ПОӘК 042-18. 39 113/01-2013 10. 09. 2013 ж. №1 басылым 107 беттің 1



Pdf көрінісі
бет6/15
Дата21.02.2017
өлшемі2,59 Mb.
#4598
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

 
Дәріс №11-12.Өзін-өзі тексеру сұрақтары
  
1.
 
Intel фирмасының процессорларының түрлері.  
2.
 
Microsoft фирмасының операциялық жүйесі қандай?  
3.
 
Процессордың жылдамдығы деген не?  
4.
 
Процессордың тактілік жиілігі неге байланысты?  
5.
 
Процессор разрядтылығы?  
6.
 
Процессорғаа разрядтылық негізгі параметрі?  
7.
 
Мәліметтерді еңгізу және шығару шинасы?  
8.
 
Ішкі регистрлер деген не?  
9.
 
Жады адресінің шинасы деген не?  
 

ПОӘК 042-18.39.1.113/01-2013 
10.09.2013 ж.  № 1 басылым  
107 беттің 38 
 
Тәжірибелік сабақтардың жиынтығы 
Тәжірибе 1.  Дербес компьютерлердің пайда болуы. Алғашқы ДК пайда болғанға дейінгі ЕТ 
даму тарихының кезеңі. Компьютерлердің дамуының негізгі кезеңдері.  
Жоспар:  

 
Механикалық калькуляторлар.  

 
Бірінші мехнаникалық компьютер.  

 
Электронды компьютер.  

 
Қазіргі заманғы компьютерлер.  

 
Электронды лампалардан транзисторларға.  

 
Интегралды схемалар. Бірінші микропроцессор.  

 
Дербес компьютердің пайда болуы. 

 
IBM компаниясының қазіргі заманғы дербес компьютерлері.  
 
Компьютерлердің даму тарихы 
Дербес компьютер (ДК) ғылымға  көптеген жаңалықтар ашуға негіз болды. Оның құрылымы мен  
мүмкіндіктері туралы айтпай тұрып, компьютерлік технологияның  негізгі даму этаптары туралы айта 
кетейік.  
Ең  алғашқы  компьютерлер  қарапйым  калькуляторға  ұқсас  болған.  Олар  қарапайым 
механикалықтан бастап, күрделі сандық электронды құрылғыларға дейін  өсті. 
ЕТ негізгі даму кезеңдері: 
Төменгі оқиғалар компьютерлік техниканың дамуына үлес қосты. 
1617  жылы.  Джон  Непер  (John  Napier)  қарапайым  есептеулерді  орындайтын  ағаш  машина 
құрастырды. 
1642 жылы. Блез Паскаль (Blaise Pascal) сандарды суммалайтын машинаны сипаттады. 
1822 жылы. Чарльз Бэббидж (Charles Babbage) механикалық құрылғымен таныстырды, кейіннен 
оны аналитикалық машина деп атады, оны алғашқы нағыз есептеуіш машина деп атауға  болады. 
1906  жылы.  Ли  Ди  Форест  (Lee  DeForest)    алғашқы  электрондық  компьютерларда  қосқыш 
ретінде қолданылатын ваккумды триодты жасады. 
1937  жылы.  Джон  И.  Атанасов  (John  V7  Atanasoff)  Атанасова-Берри  компьютерімен  жұмыс 
бастайды (АВС), ақырында ол алғашқы электронды – есептеуіш машина болып саналды. 
1943 жылы. Ағылшын Алан Тьюринг (Alan Turing) Colossus-ты жасайды.,арнайы құпия жасалған 
компьютер,неміс әскерінің хабарламаларын  расшифрлауға аналған. 
1945  жылы.  Джон  Фон  Нейман  (John  von  Neumann)  First  Draft  of  a  Report  on  the  EDVAC 
мақаласын жазады, онда қазіргі программалық компьютер архитектурасы қарастырылған болатын. 
1946 жылы. Джон Мошли (John Mauchly) мен Дж. Преспером Эккертом (J.Presper Eckert) ENIAC 
электронды – есептеуіш машинасын жасады. 
1947 жылы. 23 желтоқсанда Джон Бардин (John Bardeen), Уолтер Браттейн (Walter Brattain) және 
Уильям  Шокли  (William  Shockley)  алғашқы  транзистор  тестіленді,  жартылай  проводталған  техникада 
өзгеріс енгізді. 
1949  жылы.  Кебридж  университетінде  Морис  Вилке  (Maurice  Wilkes)  ең  алғашқы  тәжірибелік 
программалық компьютер EDSAC-ты жасады. 
1950  жылы.  Миннеаполистегі  зерттеу  ұйымдары  ең  алғашқы  коммерциялық  компьютерді  ERA 
1101-ді жасады. 
1952 жылы. BU.S. Census Bureau –та UNIVAC I компьютері орнатылды. 
1953 жылы. IBM компаниясы  алғашқы 701 электронды компьютерін жасады. 
1954 жылы. Texas Instruments,Inc компаниясында Гордон Тил жасаған,бағасы 2,5 доллар тұратын 
жартылай проводталған транзистор тұңғыш рет саудаға шықты. 
1954 жылы. IBM  бірінші массалық калькулятор 650-ді шығарды; сол жылы осы модельдің 450 
данасы сатылды. 
1955 жылы. Bell Laboratories бірінші транзисторлы компьютер TRADIC-ті шығарды. 
1956  жылы.  Массачусет  технологиялық  институтында  бірінші  көп  жүйелі  трансизторлы 
программаланатын компьютер ТХ-0 жасалды. 

ПОӘК 042-18.39.1.113/01-2013 
10.09.2013 ж.  № 1 басылым  
107 беттің 39 
 
1906  жылы.  IBM  305  RAMAC  моделінің  пайда  болуымен  мәліметтерді  магниті  сақтайтын 
құрылғылар дәуірі басталады. 
1958  жылы.  Texas  Instruments-тегі    Джек  Килби  (Jack  Kilby)  бір  жартылай  проводталған 
пластинада транзисторлар мен конденсаторлардан тұратын бірінші интегралды схемены жасады. 
 1959 жылы. IBM 7000 мэйнфрейм сериясын жасайды, олар ірі компанияларға арналған алғашқы 
транзисторлы компьтерлер. 
1959  жылы  Роберт    Нойс  (Robert  Noyse)  компания  Fairchild  Camera  және  Instruments  Corp.- 
интегралды схема жасайды. 
1960 жылы. Bell Labs алғашқы Dataphone коммерциялық модемін шығарды. 
1960  жылы.  DEC  компаниясында  бағасы  120  мың  доллар  тұратын  PDP-1алғашқы  мини 
компьютері жасалды. 
1961 жылы. Datamation журналының мәліметтері бойынша  компьютерлік базарда  IBM өнімдері 
81,2% алды. Сол жылы IBM 1400 системасын шығарды.  
1964  жылы.  Сеймур  Креем  жасаған  суперкомпьютер  СDC  6600,ол  секундына  3  млн-ға  жуық 
инструкция орындады, ол жақындағы қарсыласы IBM  Stretch-тан 3 есе артық. 
1964 жылы. IBM System/360 компьютер жанұясын шығарды.(алты сәйкес модификациясы және 
40 переферилді құрылғы). 
1965 жылы. Digital Eguipment Corparation алғашқы коммерциялық  PDP-8 атты  миникомпьютер 
жобасын жасады. 
1969 жылы. АҚШ-тың  қорғаныс министрінің бұйрығымен  4 желі сызығы ARPAnet жасалды, ол 
бүгінгі интернеттің бейнесі. 
1971  жылы.Electronic  News  журналында  алғаш  рет  Intel  4004  микропроцессорына    жарнама 
шықты. 
1972 жылы. Newlett-Packard HP – 35 тұрақты жады бар системасымен таныстырды.    
1972 жылы. Intel 8008 микропроцессорының дебюты болды. 
1972  жылы.  Стив  Возняк  (Stive  Wozniak)  “көк  жәшік”-тоналды  генераторын,  оның  ақысыз 
телфонды званок жасайтын мүмкіндігі бар болды. 
1973  жылы.  Xerox  компаниясының  Пало  Альто  зерттеу  ұйымында  Роберт  Меткалф  (Robert 
Metcalfe) желілік байланысу әдісі Enternet туралы баяндап берді. 
1973  жылы.  Micral    компаниясы    алғашқы  Intel  8008  микропроцессор  негізінде    коммерциялық 
дербес компьютерін  шығарды. 
1973  жылы.  Дон  Ланкастер  (Don  Lancaster)  теледидар    қабылдағышының  негізінде    алғашқы 
әріпті – сандық монитор TV Typewriter жасады. 
1974  жылы.  Xerox  компаниясының  Пало  Альто  зерттеу  ұйымында  жұмыс  станциясы  жасалды, 
енгізу құрылғысы негізінде тышқан болды. 
1975  жылы.  Алғашқы  Telnet  пакеттік  каммуникациясының    коммерциялық  желісі-азаматтық 
аналог ARPAnet пайда болды. 
1975  жылы.  Popular  Electronics    журналының  қаңтарлық  шығарылымында  Intel  8080 
процессорының негізінде жасалған Altair 8800 компьютері туралы жазылған. 
1976 жылы. Стив Возняк (Steve Wozniak) Apple i. Бір платалы  компьютерін жасады.  
1976 жылы. Shugart Associates 5.25-дюймдік жұмсақ дискісін және дисководын алғаш шығарды. 
1976 жылы Алғашқы коммерциялық векторлы процессор Cray I. жасалды.  
1977 жылы Tandy Radio Snack компаниясы  TSR-80 компьютерін шығарды 
1977 жылы Apple компьютері шықты. 
1977  жылы  Commodore  компаниясы  PET(Personal  Eletrronic  Transactar)  компьютерін  жасап 
шығарды 
1978  жылы  Digital  Equipment  Сorporation  компаниясы    Vax  11/780  атты  компьютер  жасап 
шығарды,сақтау жадысы 4,3 Гбайт.  
1979 жылы. Motorola компаниясы  68000 микропроцессорын шығарды. 
1980  жылы  Джон  Шох  Пало  Альтоның  Xerox  зерттеу  орталығынан    ең  бірінші  компьютерлік 
«червя»-шағын программа және ол желілік сетте тез  таралып кетті. 
1980 жылы Seagete Technologies компаниясы микрокомпьютерге ең бірінші катты диск шығарды. 

ПОӘК 042-18.39.1.113/01-2013 
10.09.2013 ж.  № 1 басылым  
107 беттің 40 
 
1980  жыл. Сыйымдылығы 5,25-дюйм жұмсақ дискінің сыйымдылығынан 60 есе артық алғашқы 
оптикалық диск құрастырылды.  
1981  жыл.  Xerox  компаниясы  қолданушының  графикалық  интерфейсі  бар  алғашқы  Star  дербес 
компьютерін ұсынды. 
1981 жыл. Адам Осборн 1 795 доллар тұратын алғашқы Osborne I компьютерін шығарды. 
1981 жыл.  IBM компаниясы алғашқы РС компьютерін жасап шығарды. 
1981 жыл. Sony компаниясы 3,5 дюймдік дискет пен дискіжетекті ұсынды. 
1981 жыл. Philips пен Sony компаниясы CD-DA дискіжетегін ұсынды.  
1983  жыл.  Apple  компаниясы  қолданушының  графикалық  интерфейсі  бар  алғашқы  Lisa 
компьютерін ұсынды. 
1983 жыл. Compaq Computer Corp. компаниясы IBM PC компьютерінің клонын жасады. 
1984  жыл.  Apple  компаниясы  бір  жыл  ішінде  1,5  млн.  Доллар  әкелген  қолданушының 
графикалық интерфейсі бар компьютер шығара бастады. 
1985  жыл.  Philips  компаниясы  алғашқы  компакт-диск  пен  CD-ROM  жинақтауышын  жасап 
шығарды. 
1986  жыл.  Compaq  компаниясы  Intel  386  процессоры  орнатылған  алғашқы  Deskpro  386 
компьютерін шығарды. 
1988  жыл.  Compaq  компаниясы  және  РС  жүйесіне  негізделген  тағы  басқа  компаниялар 
компьютердің жаңа және жақсартылған архитектурасын құрастырды. 
1989 жыл. Intel компаниясы құрамында миллион транзистор бар 486 процессорын құрастырды. 
1993  жыл.  Intel  компаниясы  Р5  негізіндегі  алғашқы  Pentium    процессорын  шығарды. 
Процессордан  басқа  бұл  компания  оған  арналған  жүйелік  логика  микросхемасының  жиынтығын 
құрастырды. 
1995 жыл.  Microsoft компаниясы 32-разрядты Windows операциялық жүйесін ұсынды. 
1997  жыл.  Intel  компаниясы    Pentium  Pro  негізінде  және  MMX  инструкциясының  қолдауымен 
Pentium ІІ  процессорын шығарды. 
1998 жыл.   Microsoft компаниясы Windows 98 операциялық жүйесінің жаңа версиясын ұсынды. 
1999  жыл.  Intel  компаниясы  Pentium  Pro  негізінде  және  SSE  инструкциясының  қолдауымен 
Pentium ІІІ  процессорын шығарды. 
2000жыл.  Microsoft  компаниясы  OC  Windows  Me  мен  Windows  2000  операциялық  жүйелерін 
шығарды. 
2000 жыл. Intel компаниясы 32-разрядтық жаңа Pentium 4 процессорын ұсынды.  
2000  жыл.  Intel  компаниясы  дербес  компьютерлер  үшін  64-разрядтық    Itanium  процессорын 
ұсынды. 
2001 жыл. Intel компаниясы жұмыс жиілігі 2Ггц болатын Pentium 4 процессорын ұсынды.  
2001  жыл.  Microsoft  компаниясы    Windows  XP  Home  және    Professional  операциялық  жүйесін 
ұсынды. 
2002 жыл. 3 Ггц жиілікпен жұмыс істейтін Pentium 4 процессоры нарыққа шықты. 
2003 жыл. AMD компаниясы 64-разрядтық үй және офис жағдайында қолдануға арналған Athlon 
64 процессорын ұсынды. 
 
Электрондық компьютерлер 
1947ж.  заманға  сай  ЭЕМ-де  программалайтын  компюьтерлер  пайда  болды.  Олардың  қатарына 
коммерциялық  компьютерлер-edvac  және  univac  машиналары  шықты,  сондай-ақ  оған  қолданылатын 
есте сақтағыш құрылғы мен оған қолданылатын прогрммалар мен модульдер сақталды. 
Univac  машиналары  пайда  болғаннан  кейін,компьютерлік  эволюцияның  қарқыны  дами  түсті. 
Алғаш  пайда  болған  компьютерлерде  вакуумдық  лампалар  қолданылды,  кейіннен  олардың  орнына 
өлшемі жағынан кішірек келген және де қолайлы транзисторлар пайда болды. 
Бұл  электрондық  ауыстырғыштар  екі  жағдайда  бола  алды-қосу  және  өшіру,  оған  рұқсат  етіліп 
қолданылатын екілік ақпаратты сақтайды. 
Алғашқы компьютерлерде «триод» деп аталатын – вакуумдық лампалар қолданылды, Оны 1906 
жылы  Ли  Де  Форест  ойлап  тапты.Триод  үш  негізгі  элементтерден  тұрды,олар  шыны  вакуумдық 
лампада  орналасты.  Бұл  катод,  анод  және  оны  бөліп  тұратын  сеткалар.  Катод  қызыған  кезде,ондағы 

ПОӘК 042-18.39.1.113/01-2013 
10.09.2013 ж.  № 1 басылым  
107 беттің 41 
 
негізгі  тоқ  көзі  анодтағы  жиналған    электрондарды  шығарады.  Бірақ  вакуумдық  лампалар  қолайсыз 
болды,оның ең басты себебі ол тез қызды және де үлкен жүйелерде лампаны екі сағатта бір немесе жиі 
ауыстырылып отырды. 
Электрондық лампалармен салыстырғанда транзистор ауыстырғыш ретінде өте қолайлы және де 
өлшемі жағынан кіші болды. 
2001  жылдың  мамыр  айында  «Intel»  компаниясы  тез  жұмыс  істейтін  кремнидан  жасалған 
транзысторларды ұсынды, оның көлемі бар болғаны 20 нанометрден тұрды. 
 
 
Тәжірибе  2-3.    ДК  компоненттері,  жүйелік  жобалары  және  оның  мүмкіндіктері.  Жедел 
жады: негізгі түсініктер 
Жоспар:  

 
ДК үшін программалық жабдықтардың индустриясының стандарттарын кімдер белгілейді. 

 
ДК аппараттық құралдар нарығын кімдер бақылайды.  

 
Жүйе типтері. Жүйе компоненттері. 

 
ROM типті жады.   

 
DRAM типті жады.  

 
Кэш-жады – SRAM.  

 
Жедел жадының жұмыс істеу жылдамдығы.  
 
Жедел жад: оның түсініктемелері 
Онда жад логикалық жағынан қалай қаралса,физикалық жағынан да солай қарастырылады. Және 
де  компьютерде  орнатуға  болатын  микросхемалар  мен  жад  модулі  туралы  анықтама  алуға 
болады.Сонымен  қатар  жадтың  құрылымы,  оның  аймаққа  жіктелуі  және  осы  аймақтардың  орналасуы 
туралы жазылады. Бұл тарау көптеген қажетті ақпараттардан тұрады; сіз оның көмегімен компьютерді 
тиімді пайдалана аласыз. 
Жедел  жады  –  компьютердің  жүйелі  блогының  жұмыс  аймағы.  Онда  жұмыс  уақытында 
программалар  мен  мәліметтер  сақталады.  Жедел    жад  көбіне  уақытша  сақтау  орны  ретінде 
қарастырылады,  себебі  ондағы  мәліметтер  мен  программалар  компьютер  қосулы  тұрғанда  ғана 
сақталады  немесе  reset    кнопкасын  баcқаға  дейін.  Өшірер  алдында  немесе  reset  кнопкасын  басар 
алдында, жұмыс кезінде өзгеріске өзгеріске ұшыраған мәліметтерді, тұрақты мақтай алатын құрылғыда 
сақтау қажет (қатқыл диск). Компьютерді қосқанда, сақталған ақпарат қайтадан жадқа жүктеледі. 
Жедел  жады  құрылғысын  кейде  сақтау  құрыдғысы  деп  те  атайды.  Ол  жедел  жадта  сақталған 
мәліметтер орналасу ретіне тәуелді емес. 
Бірнеше  жыл  ішінде  RAM  (Random  Access  Memory)  анықтамасы  негізгі  терминге  айналды. 
DRAM  микросхемаларының  негізгі  қасиеті  –  мәліметтерді  динамикалық  сақтау.  Біріншіден,  жедел 
жадқа  ақпараттын  бірнеше  рет  жазылуы,  ал  екіншіден  әрбір  15 милисекунд  сайын  мәліметтердің 
жаңаруы.  Сонымен  қатар    күнделікті  мәліметтердің  қажет  етпейтін  статикалық  жедел  жад  бар  (Static 
RAM-SRAM).  Мәліметтер  жедел  жадта  тек  қана  компютер  қосулы  тұрғанда  сақталатының  естен 
шығармаған жөн. 
Жедел  жад  термині  микросхемаларды  ғана  білдірмейді,  сонымен  қатар  логикалық  көрсетілім 
мағынасын білдіреді. 
Логикалық бейнелеу – орнатылған микросхемадағы мекен-жайлардың көрсетілімі. Орналастыру 
– анықталған типті ақпараттың негізгі мекен жайы. 
Кейбіреулер  жедел  жад  пен  дискідегі  жадты  жиі  шатастырады,  бірақ  олардың  өлшем  бірлігі 
бірдей – мега немесе анология бойынша түсіндіруге болады. 
Мысалы,  кішіғұрым  офисте  жұмысшының  картотекада  сақталған  ақпаратты  өңдеп  жатқаның 
елестетейік. Біздің мысалымызда программалар мен мәліметтерді ұзақ уақыт бойы сақтайтын картотека 
–  қатқыл  дисктің  рөлін  орандайды.  Жұмысшы  өңдеп  отырған  жүйенің  жедел  жадын  жұмыс  аймағы  
таныстырады,  оның  әрекеті  жүйелі  блогкебайланысты.  Ол  жұмыс  аймағындағы  кез  келген  құжатпен 
байланыстыра алады. Құжатты жұмыс аймағына ораластырудан бұрын, оны қатқыл дискіден іздестіру 
қажет. Егер жұмыс аймағы үлкен болса, онда бір уақытта бірнеше құжатпен жұмыс істеуге болады. 

ПОӘК 042-18.39.1.113/01-2013 
10.09.2013 ж.  № 1 басылым  
107 беттің 42 
 
Офисте сақталған   құжаттар мен компьютерде сақталған файлдар арасында бір ерекшелік бар: 
файл жедел жадта жүктелгенде, оның көшірмесі қатқыл дискте сақталады.Назар аударыңыз: ұзақ уақыт 
бойы  файлдарды  жедел  жадта  сақтау  мүмкін  емес,  компьютерді  өшірер  алдында  өзгеріске  ұшыраған 
файлдар  қатқыл  дискте  сақталу  қажет.  Егер  өзгеріске  ұшыраған  файл  сақталмаса,  оның  көшірмесі 
қатқыл дискте өзгеріссіз қалады. 
Программаны  орындау  кезінде  оның  анықтамасы  жедел  жадта  сақталады.  Кейде  жедел  жад 
микросхемаларын  энергия  қажет ететін жад деп те атайды: егерондағы мәліметтер дискте сақталмаса, 
онда  компьютер  өшкен  кезде  мәліметтер  жойылады.  Осындай  жағдайға  кездеспеу  үшін  автоматты 
түрде мәліметтердің көшірмесін жасау керек. 
Файлдар  компьютер  қосылғанда  жедел  жадқа  жүктеледі.  Жүйелік  блок  жадтағы  негізгі 
командаларды  орындайды.  Жедел  жад  мәтіндік  редактормен  жұмыс  кезіндегі  басылған  пернелердің 
кодын  және  математикалық  операцияларды  сақтайды.  Сақтау  (Save)  командасын  орындағанда  жедел 
жадтағы мәліметтер қатқыл дисктегі файлдар сияқты сақталады. 
Физикалық жедел жад системалық платаға қосылатын модульдер мен микросхемалардан тұрады. 
Бұл микросхемлар мен модульдердің өзіне тән ерекшелігі бар. 
Қазіргі  кезде  жаңадан  жад  жасалып  шығарылады,  және  жаңа  компьютерге  ескірген 
компютерлердің жадын енгізу мүмкін емес. Сол үшін системалық платаны ауыстыру кезінде жадты да 
ауыстыруға тура келеді. 
Қазіргі кезде сақтаушы құрылғыны үш типі бар: 
1.
 
ROM    (Read  Only  Memory).  Ұзақ  уақыт  сақтай  алатын  құрылғы  –  ПЗУ.  Мәліметтерді  жазу 
операциясын орындай алмайды.  
2.
 
DRAM  (Dynamic Random Access Memory). Динамикалық сақтаушы құрылғы. 
3.
 
