Портфолио үздіксіз педагогикалық практика Аты жөні


Атауы: Көкшетау қаласының № 17 мектеп-гимназиясы



бет2/7
Дата03.12.2023
өлшемі495,92 Kb.
#133693
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Портфолио Гулсезимм

Атауы:

Көкшетау қаласының № 17 мектеп-гимназиясы



Заңды мекен-жайы:

Васильовский ш/а,17-үйі

ББМ ұйым. формасы

Жалпы орта білім беру ұйымдары

ББМ түрі

мектеп-гимназиясы

Басшы:

Хасенова Раушан Сериковна

Индекс

020000

E-mail:

Shkola17kaz@mail.ru

Сайт:

Sk0016.kokshetau.akmoedu.kz\



2 «Б» сыныбының оқушылар тізімі


Сынып жетекшісі: Исбулатова Ләйла Қайратқызы

Сынып белсенділері


Қызметі

Оқушының аты – жөні

Президент

Аймурзина А

Көмекші

Аминат А

Оқу секторы

Әубәкір А

Тазалық секторы

Боранбай Ж

Спорт секторы

Дәулет Сезім


Қоңырау кестесі



Дүйсенбі

Сейсенбі

Сәрсенбі

Бейсенбі

Жұма

1 сабақ

14.00-14.45

14.00-14.45

14.00-14.45

14.00-14.45

14.00-14.45

2 сабақ

14:50-15:35

14:50-15:35

14:50-15:35

14:50-15:35

14:50-15:35

3 сабақ

15:50-16:35

15:50-16:35

15:50-16:35

15:50-16:35

15:50-16:35

4 сабақ

16:50-17:35

16:50-17:35

16:50-17:35

16:50-17:35

16:50-17:35

5 сабақ

17:40-18:25

17:40-18:25

17:40-18:25

17:40-18:25

17:40-18:25

6 сабақ

18:30-19:15

18:30-19:15

18:30-19:15

18:30-19:15

18:30-19:15


2 «Б» сыныбының сабақ кестесі



дүйсенбі

Сейсенбі

Сәрсенбі

Бейсенбі

Жұма

1.

Математика

Орыс тілі



Қазақ тілі



Математика



Әдебиеттік оқу



2.

Ағылшын тілі



Математика



Жаратылыстану

Ағылшын тілі





Математика



3.

Әдебиеттік оқу

Музыка


Әдебиеттік оқу



Дүниетану





Орыс тілі



4.

Қазақ тілі



Қазақ тілі



Көркем еңбек



Қазақ тілі



Өзін-өзі тану

5.




Дене шынықтыру






Дене шынықтыру




6.













Денсаулық парағы



Аты – жөні

Денсаулығы

Спортпен айналысуы

1

Алтынбек Ж

Дені сау

Мәнерлеп оқу

2

Аймурзина А

Дені сау

Сурет салу

3

Арыстан Н

Дені сау

Футбол

4

Асиенова А

Дені сау

Би

5

Асылбекқызы

Дені сау

Ән айту

6

Аминат А

Дені сау

Сурет салу

7

Әубәкір А

Дені сау

Ән айту

8

Боранбай Ж

Дені сау

футбол

9

Дәулет Сезім

Дені сау

шахмат

10

Жұмабек С

Дені сау

Би

11

Кеңес Арайлым

Дені сау

Көркем жазу

12

Кеңес Нұрайлым

Дені сау

Сурет салу

13

Құдайберген Ә

Дені сау

Би

14

Лашынтай Н

Дені сау

Ән айту

15

Маратов А

Дені сау

Мәнерлеп оқу

16

Манап Алдияр

Дені сау

футбол

17

Макина Анель

Дені сау

Сурет салу

18

Марат Елнар

Дені сау

шахмат

19

Мырзабай Н

Дені сау

би

20

Мұхаммеджанов

Дені сау

футбол

21

Мүбәрак А

Дені сау

ән

22

Нұрлыбек Қ

Дені сау

бокс

23

Райымбек Қ

Дені сау

ән

24

Сатбек Айтуар

Дені сау

Би

25

Тұрсынбек М

Дені сау

Би

26

Тұрғынбаева

Дені сау

ән



СЫНЫП САҒАТЫ

Тақырыбы: «Наурыз – жыл басы»

Көкшетау 2022ж
Тақырыбы: «Наурыз – жыл басы» атты ашық тәрбие сағаты
Мақсаты: Наурыз мейрамы туралы түсінік беру арқылы Қазақ халқының салт – дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу. Наурыз күн мен түннің теңесетін 22-наурыз екенін білу. Игіліктің , жаңарудың, үміт пен жақсылықтың бастауы болып есептелетін мереке.
Көрнекілігі: қанатты сөздер, баннер, слайд , шарлар, құс суреттері.
Барысы:
1 – жүргізуші:
- Армысыздар, ұстаздар, ата – аналар, қонақтар! Бәріміздің асыға күткен Наурыз тойымыз келіп жетті. Тойларыңыз құтты болсын!
Наурыз – «жаңа күн» деген сөз. Бұл күн – біздің ата – бабаларымыз, арғы тегіміз мыңдаған жылдардан бері тойлап келе жатқан жыл басы мерекесі. Наурыз тойымыз құтты болсын! Ұлыстың ұлы күні деп аталған Наурызда денсаулықтарыңыз мықты болсын, тілектеріңіз қабыл болсын!
2 - жүргізуші:
Наурыз – көктем мерекесі.
Наурыз – жыл басы.
Наурыз – жаңа серпін, жаңа леп.
Наурыз – қуаныш мерекесі,
Бақыт пен шаттық мерекесі.
1 - жүргізуші:
Наурыз – шаруаның мерекесі.
Наурыз – еңбек мерекесі.
2 - жүргізуші:
Армысыңдар, халайық,
Бармысыңдар, халайық.
Наурыз тойын жұп жазбай
Жылда қарсы алайық.
1 - жүргізуші:
Ал, халайық, тұрмайық,
Әндетейік жырлайық!
Ортамызды ашайық,
Ырыс тілеп бұл жылға,
Жырдан шашу шашайық!
Хор: «Наурыз- Көктем»
Арайлым :
Қыс өтіп қар кетті,
Жырлайық жаз жетті.
Мейрамы ежелден
Құтты болсын Наурыз!

Елнар :
Әнім де саған, биім де,
Құт қонақ өзің үйімде.
Қуаныш сыйлар еліме,
Күлімде, Наурыз, күлімде.


Нұрайлым:
Күн менен түн теңелді,
Жер шуаққа кенелді,
Қуанышта ел енді.
Наурыз келді салтымыз:
Көгерсін деп халқымыз
Көшеге тал егеді.
Наурыз тойы - береке,
Наурыз тойы – жыр – аңыз.

2-жүргізуші :
Мереке күні қар жауып тұру жақсы ырым деп саналған. Бізге жеткен қазақ аңыздарында қыздың сұлулығы наурыздың ақ қарына теңестеріледі. Түркі халықтарында жаңа жыл көктем мерекесімен бірге басталады. Яғни, 22 наурыз — Жыл басы.

1 - жүргізуші:
Наурыз мерекесі — әлемнің ең көне мерекелерінің бірі. Орта Азия халықтарында бес мың жыл бойы тойланып келеді. «Наурыз» сөзі парсы тілінен аударғанда «Жаңа күн» деген мағынаны береді.

2-жүргізуші :
«Қозғалыссыз өмір жоқ, би сүймейтін бала жоқ» - деп ақындарымыз жырлағандай ортада «Қара жорға» биі, қабыл алыңыздар.

2-жүргізуші :
Көрініс: «Наурыз көже жасау»
Енесі : - Наурыздың дәстүрлі тағамы — «Наурыз көже». Ол жеті түрлі азықтық заттан тұрады. Жеті деген сан аптаның жеті күнін бейнелейді, бұл санның мағынасы терең. Наурыз кезінде әр адам өз үйіне қонақты шақырып, өзі де шақырған үйге қонаққа барады.
Келіні: – Апа, «Наурыз » мерекесінің басты мақсаты не?
Енесі : – «Наурыз» мерекесінің басты мақсаты - халыққа молшылық, тоқшылық тілеу. Сол үшін наурыз көже беретін үйлер қазан- қазан көже жасайды, себебі келесі жылға дейін аман есен жетіп, ағымыз мол, молшылық, тоқшылық болсын дегені. Наурыз көже бидай, тары, жүгері, қамыр, ет, тұз, сүт, суы, айраны бар жеті дәмнен жасалады.
Енесі : – Ал енді қазанның бетін жауып қоямыз, ошаққа отты жағып қоямыз, жай басып бірнеше сағаттан кейін «наурыз көжеміз» дайын болады. Ал наурыз көжеміз дайын болғанша, «Наурыз» мерекесіне арналған өнерімізді көрсетейік.
2-жүргізуші :
Жүрек біткен желпінсін жүйрік аттай,
Сезім біткен серпілсін дамыл таппай.
Дәл бүгін өлең айтпай, ән шырқамай,
Қандай жүрек қалады қанат қақпай-дей отырып,
Тұрманбай Дінмұхаммедтің орындауында «Наурыз» әні.
Сезім:
Ақпан кетті араз боп Наурызбен,
Наурыз жүр жоғалған бағын іздеп.
Көктем жетті көрісіп, жанын үзген
Қыс аттанды қоштасып тағы бізбен.
Алдияр:
Наурызды тәңір бізге нәсіп еткен,
Мейірім танысын деп тасып өткен.
Наурыз сән – салтанат, ұлттық рух,
Бақытты Наурызы бар халқым неткен!
Анель:
Жаңғырар дәстүр салтымның,
Көзелсін бұлақ жалғасы.
Қастерлі менің халқымның,
Мереке Наурыз - жыл басы!
2- жүргізуші:
«Ән мен күйің бұзылмас мақамынан,
Артық пейіл табылмас Отанымнан» - дей келе Сатбек Айтуардың
орындауында «Алтын бесік» әнін қабыл алыңыздар.
Әлия:
Наурызым ғажап туысың,
Ұлыстың ұлы күнісің.
Жылыттың жердің жүрегін,
Жүрегі елдің жылысын.
Ерназ :
Наурызым - тойлы нұрлы күн,
Мерейің асып тұр бүгін.
Жерімнің жүзін жылыттың,
Елімнің сақта бірлігін!

1 - жүргізуші:
«Құлақтан кіріп бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй» дегендей, «Кеңес» күйі сіздердің құрметтеріңізге арналады, орындайтын Манап Алдияр
қабыл алыңыздар.

1 - жүргізуші:
Наурыз Қазақстанда ғана тойланбайды. Жақын шетелдің елдері (Әзербайжан, Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Ресей) Наурыз мерекесін қарсы алады! Ауғанстан, Иран секілді алыс шет елдері мерекенің келуін тағатсыздана күтеді.

2- жүргізуші:
Наурыз мейрамы — діни мереке емес. Бұл — қалың қыстан аман-есен шығып, күн нұрына бөленіп, жаңа жылды қарсы алу мерекесі. Наурыз мерекесінде көріскен жандар бір-бірін құшақ жая қарсы алып, игі тілектер айтады. Қазақ халқы бұл күні дүниеге келген қыз балаларға Наурыз, Наурызгүл, Наурызжан, ер балаларға Наурызбай, Наурызбек, Наурызхан деген есім берген.
1 - жүргізуші:
«Іздесек сендей жанды табамыз ба,
Қартайсақ сәби дей ғып бағамыз да.
Серік боп өмір бойы анамызға
Күлімдеп жүрші әкешім арамызда» дей келе Арайлым, Нұрайлымның орындауында «Әке,Ана» әнін қабыл алыңыздар.
Анель:
Наурыз тойға жиналған халқым менің,
Бәріңнің ойға алғаның жарқын сенім.
Бүгінгі той, ертеңгі ардақты ісің,
Ғажап болсын таппайтын тепе теңін
Елнар:
Елім менен жеріме,
Ырысын шашқан Наурыз.
Күлімдеген көктемге,
Шуағын шашқан наурыз.
Жеті түрлі дән салып,
Дәм татқызған наурыз.
Жақсылық тілеп халыққа,
Молшылық әкелсін наурыз.
Енесі: - Міне, енді наурыз көжеміз де дайын болып қалған шығар. Наурыз көжеден дәм татыңыздар! Ұлыс оң болсын, бәле- жала жерге енсін, ақ мол болсын, ел тоқ болсын! деп наурыз көжемізді ұсынайық.

1 - жүргізуші:
«Сән – салтанат жасайық,
Күй сандықты ашайық.
Бұл мереке бұл тойға,
Әннен шашу шашайық» дей келе халық әні «Беу, айдай» , орындайтын
Мырзабай Н, қабыл алыңыздар.
2- жүргізуші:
Ұлы ғұламалар Әбу Райхан Бируни, Омар Һайям тәрізді әлем таныған тарихи тұлғалардың еңбектеріндегі Шығыс халықтарының Наурыз мейрамын қалай тойлағаны туралы деректерге назар аударсақ, парсы тілдес халықтардың Наурызды бірнеше күн тойлаған. Яғни, олар Наурыз күндерінде мынадай салт-дәстүр, ырымдар жасаған: Әр жерде үлкен от жағып, отқа май құйған. Жаңа өнген жеті дәнге қарап болашақты болжаған. Жеті, ақ кесемен дәстүрлі ұлттық көже «сумалық» ұсынған. Ескі киімдерін тастаған. Ескірген шыны аяқты сындырған. Бір-біріне гүл сыйлаған. Үйлерінің қабырғасына дөңгелек ою — «күн символын» салған. Үйлеріндегі тіреу, ағашқа гүл ілген. Жамбы ату тәрізді түрлі жарыстар өткізген. Бұл күні кәрі-жас мәз болып, бір-біріне жақсы тілектер айтқан, араздаспаған.
1 - жүргізуші:
Өнерді жанымменен түйсінемін,
Қашанда өнерлі жас сүйсінерім.
Қазақ биін билесін мың бұралып,
Биіменен шашу шашып, бишілерім-деп, «Қазақ қызы» биін қабыл алыңыздар.
2 - жүргізуші:
Келер күнге бар үмітті табынтып,
Бар халықты қуантатын бұл қай кез?
Хормен: Наурыз!
1 - жүргізуші:
Шашу! Шашу!
Көп шашайық шашуды,
Жауғандай кеп аспаннан нөсер жаңбыр.
Уа, жамағат, теріп ал несібіңді,
Ризығың болсын көл – көсір!
2 - жүргізуші:
Қашанда құт – береке орнасын деп,
Тойларда шашу шашу - салты елімнің.
Уа, халайық! Теріп ал несібіңді,
Қабыл болсын, жамағат, ақ тілеуің!

Құттықтау сөз тәрбие ісі жөніндегі орынбасарына, ата – аналарға беріледі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет