Портфолио как новая форма оценки личностных достижений школьников



бет3/4
Дата18.11.2023
өлшемі188,5 Kb.
#124410
1   2   3   4

«Жұмыстар портфолиосы» оқушының түрлі шығармашылық, жобалық ,зерттеушілік жұмыстарының жинағы түрінде жасақталады, сонымен қатар оқушының оқу және шығармашылық белсенділігін көрсететін негізгі бағыттар мен формалар жатады. Ол: ғылыми конференцияларға,байқауларға ,оқу лагерлеріне қатысуы ,қолданбалы курстарды тыңдау,түрлі практикалардан өту , спорт және көркемөнер түрлеріндегі жетістіктер т.б . Портфолионың бұл түрі бағалаудың сапалы түрін көрсетеді, мысалы, материалдардың жан-жақтылығы көлемі , берілген жұмыстардың сапалылығы, болашақ оқытудың бағдарға бағытталу жағынан т .б. Портфолио оқушының шығармашылық кітапшасы ретінде жасақталады және оған қосымша ретінде текстті түрде берілген жұмыстар, электрондық нұсқалар, фотосуреттер ,видеожазбаларды тіркеуге болады. Бұл түрдің артықшылығы: портфолио оқушының оқу және шығармашылық белсенділігінің қозғалысын кең көлемде сипаттайды ,оның бағдаралды даярлықтағы қызығушылық бағытын көрсетеді. Бұл түрдің кемшіліктері: портфолионың сапалық бағасы қорытынды аттестацияның нәтижесін толықтырады, бірақ ұпайлық түрде оқушының білім алу рейтингісіне кіре алмайды. Дегенмен педагогикалық тұрғыда орны ауқымды, себебі бірқатар оқушыларға жұмыстар портфолиосы білім алудағы өзіндік жетістіктің айғағы іспектес.

«Жұмыстар портфолиосын»толтырудың үлгісі

  • Зерттеу жұмыстары мен рефераттар. Танысқан материалдар көрсетіледі, рефераттың атауы, көлемі, иллюстрациялар т .б.
  • Жобалау жұмыстары.Жобаның тақырыбы көрсетіледі, жұмыстың орындалуы жазылады. Қосымша ретінде түрлі фотосуреттер, баспа немесе электронды нұсқадағы жұмыстың мәтінді түрлерін тіркеуге болады.
  • Техниқалық шығармашылық: моделдер, макеттар, приборлар. Нақты жұмыстың атауы көрсетіледі,жұмыстың орындалуы жазылады.
  • Өнер бойынша еңбектер. Жұмыстардың тізімі беріледі, турлі көрмелерде ,байқауларда қатысқандығы ескеріледі.
  • Шығармашылық белсенділіктін басқа да түрлері : мектепішілік театр, оркестр, хорға қатысуы. Бұл үйірмелердің ұзақтығы ,концерттерге, қойылымдарға қатысуы.
  • Факультативтер мен та4дау курстар. Курстың атауы жазылады , ұзақтығы , өту түрі т. б .


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет