5. ҚҰҚЫҒЫ 5.1. Әдеп жөніндегі өкілетті тұлғаның құқығы бар:
- ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалды бақылау;
- оқытушылардан, қызметкерлерден, кафедралардан, деканаттардан, қызметтер мен
бөлімшелерден мемлекет пен университет белгілеген қызметтік әдеп нормаларының
орындалуын талап ету;
- өз қызметін жүзеге асыру үшін факультеттерден, кафедралардан және құрылымдық
бөлімшелерден ақпараттық деректерді талап ету;
- ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйін талдау үшін, сондай-ақ
статистикалық есептілік үшін қажетті мәліметтер мен материалдарды оқу құрылымдық
бөлімшелерінен сұрату;
- Университет ректораты мен Ғылыми кеңесінің жұмысына қатысу:
- қызмет этикасы нормаларын сақтау саласында университет жұмысын жетілдіру бойынша
ұсыныстар енгізу;
- қызметтік әдеп нормаларын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу.
6. ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ҚР Еңбек кодексі және осы ережеде қарастырылған өзіне қатысты қызметтік
міндеттерді орындамағаны немесе дұрыс орындамағанына жауап беруге.
ҚР әкімшілік, қылмыстық және азаматтық заңдары аясында қарастырылған өз
қызметін атқару барысында жасаған құқық бұзушылық іс-әрекеттеріне жауап беруге.
ҚР Еңбек кодексі және азаматтық заңнамасы аясында анықталған материалдық
зиян келтірген жағдайға жауап беруге.
7. УНИВЕРСИТЕТТІҢ БАСҚА БӨЛІМШЕЛЕРІМЕН ҚАРЫМ- ҚАТЫНАСЫ 7.1. Әдеп жөніндегі өкілетті тұлға университеттің барлық құрылымдық
бөлімшелерімен, сондай-ақ ректормен, проректорлармен, қызметкерлермен және ПОҚ-
пен қызметтік қарым-қатынас орнатады. Әдеп жөніндегі өкілетті тұлға негізгі қызметін
тәрбие жұмысы бөлімі, факультет деканаттары, кафедралар, тіркеу кеңсесі, жаңа
ақпараттық технологиялар орталығы және басқа да бөлімшелер арқылы жүзеге асырады.
Қажет болған жағдайда әдеп жөніндегі өкілетті тұлға қызмет міндеттерін жүзеге асыру
үшін тікелей университет проректорларына және ректорына жүгінеді.