SRAM (Static RAM).  Статикалық жедел жад. 
ROM  типті жад 
ROM  типті  жадта    (Read  Only  Memory)  немесе  ПЗУ  (постоянно  запоминающиеустроиство), 
мәліметтерді  сақтауға  ғана  болады,  оны  өзгерте  алмайсыз.  Мәліметтерді  оқуда    осындай  жад 
қолданылады.Кейде  ROM  энергия  қажет  етпейтін  жад  деп  те  аталынады,  себебі  онда  жазылған  кез 
келген  мәлімет  тоқ  көзінен  ажыратылған  кезде  сақталады.  Сондықтан,  ROM-ға  жүйені  жүктейтін 
программа орнатылады. 
ROM мен жедел жад қарама-қарсы мағына білдірмейді. ROM жедел жадтың бір бөлігі. 
BIOS    коді  системалық  платадағы  ROM    микросхемасында  орналасады,  бірақ  адаптер 
платасында аналогиялық микросхемалар бар. 
DRAM типті жад 
Динамикалық  жедел  жад  (Dynamic  –  RAM  –  DRAM)  қазіргі  кездегі  көптеген  компьютерлердің 
жедел  жадында  қолданылады.Осындай  типті  жадтың  бағаналары  өте  жақын  орналасқан,  кішіғұрым 
микросхемада  көптеген  бит  орнатуға  болады,  олай  болса,  осындай  тәсілмен  көлемі  үлкен  жад 
құрастыруға болады. 
Микросхемадағы  DRAM жадтың бағаналары – бұл заряд ұстайтын кішкене конденсаторлар. Дәл 
осылай  биттер  кодталады.  Осындай  жадтың  негізгі  проблемасы  динамикалық    жағында:  егер  ол 
қалпына  қайта  келмесе,  конденсатордағы  электр  заряды  «ағып  кетеді»,  мұндай  жағдайда  мәліметтер 
жоғалады.  Қайта  қалпына  келтіру  –  жад  системасының  контроллеры  қысқа  үзіліс  алғанда  және  жад 
микросхемасындағы жолақтар байқалғанда орындалады. Көптеген системалар қалпына келу жиілігі 15 
мкс  –қа  тең  жад  контролерынен  тұрады.  Барлық  мәліметтер  жолағына  ену  үшін    арнайы  128  циклді 
регенерациядан өту керек. Яғни, әрбір 1,92мс-та жадтағы барлық, жолақ оқылады. 
Жадтың қайта қалпына келуі жүйелі блок жұмысының  уақытын алады. Ескі компьютерлердың 
циклдік  қайта  қалпына  келуі  жүйелі  блоктың  10%-ке  дейін  уақытын  алады,  ал  қазіргі  системалардың 
жиілігі 100 мегагерцке дейін жетеді.Ол жүйелі блоктың 1% -ке дейін уақытын алады. Кейбір системалар 
регенерация көрсеткішін орнатылған СМОS программасы арқылы өзгертуге болады, бірақ регенерация 
циклінің уақыты артқан сайын жадтағы заряд «ағып кетеді». Көптеген жағдайда регенерация жиілігінің 
көрсеткішін шамадан тыс арттырмаған жөн. 
Қазіргі  компьютерлерде  регенерация  шығыны  1%-ке  тең,  оның  жиілігін  өзгерту  компьютер 
жұмысының бұзылуына әкеп соқтырады.Ең негізгі нұсқаларының бірі Setup BIOS көмегімен автоматты 
түрде өзгерткен жөн. 

ПОӘК 042-18.39.1.113/01-2013 
10.09.2013 ж.  № 1 басылым  
107 беттің 43 
 
 DRAM  құрылғанда  бір  бит  сақтау  үшін  бір  транзистор  мен  қос  конденсатор  қолданылады. 
Қазіргі уақытта динамикалық жедел жад микросхемаларының көлемі 512 Мбайт және одан да көп. Ол 
бұндай  микросхемалар  256  млн.  Транзистордан  тұратының  білдіреді.  Ал  Pentium  4-тің  42  млн. 
транзисторы бар. 
Транзистор  –  әр  бірзарядты  регистордағы  DRAM  коанденсаторды  оқу  үшін  қажет.  Егер 
зарядталған    болса,  онда  бағанда  «1»  саны  жазылады,  егер  зарядталмаса,  «0»  саны  жазылады. 
Кішкентай конденсаторлардың заряды ағып кетеді, сондықтан жад қайта қалпына келіп отыруы қажет. 
Компьютерді аз уақыт ішінде тоқ көзінен айырғанның өзінде де, DRAM бағанындағы заряд жоғалады, 
ол мәліметтердің жоғалуына әкеліп соқтырады.  
Динамикалық жедел жад жеке компьютерлерде де қолданылады; бағасы қымбат болмаса да оның 
микросяемалары  тығыз орналамады, бұл сақтау көлеміүлкен құрылғы, көп орын алмайтының білдіреді. 
Бір  типті жад өзінің жылдам жұмысымен ерекшеленбейді, ол жүйелі блоктан баяу. Сондықтан, әр түрлі  
DRAM құрылғысы пайдаланылады. 
КЭШ-жады-SRAM 
Жадтың тағы бір түрі қоллданылады, ол – статикалық жедел жад (Statik RAM – SRAM).  Оның 
динамикалық  жедел  жадтан  ерекщелігі  –  ондағы  мәліметті  сақтау  үшін,  оны  қайта  қалпына  келтіру 
қажет  емес.  Бірақ,  бұл  оның  басты  ерекшелігі  емес.Ол  динамикалық  жедел  жадқа  қарағанда  жылдам 
жұмыс атқарады, әрі жиілігін өзгертуді қажет етпейді. 
SRAM  құрылғысында  әрбір  битті  сақтау  үшін  алты  транзисторлы  кластар  қолданылады. 
Транзисторды  конденсаторсыз  қолдану,  ол  қайта  қалпына  келтіруді  қажет  етпейді.  (Егер  конденсатор 
болмаса,  онда  заряд  жоғалып  кетпейді).  Тоқ  көзіне  қосылып  тұрғанда,  SRAM    сақталған  мәліметті 
жоғалтпайды. Онда неге SRAM микросхемалары барлық системалық жадта қолданылмайды? 
Динамикалық  жедел  жадпен  салыстырғанда,  оның  тығыздығы  өте  төмен,  әрі  бағаксы  қымбат. 
Тығыздығының  төмен  болуы,  SRAM  микросхемасының  гобаритті    үлкен  екенін  білдіреді.  DRAM  
модулінің  көлемі  64  Мбайт  немесе  оданда  көп,  2  Мбайт-қа  тең  болады,  және  олардың  бағасы  да  тең 
болады. Осылайша  SRAM гобаритті  динамикалық жедел жадтың көлемін 30 есе ұлғайтады. Осының 
бәрі  SRAM  типті жадта жедел жад ретінде қолдануға мүмкіндік бермейді. 
Осыған қарамастын SRAM  типті жадты ДС-тің әсерін күшейту үшін қолданылады. Сондықтан 
жылдамдығы  жоғары  SRAM  жадының  кішкене  бөлігі  орнатылады,  ол  кэш-жад  ретінде  қолданылады. 
Кэш-жадтың жұмыс істеу жиілігі жүйелі блоктың  жұмыс істеу жиілігіне тең, дәл  осы жүйелі блоктегі 
дискті оқу немесе жазу кезінде қолданылады. Кэш-жадтағы мәліметтерді оқу кезінде, опративтік жадтан  
DRAM-ға жазылады. Динамикалық жедел жадқа ену уақыты 60нс (16 МГц жиілікке сәйкес келеді). Ену 
уақытын наносекундтан мегегерцқа аудару үшін келесі формула қолданылады: 
1/наносекунд? 1000=МГц 
Кері айналдыру үшін: 
1/МГц? 1000 = наносекунд 
Компьютер жүйлі блогынің жұмыс істеу жиілігі 16 МГц тең болғанда,  DRAM жүйелі блоктегі  
системалық платаның синхронды системалық плата және процессор , сондықтан кэш қажет болмаған. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет