Статистикада және экономикада графикалық әдістер ерекше орын алады. Графиктердің көмегімен күрделі статистикалық кестелерде түсіну қиын заңдылықтарды ашуға және көрнекі жолмен көрсетуге болады. Статистикада графиктер деп сандық шамалар мен олардң
арақатынасының әр түрлі геометриялық бейнелер – нүктелер, сызықтар, фигуралар және т.б. түріндегі шартты белгіленуін айтады. Осылайша, статистикалық график шартты геометриялық фигуралар көмегімен статистикалық мәліметтер бейнеленетін сызбаны білдіреді. Осының нәтижесінде зерттелуші статистикалық жиынтықтың көрнекілік сипаттамасына қол жеткізіледі.
Қолданылу аясы
Графикалық әдіс тауарлар мен қызметтер нарығында қалыптасқан жағдайды, сұраныс пен ұсыныс конъюнктурасын, тауарлар жарнамасын бейнелеу үшін кеңінен қолданылады. Статистикалық графиктер зерттелуші құбылыстарды бейнелеуде ғана емес, сонымен қатар статистикалық мәліметтерді қорытындылауда да маңызды рөл атқарады.
Статистикалық графиктердің негізгі элементтеріне мыналар жатады:
График алаңы – бұл график орындалатын орын. График алаңының белгілі бір мөлшері болады.
График алаңы – бұл график орындалатын орын. График алаңының белгілі бір мөлшері болады.
Графикалық бейне – мәліметтер бейнеленетін символикалық геометриялық белгілер. Оған нүктелер, сызқтар мен фигуралар жиынтығы жатады. Олар графиктің негізін құрайды. Графикалық бейне график мақсатына сәйкес келуі қажет және статистикалқ мәліметтердің мейлінше анық болуына ықпал етуі тиіс. Кейде силуэттер немесе суреттер түріндегі геометриялық емес фигуралар да қолданылады.
Кеңістік бағыттары- графикалық бейнелердің график алаңында орналасуын анықтайды.
Масштабты бағыттар- графикалық бейнелерге сандық мән береді және ол масштабтық шкала жүйесінің көмегімен бейнеленеді. Ең алдымен масштаб таңдап, сосын ол бойынша шкала құру қажет. Сандық шаманы графиктік шамаға аударудың шартты өлшемі график масштабы болып табылады.
График экспликациясы – бұл оның мазмұнын түсіндіру, яғни ол графиктің атын, графикалық бейненің жекелеген элементтерін түсіндіруді қамтиды. Графиктің аты оның мазмұнын қысқаша және анық ашып көрсетуі
Диаграмма-бір біріне тәуелсіз шамаларды әртүрлі аспектіде (кеңістікте, уақыт ағымында және басқалар) салыстыру үшін қолданылады: аумақтар, тұрғындар және т.б.
Диаграмма-бір біріне тәуелсіз шамаларды әртүрлі аспектіде (кеңістікте, уақыт ағымында және басқалар) салыстыру үшін қолданылады: аумақтар, тұрғындар және т.б.
Статистикалық карталар – жазықтықта сандық орналасу графиктері. Олар статистикалық мәліметтерді контурлық географиялық карталарда шартты бейнелеуді білдіреді. Олар қандай да бір құбылыстың белгілі бір аумақта орналасу деңгейін немесе дәрежесін сипаттайды, яғни статистикалық мәліметтердің кеңістікте орналасуын көрсетеді.
Статистикалық карталар графикалық бейнесі бойынша:
Қазақстанның 2010-2015 жылдардағы халық саны
Қорытынды
Қорытындылай келгенде, статистикада графиктер деп сандық шамалар мен олардың арақатынасының әр түрлі геометриялық бейнелер – нүктелер, сызықтар, фигуралар және т.б. түріндегі шартты белгіленуін айтады. Статистикалық графиктер зерттелуші құбылыстарды бейнелеуде ғана емес, сонымен қатар статистикалық мәліметтерді қорытындылауда да маңызды рөл атқарады.
Экономика және статистика, №1, 2011ж. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі.
Субетто А.И. Ұлттық өмір сапасы, денсаулығы және мемлекет қауіпсіздігі – тұмыстың негізгі функционалдары және мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының өлшемдері