Портфолио үздіксіз педагогикалық практика Аты жөні



бет3/7
Дата03.12.2023
өлшемі495,92 Kb.
#133693
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Портфолио Гулсезимм

СЫНЫП САҒАТЫ

Тақырыбы: «Ұлттар достығы 1-мамыр – Халықтар бірлігі күні»

Көкшетау 2022
Тақырыбы: Ұлттар достығы 1-мамыр – Халықтар бірлігі күні.
Мақсаты: көпұлтты Қазақстан Республикасының халықтар достығы – еліміздің бірлігінің кепілдігі екендігін таныту. Әр халықтың өнері, оның рухани байлығының негізін баланың жүрегіне өз ұлтының тілін, дінін біле отырып, өзге ұлттың рухани байлығын сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Плакаттар, қабырға газеттері, буклеттер.
Барысы.
Жүргізуші: Армысыздар құрметті қонақтар, қадірлі балалар!
1-Мамыр – Қазақстан халқының ынтымағы мен бірлігі мерекесі құтты болсын!
Бүгінгі күн ерекше, өйткені 1-Мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесі қарсаңында «Ұлттар достығы» атты ертеңгіл өткізіліп отыр. Қазақстан түрлі ұлттардың басын қосқан ұлы мекен. Олардың салт-дәстүрлері, тілі мен мәдениеті жоғалмас үшін қолайлы жағдай жасалған. Сіздерді бүгінгі Халықаралық ынтымақ күні 1 - Мамыр мерекесімен құттықтау сөзді сынып жетекшісі Ләйлә Қайратқызына ұсынамыз.
Ата-бабам ежелден-ақдосқылған,
Татар, қазақ болашақты тосты алдан,
Сол достығын тағы міне дәріптеп,
Бүгінгі күн мерекеде жайнаған. 
Бүгінгі мерекеге біздің орталықтағы барлық топ бүлдіршіндері өздерінің өнерлерін алып келіп отыр.
Сіздердің алдарыңызда шағын концерттік бағдарламамызды бастауға рұқсат етіңіздер.
1-мамыр Достық мерекесіне арналған«Ұлттар достығы» атты мектепішілік мерекелік кеш

Бірінші мамыр!


Достықтың ұлы мейрамы
Тоғысар сенде жандардың ізгі ойлары
Татулық пенен бірлікке ынтымақ, адамзат,
Өзіңді сәнмен қошемет етіп тойлайды!
Қазақстан бүгінде ұлттар мен ұлыстар мекендеген достық пен туысқандықтың, ынтымақ пен ырыстың ордасына айналды. Елбасы Н.Ә.Назарбаев халықтар достығы бірлік пен татулық орныққан елдің жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан болуы керектігін ұлы міндет етіп қойды. Қазақстан халықтары осынау ұлы көштің басында қол ұстасып бірге жүрмек.
Жанерке - Назданып бүгін өмір нұрлы күні,
Қыр беттің қызғалдаққа тұнды гүлі.
Мамыр боп, айбары асып асқақтайды,
Еңбек, Бақыт, Береке, Бірлік күні


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет