Достық атты қазына аралы
Идеясы- достықтың қасиетті қадірін ұғындырады.
От алып ұшқан адам,мәңгілік бақыт,опасыздар, отсыздар болмайды,Сенім заңы,пенделіктің самалы,бірліктің ақ желкені,
Жүрекке жалғандық ұялату,
Басталуы
Екі дос: Мұрат пен автор . Балалық шақ-боямасыз ақкөңілдер отаны. Мұрат пен Танакөздің тағдыр талайы ұқсас келгені Мұраттың өз аузынан айтылады. Екі ананың екеуі еркесі болып өскенмен, әке тағдырлары оларға баянды болмаған. Соғыстың отты жорығын кешкен әкелер еліне қайта оралмаған. Бұл аяныш болғанмен, соңында қалар ізгілік бар, ол екі әкенің бір-бірімен тату болып, өмірді ынтызарлықпен өткізген жандар екені.
Екеуіне ортақ бақыт,
Арман бесігі,қарлы шыңдар қол бұлғайтын,екі ананың гүлі,жан дос
Екі өмірдің жалғасы,
Балаң жылдар елесі
Балалық шақ-байтақ ән,Гүл жазира,
Балалық шақ-іңкәр дәурен сұңқар тауын шарлаған,
Өз көктемін сағынбайтын,аңсамайтын бар ма адам?
Танакөзбен көңілді еді ерке бала кез...
Дамуы
Ырым етіп тігілген ақ көйлек. Ғажап суреттер. Әрі көңілсіздік, әрі өмірге ұшқын шашқан үміт. Әкелерінің жан қиыспас бір-бірінен берілгендерін, тылсымдары өз ұрпақтарына өтіп жатқандай. Мұны жүрек сезімімен ойдың ыстық отымен, жастардың бойына нұрдай құйып тұрған ақын - Мұхтар ғой. Әкелер қадір құрметінің, ананың аялы алақанының өтіп жатқанын өлең жолдарынан көруге болады.
Достық арқауын бағыт етіп алған ақын оны отаншылдық бояуына көмкереді. Жаудан ыстық топырағын аянбай қорғаған қос жауынгер - әкелердің қайтпас қайсарлылығын, қажырлылығын сүйсіне жырлайды. Жауға берілместен ақтық қаны қалғанша күрескен азаматтар ерлігін де, елдігін де кейінгі ұрпаққа үлгі етіп, жан тапсырады. Жесір аналардың майдангер әкелерден жетім қалған балаларды әлпештеп тәрбиелеуі тартымды бейнеленеді.