінің  командалық  жол  интерфейсін  MS-DOS  операциялық 

жүйесі атқарады.  

Графикалық ОЖ-де интерфейстің күрделірек түрі жұмыс істейді. Мұнда 

басқару  органы  ретінде  пернетақтадан  басқа  –  тышқан  манипуляторы  бар.     

Графикалық ОЖ-нің жұмысы  экранның басқару элементтерінің активті  және 

пассивті түрлерінің өзара әрекеттесуіне негізделген.  

Активті басқару элементі ретінде тышқанның меңзері болады.  

Пассивті басқару элементі ретінде – қосымшаларды басқару элементтері 

(батырмалар, шарт белгілер, ауыстырғыштар, жалаушалар, ашылатын тізімдер, 

меню жолдары және т.б.) болады.  

Барлық операциялық жүйелер автоматты түрде жүктеледі.  



Файл түсінігі 

Дискіге  жазылған  мәліметтермен  жұмыс  істеуге  қолайлы  болу  үшін 

оларды  файлдарға  орналастырады.  Файл  –  дискіде  ат  қойылып,  берілгендер 

сақталған облыс.  Әдетте бір  файлда бір  типке  жататын мәліметтер  сақталады.  

Берілгендер типі – файл типін анықтайды. Файлдың толық аты – файл аты мен 

кеңейтілуінен  тұрады.  Аты  мен  кеңейтілуінің  арасына  нүкте  қойылады.  Файл 

атының  кеңейтілуі  оның  қандай  типке  жататынын  білдіреді.  MS-DOS 

операциялық  жүйесінде  файл  атына  8  символ,  ал  кеңейтілуіне  3  символ 

беріледі:символдар  /  \  :  *  «  <  >  -нан  басқа/,  сандар  және  латын  әріптері  бола 

алады.  Ал  WINDOWS  операциялық  жүйесінде  файл  аты  256  символдан  тұра 

алады. Файлмен барлық жүйеде жұмыс істей алу үшін қысқа атты пайдаланған 

дұрыс.  


Файлды сипаттайтын параметрлер: 

-

 



Файлдың толық аты; 

-

 



Файлдың көлемі (байтпен); 

-

 



Жасалу күні; 

-

 



Жасалу уақыты; 

-

 



Файлға  қатынастың  дәрежесін  анықтайтын  файл  атрибуттар:  R(Read 

only)  –  только  для  чтения,    H(Hidden)  –  скрытый,    S(System)  –  системный,  

A(Archive) – архивированный; 

 


 

ПОӘК 042-18.39.1.06/01-2013 

10.09.2013 ж.  № 1 басылым  

410 беттің 34 

 

 

34 



Операциялық жүйенің файлдық құрылымы 

Файлдық  жүйе  –  ОЖ  берілгендерді  дискіге  сақтап,  оларға  қатынасты 

қамтамасыз  ететін  ОЖ-нің  функционалды  бөлімі.  Файлдық  жүйені 

ұйымдастыру принципі – таблицалық. Диск беті өлшемдері беттің, цилиндрдің, 

сектордың  нөмірлері  болатын  үшөлшемдік  матрица  сияқты  пайдаланылады. 

Берілгендердің  дисктің  қай  жерінде  жазылғандығы  туралы  мәлімет  дисктің 

жүйелік  облысында,  арнайы  файлдар  сақталатын  таблицаларда  (FAT-

таблицалар)  орналасады.  Файлдық  жүйе  файлдар  құрылымын  ұйымдастырып, 

оларға  қызмет  етеді.  Яғни  FAT-таблицаларды  иерархиялық  құрылымға 

айналдырып,  пайдаланушыға  қолдануға,  файлдарға  қатынас  жасауға  қолайлы 

мүмкіндік  туғызады.  ОЖ-дің    файлдар        құрылымына  қызмет  етуге 

орындайтын операциялары: 

-

 

Каталог жасап, ат қою; 



-

 

Файлдар жасап, ат қою; 



-

 

Каталог пен файл аттарын өзгерту; 



-

 

Каталогтарды көшіру, орын ауыстыру; 



-

 

Каталог пен файлдарды өшіру; 



-

 

Файл атрибуттарын басқару; 



Файлдарға  тез  қатынас  жасау  үшін  файлдық  жүйе  оларды  каталогтарға 

біріктіреді.    Каталог  аттары  файл  аттарымен  бірдей,  тек  қана  кеңейтілуі 

болмайды.  Каталогтар  бірінің  ішіне  бірі  салынады.  Ең  жоғары  деңгейдегі 

каталог түпкі каталог болып есептелінеді.  

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет