Үлгі
4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«Кездейсоқ шамалар және олардың сандық сипаттамалары» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Бөлімше Дискретті және үздіксіз кездейсоқ шамалар
Дискретті кездейсоқ шамалардың сандық
сипаттамалары
Оқу мақсаты 10.2.1.5 Дискретті және үзіліссіз кездейсоқ шамалардың
анықтамаларын білу және оларды ажырата алу
10.2.1.6 Кейбір дискретті кездейсоқ шамалардың
үлестірім заңы кестесін құру
10.2.1.7 Дискретті кездейсоқ шаманың математикалық
күтімі ұғымын және оның қасиеттерін білу
10.2.1.8 Дискретті кездейсоқ шаманың математикалық
күтімін есептеу
10.2.1.9 Дискретті кездейсоқ шаманың дисперсиясы мен
орташа квадраттық (стандартты) ауытқуын есептеу
10.2.1.10 Дискретті кездейсоқ шамалардың сандық
сипаттамаларын қолдану арқылы есептер шығару
Бағалау критерийі Білім алушы:
Дискретті кездейсоқ шамаларды анықтайды
Дискретті кездейсоқ шаманың математикалық күтімін есептейді
Дискретті кездейсоқ шаманың дисперсиясын есептейді
10 сынып Алгебра
Жаратылыс- математикалық бағыт
Тапсырма
1. y=x2-2x-8 функциясынан
a) нөлдерін;
б) өсу аралықтарын;
в) кему аралықтарын анықтаңыз.
2. y=x3-6x2-15x-3 функциясының максимум және минимум нүктелерін табыңыз.
3. Дискретті кездейсоқ шамаларды таңдаңыз. (3 жауапты таңдаңыз)
(a) Мектептегі 10-сынып оқушыларының бойларының ұзындығы.
(b) Мектептегі 10-сынып оқушылар салмағының бүтін килограммға дейінгі жуықталған мәні.
(c) Теннис ойынындағы ұпайлар саны.
(d) Жауын шашын мөлшері.
(e) Жанармай құю станциясындағы автомобильге құйылған бензиннің көлемі.
Достарыңызбен бөлісу: |